ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 116
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
"Көркем жазу" сайысы
Мақсаты: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, көркем жазуға машықтандыру. Өнерге құштарлықтарын, эстетикалық талғамдарын, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулиды.
Міндеттері:
- Жазу нақтылыққа баулиды;
- Жазу ойды жүйелейді;
- Жазу барысында көптеген идеялар туындайды;
- Бала мінезінің тұрақтылығын, ұстамдылығын қалыптастыра отырып, бастаған ісін аяқтай білу, өзіндік шығармашылығын дамытады.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, шарлар
Түрі: сайыс
Қатысатын сыныптар: 1 - 4 сыныптар
Жүргізуші:
- Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен қонақтар, оқушылар! Сіздер "Көркем жазу - өнер" сайысын көруге келіп отырсыздар.
Жүргізуші:
Жарыстың бірінші кезеңінде оқушылардың математика, қазақ тілі дәптерлерінің жүргізілу деңгейі, тазалығы көркем жазуы арқылы оқушылар іріктеліп алынды.
Жүргізуші:
Бүгінгі күні сайысқа қатысушылар өздерінің қалай көркем жазатындарын көрермендер алдында дәлелдейді.
Жүргізуші:
Сайыскерлер өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік әділқазыларды таныстырып.
Әділқазы алқаларымен таныстырады.
Сайыс 5 - бөлімнен тұрады. Әділқазылар критерийлер арқылы бағалайды.
1. Таныстыру. Байқауымыздың бұл бөлімінде сайыскерлеріміз өзін - өзі таныстырады.
«Таныстыру» бөлімінің критерийлері: (5 ұпай)
- өзін толық таныстыруы;
- шеберлігі;
- шығармашылығы.
2. «Суретті аяқтау, бояу». Бұл бөлімде сайыскерлер суретті аяқтап салып, бояйды.
«Суретті аяқтау, бояу» бөлімінің критерийлері: (5 ұпай)
- Суреттің симметриялығы;
- Бояуды дұрыс таңдай білуі;
- Жұмыстың ұқыптылығы.
3. «Сурет бойынша шағын әңгіме жазу»Бұл бөлімде сайыскерлер сурет бойынша әңгімеге ат қойып, шағын әңгіме жазады.
«Сурет бойынша шағын әңгіме жазу» бөлімінің критерийлері: (10 ұпай)
- тақырыптың суретке сәйкестігі;
- жоспарының болуы;
- әңгіменің жүйелігі;
- тақырыптың ашылуы;
- каллиграфия нормасын сақтай отырып жазуы.
4. «Мәтінді көшіріп жаз»«Домбыра» мәтіні көшіріліп жазылады.
«Мәтінді көшіріп жаз» бөлімінің критерийлері: (5 ұпай)
- сауаттылығы;
- әріп элементтерін дұрыс қосып жазуы;
- каллиграфия нормасын сақтай отырып жазуы;
- тазалығы.
5. «Үй тапсырмасы». Бұл бөлімде дайындап келген жұмыстары жайлы, қалай жасағанын айтып қорғайды.
«Үй тапсырмасы» бөлімінің критерийлері: (20 ұпай)
- Өмірмен байланысы;
- Баланың өз жұмысы;
- Ата - анасымен бірігіп орындаған жұмысы;
- Істеген жұмысына презентация жасау;
- Істеген жұмысының құндылығы.
Жүргізуші:
Сайысымыздың алғашқы бөлімі «Таныстыруға» кезек берейік.
Өнер қуып сайыскерлер өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа түскендер кезектесіп,
Өздерін таныстырып өтер дейміз.
Жүргізуші:
Екінші бөлім «Суретті аяқтау, бояу». Бұл бөлімде сайыскерлер суретті аяқтап салып, бояйды. ( Тапсырмалар таратылады) Музыка ойналып тұрады.
Жүргізуші:
Келесі бөлім «Сурет бойынша шағын әңгіме жазу» Бұл бөлімде сайыскерлер сурет бойынша әңгімеге ат қойып, шағын әңгіме жазады. 15 минут уақыт беріледі.
Жүргізуші:
Төртінші бөлім «Мәтінді көшіріп жаз» кыскаша мәтіні көшіріліп жазылады.
Сергіту сәті өткізіледі.
Жүргізуші:
«Үй тапсырмасы». Бұл бөлімде дайындап келген жұмыстары жайлы, қалай жасағанын айтып қорғайды.
Жүргізуші:
«Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз. Жеңімпаздарды марапаттау.
Шарбакты жалпы орта білім беретін мектебі
"Көркем жазу"
сайысы
2022-2023 оқу жылы
"Кім жылдам?" сайысы
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушысының оқу жылдамдығын тежейтін қиындықтар мен кедергілерді анықтау мен жою жолдарын жинақтау.
Міндеттері:
1.Ғылыми әдебиеттерді зерделеу
2. Бастауыш сатыдағы оқу техникасын жақсартудың басты жәрдемшісі – тіл. Тілдің негізгі элементі – сөздік қор екендігін сипаттау.
3. Оқушылардың оқу шапшаңдықтарындағы қиындықтары мен кедергілерді анықтау мақсатында әр апта сайын даму деңгейін тексеру.
Күтілетін нәтижелер: Оқу процесін зерттеу мен оның бастауыш сатыдағы даму ерекшеліктеріне байланысты ғалымдардың еңбектері зерделенеді. Оқу шапшаңдығын тежейтін қиындықтар мен кедергілер анықталады.
Тақырыптың өзектілігі: Бастауыш мектепті бітірген оқушылар оқу жылдамдығын толық меңгеріп шығуы тиіс.
Мұғалім: Жылдам оқу енді қалыптасып келе жатқан балалар үшін пайдалы. Ол ойлау процестерін жылдамдатып, есте сақтау қабілетін дамытады. Тезірек алға жылжуға мүмкіндік береді. Кітапты жылдам оқитын болсаңыз, қалған уақытыңызды басқа нәрсеге арнай аласыз. Қазіргі таңда адамдардың оқу жылдамдығы орташа есеппен минутына 180-200 сөзді құрайды. Алайда адамның қабілеті минутына 400-500 сөзді оқып, қабылдай алады екен. Ендеше жылдам оқу техникасын дамытудың әдістерімен бөлісейік.
Серпіліс-тоқта
Бұл әдісті екі адам болып орындау керек. Қасыңыздағы жұбыңызға немесе балаңызға қолданып көрсеңіз болады. Ол сіз «серпіліс» дегенде оқуды бастайды. «Тоқта» деген кезде оқуын тоқтатып, назарын кітаптан алады. Қайтадан «серпіліс» деген уақытта ол тоқтаған жерін тез тауып, жалғастыру керек.
Параллельді оқу
Екі бірдей мәтін алу керек. Кейін бір мәтінді өзіңіз, екіншісін балаңызға не жаттығып отырған адамға беріңіз. Сіз дауыстап оқып бастағаннан кейін ол да сізбен ілесіп отыруы керек. Нәтижесін беру үшін бірде тез, бірде жай оқып, жылдамдықты ауыстырып отырыңыз. Бір-біріңіздің жылдамдықтарыңызға қарай бейімделіп отырыңыздар.
Артикуляциялық жаттығу
Жаңылтпаш, өлең, т.б. мәтіндерді әртүрлі темппен оқыңыз. Айту барысында әріптердің дұрыс дыбысталып, сөздің анық болуын қадағалаңыз.
Құпия сөзді іздеу
Таныс емес мәтінді алып, соның ішінен бір сөзді жасырыңыз. Жаныңыздағы жаттығушы сол сөзді барынша тез табу керек. Сөзді іздеу барысын күнде секундомер арқылы санап, өзгерісті бақылауға болады. Мәтіннің күрделілігі жас мөлшеріне сай таңдалғаны абзал.
Бетбелгіні қолдану
Кітап оқу барысында бетбелгіні қолданыңыз. Оқылған сөздерді бетбелгімен жауып, оқыған сайын бетбелгіні де жылжытып отырыңыз. Осы арқылы бір сөзге қайтып оралмайсыз. Бұл психикалық түрде тез оқуға бейімдейді.
Көру диктанты
5-6 сөйлемнен тұратын мәтінді алыңыз. Мәтінді қағазбен не басқа затпен жауып, тек бірінші сөйлемді 3 секундтай қарап алыңыз. Кейін оны да жауып, сөйлемді дәл солай жазып шығыңыз. Неғұрлым шатасулар мен қателіктер аз болса, соғұрлым жақсы. Кезекпен мәтін біткенше шейін осы әдісті жасаңыз. Бұл концентрацияны жоғарылатуға және зейінді болуға көмектеседі.
Теріс қаратып оқу
Кітапты жоғарыдан төменге айналдырып, теріс қаратып оқып көріңіз. Алғашында бұлай оқу қиынға соғады, бірақ кейіннен миыңыз бұл қалыпқа да үйренеді. Бұл жағдайға тез бейімделуге, шапшаң болуға көмектеседі.
Бөлшектелген сөз
Қағаз беттеріне күрделі сөздерді жазып шығыңыз. Әрқайсысын жартысынан бөліп немесе түбірі мен қосымшасын айырып, қиып араластырыңыз. Кейін берілген уақыт аралығында сөздерді дұрыс табу керек. Бұл жаттығу бірінші әрпінен-ақ сөзді түсініп, тез оқып кетуге көмектеседі.
Кітап оқудағы басты мақсат – ақпарат алу, түсіну. Алайда жылдамдықты арттырамын деп оқып жатқан сөздеріңіз назардан қалмасын. Жаттығуды орындағаннан кейін міндетті түрде мәтіннен не түйгеніңізді айтыңыз. Әйтпесе бұл техниканың пайдасы болмайды.
Мұғалім: бүгінгі сайысымызды таразылап әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз. Жеңімпаздарды марапаттау.
Шарбакты жалпы орта білім беретін мектебі
"Кім жылдам?"
сайысы
2022-2023 оқу жылы