Файл: дістсілдер тізбесі А б в А,В,С Айдаар Айын масат оя отырып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 209
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Нақтылық – талант»
Сынып 3-4 адамнан топқа бөлініп, бір-бірінен алысырақ орналастырылады. Мұғалім 3 классикалық әдебиет тізімін ұсынады. Әр топтың міндеті осы 3 әдеби шығарманы 3 сөйлеммен сипаттау керек. Сөйлем құрылымы ерікті.
Мұнан соң әр топ өз сөйлемдерін оқып, оны басқа топтар талқыға салады.
«Не жақсы?»
Оқушы мен сіздің араңызда «жақсы» деп саналатын жұмысқа қатысты келісімнің бар екеніне және оған қалай қол жеткізуге болатынына көз жеткізу үшін біршама уақыт жұмсаңыз. Мынадай сұрақтарды қолданыңыз:
Нені «жақсы» жұмыс деп айтуға болатынын айта аласыз ба?»
«Түсініктемелер туралы не ойлайсыз?»
«Сіз әрқашан бұдан әрі не істеу қажет/не туралы ойлау қажет екенін білесіз бе?»
«Сіз өз жұмысыңыздың «жақсы» екенін анықтай аласыз ба?»
«Неліктен бұл үздік?»
Үй жұмысы ретінде оқушылардан өзінің жақсы деген жұмысын таңдауын және не үшін олай ойлайтынын сұраңыз. Мұндай түсіндіру кезінде оқушы табыс критерийлеріне, деңгей, мақсаттарына және т.б. сілтеме жасай алады.
«Нұсқауды орындау»
Топқа 3 минуттық тест беріледі. Нұсқауды дұрыс орындау тапсырылады:
-
Тапсырмаларды орындамас бұрын барлық пункттерді оқып шығыңдар. -
Осы қағаздың оң жақ бұрышына өз есіміңді жазып қой. -
Екінші пункттегі есім сөзін қоршап қой. -
Сол жақ жоғары бұрышқа бес шаршының суретін сал. -
Өз есіміңді дауыстап айт. -
Өз есіміңді тағы бір рет жазып қой. -
Үш рет «Иә», «иә», «иә» деп жаз. -
Бесінші пунктті қоршап қой. -
Парақтың сол жақ төменгі бұрышқа «Х» белгісін қой. -
Осы тест ұнаса, «Иә» ұнамаса, «Жоқ» деп дауыста. -
Өз тегіңді дауыстап айт. -
Оң жақ бұрышқа 66-ны 7-ге көбейт. -
Төртінші пункттегі «бес» сөзін қорша. -
Егер нұсқауды дұрыс орындап келе жатырмын деп ойласаң, «Иә, дұрыс келе жатырмын» деп дауыстап айт. -
Осы парақтың сол жағына 69 және 98 сандарын жазып қой. -
10-нан 1-ге дейін дауыстап сана. -
Орныңнан тұрып, бір айналып отыр. -
Дауыстап: «Мен нұсқауды орындап аяқтап қалдым,» - деп айт. -
Егер мұны бәрінен бұрын айтсаң: «Тестің бұл кезеңінің көшбасшысымын!» - де. -
Енді бірінші пунктте айтылғандай, бәрін түгел оқып шыққан болсаң, тек №2 пунктті ғана орында.
Кім нұсқаулық бойынша жұмыс жасағаны анықталады. Нұсқаулықпен жұмыс жасауда нені ескеру керектігі ортаға салынады.
«Ой жалғау»
Мұғалім мәтінді жартылай оқиды, ары қарай 1-топқа - қайғылы, 2-топқа – көңілді, 3-топқа – юмормен жалғастыруға, аяқтауға тапсырма беріледі. Жұмыс аяқталған кезде топ мүшелері белгі береді. Спикер шығып оқиды.
«Ой күмбезі»
Бұл әдіс тақырыптық тапсырмаларды сатылай, деңгейлеп орындауға негізделген. Ол мынадай бағыттарда жүзеге асырылады:
«Ой қазығы» - айтылған ойдың негізгі сөзін тауып, қарапайым түсініктер мен ұғымдардың табиғатын айқындайды;
«Ой желісі» - негізгі сөзден өрбитін ой-пікірді талдап, алған білімді қолдану және жан-жақты зерделеуге мүмкіндік береді;
«Ой өрімі» - оқушылардың пікірлері мен ой түйіндерді жинақтап, салыстыру, дәйектеу, дәлелдеу,өзге ұқсайтын (ұқсамайтын) құбылыстармен салыстыру, ой көркемдігі мен құрылымдық сипатын ашуға, ізденіске бағдар беруді көздейді;
«Ой күмбезі» - шығармашылық және ізденіс нәтижесінде ойдың маңызы мен мәнін ашуға, олардың қажеттілігі мен орнын айқындап, баға беруге жетелейді.
«Ой қозғау» (brainstorming, «Ми шабуылы» деп те аталып жүр)
Шығармашылық ойлауды сын немесе сыннан сескену тежейтіні белгілі. Әрине, кез келген жаңа идеяның дұрыс болуы шарт емес. Егер автор сыннан қорқатын болса, онда ол өзінің кейбір дәлелденбеген идеяларын келтірмеуі де мүмкін. Алайда әзірше дәлелденбеген ойлардың қаншасы кейінірек жақсы идеяларға айналады емес пе? Ал сын айту мен сыннан қорқу жақсы идеяларды жоғалтып жібереді.
Тәсіл негізінде сынға еш көңіл бөлмей, назар аудармай, еркін ассоциациялар арқылы жаңа идеяларды көптен келтіру мен оларды жинақтау жұмысы жатыр. Мұндағы басты мәселе идеялар мен ойлардың сапасында емес, керісінше, олардың санында болып тұр. Ал сыни пікірлерді келтіріп, идеялар мен ұсыныстарды іріктеу жұмысы шығармашылық әрекеттер аяқталғаннан кейін басталады.
«Ой қозғау» тәсілін қолданғанда мынадай ережелерді ұстану қажет:
-
Проблеманы негізгі терминдер арқылы құрастырып, бір ғана ең басты мәселені айқындау. -
Бір де бір идеяны жалған деп танымай, оны зерттеуді тоқтатпау. -
Кез келген идеяны (тіпті оның қажеттілігі қазір күмәнді көрінсе де) жалғастыруға ұмтылу. -
Қатысушылар өзін ыңғайлы сезініп, «ашылуы» үшін оларды қолпаштап, ынталандырып отыру. -
Идеяларды бағалау мен іріктеуді тек шығармашылық идеялар келтіру жұмысы аяқталғаннан кейін ғана бастау. Мұндай жұмысты алғашқы әрекетке (идея келтіруге) қатынаспаған сарапшыларды жұмылдыру. Сарапшылар ой қозғауда келтірілген барлық ұсыныстар мен идеяларды мұқият зерттеп, оларды жүзеге асыру мәселесіне баса назар аударады. Сарапшылар ұсынылған идеялардың ішінен нақты жағдайларда қолдануға тұрарлықтарын таңдап алады.
«Ой қозғауды» сабақта былайша қолдануға болады:
-
Оқушылар қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін берілген уақыт ішінде жазбаша келтіреді. -
Мұнда ең бастысы идеялардың көптігі, олардың еркін жағдайда айтылуы болғандықтан, оқушылар өз ойындағыларын еш күмәнданбай (мәселен, олардың дұрыс-бұрыс, қажет-қажет еместігіне қарамай) келтіре беруі керек; -
Идеялар ешқандай сынға ұшырамауы керек, өйтпеген жағдайда оқушылар тосылып қалып, идеяларды келтіре алмауы мүмкін; -
Барлық идеялар сарқылмайынша, олар қағазға түсіріле беріледі; -
Идеяларды келтіру жұмысы аяқталғаннан кейін ғана оларды талқылау жұмысы басталады.
Бұл тапсырманы орындауға берілген уақыт (2-6 минут) аяқталған соң, оқушылар бірлесе (жұптасып, шағын топ ішінде, бүкіл сынып болып) жазғандарымен бөліседі, сұрақтарға жауап береді, тізімдерін толықтырады (4-20 минут)
«Ой қозғауда» балама келтіру (аналогия), қиял-фантазия, инверсия, эмпатия тәсілдері кеңінен қолданылады.
«Ойлан, бірік, бөліс!»
Оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс).
«Ойлан, Жұптас, Пікірлес»
Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.
«Ойланып сурет саламыз!»
1-нұсқа. Суретті қозғалыста салу керек. Ол үшін оқушылар қолдарына дәптер мен қаламсаптарын алып, шеңберлене тұрады, сол жаққа бұрылып, сынып ішінде шеңберді бұзбай жүре бастайды. Олар алдында тұрғанның арқасына дәптерін қойып, арттағы оқушының суретін салуға тырысуы керек. Бұл жерде мынандай ережелерді сақтаған орынды:
-Тоқтауға болмайды!
-Шеңбер жүруін тоқтатқанша суретті сала беру керек.
-Суретке ренжуге болмайды!
2-нұсқа
Жоғарыда келтірілген мақсатта (мидың екі жарты шарын іске жұмылдыру үшін) бала кезден белгілі мынадай әрекет жасауға болады: оқушылар сол қолымен қарындарын сипалап, оң қолдарымен төбелерін ақырындап шапақтайды. Мұғалімнің берілген командасы бойынша («Үш, төрт! Қолдарыңызды ауыстырыңыздар!) олар қолдарын алмастыруы қажет.
Әрине, бұл тапсырманы орындау оңайға соқпайды.
3-нұсқа. Аталмыш мақсатта (мидың екі жарты шарын іске жұмылдыру үшін) тағы да бала кезден белгілі мынадай әрекет жасауға болады: оқушылар сол қолымен мұрнын ұстаса, оң қолымен сол құлағын ұстайды. Мұғалімнің берілген командасы бойынша(«Үш,төрт! Қолдарыңызды ауыстырыңыздар!») олар қолдарын алмастыруы қажет.
4-нұсқа. Оқушылар дәптерін төбесіне (басына) қойып, өзінің жұптасына қарап отырып, берілген қысқа уақыт ішінде (1-1,5 минут) оның суретін салуға тырысады. Суретті салып бітіргенше, дәптерге қарауға болмайды. Әрине, салған суреттердің қисық-қыңыр болатындығы сөзсіз, алайда олардың оқушыларға қызық болып көрінуі сөзсіз. Оқушылар сурет салынған парақтарға өз қолдарын қойып, бір-біріне тарту етеді.
«Ойлаудың алты қалпағы»
Оқушылар алты топқа бөлініп, өз көзқарастарын білдіреді. «Ақ қалпақ» (проблемаға қатысты деректерді талассыз келтіреді), «сары қалпақ» (өмірінің сәтті кезеңдерін айтады), «қара қалпақ» (өмірінің сәтсіз тұстарын айтады), «көк қалпақ» (талдау жасайды, топтар Не үшін? Неге? Неге байланысты? деген сұрақтарға жауап іздейді), «жасыл қалпақ» (кейіпкер өміріне қатысты тың идеялармен болжамдар айтады), «қызыл қалпақ» (оқиғаны оқу барысында бастан кешірген сезімдерін тұжырымдайды).
«Ой-толғаныс»
Бұл кезеңде күнделікті оқыту үдерісінде оқушы өзіндік толғаныс, дағды-машықтарын ұйымдастыру, өзіне де, өзгеге де сын көзбен қарап, баға беруге үйренеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды салмақтап, салыстырып, түйіндеп өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жо- лын, кестесін жасау мақсатында басқалармен пікір алмастырады, үйренеді. Бұл үйрену сатысы - ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын қорытынды кезең болып табылады. Әртүрлі шығармашылықпен ой салыстыру болашақта қолданылатын мақсатты әрекеттерге жетелейді.
«Оқиғаны басқаларға жеткіз»
Әр топта 7-8 адамнан келетіндей топтарға бөлінеді. Әр топтың басында отырған оқушыға оқиға беріледі. (Әр топқа түрлі оқиға беруге де болады.) Ол жанындағы адамға басқаларға естіртпей оқиғаның желісін жеткізеді. Осылайша бәрі айтып болған соң, соңғы қатысушы оқиғаны дауыстап айтып шығады. 1-оқушы мәтінді оқиды. Қай топтың оқиғасы түпнұсқаға жақын болса, сол топ жеңіске жетеді.