Файл: ысамерзімді жоспар 1саба Сабаты таырыбы Т. Нрмаанбетов Анасынсаынан бала.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 87
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқамерзімді жоспар №15-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан спорты
Бөлім: | Отбасы құндылықтары |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: 5 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Қазақстан спорты |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: | 5.2.4.1 көркемшығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу. |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар үшін:Көркем шығармадағыкейіпкерді өзіндік құндылығытұрғысынанталдап, өлең және авторға хат жазады. |
Құндылықтарға баулу: | Оқушыларды отбасы құндылығына баулу. Отбасыдағы құндылықтар оның мүшелерінің қарым-қатынасынан құрылады. Оқушыларды отбасындағы мүшелерді: атасын, әжесін, әкесі мен анасын, іні-қарындастарын сыйлауға, құрметтеуге, кішіпейілділік танытуды үйрету. Қазақ халқы отбасы құндылықтарына аса зор мән берген. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. 7 мин. | (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады. 3. Оқушыларды топтарға біріктіру. | Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді. 1 топ: Кітап 2 топ: Дәптер 3 топ: Қаламсап Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі. | Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады. | Оқулық, жұмыс дәптерлері Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы (Қазіргі жағдайда) ДК экраны |
Жаңа сабаққа кіріспе | (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Сұрақтар: 1.Спорт деген не? 2.Қазақстан спорты туралы білесіңдер ме? 3.Оларға қандай спорт түрлері жатады? 4.Қандай спорт түрлерін білесіңдер? 5.Сен спортпен айналысасың ба? Қандай? | Өз ойымен бөліседі. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. | Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың | Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 2 6 мин. | Мұғалім оқушыларға «Қазақстан спорты» тақырыбында эссе жаздырады. Қадағалайды. | Оқушылар тақырып бойынша эссе жазады. Оқып береді. Пікір алмасады. | Дескриптор:_-Эссе_жазады.-Оқып_береді.-Пікір_алмасады._Жалпы_-_4_балл'>Дескриптор: -Эссе жазады. -Оқып береді. -Пікір алмасады. Жалпы - 4 балл | Оқулық, жұмыс дәптерлері. |
Топтық жұмыс | Тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді. | Оқушылар тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қояды. Мұғалімнен кері байланыс алады. Түсінбеген сұрақтарын мұғалімнен сұрайды. | Дескриптор: -Бір-біріне сұрақ қояды. -Пікір алмасады. -Кері байланыс орнатады. Жалпы -3 балл | Оқулық, жқмыс дәптерлері. |
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. | Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. | «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. | |