Файл: Мектеп бойынша аылшын тілі, орыс тілі жне аза тілі пндері малімдеріны саба беру дістемесі бойынша анытама Беделбекова М. Б. білімі жоары, ебек тілі 5 жыл, санаты педагогмодератор.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 34
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мектеп бойынша ағылшын тілі, орыс тілі және қазақ тілі пәндері мұғалімдеріның сабақ беру әдістемесі бойынша
анықтама
-
Беделбекова М.Б. – білімі – жоғары, еңбек өтілі – 5 жыл, санаты – «педагог-модератор». Мұғалім сабақ барысында оқушылардың сөйлеу мен ойлау қабілеттерін тақырыпты айту арқылы арттырады. Сабақ барысында оқушыларды тапсырма орындауға жұмылдырып, жеке, жұптық, топтық жұмыс жасауына әр оқушымен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Сынып оқушыларының айтылым дағдыларының қалыптасуына көңіл бөледі. Мұғалім оқушылардың қызығушылығын арттыруда интербелсенді әдістерді жиі әрі тиімді қолданды. Мұғалімнің сабақ өту барысында цифрлық білім беру ресурсын жақсы игергені байқалды. Сабақтың басында тақырыпқа ену(целепологание) әдістерін тиімді қолдана біледі.Сабақ соңында рефлексияға көңіл бөледі. Дегенмен, мұғалімге оқушылардың сөздік қорын арттыру мақсатында шаблондық әдістермен жұмыс жүргізу ұсынылады. Сонымен қатар, қалыптастырушы бағалаудың тиімді түрлерін оқытуды жақсарту үшін қолдануға кеңес беріледі. -
Рүстембекова Г.Р. – білімі – жоғары, еңбек өтілі – 7 жыл, санаты – «педагог-зерттеуші». Өткізген сабақтары оқу мақсаты мен сабақ мақсаты күнтізбелік тақырыптық жоспармен сәйкес. Сабақ басынан оқушыларға психологиялық ахуал орнатып, топтық, жұптық жұмыс түрлерін жиі қолданады. Сабақ барысында мұғалім сынып оқушыларымен тығыз байланыс жүргізіп, бағыт-бағдар береді. Тапсырма орындауда сынып оқушыларының толық қатысуына мән береді. Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларымен көп жұмыс жасатады. Мұғалімге сабақ барысында бағалауды әр этапта жүргізіп отыруға және оқушылардың оқу дағдыларын дамыту бойынша жұмыс жүргізуге ұсыныс жасалды. -
Малғаждарова Е.Ж. – білімі – жоғары, еңбек өтілі – 19,11 жыл, санаты – жоқ. Сабақты әдістемелік дұрыс құрылуына аса мән береді. Сабақ барысында 4 дағдымен жұмыс жүргізіп, әсіресе, айтылым және оқылым дағдыларының қалыптасуына көп көңіл бөледі. Сөздерді есте сақтауға, сұраққа жауап беруге үйрететін әдіс-тәсілдермен жұмыс істейді. Оқушыларында пән бойынша білім-білік дағдылары қалыптасқан, жұмысында жүйелілік байқалады. Тапсырма орындауда мұғалім әр оқушыға жеке көңіл бөледі. Мұғалім топтық тапсырмалар орындауға жұмылдыра біледі. Дегенмен, мұғалімнің жұмысы бағаланып, төмендегідей ұсыныстар берілді:-
Әр тапсырманы орындаған соң оқушының бағалануы; -
Әр тапсырманы орындау алдында нақты нұсқаулық беру.
-
-
Жакипова А.С. – білімі – жоғары, еңбек өтілі – 35,4 жыл, санаты – педагог-модератор. Сабақ жоспарларының құрылымы жүйелі. Таңдап алған әдіс-тәсілдері мен сабақ контенті оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай және олардың қызығушылығын арттыруға бағытталған. Сынып оқушылары тапсырма орындауда өте белсенді, қызығушылықпен орындайды. Мұғалім орыс тілінің ерекшеліге мән беріп, оқушыларға ескерту жасап отырады. Бастауыш сыныптағы оқушылардың тілді үйренуге талпысыны зор, мұғалімнің әдіс-тәсілдері жақсы жұмыс жасап, нәтиже көрсетсе, жоғары сыныптарда оқушылар енжар, сөздік қоры аз. Талдау жұмыстарын да мұғалімнің көмегімен ғана орындай алады. Мұғалімге сабақтағы бағалау үдерісін ұтымды жүргізу ұсынылды. Сонымен қатар, жоағры сыныптарда айтылым, оқылым дағдыларын жетілдіру үшін кешенді жұмыс жүргізу қажеттігі айтылды. -
Жаирбаева М.Д. – білімі – жоғары, еңбек өтілі – 4,4 жыл, санаты – педагог-модератор. Сабақ жоспарлары жүйелі, мақсаттарға сай жасалған. Сабақтың басында оқушылармен шаттық сәтін ұйымдастырады. Сабақтың әр сатысында мұғалім оқушыларды оқу процессіне жұмылдырып отырады. Оқушылар өз ойларын айта алады, орыс тілінің грамматикалық ережелерін ескереді. Мұғалім сабағының мақсатқа жетуіне мән береді. Дегенмен, сабақ барысыда оқушыларды формативті бағалау жүзеге аспады. Сонымен қатар, мұғалімге оқушылардың қызығушылығын арттыруда әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану және әр тапсырмаға нақты нұсқаулық беру ұсынылды. -
Касаинова Р.К. – білімі – жоғары, еңбек өтілі – 23,6 жыл, санаты – педагог-зерттеуші. Мұғалім қазақ және орыс сыныптарында қазақ тілі пәнінен дәріс береді. Өз сабағын жаңартылған білім мазмұны форматымен жүргізуге тырысады. Тіл пәндерінің 4 дағдысын дамыту бойынша жұмыс жүргізеді. Цифрлық білім беру ресурстарын, презентация тәсілін пайдаланып, тақырыптың мазмұнын ашуға бағыттайды. Сабағында бағалаудың өздік, өзара бағалау түрлері қолданылады. Сабақта сөйлеуді дамытуға көп көңіл бөлінеді. Мұғалімдер оқушылардың берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіру қабілетін ынталандырады, сабақ материалын таңдау және құрылымдау кезінде оқу бағдарламасы мен пәндік аймақ стандартының талаптарын ескеруге тырысады. Мұғалімге сабақта әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға, оқушылардың ұмтылысын арттыру мақсатында бағалаудың түрлерін қолдануға ұсыныс жасалды. -
Каликанова Г.К. – білімі – жоғары, еңбек өтілі – 4,8 жыл, санаты – педагог-модератор. Мұғалім сабақтарына тыңғылықты даярланады. Тақырыпты оқушыларға меңгерту мақсатында әдіс-тәсіл түрлерін қолданады. Бағалаудың түрлі фомаларын қолданып, оқушылардың пәнге қызығушылығын көңіл-күйлерін көтеру арқылы артыруға тырысады. Дегенмен, оқушыларда айтылым және тыңдалым дағдыларының дамуы баяулығы байқалады. Мұғалім тарапынан әрбір тапсырмаға нақты нұсқаулық беру, айтылым және тыңдалым тапсырмаларымен жиі жұмыс жасау, сондай-ақ, оқушыларды бағалауды жүйелі жүзеге асыру ұсынылады. -
Мухаева Г.А. – білімі – орта-арнаулы, еңбек өтілі – 18,8 жыл, санаты – педагог. Мұғалімнің сабақ жоспарларының құрылымы стандартқа сай. Сабақ барысында оқушылардың әлеуетін арттыруға күш салып отырады. Оқылым, айтылым дағдыларының, мәнерлеп оқу дағдысының дамуына көңіл бөледі. Дегенмен, мұғалімнің сабақ форматы дәстүрліге сай келеді. Әр тапсырманы әдіс-тәсілге салып, оны фомативтік бағалаумен қорытындылауды жүйелі қолданбайды. Мұғалімге сабақ жоспарларын жаңартылған білім мазмұны форматында жасап, формативтік бағалауды үнемі практикасына енгізу ұсынылды.
Дәптер тексеру қорытындысы:
Мұғалімдер тарапынан дәптер тексеру жүйелі түрде жүргізіліп отырады. Бағалау, критерийлер жазу жаңартылған білім мазмұны форматына сәйкес. Дәптердің сыртқы келбетіне назар аударылады. Кейбір пәндер бойынша біркелкі эстетикалық қаптар жасалған. Дәптер тексеруге қатты көңіл аударып, барлық талаптарына сай жұмыс істеп жүрген мұғалімдердің ішінде М.Д. Жаирбаеваны атап өтуге болады(бұл мұғалімнің оқушыларының дәптерлерін тексеруін талдау барысында анықталып отыр). Дегенмен, оқушылардың дәптерлерінде олқылық фактілері де орын алып отыр:
-
Кейбір оқушылардың штрихті пайдалануы; -
Кейбір мұғалімдердің оқушы каллиграфиясына көңіл аудармауы. -
Үй тапсырмасының жүйелі орындалмауы.
Ұсыныс: тексеру барысында оқушыға орындалмаған тапсырма үшін ескерту жазып, келесі жолы қайталамауын қадағалау, дәптерге таза, щимайсыз жазуға баулу.