Файл: Есеп 1 Жинаыш линзаны фокусты араашытыы 10 см. Линзаны оптикалы кшін анытаыз.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 31
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Топтық есеп.
Есеп 1: Жинағыш линзаның фокустық арақашықтығы 10 см. Линзаның оптикалық күшін анықтаңыз.
Есеп 2: Шашыратқыш линзаның оптикалық күші -5 диоптрия. Линзаның фокустық қашықтығын тап
Есеп 3: Жинағыш линзаның фокустық қашықтығы 20 см линзадан 40 см қашықтықта шын кескіні алынған. Дене линзадан қандай қашықтықта орналасқан?
Есеп 4: Шашыратқыш линзаның фокустық қашықтығы -15 см линзадан 30 см қашықтықта жалған кескін алынған. Дене линзадан қандай қашықтықта орналасқан?
Есеп 5: Жинағыш линзаның фокустық қашықтығы 30 см линзадан 60 см қашықтықта шын кескіні алынған. Денеге дейінгі қашықтықты және линзаның сызықтық үлкейтуін табыңыз.
Есеп 6: шашыратқыш линза ның фокустық қашықтығы -40 см линзадан 80 см қашықтықта жалған кескін алынған. Денеге дейінгі қашықтықты және линзаның сызықтық үлкейтуін табыңыз
Есеп 7: Фокустық арақашықтығы 25 см жинағыш линза арқылы дененің 2 есе үлкейген шын кескіні алынған. Денеге және кескінге дейінгі қашықтықты анықтаңыз
Есеп 8: Жинағыш линзаның фокустық қашықтығы -18 см дененің 3 еселенген шын кескіні алынған. Денеге және кескінге дейінгі қашықтықты тап
Есеп 9: жинағыш линзаның фокустық қашықтығы 15 см дененің алынған шын кескіні линзаға дейін 45 см қашықтықта. Денеге дейінгі қашықтықты және сызықтық үлкейтуін тап
Есеп 10: Шашыратқыш линзаның фокустық қашықтығы - 24 см денеден линзаға дейін 72 см қашықтықта жалған кескіні алынды. Денеге дейінгі қашықтықты және сызықтық үлкейтуін тап
Есеп 11: Фокустық арақашықтығы 12 см жинағыш линза арқылы дененің 3 есе үлкейген шын кескіні алынған. Денеге және кескінге дейінгі қашықтықты анықтаңыз
Есеп 12: Фокустық арақашықтығы -20 см шашыратқш линза арқылы дененің 4 есе кішірейген жалған кескіні алынған. Денеге және кескінге дейінгі қашықтықты анықтаңыз
Құрылымдық есеп
-
Суретте көрсетілгендей жұқа линза және дене орналасқан
a). Денеден линзаға дейін кескін сал (4 суретте орында)
[2]
b) кескінді сипатта
[1]
c) линзаның оптикалық күшін тап
[2]
d) (i) жұқа линзаның формуласын қолданып, линзадан кескінге дейінгі қашықтықты анықта
[2]
(ii) линзаның сызықтық ұлғайтуын тап
[2]
3 топ есептері
-
Дөңес линзаның фокустық қашықтығы 10см. Дене линзадан 12см қашықтықта орналасқан. Оның кескіні линзадан қандай қашықтықта орналасатынын есепте. Линзаның оптикалық күшін және сызықтық үлкейтуін анықта. Суретке сипаттама бер.
2.Биіктігі 3 см болатын дене жинағыш линзадан 40 см қашықтықта орналасқан. Кескіннің биіктігін есептеңіз, егер ол линзадан 60 см қашықтықта болса. Фокустық қашықтығын, линзаның оптикалық күшін және оның үлкейтуін анықта
3. Шашыратқыш линзаның фокусы одан 30 см қашықтықта орналасқан. Дененің кескіні линзадан 10 см қашықтықта. Дене линзадан қандай қашықтықта орналасқанын есептеңіз. Линзаның оптикалық күшін және сызықтық үлкейтуін анықтаңыз. Суретке сипаттама беріңіз.
4 топ есептері
Есеп 1: Егер дене фокусы мен линзаның қисықтық центрінің арасында болса, фокустық арақашықтығы 5 см болатын жинағыш линзаны пайдаланып дененің кескінін салыңыз.
Есеп 2: Егер дене линзаның қисықтық центрінде болса, фокустық арақашықтығы 4 см болатын жинағыш линзаны пайдаланып дененің кескінін салыңыз
Есеп 3: Егер дене линзаның фокусында орналасса, фокустық арақашықтығы 3 см болатын жинағыш линзаны пайдаланып дененің кескінін салыңыз
Есеп 4: Егер дене линзаның фокусында орналасса, фокустық арақашықтығы -5 см болатын шашыратқыш линзаны пайдаланып дененің кескінін салыңыз
Есеп 5: Егер дене линзаның фокусында орналасса, фокустық арақашықтығы -4 см болатын шашыратқыш линзаны пайдаланып дененің кескінін салыңыз