Файл: Педагогикалы психология Педагогикалы психологияны масаты, міндеттері, мазмны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 23

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Педагогикалық психология
1. Педагогикалық психологияның мақсаты, міндеттері, мазмұны.

2.Педагогикалық психологиясының жас ерекшелігі психологиясымени байланысы.

3.Педагогикалық психология проблемалары.

1. Педагогикалық психологияның мақсаты, міндеттері, мазмұны

Педагогикалық психология – оқыту мен тәрбиелеу барысында солардың болмысының  даму  заңдылықтарын зерттейтін, танымдық қызметі мен қоғамдық қасиеттерін жүйелейтін психология  ғылымының саласы.

«Педагогикалық психология жалпы психологияның заңдылықтарын, баланың оқу – тәрбие ісінде психикасын түсінуге тікелей әкеліп қана қоймай, оқушының психикасын оқу әрекеті үстінде зерттеп, оның ерекшеліктерін, заңдылықтарын өзінше бөлек мақсат деп есептейді» (Л.С.Выготский).

«Педагогикалық психология білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру заңдылықтарын, осы процестердегі жеке даралық өзгешеліктерді, оқушылардың өз бетімен  шығармашылық ойлауын қалыптастыру заңдылықтарын, бала психикасында оқыту мен тәрбиелеу әсерінен пайда болатын өзгерістерді зерттейді» (В.А.Крутецкий).

«Педагогикалық психология оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді» (А.В.Петровский).

«Педагогикалық  психология белгілі даму кезеңдеріне сәйкес қоғамда қалыптасқан іс-әрекет тәсілдерін меңгеру заңдылықтарын зерттейді.Сонымен қатар ол үйрету  процесі мен даму процесі арасында байланыс орнатып, қандай жағдайда үйрету даму мүмкіндіктерін тудыратындығын анықтайды» (Т.В.Габай).

«Педагогикалық психология оқыту мен тәрбиелеу жағдайындағы адамның даму заңдылықтарын зерттейді» (Л.И.Божович).

«Әлеуметтік – мәдени тәжірибені адам тарапынан  игеру фактілері, механизмдері, заңдылықтары және осыдан туындаған оқу әрекеті субъектісі ретінде адамның интеллектуалдық және жеке тұлғалық даму деңгейіндегі өзгерістерді меңгеру, білім беру процесінің әр түрлі жағдайда ұйымдастарылуы педагогикалық психологияның пәні болып табылады» (И.А.Зимняя).

«Педагогикалық психологияның пәні – білім алушы, тәрбиеленуші сондай-ақ, осы оқыту мен тәрбие процестерін ұйымдастырушылар (педагог,тәрбиеші) тарапынан оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу» (И.Логвинов, С.Сарычев,А.Силаков).


«Педагогикалық психология балалар психикасының оқу – тәрбие жұмысындағы өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, мектеп тәжірибесінің дамуына үлес қосып отырады. Педагогикалық психология сабақ үстінде оқу материалдарын балалар қалай ұғынады, не тәрбие жұмысында үлкендердің тілін алып, тәртіп сақтауға  қалай көнеді, міне осымен шұғылданады.Осыған орай педагогикалық психология бұл мәселелермен айналыса отырып, өзінің ізденетін объектісін мынадай үш түрге бөледі: оқыту психологиясына, тәрбие психологиясына және ұстаздық психологияға» (М.М.Мұқанов).

Педагогикалық психология тәрбие мен оқытудың психологиялық заңдылықтарын зерттейтіндіктен осы ұғымдарға тоқтала кетейік.

Тәрбие мен оқытуға әр тұрғыда түсінік берілгенімен олар педагогикалық әрекеттің бір – бірімен тығыз байланысқан екі жағы. Ақиқатта тәрбие мен оқыту үнемі бірге жүзеге асырылады, сондықтан оларды бір-бірінен  ажырату да мүмкін емес. Баланы тәрбиелей отырып, біз оны  бірдеңеңге  үйретеміз,оқытамыз,оқыта отырып тәрбиелейміз. Әйтсе де, мақсаттары, мазмұндары, әдістері және т.б әр түрлі болғандықтан болар осы прцестер педагогикалық психологияда жеке – дара оқытылады. Мәселен, оқыту әдістері адамның әлемді,материалдық мәдениетті қабылдауымен  түсінуіне негізделсе, тәрбие әдістері – адамның адамды, адам моралын, рухани мәдениетті қабылдауы мен түсінуіне негізделген.

Тәрбие көбінекей адамдардың өзара  іс-әрекеттері арқылы жүзеге асады да дүниеге көзқарасты, мотивацияның және жеке тұлғаның мінезін дамытуды, сондай – ақ оның қасиет – сапалары мен адами қылықтарын қалыптастыруды көздейді. Оқыту пәндік теориялық және практикалық іс-әрекеттің  әр түрлері арқылы жүзеге асырыла отырылып, баланың интеллектуалдық және когнитивті дамуына бағытталған.

Педагогикалық психологияның зерттейтін  мәселелері:

  • Оқыту мен тәрбиелеудің өзара байланысы мәселесі;

  • Дамудағы сензитивтік кезең мәселелері;

  • Балалар дарындылығы мәселесі;

  • Бала дамуының жүйелік сипаты және педагогикалық ықпал етудің кешенділігі мәселесі;

  • Баланы педагогикалық қараусыз қалдыру мәселесі;

  • Балаларды мектептегі оқуға даярлау мәселесі;

  • Оқытуды жекелендіру (индивидуалдандыру) мәселесі;

  • Психологиялық – педагогикалық диагностика мәселесі;

  • Мұғалім мен тәрбиешіні психологиялық – педагогикалық даярлау мәселесі;

  • Әлеуметтік адаптация және әлеуметтік реабилитация мәселелері және т.б.


Педагогикалық  психологияның міндеттері:

  • Оқу – тәрбие процесінде білім алушылардың интеллектуалдық және жеке тұлғалық даму заңдылықтары мен психологиялық ерекшеліктерін зерттеу,анықтау;

  • Білім алушылардың әлеуметтік – мәдени тәжірибені, оның құрылымын меңгеру механизмдері мен заңдылықтарын анықтау, өзіндік санасында сақтау;

  • Оқыту мен тәрбиелік әсер ету форма, әдістерінің білім алушының интеллектуалдық және жеке тұлғалық даму деңгейлері арасындағы байланысына әсерін анықтау;

  • Білім алушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру мен басқару ерекшеліктерін және осы процестердің интеллектуалдық, жеке тұлғалық дамуы мен іс-әрекеттің психологиялық негізін зерттеу;

  • Дамыта оқытудың фактілерін, заңдылықтарын, механизмдерін анықтау;

  • Білімді меңгеру, заңдылықтарын, шарттарын, критерийлерін (өлшем), осылар негізінде іс-әрекеттің құрамын анықтау;

  • Меңгерудің диагностикалық деңгейі мен сапасының психологиялық негізін анықтау және білім беру стандартына сәйкестендіру.

  • Педагогикалық психология принциптері:

  • Детерминизм принципі;

  • Сана мен іс-әрекеттің бірлігі принципі;

  • Жеке тұлғаның дамуы принципі және т.б.

  1. Педагогикалық психология құрылымы:

  • Оқыту психологиясы;

  • Оқу психологиясы;

  • Тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу психологиясы;

  • Педагогикалық іс-әрекет және ұстаз тұлғасы психологиясы.

  • Оқыту психологиясы


2. Педагогикалық психологиясының жас ерекшелігі психологиясымени байланысы.

Психология ғылымның бір саласы бола отырып, ж.ер.психологиясы ғылыми талдауға ұшырауы мүмкін психологиялық фактіні – бақылау мен эксприментті алудың негізгі екі әдісін пайдаланады.

Алайда, психологиялық – педагогикалық зерттеу пәнінің ерекшелігі аталған әдістерді пайдалануда айрықша өзгерістер тудырады. Мәселен, жас ерекшелігі психологиядағы бақылаулар, көбінесе, бала психологиясының дамуын дәлелдейтін фактілерді жүйелі тіркеуді сипатына күнделікті жазу түрінде ие болады. Балалар пихологиясы, былайынша айтқанда, ерте сәбилік шақ психологиясытек бақылауға негізделеді. Соңғы жылдары педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясында психологиялық эксприменттің ролі айтарлықтай өсті. Педагогикалық - психологиялық зерттеуде пайдалануының жилігі жағынан лабораториялық экспримент баланы зерттеудежетекші орын алып жүрген табиғи эксприментке ғана жол береді.


Оқу – процесі жағдайында жүргізілген табиғи экспримент оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін жеке адамнаң қалыптасу ерекшеліктері мен жәке адамдар арасындағы қатынастарды жәжірибенің табиғи жағдайға жақын әлеуметтік ұйымдасиырған және арнайы өзгерткен жағдайларында зерттеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық - психология үшін табиғи эксприменттің ерекше түрі қалыптастыру эксприменті өте пайдалы болып есептеледі. Бұл жерде сыналушылардың психологиялық іс-әрекетінде болатын өзгерістер зерттеушінің белсенді әсер етуі нәтижесінде бақыланып отырады.

Педагогикалық - психологиялық мәліметтерді алудың ерекше бір түрі –егіздер әдісі д.ат. әдіс Оның мәні - бір жұмртқадан өрбіген егіздердің психикалық дамуын бақылаулар мен экспримент жағдайларында салыстырысып көру. Бұл олардың тұқым қуалаушылық қорының бірдейлігін еске ұстай отырып, орта мен тәрбие ықпалынан болатын бір қатар факторлардың әдістерін ажыратуға мүмкіндік береді.

Зерттеуші психиканың қалыптасуының тақ сол сәтті психологиялық ерекшеліктерін білуге тырысқан кезде бала психикасын дамуын көлденең кесу әдісімен де зерттей алады. Бірнеше қайталанатын мұндай кесулер бір қатар сынаушылар жөнінде мағлұмат алуға көмектеседі. Кейде психолктар бір сынаушының өрін оның елеулі өзгерстерді жүйелі тіркей отырып, ұзақ уақыт зерттейді. Мұндай зерттеу бойлай зерттеуд.а.

Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының өзіне қабылау мен эксприменттің және олардың өзгеріліп пайдаланған барлық түрлерін қамтитын сан алуан нақтылы зерттеу әдістерін кең қолданылады. Нақты психологиялық әдістердіңмолдығы мен сан алуандығы қазіргі педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясыныңкұрделі теориялық әрі практикалық мәнді проблемаларын шешуді қамтамассыз етеді.

Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы психология ғылымның ертеден келе жатқан және тұрақты дәстүрлі бар неғұрлым дамыған саласы. Педагогикалық және жас ерекшелігі проблемаларын

ғылымында күрделі еңбектерімен байытқан белгілі психолог - ғылымдар: Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович, П.Я.Гальперин, В.В. Давыдов, Л.В.Занков, Г.С.Костюк, н.ф.Тальцина, т.б. нәтижелі зерттеп келеді. Жас ерекшелігі психологиясының концепциясының бірі ақыл – ой әрекеттерінің кезеңмен қалатасу теориясы б/ы. Ол 50 жылдарда П.Я.Гальпериннің еңбектерінде қалыптасты. Ақыл – ой әрекеттерінің кезеңмен қалатасу теориясының негізгі идеясы мынадан тұрады: білім алу оқушылардың іс - әрекеті процесінде, әрекеттердің белгілі бір жүйесін олардың орындауы жағдайында және соның нәтижесінде жүзге асырылады. Адам – ой әрекетін табюиғаттан даяр күйінде алмайды, ол ойлайды үйренеді, ойлау операцияларын игереді. Педагогиканың міндеті – осы процесті шебер басқарып білу, тек ойлану іс - әрекетінің нәтижесінде ғана емес оның қалыптасу барысын да бақылап отыру. Бірқатар совет ғылымдарының еңбегінде оқушылардың материалды игеруі олардың танымдық іс - әрекеттерінің құрылымына тәуелді болып келетіндігі, ал оның өзі оқыту әдістерімен анықталатындығы байқалды, яғни оқушылардың білімді игеруі мен ойларының дамуы оқытудың сипатына, оның мазмұны мен әдістеріне тәуелді болатына ашып көрсетілді. Мұғалімнің басшылығымен оқушылар шерілуіге тиісті. Ұғымдардың белгілерімен жаңа типті есептерді шығарудың тәсілдерін өздігінен іздестірген жағдайларда оқытуда неғұрлым жоғары дамытушы нәтиже пайда болады.Адам мен жануарлардың психикасы үздіксіз даму күйінде болады. Алайда жануарлар дүниесі мен мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың психикалық функциялары шығуы жағынан да, құрылымы жағынан да теңесе алмайды. Жануарлар псикасының дамуының басты механизмі- биологиялық бекіген тәжірибенің тұқым қуалап берілуі. Соның негізінде жануардың сыртқы ортаға дара функцияларының ерекшелігі сол олар баланың қоғамдық- тарихи тәжірбиені игеру процесі үстінде дамып отырды. Бала адамдар дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адамдар қарым-қатынастар дүниесінде өмірге келіп, тіршілік етеді. Оларда қоғамдық тәжірибе қалыптасқан. Баланың дамуы дегеніміз осы тәжірбині игеру процесі болып саналады. Бұл процесс оқытуда жүзеге асырылады.


Адамзат тарихында іс- әрекетті жүзеге асыру құралдары ғана дамып қоймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің ерекше жолы да қалыптасып, дамып, күрделене түсті. Бұл ерекше жол-оқыту, ол қоғамдық тәжірибені берудің бағытталған және ұйымдастырылған әдісі болып табылады. Оқыту баланың психикалық даму процесінде айқындаушы роль атқарады.Адамның психикалық іс-әрекеті - өте күрделі құрылым. Оның ерекшеліктері алдымен баланың тіршілігі және тәрбиесімен сабақтас. Сөздік-логикалық ес, ұғынымды ойлау, заттық қабылдау және (басқа да жоғары психикалық жолмен қалыптасып), адамға тән жоғары психикалық функциялар биологиялық тұқым қуалаушылық жолмен қалыптасып берілмейді. Бұл олардың тарихи даму процесінде өзгерістерге ұшырап, жетілі түсінуге мүмкіндік береді.Адамның өмірде қалыптасатын күрделі психикалық іс-әрекеті (ойлау, сөйлеу) мен неғұрлым қарапайым табиғи функцияларын (қозу мен тежелу процестерінің арақатынасы мен ерекшелігі)

ажырата білу керек. Психикалық іс-әрекет өзіне басқа да көптеген компоненттермен қоса осынау қарапайым функцияларды да қамтиды.Балалардың дамуының оқыту процесіндегі ең басты және анықтаушы жағы білімдерді, іс-әрекет әдістерін күрделенуден тұрады. Қазіргі кезде көптеген психолог-зерттеушілер оқыту мазмұны, яғни балаға берілетін білімдерді және іс-әрекет әдістерін өзгерте отырып, баланың дамуын елеулі өзгертуге болатынын дәлелдеп берді.

Баланың психикалық дамуы оның жеке басының тұтас өзгерісін, яғни жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуын да қамтиды. Даму процесінде балалардың психикалық іс-әрекетінің түрлі қыры өзгереді, сан алуан әрекеттерді барған сайын көбірек орындау іскерлігі, тәсілдері жинақталып, өзгеру болып өтеді, білімі мен ұғымы өзгереді, жаңа мотивтері мен қызығулары қалыптасады.Жасы өскен сайын адамның өз іс-әрекетін жоспарлауы мен оны жүзеге асыра білуі дамиды. Бұл ерекшеліктердің бәрі оқу тапсырмаларын орындаудан, оқу іс-әрекетінен көрініп жатады. Сонымен, іс-әрекеттің психологиялық құрылымының даму процесінде балалардың жалпы мінез-құлқының құрылысы да өзгеріске түседі.Бала дамуының тұтас процесінің үш негізгі жағын бөлуге болады.

1. Оқыту процесінде білім мен іс-әрекет тәсілдерінің дамуы;

2. Игерілген тәсілдерді қолданудың психологиялық механизмдерінің дамуы;

3. Жеке адамның жалпы қасиеттерінің (бағыттылығы, іс-әрекет, сана және ойлаудың психологиялық құрылымы) дамуы. Дамудың көрсетілген бағыттарының әрқайсысы өзіне тән өзгешеліктері мен сипатталып, ақиқат түрде барлығы өзара байланыста болады да, тек барлығы бірге қосылғанда ғана психикалық даму деп аталынатынын жеке адамның өзгеріс процесін құрайды.