Файл: Педагогикалы психология Педагогикалы психологияны масаты, міндеттері, мазмны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 24

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала-дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л.С. Высотский жас шағы дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.

Жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықтайды. Бұл - әрі балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағыларымен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының (мыс, сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық құрылымдардың организм өзгерістерінің ерекшелігі т.б.) ерекшеліктері де енеді.

Жас кезеңін айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің тәсілдерінің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды.

Соңғы кезде педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясында педагогикалық критериилерге негізделген кезеңдерге бөлу жиірек қолданылады.

Мектепке дейінгі шақтың ерте сәбилік, сәбилік, естиярлық және ересектік жас кезеңдерді, бала-бақшадағы топтарға сәйкес (үш жасқа дейін – ерте сәбилік шақ тобы; кішкентайлар тобы – бесінші жыл; ересектер – алтыншы жыл және даярлық тобы – жетінші жыл) бөлінеді. Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі кезеңдеріне және олармен байланысты оқушылардың даму ерекшеліктеріне сай мектептік шақ үш кезеңге бөлінеді: төменгі сынып оқушылары (1-3,4 сыныпқа дейін), ортаңғы сынып оқушылары (4-5-тен 7,8 сыныпқа дейін), жоғарғы сынып оқушылары (8-10,11 сыныпқа дейін).
3.Педагогикалық психология проблемалары.

Мәселелі тапсырма – бұл оқытушылар, әдіснамашылар, оқулықтың авторларынан құралған мәселелі жағдайда оқыту тапсырмасы. Бұлардың мазмұны әртүрлі болуы да мүмкін: біреуі шынайы µмірге қайшы келсе (шынайы психологиялық коллизия) немесе белгілі автордың қайшылық білдіруі - психология ғылымының дамуына қарсы келеді, тіпті ғалымдар әлі шешімін таппаған мәселелерге ерекше кµзқарас білдіруі мүмкін.

Оқыту принциптерінің мәселелері – оқытудың практикалық әдістерін үйретуді кµздейтін дидактикалық процесс педагогика теориясында жоқ болып табылады. Оның соты қалай: оқыту процесін ұйымдастыруда оқу материалдарының мазмұны оқуды дайын және сақталған күйінде керісінше таныс емес мәселелі мәселелерді береді. Бұл µзіндік ойдың іздену қызметінің негізінде мәселелік мәселелердің шешімі оқытуда анық болады. Мұндай жағдайда оқыту принциптерінің проблемалары ешбірін қажет етпейді, меңгерілген белгінің мазмұнын ұйымдастыру ойлану қызметі арқылы оқытудың негізгі әдістерін кµрсетеді.


Қандай жағдайларда мәселелік жағдайларды тудыратын ойлану белсенділігін арттыратын, оқудағы µзіндік ойлау қызметін сақтау қажет.

Бірінші. Оқытушы оқушыға қажетті тақырыпта жаңа белгі мен істің тәсілін практикалық және теориялық түрде береді. Тапсырмалар біріншіден, оқушыға қатысты белгілермен таныстыра білуі керек, екіншіден, бастауышта меңгерілген белгісіз заңдылықтар мен істің тәсілін анықтау қажет және үшіншіден, оқушы арқылы жеткіліксіз белгілерді алу және оны орындау істің мативті қызығушылықтан туады.

Екінші. Мәселелі белгілер оқушының ұсынысымен ойлау мүмкіндігімен сәйкес келуі: қиыншылықтың жеткілікті болуы ойдың негізгі әрекетіне айналады.

үшінші. Оқытушы оқытудың шынайы деңгейін ашып кµрсетуі керек.

Тµртінші. Оқушыларды мәселелі жағдайларға тап қылуға тиісті практикалық тапсырмалар, сұрақтар, оқулық міндеттері мәселелік тапсырмалар ретінде қолданылады. Оқушыларға тапсырма сұрақтары оның µзінің тапсырма шарты оқу (тыңдау) кезінде пайда болған сұрақтармен сәйкес келген жағдайда ғана мәселелі бола алады. Мысалы үшін, мынадай тапсырмамен мысал келтіруге болады, сұрақ: «От шығарудың кµне тәсілдері қайсы?» деген сұрақ, сол жерде білім алушыларда пайда болған. Ал, шындығында қандай тәсіл кµне болып табылады? – деген сұрақтарымен сәйкес келеді. Білім алушыларда мынадай сұрақтың пайда болуының µзі олардың кеңдігінің белгісін кµрсетеді.

Бесінші. Мәселелік жағдайлар бір-бірден және игеруге жататын сол сұрақтарға байланысты тапсырмалардың әртүрлі типтері жасалуы мүмкін: а) білім алушылардан лабораториялық тәжірибеде ашып кµрсеткенде әдебиеттерде жазылған немесе оқытушылардың айтқандарынан кейбір нақтылы фактілерді теоретикалық тұрғыдан түсіндіруді талап етілгенде; б) белгілі оқытылған тәсілдердің кµмегімен практикалық тапсырмаларды орындай алмаған кезде, оқушылардан, оқытушыдан алған білімнің жеткіліксіздігімен жаңа білімді қажет ететін практикалық тұрғыдан түсіндіруді талап етеді.

Қажетті нәтижеге осылай қол жеткізіледі: немесе оқушылар белгілі фактілерді түсіндіреді (теорияны µмірде қолдануды оқиды) немесе жаңа білімді алу қажеттілігін сезінеді (оқу қызметінің ықпалды себебі – қызығушылық туындайды).

Алтыншы. Егер оқушылар, мәселелі жағдайға тап болып, одан шыға алмай жатса (фактілерді теоретикалық түсіндіре алмады немесе жаңа білімнің қажеттілігін, немесе әрекет ету тәсілін жете түсінбеді), онда оқытушы пайда болған мәселелік жағдайды тұжырымдап, сонымен қатар, оның шешімі үшін қажетті оқу материалдарын түсіндіруге кірісіп, орындалмаған тапсырмалардың себептерін кµрсетіп, оған назар аударуы тиіс.



Сондықтан жаңа оқу материалын алуда алдын алып шолу жасап түсіндіргенде мәселелік жағдай білімді игеруге қолайлы психологиялық жағдай дайындады, солай болғандықтан білім алушылар тапсырманы орындауға ескі білімнің жетпейтінін, жаңа білімге қажеттілікті жете түсініп, оқытушының түсіндірулеріне қызығушылық танытуы керек екендігін түсінеді. Мұнда біз мәселелі жағдайды жасауда сақталатын алты шартты атап өттілді.

Оқытушының жаңа оқу материалын түсіндіре бастаған сәттен бастап оның келесі сатыға өтеді: мәселелі жағдайды құру әрекеті сатысынан білім алушының ойлау әрекетінің ұйымы арқылы білімді игеру процесі басқару сатысына өтеді.