ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 20
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім: | Қоршаған орта | |
Мұғалімнің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: 2 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | 111-сабақ «Дара және күрделі етістік» (Қазақ тілі 2-бөлім, 81-82 бет Алматы «Атамұра» баспасы 2022) | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 2.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау; 2.4.2.5* дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/етістікті анықтау | |
Сабақтың мақсаты 10 flfv nfhfneis | Барлық оқушылар: мәтіннің тақырыбы бойынша шығарманың мазмұнын болжай алады; дара және күрделі етістіктерді ажыратады. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру, 2 мин Алдыңғы білімді тексеру 3 минут Сабақтың ортасы 6 минут | Психологиялық ахуал. «Көңілді сәлемдесу» ҰЖ: https://www.youtube.com/watch?v=ZinmadONKDU (оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау, сабаққа деген ынтасы мен қызығушылықтарын ояту, қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру)
https://learningapps.org/display?v=p7bb6x36223 платформасы арқылы тапсырмаларды орындау арқылы, етістік туралы білімдерін пысықтайды. Сабақтың тақырыбы: «Дара және күрделі етістік» Сабақтың мақсаты:
https://onlinemektep.org/schedule/1679875200/lesson/2f70b85c-93e6-400b-9787-796028647e92/lesson бейнематериал арқылы сабақты түсіндіремін. | Қимыл қозғалыстарды бір-біріне беру арқылы көңіл-күйлерін көтереді. Өткенді пысықтай отырып, сабақтың тақырыбын ашады. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады Бейнематериал арқылы жаңа сабақпен танысады. | ҚБ: Мұғалімнің ауызша бағалауы үздіксіз жүріп отырады. Бағалау парақшасы: «Дән жинаймын» | АКТ тақта, үлестірмелі парақтар. |
Ұжыммен жұмыс 7 минут Жеке жұмыс 6 минут Топтық жұмыс 8 минут | Оқулықпен жұмыс 25-жаттығу.
Ережемен жұмыс.
«Бинокль» әдісі. 31-жаттығу. -Балалар, бинокль жасау әдісін өткен сабақтардан білеміз. Ендеше , жаттығудың ішінен көктем мезгіліне тән белгілерді тауып алайық. - Дара және күрделі етістіктерді ажыратайық.
33-жаттығу
| «Болжам жасаймыз» әдісі бойынша мәтін мазмұнын болжайды. Алыстағын көру үшін бинокль жасайды. Көктем мезігіліне тән белгілерді мүдірмей табады. Топ ережесін сақтайды. Сөзжұмбақты шешеді | ҚБ: 1 балл Дескриптор: -тақырыбын оқиды; -мәтін мазмұнын болжайды; -сұрақтарға жауап береді; -етістіктерді табады. ҚБ: 2 балл Дескриптор: - дүрбі жасайды; -көктемге тән белгілерді анықтайды; -көркем жазады; -дара және күрделі етістікті табады. ҚБ: 2 балл Дескриптор: -топ ережесін сақтайды; -сөзжұмбақты шешеді; -етістікті анықтайды; -дара не күрделі екенін дұрыс табады. | Оқулық, дәптер Оқулық, дәптер |
ҚБ тапсырмасы 5 минут | Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы «Артығын тап» ойыны 1-тапсырма
2-тапсырма Мәтінді оқып, етістіктерді тап Көктем келді. Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Содан кейін қарлығаш,бозторғайлар келеді.Балалар оларға ұя жасады. 3-тапсырма Етістіктің қай түріне жататынын анықта. Айтып отыр, көріп тұр,көтеріп алды,қарап айтты. | ҚБ тапсырмасын өз беттерімен орындайды | ҚБ: 2 балл Дескриптор: -1-тапсырмаға дұрыс жауап береді; -2-тапсырмаға дұрыс жауап береді; -3-тапсырманы дұрыс орындайды. | ҚБ тапсырмасы |
2 мин | Рефлексия: «Дән жинаймын» Үй тапсырмасы: 32 -жаттығу. | Кері байланыс жасайды. Оқу тапсырмасын жазып алады. | ҚБ қойылады. | |