ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 1172
Скачиваний: 1
-
тура байланыстар – қоршаған ортаның барлық компоненттерінің литосфераға ықпалы; -
кері байланыстар – қоршаған орта компоненттеріне және, ең алдымен, адамға, жануарлар және өсімдіктер әлеміне, ғимараттар мен инженерлік құрылыстардың сақталуына литосфераның жауап реакциясы.
-
көпкомпоненттілік; -
табиғи геологиялық құндылық; -
табиғи қорғалу; -
өздігінен тазару қабілеті.
-
геопотенциал – минералды-шикізаттық және отын-энергетикалық ресурстардың, түрлі міндеттегі жерасты суларының, құнарлы топырақтың және т.с.с болуымен анықталатын, құн бағасымен көрсетілетін, геологиялық ортаның ресурстық параметрі. -
Геоэкопотенциал – геологиялық ортаның белгілі бір көлемінің экологиялық сйымдылығы, оның өздігінен қалпына келу және өздігінен тазару қабілеті.
Тәжірибелік геоэкологиялық зерттеулер 3 өзара байланысты бағыт бойынша дамиды:
-
Аймақтық геоэкология; -
Геологиялық ортаның мониторингі; -
Геоэкологиялық жүйелерді үлгілеу
талдауларын молекулярлы абсорбционды спектроскопия, хромотография, массспектрометрия, ЯМР әдістерімен жүзеге асырады. Гумусты қышқылдардың молекулярлы массаларын оптикалық әдістермен және гель-фильтрациямен анықтайды; молекулалардың мөлшері мен формалары жайлы мәліметтерді электронды микроскопия әдістерімен алуға болады. Гумусты қышқылдарды идентификациялау үшін әдетте бір уақытта бірнеше химиялық және физикалық көрсеткіштерді анықтауды қолданады. Кез келген топырақтың тән сипаты – оның көп фазалылығы; бір қосылыс әр түрлі фазалардың құрамына кіруі мүмкін және сондықтан бірдей деңгейде химиялық реакцияларға қатысады. Топырақтың қасиеті оның фазалық құрамына тәуелді болады. Фазалық талдаудың тәсілдерінің бір фазалардың жеке құрамдастарының таңдаулы ерітуінен тұрады. Топырақ ерітінділерінің толық талдауы иондардың және қосылыстардың белсенділігін анықтауға және олардың ерітіндіде болатын формаларының барлық түрлерін есепке алуға негізделген. Топырақ ерітіндісі – бұл табиғи жағдайлардағы топырақтың сұйық фазасы. Сулы, тұзды араласқан және қышқылды сірінділері қандай да бір деңгейге дейін топырақ ерітінділерін имитирлейді. Топырақ ерітінділерінде маңызды биохимиялық үрдістер жүзеге асырылады; өсімдіктер және микроағзалар оларға қажетті заттарды басты түрде топырақ ерітіндісінен алады. Топырақ ерітінділеріндегі иондардың белсенділігін анықтау үшін ион-селективті электродтарды қолданған тиімді. Топырақ ерітінділерінде сілтілі және жер сілтілік элементтердің концентрациясын жалынды фотометрия әдісімен анықтайды; элементтердің үлкен тобын анықтау үшін – атомды-абсорбционды спектроскопия әдісі. Топырақтардың химиялық жағдайына үлкен әсерді тотықтырғыш-калыпқа келу үрдістері тигізеді. Әдетте екі тәсілмен топырақтардағы тотықтырғыш-калыпқа келу үрдістерді бақылауды жүзеге асырады: тотықтырғыш-калыпқа келу потенциалын потенциометриялық 64 әдістермен тура анықтау және элементтері тотығудың әр түрлі деңгейлерінде болатын қосылыстардың түрлі формаларының концентрацияларын химиялық және инструменталды әдістермен анықтау. Топырақтың песицидтермен және минералды тыңайтқыштармен ластануын бақылау ІІ. Табиғи ортаның жағдайын және ластану деңгейін бақылау және тексерудің жалпы мемлекетік жүйесі бар. Бақылаудың жалпы жүйесінің бөлігі болып топырақ мониторингі табылады, ол топырақтардың және топырақ жамылғысының жербетілік бақылаулар және аэроғарыштық әдістер көмегімен жағдайларын кешенді бақылауды қамтамасыз етеді. Топырақтардың пестицидтармен және минералды тыңайтқыштармен ластануын бақылау Табиғатты қорғау жүйесінде топырақтардағы пестицидтар және минералды тыңайтқыштардың мөлшерін бақылау келесі мақсаттарда жүргізіледі: А) Тасымалдау,сақтау, дайындау және препараттарды енгізу, сондай-ақ олардың қалдықтарын, пестицидтар мен тыңайтқыштардың тарларын көму ережелерін қоса отырып, өсімдіктерді және тыңайтқыштарды қорғау үшін химиялық құралдарды қолданған кезде технологияларды және регламенттерді сақтауды тексеру; Б) топырақтардың пестицидтар және тыңайтқыштардың қалдықтарымен ластануының іс жүзіндегі масштабтарын және деңгейлерін, олардың мөлшері жоғары болуы мүмкін участоктарды, яғни потенциалды технологиялық ластанған участоктарды қоса анықтау; В) орталардың және табиғи объектілердің ластанған топырақтармен араласқан пестицидтар және тыңайтқыштар қалдықтарымен екінші реттік ластанудың потенциалды қауіптілігін анықтау
Талдау нәтижелерін өңдеу.Жерлердің табиғи-экологиялық жағдайы және олардың ресурстық-экономикалық потенциалы бойынша ақпарат болатын жерлердің мониторингі бойынша мәліметтер банкін құру бүгінгі күннің бірінші кезектегі тапсырмасы болып табылады. Нақты физико-химиялық сипаттама беретін топырақтардың және табиғи жем өсімдіктердің зертханалық талдау бойынша мәліметтер жерлер мониторингі бойынша мәліметтер банкінің базалық ақпараты болып табылады. Топырақтардың және табиғи жем өсімдіктерін зертханалық талдауларының мәліметтерін ары қарай жинақтаумен және компьютерлік технология негізінде ақпаратты жүйелендірумен автоматтандырылған өңдеу жер кадастрының және жер мониторингінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің бастапқы құраушысы болып табылады (ЖКААЖ). Топырақтардың және өсімдіктердің зертханалық талдауларының нәтижелерін автоматтандырылған өңдеу аналитикалық анықтауларға және оларды ары қарай нәтижелерді есептеулерге және оларды бақылауға кететін уақытты қысқарту есебінен өңдеуге, алынған мәліметтерге тұтынушылардың кең ауқымына кіруді қамтамасыз етуге, әр түрлі аспектілерде ақпаратты көп ретті қолдануға шығындар әсерлігін біршама ұлғайтуға мүмкіндік береді. Зерттеу объектілерін координатты байлау мәліметтер банкінің жерлер мониторингі бойынша түрлі тапсырмаларды шешуге мүмкіндік беретін біріңғай топографо-геодезиялық негізін береді: әкімшілік облыстар, табиғи-ауылшаруашылық зоналар, аумақтар бойынша мәліметтерді таңдау және топтау жүргізуге; көрсеткіштердің статистикалық талдауын жүргізуге; топырақ және өсімдік параметрлерінің кеңістік және уақыт аралығында өзгергіштігін анықтауға. Топырақтардың және табиғи жем өсімдіктерінің зертханалық талдау нәтижелерін автоматтандырылған өңдеу бойынша бағдарламалық кешен жерлер мониторингі бойынша мәліметтер банкінің ақпараттық блоктарында ақпаратты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ тұтынушыларға аналитикалық анықтаулардың нәтижелерін кестелер түрінде береді. Ақпарат көзі болып талдауларға ұсыныстар ведомствасы және жұмыс зертханалық журналдары табылады. Ақпарат объект бойынша келесілерді көрсете топталады: облыс, аудан, шаруашылық, табиғи ауыл-шаруашылық зона, зерттеу түрі және жұмыс жүргізу жылы. Мәліметтерді ұйымдастыру кестелік. Бастапқы мәліметтер кестесіне енгізіледі: топырақ қималарының номерлері; топырақ қималарының координаттары ( ) ; ауыл шаруашылық жарамдық түрі; топырақ түзілім типі; топырақ түрі және түрасты; генетикалық көкжиектер (индекс, жатыс тереңдігі, сынамаларды сынамалау тереңдігі); сынамалардың зертханалық номерлері; аналитикалық мәліметтер. Түрлі аналитикалық анықтаулар бойынша бастапқы мәліметтер сатылы енгізіледі, ақпаратты жоғалтусыз енгізуді үзу мүмкіндігі қарастырылған. Берілген алгоритм бойынша анықтамалық мәліметтерді қолданумен материалдарды өңдеу жүргізіледі. Топырақтар мен өсімдітердің есептелген параметрлері ағымдағы бақылауға ұшырайды – олардың әрекеттегі нормативтармен сәйкес шынайылығы анықталады. Мәліметтерді дұрысағаннан соң (енгізу қателерін түзету, дұрыс емес аналитикалық анықтау) ақпарат жерлер мониторингі бойынша мәліметтер банкінің блогына келіп түседі. Зертханалық анықтаулардың нәтижелері басып шығарылады және бекітілген формадағы кесетелер түрінде ары қарай қолдануға мамандарға тапсырылады
1.3 Жерлерді қорғау мен пайдалануды бақылау мен тексерудің мемлекеттік жүйесі.Жоспар:1. Қазақстан Республикасының Жер туралы Заңы.2. Жерлерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау.1. Мақсатына сәйкес Қазақстан Республикасының жер қоры келесі категорияларға бөлінеді: 42 - ауылшаруашылық міндеттегі жерлер; - елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылшаруашылық елді мекендердің) жерлері; - өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге ауылшаруашылық емес міндеттегі жерлер; - ерекше қорғалатын табиғи территориялардың жерлері, сауықтыру, рекреациялық әне тарихи-мәдени міндеттегі жерлер; - орман қорының жерлері; - су қорының жерлері; - қордағы жерлер. Табиғи жағдайлар бойынша Қазақстан Республикасының территориясында келесі аймақтар ажыратылады: - орманды-далалы; - далалы; - құрғақ далалы; - шөлейт; - шөлді; - таулы-шөлді-далалы; - субтропикалық шөлді; - орта азиялық таулы; - субтропиклық шөлді; - оңтүстік сібірлік таулы. Қазақстандағы жер мемлекет меншігінде. Осы Заңмен белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жер бөлікшелері жеке меншікте болуы мүмкін. Қазақстан Республикасындағы жер заңнамасы ҚР Конституциясына негізделеді және осы Заң мен ҚР өзге нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Аймақтау – мақсаты мкн пайдалану режимін белгілеп, жерлердің территориясын анықтау. Жергілікті атқару органдарының шешімі бойынша жүргізілетін жерлерді аймақтау бюджеттік қаражаттардың есебінен жүзеге асырылады. Жер ресурстары – қоғамның материалдық, мәдени және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, шаруашылық және өзге әрекет үрдісінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер. Жер бөлікшесі – Заңмен белгіленген тәртіппен жер қатынастарының субъектілеріне бекітілген, тұйық шекаралардағы бөлінген жер бөлігі. 2. Мемлекеттік бақылаудың міндеттері мемлекеттік органдардың, жеке, заңды және лауазымды тұлғалардың, Қазақстан Республикасының жер заңнамасын орындауын қамтамасыз етуден, ҚР заңнамасының бұзылуын анықтаудан және жоюдан, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруден, жер бөлікшелерін пайдалану ережелерін, жер кадастры мен жерге орналастыруды жүргізу 43 дұрыстығын сақтаудан, жерлерді тиімді пайдалану мен қорғау шараларын орындаудан тұрады. Жерлерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру: - жерлерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жер ресурстарын басқару бойынша орталық уәкілетті орган және оның территориалдық органдары, сонымен қатар құзырет шектеріндегі өзге уәкілетті органдар жүзеге асырады; - жерлерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Жерлерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға жатады: - ҚР жерлерін пайдалану мен қорғау бойынша бас мемлекеттік инспектор; - сәйкес әкімшілік-территориалдық бірліктердің жерлерін пайдалану мен қорғау бойынша бас мемлекеттік инспекторлар; - жерлерді пайдалану мен қорғау бойынша мемлекеттік инспекторлар. Жерлерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган мыналарға мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді: - мақсатына сәйкес жер бөлікшелерін пайдаланудың белгіленген режимін, ҚР жер заңнамасын мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, ұйымдар мен азаматтардың орындауына; - жер бөлікшелерін өздігінен пайдалануды болдырмауына; - жер бөлікшелерінің меншік иелерінің және жерді пайдаланушылардың құқықтарын орындауына; - жерлерді жақсарту, топырақ эрозисының, сортаңданудың, батпақтанудың, суалудың, құрғаудың, тығыздалудың, қоқыстанудың, ластанудың және жерлер деградациясын тудыратын өзге үрдістердің салдарының алдын алу мен жою бойынша шараларды уақытында және сапалы орындауға; - жерлердің жағдайына ықпал ететін, тұрғын және өндірістік объектілерді жобалауға, орналастыру мен тұрғызуға; - бұзылған жерлерді рекультивациялауға. - жерлердің бұзылуымен байланысты жұмыстарды жүргізген кезде топырақтың құнарлы қабатын сақтауға.