Файл: Pisa халыаралы зерттеуін жргізу аясында оушыларды функционалды Оу сауаттылыын дамытуда олданылатын стратегиялар Адам естіпбілгені арылы ана жетілмейді, Ебек пен ісрекет стінде алыптасады.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 15
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН ЖҮРГІЗУ АЯСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН СТРАТЕГИЯЛАР
«Адам естіп-білгені арқылы ғана жетілмейді,
Еңбек пен іс-әрекет үстінде қалыптасады».
А. Эйнштейн
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі үдерісінде еліміз үшін маңызды болып табылатын стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы және функционалдық дағдылар мектеп қабырғасынан қалыптасады. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілді. Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге бағытталып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үдерісін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды. [1]:
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру. [2]:
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімдеу мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен зияткерлікті қажет ететін жағдайда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің 15 жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA - халықаралық зерттеуіне қатысуда.
PISA - (Programme for International Student Assessment) зерттеуінің әрбір кезеңінде халықаралық зерттеу, саралау жұмысы жүргізіледі. Бұл әрбір қатысушы елге білім беру жүйесінің стратегиялық мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында оқушылардың халықаралық зерттеулерге қатысуының мақсаттық индикаторларын анықтау. Еліміздің PISA - 2015 зерттеуіне қатысуы, өзін-өзі дамытуды максималды түрде іске асыру мен қоғам өміріне орынды қатысуы үшін өздігінен іздену, талдау жасау, құрылымдау ақпараттарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.
PISA – зерттеуі 2000 жылы басталып, үш жылдық кезеңмен өткізіледі. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асады: «оқу сауаттылығы», «жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы» және «математикалық сауаттылық». Оқушылардың білім жетістіктері 6 деңгеймен зерделеніп, сараланады. [3]:
Демек, алдағы «PISA 2018, 500 мектеп» жобасы», басым бағыты «оқу сауаттылығы» бойынша жоспарланып отырған зерттеуден Қазақстандық 15 жастағы білім алушылардың 40-45 орынға қол жеткізуді мақсат етуде.
Оқушылардың функционалдық сауттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің ролі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің алатын орны ерекше.
Өйткені оқу, жазу, есептеу, сызу дағдыларын сауатты танып білмесе басқа пәндерді меңгеру оңайға соқпасы анық.
PISA тапсырмаларында түрлі типті мәтіндер қолданылады.
Олар:
«Тұтас мәтіндер» (әдеби шығармалар, мысалы, бейнелеу, баяндау, түсіндіру, дәлелдеу).
«Жадағай мәтіндер» (графиктер, кестелер, диаграммалар, суреттер, сызбалар).
«Аралас мәтіндер» (ақпараттық парақтар: веб-парақтар, слайд-презентациялар),
«Құрама мәтіндер» (форматы бойынша әртүрлі, бірақ мағынасы бойынша бір-бірімен байланысқан бірнеше мәтін) т.с.с.
Осындай түрлі типті таныс емес мәтіндер кездескендіктен оқушыларға тапсырманы орындау барысында қиындықтар туады. Сол қиындықты жою үшін білім берудің құрылысын, оқушылар мұғалім берген мақсаттарды түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру керек және оқушы мұғалім қойған мақсатты белсенді жүзеге асырушысы болуы тиіс. Оқушылардың білімге ықыласын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі – сабақта стратегиялдарды қолдану. Ойын арқылы баланы ойлата білу. Қазақ тілі мен әдебиет сабағында мынадай стратегияларды қолдану арқылы оқушылардың сабаққа ынтасын арттыра отырып, білім сапасын жетілдіріп, сауатты болуға дағдыландыру.
«Граффити мәтіні» әдісі (немесе үнсіз әңгіме) мәтінге қызығу мен өзара әрекеттестікті қолдайды. Граффити мәтінінің/үнсіз әңгіме мақсаты:
бір біріне мәтінді оқып шығуға, мәтін мәнін ашуға, мәтінде қолданылатын автор іріктеген сөздер мен сөз тіркестерінде жатқан ұғымдарды түсіндіруге көмектесу болып табылады.
«БББ» кестесінің алғашқы екі кестесін, яғни «не білемін», «не білгім келедіні» оқушылар жаңа тақырып басталмас бұрын толтырады. Жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ деген сұрақтарға жауап беруге ұмтылады.
«Борт журналы» стратегиясымен жұмыс жасау 5-10 минут мұғалім бүкіл аудитория бойынша дәріс оқиды. Оқушылар 20 минут ішінде өз «борт журналдарын» толтырады (түйінді сөздер, суреттер, тәжірибемен байланыстыра отырып. Оқушылар жұпта, сосын топта өз журналдарының мазмұнын талқылайды, бір-бірінің сұрақтарына жауап береді, түсінбеген жағдайларда – мұғалімнен кеңес алады. Мұғалім бүкіл сыныппен «борт журналдарын» талқылайды, жалпы сұрақтарға жауап береді.
Ойлан, жұптас, бөліс – оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған тәсіл. Тақтада сұрақ, тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3 – 4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалім 2-3 жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрануына болады.
«Фрейер моделі» әдісін қазақ тілі мен әдебиет пәндерінде қолданған өте тиімді. Бұл жерде мәтіннің ішіндегі түйінді сөздерді алып, түйінді сөздерге анықтама беріледі, оның антонимдерін, синонимдерін, сөйлемде қалай орналасқанын анықтайды.
«FILA» кестесісің І-ІІ нұсқасымен жұмыс. Оқушылар топтарға бөлінеді. Барлығына бір мәтін беріледі. Сол мәтін бойынша арнайы кестені толтырады. Кесте 4 бағаннан тұрады:
-
Мәтін ішінен түйінді сөздерді теріп жазу. -
Мәтін бойынша сызба түрінде конспект жасау. -
Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру. -
Мәтіннің ішінен негізгі идеясын бейнелейтін сөйлемдерді теріп жазу.
ІІ-нұсқа:
-
Мәтін ішінен түйінді сөздерді теріп жазу. -
Мәтін бойынша сызба түрінде конспект жасау. -
Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру. -
Мәтіннің ішінен негізгі идеясын бейнелейтін сөйлемдерді теріп жазу.
Еркін жазу – оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын қағазға түсіруді талап ететін тәсіл. Оқушылар берілген уақыт аумағында (5-7 минут) тоқтамай жазуы керек.
Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім оқушыларға білім алудың белсенді тәсілдерін ұсынып, олардың өздігінен жаңа мәліметті жан – жақта қарастырып, зерттеп, игеруіне мүдделі. Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысып, ол туралы өзіндік пікір қалыптастырады.
«Сократтық семинар». Аквариумдағы алтын балық- екі айналымнан тұрады ішкі және сыртқы айналым. Ішкі айналым орныдаушы, сыртқы айналым бақылаушы қызметін атқарады. Мәтін бойынша ашық сұрақтарды қолданылады. Сократтық семинар тыңдаушыларға мәтінді өзара бірлесе зерттеу үшін сұрақтарды қолдануға және сыни ойлауға мүмкіндік береді. [4]:
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында бұл стратегияларды ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Сонда сабақ тек білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұндай сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушыларда бір-бірімен сөйлесе білу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімнің болуы, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады.
Қорыта айтқанда, функционалдық сауаттылығы жоғары, қоғамдық өмірге бейім, оқығанын ой елегінен өткізіп, мәтінді терең түсіне алатын, логикалық ойлау қабілетті қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары: / Қазақстан Республикасы [2]:
2.PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Тыңдаушының жұмыс дәптері // NIS- PEARSON. [3]: