ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 23
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Түсінік хат
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; -
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); -
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары -
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); -
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары
7-9-сыныптардағы физика пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың ғылыми көзқарасының негізін қалыптастыру. Әлемнің жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауды, бақылау қабілеттерін дамыту және табиғат құбылыстарын талдау және таңдау арқылы өмірге қажетті практикалық есептердің шешімдерін таба білуге дағдыландыру.
Мақсатқа сәйкес оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) оқушылардың әлемнің қазіргі физикалық бейнесінің негізінде жатқан іргелі заңдылықтар мен принциптер туралы білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерін меңгеру;
2) оқушылардың зияткерлік, ақпараттық, коммуникативтік және рефлективтік мәдениетін дамытуға, физикалық экспериментті орындау және зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын дамыту;
3) оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
4) табиғат ресурстарын пайдалануда және қоршаған ортаны қорғауда, адамды және қоғамды қауіпсіз өмір сүрумен қамтамасыз етуде меңгерген дағдыларды қолдану болып табылады.
Бағдарламада «оқыту мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 7.2.1.4. кодында «7» –сынып, «2.1» – екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» –оқыту мақсатының реттік саны.
7-сыныптарға арналған «Физика» пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 10 зертханалық жұмыс және 8 практикалық жұмыстан тұрады. Жаңартылған білім беру мазмұнында жетістікке қол жеткізу үшін мыналарды жасау ұсынылады:
«Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 7 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты құрайды.
Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық авторы: Р.Башарұлы. Алматы «Атамұра» 2017ж.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау-ЖБ-45 минут
Бөлім бойынша жиынтық бағалау –ЖБ-25минут.
Сынып | Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны | |||
| 1-токсан | 2-токсан | 3-токсан | 4-тоқсан |
7 | 2 | 2 | 2 | 2 |
Сынып | Зертханалық және практикалық жұмыс саны | |
| Зертханалық жұмыс | Практикалық жұмыс |
7 | 10 | 8 |
«Физика» пәнінен 7-сыныптың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
72 сағат, аптасына 2 рет
Жоспарлық зертханалық жұмыстары: 10
Тоқсандық жиынтық бақылау:4,
Бөлім бойынша жиынтық бақылау:8
Практикалық жұмыстар. 8
№ | Ауыспалы тақырыптар | Сабақтардың тақырыбы | Оқу мақсаттары | Сағат саны | Мерзімі | Ескерту | |
1 – тоқсан (17- сағат) | |||||||
1/1 | Физика -табиғат туралы ғылым (2 сағ) | Физика – табиғаттуралығылым | 7.1.1.1- физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру; | 1 | | | |
2/2 | Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері. | 7.1.1.2 - табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажырату. | 1 | | | ||
3/3 | Физикалық шамалар мен өлшеулер (6 сағ) | Скаляр және векторлық физикалық шама. Халықаралық бірліктер жүйесі (SI) | 7.1.2.1 - физикалық шамаларды олардың SI жүйесіндегі өлшем бірліктерімен сәйкестендіру | 1 | | | |
4/4 | Физикалық шамаларды өлшеу. Өлшеуіш аспаптармен жұмыс. Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу | 7.1.2.2 – скаляр жәневекторлықфизикалықшамаларажыратужәнемысалдаркелт | 1 | | | ||
5/5 | Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі; | 7.1.2.3 - үлкен және кіші сандарды жазған кезде еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану: микро (μ), милли (m), санти (c), деци (d), кило (k) и мега (M); | 1 | | | ||
6/6 | Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу; Практикалық жұмыс 1 БЖБ – 1 | 7.1.3.1- дененің ұзындығын, көлемін, температурасын және уақытты өлшеу, өлшеу нәтижелерін аспаптардың қателіктерін есепке ала отырып жазу; | 1 | | | ||
7/7 | | №1 зертханалық жұмыс. "Физикалық шамаларды өлшеу"; | 7.1.3.2 – кішкентай денелердің өлшемін қатарлау әдісі арқылы анықтау; 7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау. | 1 | | | |
8/8 | | №2-зертханалық жұмыс. "Кішкентай денелердің өлшемін анықтау" | 7.1.3.2 – кішкентай денелердің өлшемін қатарлау әдісі арқылы анықтау; 7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау. | 1 | | | |
9/1 | Механикалық қозғалыс (9 сағ) | Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы Санақ жүйесі | 7.2.1.1 – келесі терминдердің физикалық мағынасын түсіндіру – материялық нүкте, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырма-лылығы, траектория, жол, орын ауыстыру | 1 | | | |
10/2 | Механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы | 7.2.1.2 – механикалық қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру | 1 | | | ||
11/3 | Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар. | 7.2.1.3 – түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу | 1 | | | ||
12/4 | Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу | 7.2.1.4 – қозғалыстағы дененің жылдам-дығы мен орташа жылдамдығын есептеу | 1 | | | ||
13/5 | Практикалық жұмыс 2 | 7.2.1.4 – қозғалыстағы дененің жылдам-дығы мен орташа жылдамдығын есептеу | 1 | | | ||
14/6 | Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері | 7.2.1.5 – s -тің t-ға тәуелділік графигін тұрғызуда координаталар осьтерінде және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеу; | 1 | | | ||
15/7 | Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері БЖБ – 2 | 7.2.1.6 – дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен келесі жағдайларды анықтау: (1) дененің тыныштық күйін, (2) тұрақты жылдамдықпен қозғалысын; 7.2.1.7 – бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдығын анықтау | 1 | | | ||
16/8 | Тоқсандық жиынтық бағалау №1 | | 1 | | | ||
17/9 | Қайталау | 7.2.1.6 – дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен келесі жағдайларды анықтау: (1) дененің тыныштық күйін, (2) тұрақты жылдамдықпен қозғалысын; 7.2.1.7 – бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдығын анықтау | 1 | | | ||
2 – тоқсан (16 сағат) | |||||||
18/1 | Тығыздық (6 сағ) | Инерция құбылысы | 7.2.2.11 – электронды, серіппелі, иінді таразылардың көмегімен дененің массасын өлшеу | 1 | | | |
19/2 | Масса және денелердің массасын өлшеу | 7.2.2.12 – әртүрлі пішіндегі қатты дененің немесе сұйықтың көлемін өлшеу үшін өлшеуіш цилиндрді (мензурка) қолдану | 1 | | | ||
20/3 | Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі. | 7.2.2.13 – тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру; | 1 | | | ||
21/4 | Тығыздықты есептеу. | 7.2.2.14 – сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын тәжірибе арқылы анықтау; | 1 | | | ||
22/5 | Практикалық жұмыс 3 БЖБ - 3 | 7.2.2.15 – тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану | 1 | | | ||
23/6 | | №3 зертханалық жұмыс. «Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау» | 7.2.2.15 – тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану 7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау | 1 | | | |
24/1 | Денелердің өзара әрекеттесуі (10 сағ) | Күш | 7.2.2.1 – инерция құбылысын түсіндіру және мысалдар келтіру | 1 | | | |
25/2 | Тартылыс құбылысы және ауырлық күші. Салмақ. | 7.2.2.2 – күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіру | 1 | | | ||
26/3 | №4 зертханалық жұмыс. «Серпімді деформацияларды зерделеу». | 7.2.2.10 – масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын ажырату 7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау | 1 | | | ||
27/4 | Деформация. Серпімділіккүші, Гук заңы. | 7.2.2.4 – серпімділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділік графигінен қатаңдық коэффициентін анықтау; | 1 | | | ||
28/5 | Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру | 7.2.2.3 – пластикалық және серпімді деформацияларды ажырату, мысалдар келтіру. 7.2.2.5 – Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу | 1 | | | ||
29/6 | №5 зертханалық жұмыс. «Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу» | 7.2.2.6 – тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін сипаттау; 7.2.2.7 – үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар келтіру 7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау | 1 | | | ||
30/7 | Бір түзу бойымен денеге әрекет еткен күштерді қосу. БЖБ 4 | 7.2.2.8 – күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету; 7.2.2.9 – денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау | 1 | | | ||
31/8 | Практикалық жұмыс 4 | 7.2.2.9 – денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау | 1 | | | ||
32/9 | Тоқсандық жиынтық бағалау№2 | | 1 | | | ||
33/10 | Қайталау | 7.2.2.5 – Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу | 1 | | | ||
3 – тоқсан (20 - сағат) | |||||||
34/1 | Қысым (16 сағ) | Қатты денелердің,газдар мен сұйықтардыңмолекулалық құрылымы | 7.3.1.1 – заттардың молекулалық құрылысы негізінде, газдардың сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттау | 1 | | | |
35/2 | Қатты денелердегі қысым | 7.3.1.3 – есептер шығаруда қатты дененің қысымының формуласын қолдану | 1 | | | ||
36/3 | Практикалық жұмыс 5 | 7.3.1.3 – есептер шығаруда қатты дененің қысымының формуласын қолдану | 1 | | | ||
37/4 | Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы | 7.3.1.4 – газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру; | 1 | | | ||
38/5 | Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы | 7.3.1.4 – газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру; | 1 | | | ||
39/6 | Қатынас ыдыстар. | 7.3.1.6 – қатынас ыдыстарды қолдануға мысалдар келтіру | 1 | | | ||
40/7 | Қатынас ыдыстар. | 7.3.1.6 – қатынас ыдыстарды қолдануға мысалдар келтіру | 1 | | | ||
41/8 | Гидравликалық машиналар БЖБ 5 | 7.3.1.7 – гидравликалық машиналардың жұмыс істеу принципін сипаттау; 7.3.1.8 – гидравликалық машиналарды қолдану кезіндегі күштен ұтысты есептеу | 1 | | | ||
42/9 | Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу. | 7.3.1.9 – атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну | 1 | | | ||
43/10 | Манометрлер. Сорғылар | 7.3.1.10 – манометр мен сорғылардың жұмыс істеу принципін сипаттау | 1 | | | ||
44/11 | Кері итеруші күш.Архимед заңы. | 7.3.1.11 – кері итеруші күшті анықтау және оның сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелділігін зерттеу; | 1 | | | ||
45-46/12-13 | Архимед заңы. | 7.3.1.11 – кері итеруші күшті анықтау және оның сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелділігін зерттеу; | 2 | | | ||
47/14 | Практикалық жұмыс 6 | 7.3.1.12 – сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру; 7.3.1.13 – есептер шығаруда Архимед заңын қолдану | 1 | | | ||
48/15 | № 6 зертханалық жұмыс. «Архимед заңын зерделеу» | 7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау | 1 | | | ||
49/16 | № 7 зертханалық жұмыс. «Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау». | 7.3.1.14 – дененің сұйықта жүзу шарттарын зерттеу; 7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау | 1 | | | ||
50-51/1 | Жұмыс және қуат (4 сағ) | Механикалық жұмыс Қуат. | 7.2.3.1 – механикалық жұмыс ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру; 7.2.3.7 – қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру; | 1 | | | |
52/2 | Практикалық жұмыс 7 БЖБ 6 | 7.2.3.8 – механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану | 1 | | | ||
53/3 | Тоқсандық жиынтық бағалау №3 | | 1 | | | ||
54/4 | Қайталау | 7.2.3.1 – механикалық жұмыс ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру; 7.2.3.7 – қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру; 7.2.3.8 – механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану | 1 | | | ||
4 – тоқсан (19 - сағат) | |||||||
55/1 | Энергия (5 сағ) | Механикалық энергия. Кинетикалық энергия. | 7.2.3.2 – механикалық энергияның екі түрін ажырату; 7.2.3.3 – кинетикалық энергия формуласын есептер шығаруда қолдану; | 1 | | | |
56/2 | Потенциалдық энергия. | 7.2.3.4 – жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергияның формуласын қолдану | 1 | | | ||
57-58/3-4 | Энергияныңсақталуыжәнеайналуы. | 7.2.3.5 – энергияның түрленуіне мысалдар келтіру; 7.2.3.6 – механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану | 2 | | | ||
59/5 | | Практикалық жұмыс 8 | 7.2.3.6 – механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану | 1 | | | |
60/1 | Күш моменті (7 сағ) | Дененің массалық центрі | 7.2.4.1 – «Механиканың алтын ережесін» тұжырымдау және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіру; 7.2.4.2 – күш моменті ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру | 1 | | | |
61/2 | №8 зертханалық жұмыс. «Жазық фигураның массалар центрін анықтау | 7.2.4.3 – жазық фигураның массалық центрін тәжірибеде анықтау 7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау | 1 | | | ||
62-63/3-4 | Жай механизмдер. | 7.2.4.5 – тәжірибеде иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау; | 2 | | | ||
64/5 | Иіндіктің тепе-теңдікшарты | 7.2.4.4– тепе-теңдікте тұрған денелер үшін күш моменттер ережесін тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану | 1 | | | ||
65/6 | №9 зертханалық жұмыс. «Иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау». БЖБ 7 | 7.2.4.4– тепе-теңдікте тұрған денелер үшін күш моменттер ережесін тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану 7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау | 1 | | | ||
66/7 | ПӘК №10 зертханалық жұмыс. «Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін анықтау». | 7.2.4.6 – көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін тәжірибеде анықтау; 7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау | 1 | | | ||
67/1 | Жер және ғарыш (7 сағ) | Аспан денелері туралы ғылым | 7.2.4.6 – көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін тәжірибеде анықтау; 7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау | 1 | | | |
68/2 | Күн жүйесі. | 7.7.1.1 – геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді салыстыру | 1 | | | ||
69/3 | Күн жүйесі.БЖБ 8 | 7.7.1.1 – геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді салыстыру | 1 | | | ||
70/4 | Күнтізбе негіздері (тәулік, ай, жыл). | 7.7.1.2 – Күн жүйесінің нысандарын жүйелеу; 7.7.1.3 – жыл мезгілдерінің ендіктерге байланысты ауысуы және күн мен түннің ұзақтығын түсіндіру | 1 | | | ||
71/5 | Тоқсандық жиынтық бағалау№4 | | 1 | | | ||
72/6-7 | Қайталау | 7.7.1.3 – жыл мезгілдерінің ендіктерге байланысты ауысуы және күн мен түннің ұзақтығын түсіндіру | 2 | | |
Жоспарлық зертханалық жұмыстары: 10
Тоқсандық жиынтық бақылау: 4
Практикалық жұмыстар. 8