Файл: 1. 1916 жылы лт азатты озалысты ірі орталыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 47

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1.1916 жылғы ұлт –азаттық қозғалыстың ірі орталығы:

А. Жетісу

В. Торғай

С. Орал

Д. Мерке

Е. Маңғыстау

2. 1916 жылғы 20 шілдеде Түркістан өлкесінің генерал – губернаторы болып тағайындалды:

А. М.Фольбаум

В. Н.Кротов

С. А.Куропаткин

Д. С.Ужгин

Е. А.Керенский

3. 1916 жылғы 20 шілдеде «Қандай амалды болса да қолданудан тайынбай, көтерілісшілерді бағындыруға», « лаң салушыларға қарсы күресу үшін байырғы халықтың рулық немесе тайпалық араздығын пайдалану» деп нұсқауды шығарды:

А. Долматов

В. Федосов

С. Демко

Д. А.Куропаткин

Е. Вербицкая

4. Жетісу генерал – губернаторына тағайындалды:

А. М.Фольбаум

В. А.Куропаткин

С. Н.Кротов

Д. Демко

Е. Долматов

5. Жазалау отрядтарының жанынан облыстың уездік қалалардан құрылған жүйе:

А. Халық соты

В. Хан соты

С. Би соты

Д. Әскери – дала соттары

Е. Әскери сот

6. 10 мыңнан астам қырғыз – қазақ көтерілісшілері қоршап алған аймақ:

А. Пішпек

В. Тоқмақ

С. Мерке

Д. Мещеры

Е. Таврия

7. Жаркент уезіндегі көтерілісшілер басып алған жерлер:

А. Пішпек, Жаркент

В. Мерке, Қарқара

С. Лепсі, Қапал

Д. Торғай, Қостанай, Ырғыз

Е. Таврия, Владислав, Мещеры, Краснояр, Новокиевті

8. Подполковник Базилевичтің жазалау отряды мен көтерілісшілері арасындағы шайқас өткен жер:

А. Шерубай – Нұра

В. Қарашақ

С. Жайымтал болысын

Д. Жем

Е. Торғай

9. 1916 жылы 12 тамызда Қапал, Лепсі, Жаркент, Прежевальск уезд бастықтарынан байырғы халыққа ойран салуды ұйымдастыруды талап етті:


А. Куропаткин

В. Долматов

С. Фольбаум

Д. Ужгин

Е. Федосов

10. Революцияның ірі ошағы болған өңір:

А. Жетісу

В. Қарқара

С. Жаркент

Д. Маңғыстау

Е. АқтөбеТақырып 2. Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері

Сұрақтар:

1. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс: себептері, мақсаты, міндеттері, көтеріліс ошақтары, көшбасшылары, барысы, көтеріліс қорытындылары
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс. 
Көтерілістің сипаты:

Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Өлкені талауға салу Бірінші дүниежүзік соғыс жылдарында бұрынғысынан да жеделдете жүргізіліп, ауқымды сипат алды. Қазақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатып алынды. Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар жиналды. Салық мөлшері өсіп, соғыс салығы енгізілді, мемлекеттік заемдар таратылды, баж салығын төлеу міндеттелді, жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді теміржол стансысына тасып жеткізуге мәжбүр болды.

Көтерілістің негізгі себептері: 
1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығы бойынша қара жұмысқа 19 –дан 43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды барлық ер адамдар алынуға тиіс болатын.
1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты); 
2. Салықтар мен алымдардың кобеюі; 
3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі; 
4. Ұлттық араздықтың өршітілуі; 
5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы; 
6. Орыстандыру саясаты. 

Мақсаты:

Қазақ халқының ұлттық және саяси тәуелсіздігін көздеді.

Көтерілістің қозғаушы күші - өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші халық бұқарасы болды. 
Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды. 


Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртүрлі болды: 
1. Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады. 
2. Революцияшыл топ өкілдері – Т.Рысқұлов, Ә.Жангелдин, Ә. Майкотов, С. Сейфуллин, Т.Бокин, С. Меңдешов, Б. Алманов т.б қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды. 
3. Либералдық-демократиялық зиялылар - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов патша үкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды. 
Көтеріліске қатысушы революцияшыл – демократияшыл зиялылар өкілдері: 
1. Жетісуда – Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ұ. Саурықов, Ж.Мәмбетов, Ұ. Саурықов (Қарқара). 
2. Торғайда - Амангелді Иманов. 
3. Орал облысы мен Бөкей Ордасында – С.Мендешев, Ә.Әйтиев. 
4. Маңғыстауда – Ж.Мыңбаев. 
5. Ақтөбеде - Ә. Майкотов. 

Қозғалыстың Жетісудағы көтеріліс. 
1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс бұқаралық сипат алды. 
Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды: 
1. Қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактарын қаруландырды. Қапал, Лепсі, Жаркент, Пржевальск уезд бастықтарынан жергілікті халыққа ойран салуды ұйымдастыруды талап етті. 
2. Қырғыздардың топтасып, бас қосуын бүлік деп санап, басып – жаныштады. 
3. Көтеріліс басшыларын тұтқындап дала сотына беріп, дереу дарға асуды ұйымдастырды. 
Осыған қарамастан котеріліс үдей түсіп, Шу озені мен Ыстықкөлге жақын бүкіл аймақты қамтыды. 10 мыңнан астам қырғыз және қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады. Жаркент уезінде көтерілісшілер Таврия, Владислав, Мещеры, Краснодар, Новокиев көтерілісшілері мен подполковник Базилевичтің жазалау отрядының арасында күші тең емес шайқастар болды.
Революцияның ірі ошағы-Қарқара аймағы болды. 5мың көтерілісшілер Қарқара жәрменкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. 1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды. 
Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Т. Бокин үгіт жұмысына басшылық етіп, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді. Феодалдық тобының сатқындық ролін әшкерелеп, патша жарлыған орындамауға шақырды. Ол 1916 жылғы тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алынып, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды. Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді. 14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы. Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді. 

Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты. 
Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды. 
Қозғалыстың Торғайдағы көтеріліс. Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл Торғайдағы көтерілісінің ерекшелігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Көтеріліске, сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты. 
Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрандады, боластарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. 1916 жылы Торғайда болған көтеріліске жүрт арасында танымал халық батыры Амангелді Иманов басшылық етті. 
Амангелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Оған Торғай облысындағы уездерден ғана емес, сонымен бірге Сырдария, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты.

1916 жылы 22 қазанда Амангелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал А.Д.Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді.

Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан Батпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті. 1916 жылғы қарашасы – 1917 жылғы ақпаны аралығында, Амангелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр жасағы ерекше ерлік көрсетті. Торғай даласында А.Имановпен бірге көтеріліске басшылық етіп, оның дүниетанымен қалыптастыруға зор ықпал еткен большевик Әліби Жангелдин (1884-1953 жж.) болды. 
Негізгі шайқастар – Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал – Үрпек, Ақшығын маңында болды. Татыр шайқасында 300 көтерілісші, 3 жазалаушы қаза тапты. Жазушы Л.Соболев: «Бұл аңыздар мен ертегілерден шыққандай ғажап әскер еді...Амангелді ортағасырлық жасақтарымен зеңбіректер мен оққа толы винтовкалары бар жазалаушыларға қарсы шықты» деп жазды.

Көтерілістің аяусыз жанышталғанына қарамастан, көп жерде бой көрсету бұдан кейін де біраз уақытқа жалғасты.
Салдары: 
-3 мың адам жауапқа тартылды оның 201-і өлім жазасына кесілді. 
-161-і каторгаға айналды. 
-Жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды. 

1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері: 
1. Көтеріліс бытыраңқы болып, көтерілісшілер тарапынан ынтымақтың болмауы. 
2. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді. 
3. Әскери қарудың жеткіліксіздігі. 
4. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды. 
5. Алдын- ала белгіленген жоспардың болмады. 
6. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады. 
7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды. 
Көтерілістің тарихи маңызы: 
1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті. 
2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды. 
3. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды. 
4. Отаршылдыққа қарсы азаттық күрестің шырқау шыңы болды. 
5. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті. 
6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс отаршылдыққа қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды. 

Қорытынды:

Әлихан Бөкейханов: «Қазақ қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекке қандай ел екенін білдірді...Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, әйелі күңдіктен шықпайды, малына, басына да ие болмайды»

Шын мәнінде, 1916 жыл XX ғасырдың соңында қазақ халқының қолы жеткен саяси тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттігі үшін күрестің бір белесі болып тарихта өз орнын алды.