Файл: Білім беру саласы Таным Оку іс рекеті жаратылыстану Таырыбы кліктер Максаты.rtf
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 19
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білім беру саласы:Таным
Оку іс әрекеті :жаратылыстану
Тақырыбы : көліктер
Максаты: Көліктерді ажырата білуге ,не үшін керек екенін туралы түсінік беру.көлік туралы жұмбақтарды шешу арқылы балаларға көлік түрлерінің ерекшеліктерін түсіндіру.Өзін-өзі қоршаған ортада мәдениетті ұстауға ,ідепті,әдемі болуға үйрету.Балалардың сөйлеу ,ойлау ,есте сақтау қабілеттерін дамыту.,сөздік қорын жетілдіру.Достық пен сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құрал -жабдықтар:Көлік түрлернің суреті,слайд,қонжық ,т/б
Билингвиальды компонент: ұшақ-самолет,тік ұшақ-верталет,машина-көлік
Оқу қызметінің кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Ғажайып сәт (Көлік жүргізуші машинасын айдап келеді) -Сәлеметсіңдерме, балалар ! Мен өзімді таныстырайын -Мен машинаның жүргізушісімін Сендерді өзімнің көлігімен таныстырайын.-балалар менің көлігім сендерге ұнайма?-менің көлігімнің түсі қандай ? Шаттық шеңбер. Достар бірге журеміз Бірге ойнаймыз күлеміз Міне біздер қандаймыз! Міне біздер осындаймыз! (Бармақтарын көрсетеді) Енлеше балалар бүгін ашық оқу қызметінде көліктермен таныстырамын.казір көлік туралы әңгіме жүргіземіз,жұмбақтар шешеміз.Сонымен көлік дегеніміз не?-Ол адамға не үшін қажет?-Ал сендер балабақшаға немен келесіндер?Өте жақсы.Енді көліктің шығу тарихын айтып берйін.Ертеде адамдар ауыр жүктерді арқаларына салып апарған.содан көлік ретінде жануарларды пайдаланған .ат,жылқы,есек т/б Содан адамдар көлікті ойлап тапқан.Казір көліктердің түрлері қте көп.Оларды бірнеше топқа бөлуге болады.суда жүзетін,жерде,әуеде,жер асты көліктері. Жерде жүретін көліктер.Жеңіл көліктер,велосипед,пойыз,автобус,жүк көлігі.троллейбус Әуеде ұшатын көлік түріне-ұшақ,зымыран,тік ұшақ Суда жүзетін көлік түрлерне:Кеме,қайық жатады.Осы кезде қонжық аю келеді Қонжық:сәлеметсіңдерме ,балалар»Мен сендерден көмек сурап келдім.Мен ауылдағы әжеме барғым келеді ,бірақ көптеген кедергілерден өте алмай жолда тұрмын , Тәрбиеші :көмектесеміз бе ,балалар ? еНдеше жолға шығайық.Балалар біз биік-биік тауға келдік.Бұл таудан қандай көлік түрімен өтеміз.Кане жауабын қарайық, өте дұрыс.ұшақ .Тік ұшақ арқылы адамдар алыс жерлерге көлік жүрмейтін жерлермен адамдарды ,жүктерді әуемен тасымалдайды екен, -ал ендәі ары қарай жолға шығайық,алдымызда терең су жатыр (теңіз )бұл судан кандай көлікпен өтуге болады?Кеме,қайық.-Дұрыс айтасыңдар.Адамдар ауыр жүктерді осы теңәз,мұхит .көл арқылы кеме,қайықтармен жеткізеді екн.Балықшылар қайықпен балық аулайды.-әрі қарай жүрейік-Қараңдаршы балалар біз көптеген кедергілерден өтіп енді жазық далаға жеттік.Жазық далада кандай көліктер жүреді?-Дұрыс айтасыңдар.Қане қарайықшы автобус,поезд,велосипед,жеңіл кқлің түрдерімен жүріге болады,Қонжық сендердің арқаларыңда кедергілерден өтіп әжесінің ауылына жетті.Сендерге рахмет айтты. Ал ,енді бойымызды сергітіп алайық. Қатар -қатар тұрайық тұрып поезды құрайық. Сергіту сәті: Кане кімнің бойы ұзын Паровоз ол поездың Қатар -қатар тұрайық ,пойызды біз құрайық.Ал паровоз баста алға ,бәрімізді басқара Пш-пш-пш Журісті біз үдеттік Гу-гу-гу Қалып қойма біріңде Балалар ойын ұнадыма?-Қте жақсы. Дидактикалық ойын:»Ұшады.Жүреді,жүзеді» | Балалар көлік жүргізушімен амандасады.Көлікпен танысады. Балалар тәрбиешімен бірге қимылдар жасайды. Балалар мұқия тыңдайды, Машина,такси, -машинамен Балалар қонжықпен амандасады. Иә,көмектемеміз. Ұшақпен,Ұшақ Кеме,қайықпен Машина ,велосипед.автобус Балалар тәрбиешімен бірге сергіту жаттығуын жасайды. |
Рефлекциялық түзетушілік | -Балалар біз бүгін қандай көлік түрлерімен таныстық?-Ол көлік тер не үшін қажет?Қандай әуе көліктерімен танысытық? -қандай су көлігімен және жер көлігімен таныстық? Ендеше балалар суретке қарап ,көлік түрлерінжапсырамыз. -Балалар бүгін оқу іс -әрекетіне өте тамаша қатыстыңдар! | Балалар өз білгендерін қорытыды. Сұрақтарға жауап береді. -Әуеде ұшақ,тік ұшақ. Суда кеме,қайық Жерде машина,поезд.автобус т/б Көлік түрлерін өз жолдарына жапсырады.өз ойларын айтады. |
Күтілетін нәтиже: Көліктің шығу тарихын ,пайдалы екенін,атқаратын қызметі,жүретін ортасына қарай топтастыру. Болуы керек:Көліктердің қолдануы және адам өмірінде тигізетін пайдасы жайлы түсінік болу. | | |
Мектепке дейінгі мекеме» Азамат» балабақша бөбек жайы
Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті
Тақырыбы:көліктер
«Бәйшешек» кіші тобы
Тәрбиеші:Жамчитова .М.А.
Өскемен қаласы 2022 жыл