Файл: Сж таырып Ішкі тыныс алу мшелеріні аурулары. Жй сйлемні трлері. Орындаан Юлдашбеков У.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 34
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СӨЖ
Тақырып: Ішкі тыныс алу мүшелерінің аурулары.
Жәй сөйлемнің түрлері.
Орындаған: Юлдашбеков У.
043-ші тобыныың студенті
Окытушы: Куанышбаева Ш. С.
Мазмұны
I. Кіріспе:
-
Ішкі тыныс алу мүшелерін анықтау; -
Ішкі тыныс алу органдарының адам ағзасына маңызы.
II. Ішкі тыныс алу органдарының негізгі аурулары:
-
Демікпе; -
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (COPD); -
Бронхит; -
Пневмония; -
Туберкулез; -
Өкпенің қатерлі ісігі.
III. Ішкі тыныс алу органдарының ауруларының белгілері мен диагностикасы:
-
Жалпы белгілер; -
Ерекше белгілер; -
Диагностикалық әдістер: рентгенография, компьютерлік томография, бронхоскопия және т. Б;
IV. ішкі тыныс алу органдарының ауруларын емдеу және алдын алу.
V. Жәй сөйлемнің түрлері
Кіріспе
Ішкі тыныс алу мүшелері-бұл тыныс алу процесіне қатысатын органдар, яғни ағзаға оттегінің түсуі және организмнен көмірқышқыл газын шығару. Оларға өкпе, бронхтар, трахея, бронхиолалар, альвеолалар және диафрагма жатады. Олар өмірге қажетті тиімді газ алмасу функциясын қамтамасыз ету үшін бірге жұмыс істейді.
Ішкі тыныс алу мүшелері адам өмірі үшін өте маңызды. Олар тыныс алу процесінде маңызды рөл атқарады, бұл оттегінің ағзаға енуін және көмірқышқыл газының ағзадан шығарылуын қамтамасыз етеді. Оттегі организмдегі өмірлік маңызды процестерге, соның ішінде энергия өндіруге және жасушалардың, тіндердің және мүшелердің өмірлік белсенділігін сақтауға қажет. Оттегі болмаса, біздің денеміз дұрыс жұмыс істей алмайды және денсаулықтың ауыр проблемалары басталады.
Ішкі тыныс алу органдары денені өкпеге енуі мүмкін зиянды заттар мен инфекциялардан қорғауда да маңызды рөл атқарады. Бронхтар мен бронхиолалар организмнен зиянды бөлшектер мен микробтарды кетіруге көмектесетін қорғаныс механизмдеріне ие.
Сонымен қатар, ішкі тыныс алу органдары тіршілікті қамтамасыз ету үшін қажетті тиімді газ алмасуды қамтамасыз ету үшін ағзадағы қан айналымы сияқты басқа жүйелермен өзара әрекеттеседі.
Ішкі тыныс алу органдарының негізгі аурулары
Демікпе
Демікпемен ауыратын адамда тұншығу ұстамасы жиі болады. Дем алысында, сыртқа дем шығарғанда, шуыл немесе сырыл болады. Ішке қарай дем тартқанда бұғана және қабырға арасындағы тері ауаны қиналып тартқаннан ішке қарай сорылып, жабысады. Егер науқасқа ауа жетіспесе, оның тырнақтары мен еріні көгереді, мойын тамырлары білеуленіп тұрады. Әдетте ыстығы көтерілмейді.
Демікпе көбіне бала кезден басталып, өмір бойы қол үзбей қояды. Ол жұқпалы емес, бірақ ата-анасы демікпемен ауыратын балаларда бұл ауру жиі кездеседі. Демікпеге тән нәрсе жылдың белгілі бір айында немесе түнінде өршиді. Ауру ұзаққа созылса, ол [[өкпе эмфиземасы өкпе эмфиземасына ұласады.
Демікпе ұстамасы аллергиялық реакциялардың салдарынан да болуы мүмкін. Балаларда демікпе әдетте салқын тиюден басталады. Кейбір жағдайларда, көңіл-күйдің бұзылуынан да немесе мазасыз жағдайлардан да демікпе ұстамасы болуы мүмкін.
Демікпе алдында — тыныстың демікпесі болып өткен организмдегі хал-жай, күшті жөтел ұстайды: көбінесе тыныс жолдарының қабынып, қызарып ауруы түрінде немесе ұзаққа созылған өкпенің қабынуы түрінде, мұрынның аллергиялық ауруы немесе мұрын ауруының қалыптан тыс ауытқуы түрінде дамиды.
Емдеу жолдары:
-
Егер демікпе үйде өршитін болса, онда науқас сыртқа, ауасы таза жерге шығуы керек; өзіңіз сабырлы болыңыз, науқасқа майда сөйлеп, жігер беріңіз. -
Сұйықты барынша көп беріңіз. Ол шырышты сілекейді босатып, тынысты кеңейтеді. Бу ингаляциясын жасаудың да көмегі бар. -
Ұстама жеңіл болса, эфедрин, теофиллин немесе сольбутамол беріңіз. -
Ауыр жағдайларда эфедрин немесе теофиллинді қосып, сольбутамол беріңіз. -
Науқастың жағдайы тым ауыр болса,жедел жәрдем шақырыңыз -
Температура көтерілген жағдайда немесе ұстама 3 күннен астамға созылса, тетрациклин немесе эритромицин капсулдарын беріңіз. -
Демікпенің аскаридадан болуы өте сирек жағдайда ғана. Егер сізде жас балада аска-рида болуы мүмкін-ау деген күдік болса, онда оған пилеразин беріп көріңіз. -
Егер сонда да науқастың беті бері қарамаса, онда дәрігерге барыңыз.
Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы
Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы – бастапқыда шырышты қабат, кейіннен үдеріс үдеген сайын бронхтардың тереңірек қабаттары мен перибронхиалды дәнекер тінін зақымдайтын, өкпе жолдардың созылмалы қабынуы. Онымен көбіне кәрі жастағы ер кісілер ауырады. Созылмалы бронхитпен аурушаңдық адам өмірінің алтыншы және жетінші онжылдығында артады, ал бұл аурудан өлімге алып келуі сегізінші онжылдықта байқалады.
Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының негізгі белгілерінің қатарына: жөтел, қақырық тастау, ентігу, ал аускультацияда – қатты тыныс пен сырылдардың естілуі жатады. Созылмалы бронхит біртіндеп дамиды және кеш анықталады, себебі ұзақ уақыт бойы науқасты аз мазалауы мүмкін. Клиникалық көрінісі бронхиалды ағаштардың (жолдардың) зақымдау деңгейімен байланысты көрінеді.
-
Қабыну үдерісі ірі және орта бронхтарды қамтитын проксималды бронхитте, аз мөлшерлі қақырықты жөтел байқалады, ентігу болмайды, қатаң тыныспен бірге төмен тембрлі құрғақ сырылдар естіледі. Бронхиалды өткізгіштік бұзылмаған. Бұл созылмалы обструктивті емес бронхит немесе «ентігусіз бронхит» болып табылады. -
Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруында тек қана жөтел ғана емес (қақырықты немесе қақырықсыз), сонымен бірге, бірінші кезекте, ентігу («ентігулі бронхит») байқалады. Қабыну үдерісі ұсақ бронхтарда («дисталды бронхит») орналасады. Қатаң тыныс пен бірге ысқырықты сырылдар естіледі. Сыртқы тыныс қызметін тексергенде бронх өткізгіштігінің бұзылуы анықталады. -
Бронхиттің өршуі көбіне қалыпты температурамен өтеді, дененің жоғарғы бөлігінің (бас, мойын) терлегіштігі байқалады, жөтел күшейеді, қақырық көлемі артады.
Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы өршіген кездегі ем келесі сызбадағыдай жүргізіледі:
-
бронх өткізгіштігін қалпына келтіру (бронхоспазмолитиктер көмегімен дренаждау, постуральды дренаж, іріңді бронхитте – бронхоскопия кезіндегі дренаждау); -
микрофлора сезімталдығы мен дәрінің улылығын ескере отырып антибактериалды ем; -
антиаллергиялық және дезинтоксикациялық заттар; -
емдік дене тәрбиесі (тыныстық, дренаждық жаттығулар); -
жалпы қуаттандырушы ем (физиотерапия, дәрумендер, уқалау).
Бронхит
Бронхит — бұл өкпеге ауа баратын тыныс жолдарындағы немесе түтікшелердегі инфекция. Бронхит болғанда жөтелде шуыл болады, көбіне сілекей немесе қақырық түседі. Бронхит әдетте вирустан пайда болады, сондықтан оған антибиотиктер беруге болмайды. Антибиотиктерді егер бронхиттен оңалудың белгілері болмай бір аптадан артыққа созылған жағдайларда, өкпе қабынуының белгілері білінсе немесе өкпеңізде созылмалы аурулар болған жағдайларда ғана пайдаланыңыз.
Бронхитпен ауырған адамның қақырығында пневмококк, стрептококк, т.б. микроорганизмдер болады. Бронхит, негізінен, тұмау, көкжөтел, қызылша, т.б. аурулардың салдарынан пайда болады. Ауру көктем мен күзде күшейеді. Бронхиттің жедел және созылмалы түрі бар. Жедел Бронхитпен ауырғанда науқас тоңады, жиі есінейді, басы ауырады, даусы қарлығып, кеңірдегі жыбырлап, әуелі құрғақ, кейін қақырық араласқан жөтел жиі пайда болады. Дене температурасы көбіне қалыпты жағдайда сақталады. Жедел Бронхит негізінен 1 — 3 аптада толықтай жазылып кетеді. Жас балалар мен қарияларда Бронхиттің жедел түрі өте ауыр өтеді, тез ем қолданбаса, созылмалы түрге айналады. Созылмалы Бронхит — ұзақ уақыт шаң-тозаң, улы газ жұтқаннан, темекі тартқаннан, созылмалы өкпе ауруларының әсерінен өкпеде көп уақыт қан ұйып қалуының салдарынан дамиды. Науқас үнемі жөтеледі, кейде құрғақ, кейде сарғыш-жасыл түсті қақырық түседі. Жөтелдің жиілігіне байланысты кеуде шаншиды. Дене қызуы көтеріліп, әлсіздік пайда болады. Ауру асқынған кезде жатып емделу керек, науқас жатқан бөлменің ауасы құрғақ, таза әрі жылы болуы қажет. Дәрігерлердің нұсқауымен науқастың арқасына банка, кеудесіне қыша қағазын қояды; антибиотиктер, қақырықты түсіретін дәрі-дәрмек ішу қажет және физиотерапевтік, емдік гимнастика жүргізіледі. Науқас C витаминіне және ақуызға бай күшті тағамдармен тамақтанып, ащы тағамдарды, түрлі соустарды пайдаланбағаны жөн.
Белгілері:
-
Сілекейлі жөтел болады, ол айларға немесе жылдарға созылады. Кейде жөтел күшейіп, ыстық көтеріледі. Осындай жөтелге шалдыққан адам, егер онда туберкулез немесе демікпе сияқты созылмалы аурулар болмаса, созылмалы бронхитпен ауыратын болуы кереқ -
Бұл ауру көбіне темекіні көп шегетін қарт адамдарға тән.
Созылмалы бронхит эмфиземаға соқтыруы мүмкін, ол өте ауыр, жазылмайтын дерт, мұнда өкпенің ұсақ ауа қалташалары істен шығады. Эмфиземамен ауыратын адамдардың дем алысы ауырлайды, әсіресе жұмыс істеп, қимылдағанда қиналады, оның кеудесі үлкен қапшыққа ұқсап қалады. бөшке кеуде
Эмфиема созылмалы демікпеден, созылмалы бронхиттен немесе темекі шегуден болуы мүмкін.
Емдеу жолдары:
-
Темекі шегуді тоқтатыңыз. -
Құрамында эфедрин немесе теофиллин бар демікпеге қарсы қолданылатын дәрілер қабылдаңыз. -
Созылмалы бронхитпен ауыратын адамдар әр салқын тиіп немесе тымау болып темпе-ратура көтерілген сайын ампициллин немесе тетрациклин ішуге тиіс -
Егер науқас адамға қақырығын түсіру қиынға соқса, ол су буымен дем алуы керек және сонан соң оған айтылған әдістер бойынша қақырықты түсіруге көмектесіңіз.
Егер сізде созылмалы жөтел болса (немесе оның алдын алғыңыз келсе) — ТЕМЕКІ ШЕКПЕҢІЗ!
Пневмонит
Пневмония (гр. pneumon — өкпе), өкпе қабынуы — өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы. Ол көбіне қызылша, көкжөтел, тұмау, бронхит, демікпе сияқты тыныс ауруларын немесе әсіресе жас балалар мен қарт адамдарда болатын қатаң аурулардан кейін пайда болады. Сонымен қатар ол СПИД-пен ауырған кезде де болуы мүмкін.
Ауруды әр түрлі вирустар (аденовирус, риновирус), бактериялар (пневмококк, стафилококк, стрептококк) қоздырады. Аурудың дамуына дененің қатты мұздауы, ауыр жұмыс пен жүйкелік-психик. күш түсу, улану, т.б. факторлар әсер етеді.
Түрлері мен белгілері:
Сырқаттың ұзақтығына қарай: жедел пневмония және созылмалы пневмония, ал қабынудың жайылып тарауына қарай: бөлікті пневмония және ошақты пневмония болып бөлінеді.
Жедел пневмония кенеттен басталады, дене қызуы 39 — 40oС-қа, кейде одан да жоғары көтеріледі, науқас қалтырап, алғашқыда құрғақ, кейіннен қақырықты жөтел пайда болады. Науқастың бүйірі шаншиды, біртіндеп тынысы тарылып, ауа жетпейді, буындары сырқырайды. Ем қабылдаған соң аурудың беті 3 — 5 күннен кейін қайта бастайды.
Белгілері:
-
Бірден қалтырау, ыстықтың көтерілуі; -
Дем алыстың жиілеуі, одан қырылдаған немесе сырылдаған дыбыстың шығуы; -
Әр дем алған кезде Пневмония дем шығарған сайын мұрынның желбезегі көтеріліп Пневмония басылып тұрады; -
Дененің ысуы (кейде жаңа туған нәресте немесе қарт адамдар, әсіресе әлсіз адам-дар, ауыр екпе қабынуымен ауырғанда температура айтарлықтай кетерілмейді); -
Жөтел (түсі сары, жасыл немесе қошқыл қоңыр, не сілекейге аздап қан араласқан); -
Кеуде ауырады; -
Науқастың халі ауырлайды; -
Бетіне және ерніне салқын тигенде ұсақ жаралар шығады. Өте қатты ауырған бала минутына 50-ден астам ентіге дем алса, ол өкпе қабынуымен ауыруы мүмкін. Егер дем алысы жиі және терең болса, тексеріп көріңіз, бұл дегидрация немесе ұстамалы жүйке ауруы болуы мүмкін.
Туберкулез
Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микобактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Роберт Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.
Тарихы
Туберкулез ауруы көне заманнан белгілі. Ауру белгілері бұдан 7 мың жыл бұрын неолит кезеңінде өмір сүрген адамның сүйегін зерттегенде табылған, б.з.б. 3 – 2-мыңжылдықта Мысыр мумияларынан анықталған. Туберкулездің клиникасы туралы алғашқы деректер 2 ғасырда өмір сүрген каппадокиялық дәрігер Аретейдің (Aretaіos) еңбектерінде кездеседі. Одан кейін Гиппократ, Гален, т.б. ғалымдардың еңбектерінде де туберкулез ауруы еске алынады. Бірақ олар туберкулезді жұқпалы ауру қатарына жатқызбаған. Ал Әбу Әли ибн Сина өзінің “Дәрігерлік ғылымның каноны” деген еңбегінде туберкулезді тұқым қуалайтын аурулар қатарына жатқызған. Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет италиялық ғалым Дж.Фракасторо (1478 – 1553) дәлелдеді.
Туберкулез түрлері
Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады.