Файл: Сйлем мшелері туралы Сйлем мшелері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 37

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сөйлем мүшелері туралы

Сөйлем мүшелері –құрылымдық –семантикалық жағынан сөйлемнің дербес бөлшектерін құрайтын толық мағыналы сөздер мен сөз тіркестері. Синтаксистің ең негізгі объектісінің бірі сөйлем екені белгілі. Жай сөйлем синтаксисінде, ондағы ең басты элемент –сөйлем мүшелері. Белгілі ғалым Р. Әмірдің сөзімен айтқанда: «Сонымен, пікірдің құрамына сай сөйлемнің құрылысында да тиісті единицалар болады. Олар –сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелері –сөздің сөйлем құрамындағы негізгі қызметін функционалдық қатынасы тұрғысынан зерттеудің нәтижесі».

 А. Байтұрсынұлы тұрлаулы мүшелерге бас мүше (бастауыш) мен баяншы мүшені (баяндауыш) жатқызады. «Бас мүше дегеніміз –сөйлем ішіндегі сөздер байланатын қазық сөзі, сөйлем иесі. Сөйлем ішінде сол нәрсенің атын көрсететін сөз бас мүше болады».

 Бастауыш қай тілде болмасын «сөйлемде айтылған ойдың синтаксистік субъектісі болып саналады. Ол тұлғалық құрамы жағынан дара, күрделі болып келуімен қатар, морфологиялық құрылысы жағынан атау формасындағы сөздермен және субстантивтенген басқа сөз таптарынан жасалады. Сөйтіп бастауыш –тіліміздегі жай сөйлемнің негізгі ойын ұйымдастыратын, қалған мүшелерге ұйытқы болатын мүше. Ол –баяндауыштағы қимылдың, әрекеттің иесін тікелей білдіретін, анықтайтын көрсеткіш. Сөйлем ішіндегі орны да еркін.

1966 жылғы еңбегінде Қ. Жұбанов бастауышқа: «сөйлемнің кімнің я ненің жайынан сөйлегендігін көрсететін мүшесін бас мүше немесе қысқартып бастауыш дейміз», –деп анықтама бере отырып, ол жайлы қысқаша мағлұмат береді.  

 1996 жылғы «Синтаксис» атты кітабында Қ. Шәукенов: «Бастауыш –бұл сөйлемнің тұрлаулы мүшесі, бас мүшесі. Сондықтан ол сөйлемдегі айтылған ойдың қазығы, негізі болады. Бастауыштардың сұрақтары да әр алуан. Бірақ грамматикалық жағынан тұлғаланған көрсеткіші –атау септігінде тұру» -дей келіп, бастауышты құрамына қарай күрделі грамматикалық бастауыш, ал мағынасына қарай мекендік, меншік, мезгіл, сапалық, сандық, амалдық, салыстырмалы, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау деп он түрге бөледі.

Жалпы бастауыштар құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді.

  Дара бастауыштар деп бір ғана сөзден болған мүшені айтады. Рахима бұған бірнеше рет ескерту жасады (Қ. Жұмаділов). Күрделі бастауыштарға кемінде екі сөзден болған сөйлем мүшесі жатады. Көмір қазушылар
 ауылда бір жұмадай жатты (С. Мұқанов).  

 Баяндауыш.

Бастауыш сөйлемдегі негізгі ойға ие болса, баяндауыш бастауышқа бағына байланысады. Сонымен бірге баяндауыш –кез келген сөз табынан жасалғанмен, бәрібір бастауыштың алуан түрлі қасиетін айқындайтын басты тұлға. Т. Сайрамбаев «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері» атты еңбегінде: «Баяндауышсыз жалпы (атаулы сөйлем болмаса)сөйлем құралмаса керек. Баяндауыш –қай сөз табынан болмасын бәрібір сөйлемді тиянақтау жағынан, оны сөйлем дәрежесіне жеткізу жағынан қандай тұлғада, қай орында келуіне қарамастан басты тұлға. Дегенмен сөйлемді тиянақтау жағынан баяндауыш мүше басқа сөйлем мүшелерінен жеке дараланады», -деп маңыздылығын баса көрсетеді және баяндауыштың төмендегідей қасиеттерін санамалап береді:

1.     Баяндауыштың бастауышқа бағынышты сөйлем мүшесі екендігі;

2.     Баяндауыштың сөйлемдегі ойды тиянақтайтындығы;

3.     Баяндауыш бастауыштың әр түрлі қасиетін көрсететіндігі;

4.     Баяндауыштың бастауышпен жақ, көпше, жекеше түрде үйлесуі;

5.     Предикативтілікті білдіру;

6.     Олардың екі құрамда болатындығы;

7.     Сөйлемнің бас мүшесі екендігі.

Шынында да барлық тілде де тиянақты ойды аяқтап, бастауыштың іс -әрекетін, ісін білдіретін мүшені предикат –баяндауыш дейді. Бастауыш пен баяндуыш сөйлемнің негізгі арқауы, сөйлемді құрастырып, ұйымдастыратын басты орталық. Әдетте, тұрлаусыз мүшелер сөйлемге қаншалықты қажет болып көрінгенімен, тұрлаусыз мүшелерсіз олар сөйлем құрай алмайды. Баяндауыш үнемі сөйлемнің соңында келеді. Бұл жөнінде Ш. Бектаева: «Туыстас түркі тілдерінің бәрінде де бастауыш пен баяндауыш қиыса, қабыса байланысады да баяндауыш сөйлемнің соңында тұрады. Баяндауыштың бұл қасиеті талай ғасырлар бойы қалыптасып, тектес тілдерде дәстүрге айналып кеткен. Оны өткен ғасырлардан сақталған жазу нұсқаларынан көруге болады. Баяндауыш қай тілде болмасын бастауышпен тікелей байланысты, өйткені сол бастауыштың барлық қасиетін баяндауыш арқылы танимыз», -деп баяндауыштың үнемі сөйлем аяғында келуін деректермен береді. Ал поэзиялық жанрда жазылған шығармаларда, өлең шумақтарында баяндауыштың орны ауысып, басында да, ортасында да келе береді.

Сонымен баяндауыш арқылы әрбір адам сан салалы хабарды

, ақпаратты түрлендіріп жеткізе алады. Өйткені бұл мүше –басқа мүшелерге қарағанда ойды жинақтауға, сөйлемге түрлі реңк беруге, мазмұн енгізуге өте бейім. Сондықтан оны сөйлемдегі негізгі ойды ұйымдастырушы деп атауға болады. Баяндауыш көбінесе етістік сөз табынан болғандықтан «Не істеді? Қайтті? Не болды?» деген сұрақтарға жауап береді. Егер баяндауыш есім сөз табынан жасалса, онда әр сөз табының өзінің тиісті сұрағы қойылады. Мысалы: Елу жылда ел жаңа. Мұнда баяндауыш сын есімнен жасалғандықтан, оған сын есімнің «қандай» деген сұрағы қойылады. Ал зат есімнен болған баяндауыштардың мағыналық қасиеті түрліше. Оның өзі баяндауыш болатын зат есімдердің қолданылуына байланысты.

М. Балақаев: «Сөйлемде грамматикалық мағыналарға ие болып, синтаксистік қызмет атқарып тұратын сөздерді сөйлем мүшесі дейміз». М. Серғалиев: «Сөйлем ішінде басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа түсіп, бір сұрауға жауап беріп, бір ұғымды білдіретін жеке сөзді немесе сөз тіркесін сөйлем мүшесі дейміз». Р. Əміров: «Сөйлем мүшелері – сөйлем құрауда қалыптасқан қатынастық компонент. Сөйлем мүшелері ретінде толық мағыналы сөздер қолданады». Сөйлем мүшелерін зерттеген ғалымдардың ішінде тек X. Басымов қана сөйлем мүшелерінің жасалуы, оларға қатысты сөздер тобы жəне сөйлем мүшесі туралы көзқарастарға өзіндік топшылау жасай білген. Ол сөйлем мүшесі туралы əртүрлі тұжырымдардың бірінші жəне төртінші түріне қосылмайды. Бұл туралы автор, біріншіден, кез келген сөздер сөйлем мүшесі бола бермейді, екіншіден, əртүрлі сұрауға жауап беретін сөздердің барлығы сөйлем мүшесі бола бермейді, тек бірыңғай сұрауға жауап беретін сөздер сөйлем мүшесі бола болады деп көрсетеді. Автор сөйлем мүшелері дегенге сұрақ қоя келіп, енді өзіндік пікір ұсынады. Біріншіден, сөйлем мүшелері болатын сөздер айтайын деген ойды білдіруге қатысты ешбір көмекші сөздерсіз жұмсалған негізгі мағынаға ие сөздер болады. Екіншіден, сөйлемдегі айтайын деген ойды білдіруге керекті негізгі сөзге енді көмекші сөздердің қосақталып жұмсалуы арқылы сөйлем мүшесі жасалады дейді. X.Басымовтың бұл пікіріне қарағанда сөйлем мүшелері дербес мағынасы бар жəне ондай дербес мағынасы бар сөздерге түрлі көмекші сөздердің қосақталуы арқылы жасалады. Дегенмен автор сол сөйлем мүшелері туралы берген ережелерді жан-жақты талдау жасауға онша бара алмаған.

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Қазақ тілінде бес сөйлем мүшесі
 бар: бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш. Сөйлем мүшесінің белгілері:1) толық мағыналы сөз болуы керек; 2) сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұруы керек; 3) сөйлем мүшелерінің бірінің сұрағына жауап беруі керек. 

Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі мүше болып үшке бөлінеді.

Дара сөйлем мүшесі толық мағыналы бір сөзден болады. Мысалы: Аман жиналғандармен қысқа амандасты. Сөйлемдегі әрбір сөйлем мүшесі – бір ғана сөзден құралып тұрған дара мүшелер.

Күрделі сөйлем мүшесі күрделі сөзден, тұрақты тіркестен не сөз тіркесінен, шылаулы сөзден құралады. Мысалы: Еңбек Ері Ыбырай Жақаев екі рет Алтын Жұлдыз медалімен марапатталған еді. Сөйлемдегі Еңбек Ері Ыбырай Жақаев – күрделі бастауыш, екі рет – күрделі пысықтауыш, Алтын Жұлдыз медалімен – күрделі толықтауыш, марапатталған еді – күрделі баяндауыш.

Үйірлі мүше – кемінде екі не одан да көп сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. Үйірлі мүшелер көбінесе бар, жоқ, аз, көп тәрізді сөздерге және сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталады. Мысалы: Білімі көп адам жерде қалмайды. Білімі көп – қандай? адам – үйірлі анықтауыш. Сөйлемнің бес мүшесі де үйірлі бола алады.

Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі үлкен топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде бастауыш пен баяндауыш сөйлем құрауға негіз болады, сондықтан тұрлаулы мүшелер деп аталады. Ал анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштар өздігінен сөйлем құрай алмайды, тек берілген ойдың шеңберін кеңейтеді, сондықтан бұлар тұрлаусыз мүшелер деп аталады.

Атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы сөйлем мүшесі бастауыш деп аталады. Бастауыштың сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кіміңіз? Неңіз? Кімі? Несі? Кімдер? Нелер? Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, белгісін, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше баяндауыш деп аталады. Баяндауыш қайтті, не істеді, не қылды? деген сұраққа жауап береді.

Баяндауыштың негізгі белгілері: 1) бастауыштың жай-күйін білдіреді; 2) жіктік жалғауын жалғап, бастауышпен қиыса байланысады; 3) кейде бастауышсыз-ақ сөйлемге ұйытқы болады; 4) сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұрады; 5) қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрағына жауап береді.


Баяндауыш даракүрделі және үйірлі болып үшке бөлінеді.

Дара баяндауыш бір сөзден жасалады. Бұл сөзге бәрі жамырай күлдіДәмеш осы үйдіңүлкеніЖолаушылар саны – отыздай.

Күрделі баяндауыш екі немесе одан да көп сөзден тұрады. Бұл сөзге бәрі жамырай күліп жібердіДәмеш осы үйдіңүлкені еді.

Үйірлі баяндауыш Тілек бұл сөзге онша таңқалған жоқОның бар мақсаты – тезірек ер жету.

 Баяндауыш болатын сөз таптарының кестесі

Сөз табы

Мысалдар

Етістіктер

Төреқұлдың әңгімесін бәрі ұйып тыңдады.

Сын есімдер

Бұл үйдің балалары бір-бірімен өте тату.

Зат есімдер

Бүгінгі жастар – бақытты жастар.

Сан есімдер

Төрт жерде төрт – он алты.

Есімдіктер

Мәдениет сарайы – анау.

Көмекші етістік пен еліктеуіш сөз

Кенет әлдене тарс етті. Қуанғаннан жүзі күлмің-күлмің етеді.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Тұрлаусыз мүшелер бастауыш пен баяндауышты анықтап, толықтырып, пысықтап тұрады. Тұрлаусыз мүшелерге толықтауыш, анықтауыш және пысықтауыш жатады.

Толықтауыш – тұрлаусыз мүшелердің бір. Ол – сөйлемде іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалады.

Сөйлемдегі амал-әрекетті, іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз сөйлем мүшесі толықтауыш деп аталады.

Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгілері: 1) атау мен іліктен басқа барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларын меңгеріп тұрады; 2) толық мағыналы сөздер туралы, жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың бірінің тіркесуінен жасалады; 3) толықтауыш болатын сөз заттық мағынаға ие болады; 4) толықтауыш болатын сөз Кімге? Неге? Кімді? Нені? Кімде? Неде? Кіммен? Немен? Кім туралы? Не туралы? Кім жөнінде? Кім жайында? деген сұрақтарға жауап береді; 4) толықтауыштың байланысу түрі – меңгеру мен жанасу.