Файл: Сабаты типі аралас саба Сабаты дісі тсіндіру,сражауап,гімелеу Сабаты трі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 136
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3-сабақ
Сабақтың тақырыбы:Ауа-райы және оны болжау.
Сабақтың мақсаттары Табиғаттағы заттарды математикалық өлшемдерді пайдалану арқылы зерттеуді үйрету.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа назарын аудару.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Табиғатты қорғау туралы сурет салып әңгімелеу.
III .Білімдерін жан-жақты тексеру.
1.Ауаның қасиетін ата?
2.Ауаны не ластайды?
3.Ауаны ластамаудың жолы қандай?
IV .Жаңа сабақ:
Мұғалім түсіндірмесі:
Балалар, мына заттар қандай заттар деп ойлайсыңдар?
-Бұл заттарды не үшін қолданамыз?
-Ендеше сендерді осы заттармен таныстырайын.Термометр,сағат,сызғыш.Әрқайсысына тоқталып сарамандық жұмыс жүргізу.Табиғат денелері мен құбылыстарын зерделеуге градус,сағат,сызғыш,сантиметр,метр,килограмм,грамм сияқты математикалық өлшемдерді пайдаланады.
Ауа райы және климат жайында түсінік беру.Ауаның температурасы,ылғалдылығы,қозғалысы, жауын-шашын мөлшері ауа райының жиынтығын құрайды.
Термометр құрылысымен таныстыру.Олардың температурасы әртүрлі болатынын айту.(дала,су,үй) т.б.Ауа райының шартты белгілерімен таныстыру.
Аспан ашық-
Аспан ала бұлтты-
Аспан тұтас бұлтты-
Жаңбыр-
Қар аралас жаңбыр-
Қар-
Тұман-
Су бетіндегі қабыршық мұз-
Қалың мұз-
V .Сұрақ-жауап
1.Ауа райы дегенді естіп жүрміз ғой,сол ауа райын не үшін тыңдайсыңдар?
2.Ауа райының өзгергенін қалай байқауға болады?
3.Ауа райы туралы қандай халық болжамдарын білесіңдер?
Сергіту сәті:
Ал балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып,бір тұрып,
Бір тынығып алайық.
VI .Табиғат құбылыстары туралы халық болжамдары.
1.Бал арасы гүлге құжынай қонса жаңбыр жауады.
2.Егер күн батарда бұлтқа енсе ертеңіне күшті жел соғады.
3.Егер қарлығаш жер бауырлап төмен ұшса жаңбыр жауады,ол аспанда жоғары ұшса күн ашық болады.
VII .Дәптермен жұмыс:
Табиғат құбылыстары туралы басқада естіген халық болжамдарын жаз.
VIII.Қорытындылау.
I.Ауа райының температурасын өлшейтін құрал не деп аталады?
2.Термометр құрылысын әңгімеле.
3.Ауа райын халық қалай болжаған?
Бағалау: Балаларды бағалау.
Үйге тапсырма: Ауа райын бақылау.