ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 38
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттік оқу 12-сабақ
Бөлім: | Су - тіршілік көзі | |
Мұғалімнің аты-жөні | Тарланова У.К. | |
Күні: | 21.04.23ж. | |
Сынып: 3Е | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Ғажайып әлем. Адам - балық | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу | |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты тауып оқиды, көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтай алады. Көптеген оқушылар: шығарма бойынша бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауап бере алады. Кейбір оқушылар: тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айта алады. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру 8 мин | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді. Топқа бөлу «Санау» әдісімен жүреді. Өткен тақырыпқа шолу: - Мәтінді мазмұндау. - Бір-біріңе мәтін мазмұнын анықтауға арналған сұрақтар қойыңдар және жауап беріңдер. - Суға қатысты мақал-мәтелдер айтып, мағынасын ашыңдар. Жаңа оқу материалын жариялау: Адам құрлықта да, суда да өмір сүре ала ма? Егер өмір сүре алса, қалай тіршілік етер еді? Бір сәт қиялдап көріңдер. - Орыс жазушысы Александр Беляевтің «Адам-балық» атты фантастикалық шығармасы бар. Басты кейіпкер Ихтиандр су астында да өмір сүре алады. -Олай болса, бүгінгі сабақта көл туралы шығармаларды оқитын боламыз. | Жаттығу жасайды. Топқа бірігеді. Мәтінді тізбектей мазмұндайды Сұрақтарға жауап береді. | «Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Тамаша! Жақсы! | |
Жаңа білім 15 мин 2 мин Бекіту 15 мин | (Ұ) 1- тапсырма «Тізбек» әдісімен орындалады. А) «Адам-балық» шығармасын жазушы қиялына мән бере түсініп, дауыстап оқыңдар. - Неліктен адам су астында өмір сүре алмайды? Сендер қалай ойлайсыңдар? Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыға: -Қандай көлдерді білесіңдер? Олар қайда орналасқан? Сергіту сәтінде табиғат үні тыңдалады «теңіз, құстар дыбысы). (Д) 2-тапсырмада «Ашық микрофон» әдісі, дәптермен жұмыс жүзеге асырылады. - Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша Ихтиандрдың киімі, заттары туралы әңгімелеңдер. - Су астында жүзгенде Ихтиандр неден сақтану керек? Оның достары туралы не айта аласың? Санамалап айтыңдар. - Мәтіндегі оқиғаны әрі қарай болжап әңгімелеңдер. Не болуы мүмкін? | - Өлеңді түсініп оқиды. Табиғат үнін тыңдап сергиді. -Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді. | Дескриптор: Мәтінді дауыстап оқиды-2балл. Неліктен адам су астында өмір сүре алмайтыны туралы әңгімелейді-2балл. Дескриптор: - Сурет бойынша Ихтиандрдың киімі, заттары туралы әңгімелейді -2балл. - Су астында жүзгенде Ихтиандр неден сақтану керек дүниелерді атайды-2балл. - Мәтіндегі оқиғаны әрі қарай болжап әңгімелейді-2балл. | Оқулық |
Кері байланыс 5 мин | Кері байланысты «Үш қадамдық сұқбат» әдісі арқылы береді. Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды. Оқу тапсырмасы: мәтінді мазмұндау. | Сабақтан түйген ой-пікірін айтады. | ҚБ қойылады. | |