Файл: азастан тарихы мНМтіндер t meaidautepbergenova.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 517

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ МӘНМӘТІНДЕРt.me/aidautepbergenova 1-КонтекстTүркі ақсүйектерi жерленген қорғандарға құлпытастар ғасырлар бойы қойылды. Құлпытас жазуларында түркі халқының өмiрлiк құндылықтары мен адамгершiлiк мұраттары бейнеленген. Орхон және Енисей өзендерi алқаптарындағы ескерткiштер түркi руна жазуының ғажайып үлгiсi саналады. Ескерткiштер осы өңірден табылғандықтан «Орхон-Енисей жазуы» деп аталды. ...Барлық жазулар түркі қоғамының бүкiл жұртшылығына арналған үндеулерден тұрады. Үндеу авторлары халықты қаған маңына бiрiгiп, топтасуға шақырады. Бiлге қаған мен Күлтегiн құрметiне арналған жазулар шешендiк өнер мен саяси прозаның тамаша үлгiлерi саналады. Ағашқа оймыш (ксилография) әдiсiмен басып жазу да түркiлердiң жетiстiгi болып табылады. Ксилографияның шығу тегi мөрден басталады. Түркi тiлiнде бұл әдіс алғаш рет VII ғасырдың бас кезiнде қолданылған. Ғалым С.Е. Малов өзінің «Көне түркі жазуының ескерткіштері» атты еңбегінде: «Шығыс Түркістанда қағаз өндіру, Қытайдағыдай сол кезеңде басталған» деп атап өтеді. Рунатанудың (рунология) ғылым ретiндегі екі ғасырлық тарихында еуропалық руна ескерткiштерiнiң бiрде-бiрi әлi күнге дейін оқылған жоқ. Ал сол кезеңдегi көне түркi мәтiндерi қазiргi қолданыстағы сөздей жақсы оқылады.1. Aғашқа ойып жазу әдісіA)рунологияB)ксилография+C)нумерологияD)филологияE)генеология2.«Көне түркі жазуының ескерткіштері» атты еңбегін жазған ғалымA)В.ТомсенB)Л.ГумилевC)В.РадловD)А.ГерасимовE)С.Е.Малов+13. Pунатанудың ғылым ретіндегі екі ғасырлық тарихында оқылмаған ескерткіштерA)ұйғыр жазуыB)германиялық рунаC)сына жазуыD)түрік рунасыE)еуропалық руна+14. Mәнмәтін бойынша түркі халқының қаған маңына бірігіп топтасуға шақырған үндеуін анықтаңызA)«Яса» (Жасақ)B)«Орхон-Енисей» жазбалары+C)«Авеста»D)«Бехистун жазбалары»E)«Кодекс Куманикус»15. Mәнмәтін бойынша түркі халқының өмірлік құндылықтары мен адамгершілік мұраттары бейнелендіA)Сына жазуындаB)Құлпытас жазуларында+C)Парсы жазуындаD)Төте жазудаE)Араб жазуында2-контекстKөне түркілер, түргеш, қарлұқтар заманындағы қала мен далада сәулет ескерткiштерi бой көтердi. Қолданбалы және бейнелеу, мүсiн өнерi дамыды. Кедер мен Жамукет сарайлары (VII–ІХ ғасырлар) осының айқын мысалы болып табылады. Сарайлар мен ғибадатханаларды безендiруге сырлы сурет, өрнектi сылақ, оймыш ағаш тақтайшалар кеңiнен қолданылды. Қабырғаларды әрлендіруге өсімдік және зооморфты (хайуанат пішінді) өрнектер пайдаланылды. Суяб пен Науакенттегi қазба жұмыстары кезiнде будда храмдарының орындары табылды. Ғибадатханалардың қабырғалары сырлы суреттермен безендiрiлген. Қабырға қуыстары мен көтерiңкi сәкi үстiнен будда мүсiндерi табылған. Жамбыл облысында қарлұқ дәуірі сәулет өнерінің ескерткіші – Ақыртас ғимараты орналасқан. Оңтүстік Қазақстан облысының Қаратау баурайында VІ–VІІІ ғасырларда ортағасырлық Баладж қаласы болған. Ортағасырлық Баба-Ата жұртының орнынан археологтар VІ–VІІІ ғасырларға жататын құрылыс тапты.
1. Mәнмәтін бойынша қазба жұмыстары кезінде будда храмдарының орындары табылған қалаларA)Суяб пен ОтырарB)Суяб пен Науакент+C)Науакент пен ИспиджабD)Науакент пен СауранE)Суяб пен Тараз 2. Mәнмәтін бойынша Ақыртас ғимараты орналасқан облысты анықтаңызA)АқтөбеB)ТүркістанC)Жамбыл+D)ҚостанайE)Ақмола3. Mәнмәтін бойынша VI – VIII ғасырларға жататын Қаратау баурайындағы қалаA)Баладж+B)ОтырарC)НауакентD)КүнгітE)Суяб4. Mәнмәтін бойынша теңге шығарылған Жетісудағы ортағасырлық қалаA)ЖамукетB)Суяб+C)Кедер D)БаладжE)Науакент5. Mәнмәтін бойынша будда храмы табылған Суяб қаласы орналасқан аймақты анықтаңызA)Жетісу+B)СарыарқаC)Ертіс бойыD)МаңғыстауE)Есіл бойы3-КонтекстСАҚТАР«Ертедегі көшпелілер – сақтар, скифтер (көне парсыша – сака, көне қытайша - сэ) мен сарматтар және Ұлы Даланың шығыс бөлігіндегі тайпалар туралы тек археологтердің деректерінен ғана емес, сондай-ақ көптеген жазба дереккөз арқылы да білуге болады. Б.з.б. VI ғасырдың соңындағы ежелгі парсы жазбалары – сақтар заманы туралы жазылған ең алғашқы дереккөз. Ежелгі парсы бедерлі суреттерінде сақтардың бейнесі де кескінделген. Екінші жазба дерек Геродоттың еңбектері мен грек-римдік тарихнама дәстүрінде кездеседі. Үшінші дерек б.з.б. I мыңжылдық соңына жататын көнеқытайлық жылнамаларда баяндалады.... Парсы патшасы I Дарийдің бехистундық жазбаларында оның Орталық Азияға сақ-тиграхаудаларға («шошақ бөрік киетін») жасаған жорығы сипатталады. Олардың үлкен өзен жағалауында өмір сүретіні («Парадарайя»), сол өзенді Дарийдің кесіп өткені баяндалады. Басқа жазбаларда Дарий өз империясының солтүстік шетіндегі мемлекетті «соғдылықтардың сыртындағы сақтар» деп атаған. Сондай-ақ сақтар-хаомаваргалар туралы да айтылады («хаома дайындайтындар»). Парсылар мен гректер сақтардың өзге де тайпалары: дахтар, (дайлықтар), массагеттер, сарматтар (савроматтар), исседондықтар туралы мәлімет береді. ... Дахтар мен массагеттер Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал маңын мекендеп, тайпалық одақ құрған. Дахтардан парн тайпасы (парфян) бөлініп шығып, кейін олар Иранда Аршакидтер империясын құрды. Исседондар Орталық Қазақстанда оқшауланып тіршілік етті. Сақтар мен оларға туыстас тайпалар Ұлы Даланың шығыс бөлігі – Шығыс Қазақстанды ғана емес, сондай-ақ Алтай мен мен Оңтүстік Сібір мен Жоңғарияны да мекендеді. ...». 1. Mәнмәтін бойынша б.з.б. VI ғасырдың соңында сақтар туралы жазылған ең алғашқы дереккөзді анықтаңыз

A)ежелгі рим трактаттарыB)ежелгі орыс жылнамаларыC)ежелгі парсы жазбалары+D)ежелгі қытай жазбаларыE)ежелгі үнді жазбалары 2. Mәнмәтін бойынша ертедегі көшпелілер – сақтар, скифтер, сарматтар мекендеген тарихи – географиялық аймақты анықтаңызA)Таяу ШығысB)Алдыңғы АзияC)Қиыр ШығысD)Кіші АзияE)Орталық Азия+ 3. Mәнмәтін бойынша сақ қорғандары мен олардың орналасқан аумақтарын сәйкестендіріңіз1. Бесшатыр; 2. Тасмола; 3. БесобаA. Жетісу;Б. Орталық Қазақстан;B. Батыс ҚазақстанA)1-А; 2-В; 3-БB)1-Б; 2-В; 3-АC)1-В; 2-Б; 3-АD)1-A; 2-Б; 3-В+E)1-В; 2-А; 3-Б4. Mәнмәтіндегі сақ тайпалары мен олардың мекен еткен аумақтарын сәйкестендіріңіз1. Исседондар; 2. Массагеттер; 3. АримаспыларA. Орталық Қазақстан;Б. Шығыс Қазақстан;B. Арал маңыA)1-Б; 2-А; 3-ВB)1-А; 2-В; 3-Б+C)1-В; 2-А; 3-БD)1-Б; 2-В; 3-АE)1-В; 2-Б; 3-А 5. Mәнмәтін бойынша дұрыс дәйектерді анықтаңызI. Дахтардан парн тайпасы (парфян) бөлініп шығып, кейін олар Мысырда Аршакидтер империясын құрды;II. Б.з.б. VI ғасырдың соңындағы ежелгі орыс жылнамалары – сақтар заманы туралы жазылған ең алғашқы дереккөз;III. Парсы патшасы I Дарийдің бехистундық жазбаларында оның Орталық Азияға сақ-тиграхаудаларға («шошақ бөрік киетін») жасаған жорығы сипатталады;IV. Сақтар туралы деректер Демокриттің еңбектерінде кездеседі;V. Исседондар Орталық Қазақстанда оқшауланып тіршілік етті;A)IIIB)III, V+C)IID)I, VE)IV, II4-контекст«Әл-Фараби. 870-950 жж. Орта ғасырдағы көрнекті тұлғалардың бірі, қазақ даласынан шыққан Әбу Насыр әл-Фараби өзінің білімділігі арқасында «екінші ұстаз» атанған ғұлама. Энциклопедист ғұлама Фараб (Отырар) қаласында дүниеге келген. Алғашқы білімін Отырарда алып, кейін Шаш (Ташкент), Самарқанд және Бұхарада оқуын жалғастырады.Mахмұт Қашғари. 1029-1101 жж. Орта ғасырдың әйгілі және танымал ғалымдарының бірі Махмұт Қашғари Қарахан мемлекетінің аумағында дүниеге келген. Алғашқы білімін медреседе алып, кейін Бұхара, Самарқан, Мерв қалаларында оқуын жалғастырды.Mахмұт Қашғари талай ел кезіп, деректер жинастырды, ұзақ жылдар бойы жүргізген ғылыми ізденістері нәтижесінде «Диуани луғат-ат-түрік» (Түрік тілдерінің сөздігі) еңбегін жазып шықты. Жүсіп Баласағұни. 1021-1075 жж. Орта ғасырдың көрнекті ғұлама, ойшыл және ақындарының бірі. Қарахан мемлекетінің әкімшілік орталығы Баласағұн қаласында дүниеге келген.11. Әл-Фарабидің туған жерін анықтаңыз:
A) Баласағұн қаласыB) Қашғар қаласыC) Сауран қаласыD) Барсхан қаласыE) Отырар қаласы12. Әл-Фарабиге қатысты деректерді белгілеңіз:A) Оның «Ғылымдар тізбегі», «Музыканың ұлы кітабы», «Азаматтық саясат», «Риторика» атты еңбектері бар.B) ХІ ғасырда түркі тілінде «Құтты білік» («Құт негізі-білік») атты іргелі тарихи-әдеби шығарма жазды.C) Алғашқы білімін медреседе алып, кейін Бұхара, Самарқан, Мерв қалаларында оқуын жалғастырды.D) Қарахан мемлекетінің аумағында дүниеге келгенE) Ғылыми ізденістері нәтижесінде «Диуани луғат-ат-түрік» (Түрік тілдерінің сөздігі) еңбегін жазып шықты13. Ғұламаларды оқиғалармен дұрыс сәйкестендіріңіз:1. Әл-Фараби2. Жүсіп Баласағұни3. Махмұт ҚашғариA. «Диуани-лұғат-ат-түрік» еңбегін жазғанБ. 1021-1075 жж. өмір сүріп Бұхара, Қашғар қалаларында білім алғанB. Өзінің білімділігі арқасында «екінші ұстаз» атанғанA) 1-В, 2-А, 3-Б B) 1-Б, 2-А, 3-ВC) 1-Б, 2-В, 3-АD) 1-В, 2-Б, 3-АE) 1-А, 2-В, 3-Б14. Дәйектердің ішінен дұрыс емесін анықтаңыз:I. Әбу Насыр әл-Фараби өзінің білімділігі арқасында «екінші ұстаз» атанған ғұламаIІ. Жүсіп Баласағұни ХІ ғасырда түркі тілінде «Құтты білік» («Құт негізі-білік») атты іргелі тарихи-әдеби шығарма жазды.IІІ. Жүсіп Баласағұн алғашқы білімін Мерв қаласында алып, кейін Шаш (Ташкент), Самарқанд және Бұхарада оқуын жалғастырадыIV.Махмұт Қашғари «Диуани луғат-ат-түрік»-еңбегін жаздыV.«Диуани луғат-ат-түрік»-Орталық Азия түркі халықтарының тілі, тарихы, этнография, география, астрономия, медицина, әскери ісі, мәдениеті, діні, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы ақпарат беретін құнды тарихи дерек.A) VB) ІC) ІІІD) ІІE) ІV15. Ғұламалардың өмір сүрген кезеңін анықтаңыз:A) ХІ- ХV ғасыр аралығыB) V -ХІV ғасыр аралығыC) V-ІХ ғасыр аралығы D) ХІІ-ХІV ғасыр аралығыE) ІХ-ХІІ ғасыр 5-контекстКОНТЕКСТ "ҚАЗАҚТЫҢ ҮШ БИІ"«Қазақ мемлекетінің тарихында ел басқару ісінде және Отанды сыртқы жаулардан қорғауға ұйытқы болған, қолбасшылық қызмет те атқарған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің есімдері белгілі. Халқымыздың тарихында бұл атақты үш бидің алатын орындары ерекше. Ұлы билер өз заманында елін, жерін жаудан қорғап, халықтың бірлігін, ынтымағын, салт-дәстүрін сақтап қалуда аса зор еңбек сіңірді. Билер ұлт тұтастығына нұқсан келтіретін дау-жанжалдарды бітістіріп, көрші мемлекеттермен бейбіт байланыс орнатуда ханға ақыл-кеңес беріп отырған. Билер қоғамда жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеп, мейрімділік, адалдық, ізгілік сияқты адамгершілік қасиеттерді сақтауға шақырған»
11. Сурет бойынша Кіші жүзден шыққан қазақтың би(-лер)іA) Әйтеке биB) Әйтеке би, Төле би C) Төле би D) Төле би, Қазыбек би E) Қазыбек би12. Cурет бойынша үш биге де ортақ кезеңді анықтаңызA) Араб шапқыншылығыB) Әмір Темір шапқыншылығы C) Моңғол шапқыншылығыD) Жоңғар шапқыншылығыE) Парсы шапқыншылығы13. Yш бидің қатысуымен дүниеге келген заңдар жинағыA) «Сібір қазақтарының жарғысы»B) «Есім ханның ескі жолы»C) «Жеті жарғы»D) «Жасақ»E) «Қасым ханның қасқа жолы»14. Билерді оқиғалармен сәйкестендіріңізA.Әйтеке би Б. Төле би В. Қазыбек би1.Абылай ханға Сабалақ деген лақап ат қойған; 2. Жалаңтөс батырдың ұрпағы; 3.Қалмақ ханы «Саңқылдап тұрған дауысың бар екен»-деп айтқан;A) А-2, Б-1, В-3B) А-1, Б-2, В-3C) А-3, Б-1, В-2D) А-1, Б-3, В-2E) А-2, Б-3, В-115. Дұрыс сәйкестендіріңіз:1. Әйтеке би; 2. Қазыбек би; 3. Төле биА. Жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізген; Ә. Жамбыл облысы Шу ауданы Жайсаң жайлауында дүниеге келген;Б. Жалаңтөс батырдың ұрпағы;A) 1-Б; 2-А; 3-ӘB) 1-Ә; 2-Б; 3-АC) 1-А; 2-Ә; 3-БD) 1-А; 2-Б; 3-Ә E) 1-Ә; 2-А; 3-Б6-контекстКонтекст: Қ.Сәтбаев, Ә.Марғұлан, Е.Бекмаханов11. Тарихи оқиғалардың хронологиялық ретін анықтаңыз:1. Қазақ Ғылым академиясының құрылуы 19462. «Қазақстанды зерттеу қоғамының» құрылуы 19203. Қазақстанда КСРО Ғылым академиясының ғылыми базасы ашылуы 1932A) 1,2,3B) 3,2,1C) 3,1,2D) 2,3,1 E) 2,1,312. Әлкей Марғұлан мен Ермұхан Бекмахановты байланыстыратын ғылым саласы:A) геологияB) тіл біліміC) медицинаD) тарихE) микробиология13. «Едіге батыр» жырына алғысөз жазғаны үшін «ұлтшыл» атанған ғалымA) Қ. СәтбаевB) М. ӘуезовC) Е. БекмахановD) Ә. МарғұланE) Б. Сүлейменов14. Сурет бойынша тарихи тұлғаларды өмір сүрген жылдарымен сәйкестендіріңіз1. Қ.Сәтбаев; 2. Е. Бекмаханов; 3. Ә. МарғұланА. 1915-1966 жж. Ә. 1904-1985 жж. Б. 1899-1964 жж.A) 1-Ә, 2-Б, 3-АB) 1-Ә, 2-А, 3-БC) 1-Б, 2- А, 3-ӘD) 1-Б, 2-Ә, 3-АE) 1-А, 2-Ә, 3-Б15. Қазақ Ғылым академиясының тұңғыш президенті:A) Ә.МарғұланB) М.ӘуезовC) Е.БекмахановD) А.ПанкратоваE) Қ.Сәтбаев7-контекстКОНТЕКСТ "КИІЗ ҮЙ"«Киіз үй – қазақ халқының дәстүрлі баспанасы. Киіз үй жай ғана өмір сүруді қамтамасыз ететін ғана емес, сондай-ақ ол материалдық мәдениеттің көрінісі. Үйдің жасау-жабдығымен үй кәсіпшіліктері, қолөнер мен қолданбалы өнер байланысты. Көшпелілік дәуірдегі қазақтардың баспанасы бөлшектеніп тасымалданатын киіз үй болды. Бұл – көшпелілердің жыл бойы көшіп-қонуға жарамды тамаша өнер табысы. Киіз үйдің іші – жазғы аптап ыстыққа салқын, қысқы суық ызғырықта жылы. Ол жылдам жиналады, бөлшектенеді және оңай тасымалданады».