Файл: Елімізді болашаы, білімді рпа олында. Н.. Назарбаев Мектепке бейімделу деген психологияда бл термин баланы ойлауы мен іс рекеті оны мектеп ортасына йлесімді сйкестенуіне.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 27
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Еліміздің болашағы, білімді ұрпақ қолында.
Н.Ә.Назарбаев
Мектепке бейімделу деген – психологияда бұл термин баланың ойлауы мен іс әрекеті оның мектеп ортасына үйлесімді «сәйкестенуіне» мүмкіндік беретіндей өзгеруі деп түсіндіріледі, яғни:
1) бала өзінің істегісі келедісін мектептің істеу керегіне сәйкес келтіруі керек;
2) тапсырмаларды өз бетімен орындауға үйренуі керек;
3) мектеп тәртібін сақтауға, онымен есептесуге, өзінің тәртәбі мен басқа балаларға кедергі келтірмеуге үйренуі керек;
4) қарым қатынас жасауға үйрену керек;
5) мектептегі оқу оның жұмысы екенін, оқушы болу өте маңызды екенін түсінуі керек.
Оқушылардың мектепке бейімделуінің басты мақсаттары:
- мектепке бейімделуінде ұстаздың рөлі;
- мектепке бейімделу кезеңінде кездесетін қиындықтар әсері;
- ұстаздың негізгі көңіл аударуға тиісті бейімделудің шарттарын қарастыру.
Міндеті баланың мектепке интеллектуальдық дайындығын қөтеру жолдарын қарастыру.
Бірінші сынып үшін аса маңызды:
* Баланы мектеп өміріне төселуге үйрету.
* Мектепке деген жақсы сезімдік қатынас қалыптастыру
* Күн тәртібін жасау.
* Қызығушылығын арттыра отыра, барлығына қол жеткізуге мүмкіндік беру.
* Балаға сұрақ қоюды үйрету.
Көптеген оқушылар тапсырманы ойын арқылы жақсы түсінеді. Оқу дағдысы таным және әлеуметтік танымнан құрылады, сондай ақ Н.И.Гуткиннің есебі бойынша оқу дағдысы қажетті өз бетінше деңгейде қамтамасыз етеді.
Мектепке оқуға бару бала өміріңде көп өзгерістер әкеледі. Баланы мектеп өміріне енгізу, толыққанды оқу әрекетін қалыптастыру. Бұрын баланың негізгі әрекеті ойын болса, енді оқу әрекеті болып табылады.
Бейімделу бұл жаңа жағдайға дағдылану, ыңғайлану. Бейімделуге ең көп уақыт: екі тоқсан беріледі. Әдетте оларға бір тоқсан да жетеді, бір жарым ай. Олар неге бейімделулері қажет. Оқуға, мектепке баруға қажет екенін, педагогтың қатал талаптары мен үй тапсырмасын орындауға бағынуы, ұғынуы қажет.
Баланы мектепке психологиялық тұрғыда дұрыс дайындау тек мектепке дейінгі қызметкерлері емес, ата - ана, мұғалімдерге де байланысты. Көпшілік ата-ана бала мектепке барғанша хат танып, жазып, санап барса – бұл ең басты мәселе деп ойлайды. Бірақ бұл баланың мектепке барған соң өте жақсы оқып кетуінің негізгі кепілі болып саналмайды. Оқып, санап, жазып барған баланың өзі кейде ынтасы түсіп, қызығушылығы болмайтын кездері болады. Соның негізгі себебі сабаққа зейінін шоғырландыра алмай, селқос, оқу материалдарын дұрыс меңгермей, үй тапсырмасын өз бетінше орындауда
қиындықтар туындайды.
Балада танымдық үрдістердің даму деңгейін, көрнекі бейнелі ойлаудың жоғары деңгейлері, оқу міндетін ерекше бөліп алу мен он әрекеттің дербес мақсатына айналдыра алу іскерліген джамыту маңызды.
Кейбір балалар табиғатынан өте белсенді, тым қозғалғыш, беймаза, көңіл күйі тұрақсыз болып келеді. Мұндай өзгерістерді психология тілінде зейін тұрақсыздығы деп атайды. Мектепке баратын балалардың ішінде осы мінез құлықтың бұзылуы жиі кездеседі, бұл әсіресе қыз балаларға қарағанда ер балаларда жиі кездеседі.
Баланың мектепке психологиялық ерік -жігерінің дамуымен байланысты болып келеді. Бала 6-7 жаста өзінің сезімдерін басқара біледі. Әрекеті мен тілегін ортамен салыстыра отырып, жүзеге асады, өзінің ерік-жігерін мінез-құлқының арқасында басқаруға дағдыланады.
Мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 01.09-28.10.22 ж.1-ші сынып оқушыларының бейімделу кезеңінің зерделеу жұмысы өтілді.
Мақсаты: бейімделу кезеңінде төменгі сынып оқушыларының жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып 1-ші сыныптағы оқу үрдісін ұйымдастыру.
2022-202 оқу жылында «Жамбыл атындағы мектеп - балабақша кешен» КММ-де 1-ші сыныптан 1 сынып ашылды.
Барлық балалар саны- 5 оқушы. Барлығы электронды түрде мектепке қабылданды.
Бұл мониторингтен байқағанымыз 1-ші сыныпқа келген оқушылардың 100 % мектепке дайындықпен келген балалар. Мектепалды даярлық тобында оқып келген балалар.
1-ші сынып оқушыларының әлеуметтік жағдайы.
Көп балалы жанұя балалары- 3
Аз қамтылған жанұя балалары-3
Жалғыз әкесімен тұратын оқушылар-1
Толық отбасы-4
« Мектепке жол » акциясы кезінде көп балалы отбасындағы білім алушы 3 оқушыға, жалғыз әкесімен тұратын 1 оқушыға мектеп мұғалімдері атынан мектепке қажетті кеңсе тауарларымен қастамасыз етілді.
Оқушыларды мектеп кітапханасы қорынан оқулық берілді.100% оқулықпен қамтылған.
Тағайындалған сынып жетекшілер және сыныптар:
1-сынып Сынып жетекшісі Маратқызы Құралай
Зерттеу қорытындысы бойынша мектепке даярлық көрсеткіші : 3 оқушы жоғары, 2 оқушы ортадан жоғары деңгейді көрсетті.
Қыркүйек айында 1 сынып ата-аналарына «Өз балаңа үлгі бол!» тақырыбында ата-аналар конференциясы өтті. Ата-аналарға кеңестер беріліп, сауалнама алынды.
Жалпы сынып оқушыларының мұғалімнің талаптарын орындау қабілеттері орташа. Сабақ үстінде психологиялық кеңістік сақталады. Оқушылар әліппе пәні барысында берілген тақырыптарды мән беріп тыңдап, сұрақ-жауаптарды, тапсырмаларды орындап, жауап беруге төселген. Дегенімен де оқушылардың тыныштық сақтап, бірін-бірі тыңдау үшін сабақта қызықты материалдарды кең қолданса.
Математика пәні бойынша оқушылар сабаққа бейімделген кей бала қол көтеріп жауап береді, бірақ орнынан жауап беретін бала басым. Балалар математикалық тілде сөйлей алады.Мұғалім талабын орындауға тырысады. Әліппеден оқушылар дыбыстарды меңгерген, сөздерді буындап та тұтастай да оқи алады.Математика сабағында балалар математикалық тілде сөйлеуі төмен деңгейде. Сандарды оқушылар теріс жазу дағдыдысы қалыптасқан. Түзету жұмыстарын ұйымдастыру қажет. Әріптерді қосып жазуға дағдыландыру барысын көбірек ұйымдастыру. Сынып жетекшісі сабақта түрлі әдіс –тәсілдерді қолданып жұмыс жасай алады. Сыныпты қызықты тапсырмалармен қамтып жүр. Оқушыларға сабақта тиімді кері байланыс түрлерін қолдана алады. Оқушылар сабақта тиімді кері байланыс беруге дағдыланған.
Сынып оқушылары өздерін еркін ұстай алады. 1-тоқсан қорытындысы кезінде 1-сыныптан 0-дік бақылау жұмыстары мен диктант жұмыстары алынды. Оқушылар деңгейі жақсы. Сапа көрсеткіші анықталып, анықтамаға толтырылды.
Ұсыныс
1. Оқуға қызығушылығы төмен оқушылармен қосымша сабақтар кестесін құрып ұйымдастыру.
2 . Әліппе пәні бойынша жазу коллиграфиясы төмен оқушылардың жазу жұмысына көңіл бөлу.
3 .Математика сабағында толық математикалық тілде сөйлеуге үйрету.
4. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында, сабақта қосымша материалдар пайдалану.
5. Тақтамен жұмыс жасауға көбірек көңіл аудару.
Мектеп оқушыларының өмірінде 5-сынып кезеңі өте өзекті. Оқушы үлкен өмірге өтіп, балалықпен қоштасады.Орта мектепте оқыту түбегейлі өзгеріске ұшырайды: балалар негізгі мұғалімнен сынып жетекші немесе таныс емес пән мұғалімдері жүйесіне, жиі кабинеттік жүйеге, жаңа пәндерге, қосымша жүктемелерге ауысады. Алайда барлығына үйрену керек! Осының барлығы оқушыдан өзін-өзі басқаруды, көңіл бөлуді талап етеді. 5-сынып оқушыларына психологиялық қолдауды талап етеді, себебі ол балалық пен жасөспірім кезеңінің қажетті көпірі. Сондықтан бағдарлама бойынша құрылған психология сабақтары жеке тұлғаның жаңа ортада, «үлкендер ортасында» дамуы және орта буындағы тәртіп ережесіне жеңіл қалыптасуына бағытталған.
Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға көшкен кезеңін бейімделу кезеңі дейміз. Өйткені, олардың пән мұғалімдері өзгерді, жаңа пәндер қосылды, 5-сынып бағдарламасы күрделене түсті.Осы бесінші сыныпта оқушылардың бойында ортақ мәселелер пайда болды. Бұлар:
— Балалардың мінезі өзгереді;
— тез шаршайды;
— көңіл-күйлері бұзылады;
— оқу-үлгерімі төмендейді;
— мазасыздық, қобалжу сезімдері жиілейді.
Сондықтан мектеп психологтары кешенді зерттеу жүргіземіз.
Психологиялық тұрғыдан мына салаларды қарастырамыз.
мектептегі, жанұядағы басқа адамдармен қарым-қатынас;
оқу үлгерімі, жаңа пәндерге бейімделуі;
өзін-өзі бағалау ерекшеліктері;
танымдық процестер: ес, зейін, ойлау,қиял т.б.;
Орта буынға бейімделу процесіндегі оқушы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері, қызығушылығы, танымдық деңгейі, әлеуметтік статусы толық зерттелді. Оқушыларға психологиялық карта арналды.
5 сыныпта . оқушы, сынып жетекшісі Аканова Каракат информатика -физика пәнінің мұғалімі. Сынып оқушыларының танымдық даму деңгейі ортадан жоғары, орта буында өздерін сезінуі, өзін – өзі бағалауы ортадан төмендеу.
Ұжымдық сана – сезімі қалыптасуы 30% оқушылардың математика пәнін қабылдауында қиыншылықтар бар. Жалпы кластың орта буынға бейімделуі ортадан жоғары деңгейде қалыптасуда. Пәндер бойынша тарих сабағында оқушылар біршама қиналып отырғандары байқалады. Мұғалімге сабақта түрлі әдіс-тәсілдер қолданып түрлендіру керектігі ескертілді. Математика сабағынан көбейту кестесінен бастап барлық бастауышта өткізілген сабақтарды қайталап шолу жасап шығу қажеттігі ескертілді. Сынып оқушыларының Солтан Алдияр, Тоқтасын Айсерінің қабылдаулары төмен. Сыныптың жалпы қазақ тілі пәні бойынша жазу коллеграфияларына түзету енгізу үшін қосымша сабақтарға қатыстырылып жүр.Орыс тілі мен әдебиеті сабағынан тілдік нормалар, эмлелерді талқылау жұмыстары жүргізілуде. Оқушылармен қосымша сабақтар ұйымдастырылып жатыр.
Пәндерді қабылдау, пән мұғалімдерімен қарым – қатынасы жақсы.
Ұсыныстар:
-
Сынып жетекшіге: оқушылардың эмоционалдық сәтсіздіктерін азайту мақсатында психологпен жұмысты одан әрі жалғастыру; -
Ата – аналар жиналыстарына сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерді шақырып отыру; -
Пән мұғалімдеріне: диагностика қорытындысы оқу – тәрбие процесінде ескеру, тұлғалық, психологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөлу, санасу, қосымша сабақатар өткізу.
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы мектеп - балабақша кешен» КММ
1 сынып және 5 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі
Орындаған: ДОІЖО А. Мухаметкалиева