Файл: &4445. Xix асырды соы мен xx асырды бас кезіндегі азастандаы лтазатты озалыс. Тапсырма #1.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 21

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

&44-45. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс.

Тапсырма #1

Түркістан автономиясының идеясы қандай идеологияға бағытталған болды?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Уақытша өкіметтің

B) Ұлттық автономия

C) Пантүркизм

D) Саяси қызылдар партиясы

E) Жәдидшілдік

Тапсырма #2

Көтерілісшілер наразылық ретінде қандай әрекеттер жасады?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) жаңа зауыттар мен фабрикалар талап етті

B) отбасыларымен көшіп кетті

C) патшаның жарлығына қарсы шыға алмады

D) өз үйлерін өртеп жіберді

E) әскерге шақырылғандардың тізімдерін өртеді, патша шенеуніктері мен казактарға шабуыл жасады

Тапсырма #3

II Думаны тарату қандай кертартпалықтың артуына әкеп соқтырды?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Үкіметті парламенттік мінбеден сынға алу мүмкіндігі жойылды

B) Далалы өлке мен Түркістан Думадағы өкілдіктен айырылды

C) Ұлттық саясатты қатаңдату орын алды

D) Барлық жауаптар дұрыс

E) Қазақтардан құнарлы жерлерді жаппай тартып алу

Тапсырма #4

Жоғары білімді заңгерлер, дәрігерлер, инженерлер мен публицистер тобы қандай идея ұстанды?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Жәдидтерге қарсы

B) Батыстық жаңғырту

C) Дәстүрлерге қарсылар идеясы

D) Автономия мен прогресс идеялары

E) Дұрыс жауап жоқ

Тапсырма #5

«Алаш» партиясы бағдарламасының жобасын кім жасады?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Ж. Тіленшіұлы, М.Өтемісұлы, С. Датов

B) Ә.Бөкейхан, А.Бірімжанов, М. Дулатов

C) Д. Қонаев, Б.Қаратаев, Ә. Жанбосынов

D) А.Иманов, Б.Құлманов, Ә. Жанбосынов

E) Б.Қаратаев, М.Тынышбаев, К.Қасымұлы

Тапсырма #6

Көтерілісшілер басшыларын қалай атады?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Жатақ пен кулактар

B) Патша мен солдат

C) Би және болыс

D) Хан және сардарбек

E) Беклербек пен бумын

Тапсырма #7

Мұсылман фракциясына кірген қазақ депутаттары қандай партияға қосылды?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Кадеттердің либералдық партиясына

B) Сират-ул-Мустақим

C) Жер партиясы

D) Ресей мұсылмандары одағы

E) Ресейдің либералды-демократиялық партиясы

Тапсырма #8

Көтеріліске себеп болған қазақтарды тыл жұмыстарына жұмылдыру туралы жарлық нешінші жылы шықты?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) 1915 жылы

B) 1920 жылы

C) 1916 жылы

D) 1912 жылы

E) 1914 жылы

Тапсырма #9

1917 жылы қараша айында Қоқанда өткен Түркістан мұсылман съезінде қандай оқиға болды?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Колчак армиясының шабуылы болды

B) Қызыл Армиямен, оның ішінде оның қазақ бөлімдерімен (А.Иманов, Ә.Жангелдин) шайқасты.

C) Ақтарға жақтас қазақ әскері құрылды

D) Алашорда партиясы құрылды

E) Түркістан (Қоқан) автономиясы құрылды

Тапсырма #10

Алаш партиясы басқарған кім?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Ә.Бөкейханов

B) Ә. Жанбосынов

C) П.Столыпин

D) М.Дулатов

E) А.Иманов
Тапсырма #11

Автономия деген не?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Біртұтас мемлекетте саны аз ұлттың өзін-өзі басқару құқықтарын жүзеге асыру түрі

B) бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру.

C) мемлекеттегі жалғыз жоғарғы орган болып табылатын монархы бар мемлекет

D) заң жүзінде саяси дербестігі сақталатын бірнеше субъектінің біртұтас одақтық мемлекет құру формасы.

E) мемлекеттерде президент парламентаризммен қатар мемлекет және үкімет басшысының өкілеттігін қоса атқарады

Тапсырма #12

1911-1915 жылдары М.Сералин шығарып түрған «Айқап» журналы қоғамға қандай әсер етті?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Барлық жауап дұрыс

B) қазақ прозасының орнығуында үлкен рөл аткарды

C) халықты оқу-ағартуға шақырды

D) қазақ кедейлерінің мүдделерін қорғады

E) прогресске шақырды

Тапсырма #13

Ұлттық сананың қалыптасуына ықпалы зор «Қазақ» газетінің авторларының бірі

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Ш.Құдайбердіұлы

B) А. Құнанбаев

C) А.Байтұрсынұлы

D) М. Тынышбаев

E) А. Кенесарин

Тапсырма #14

I Думаға қазақ депутаттарының ішінен кімдер қатысты?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) М.Өтемісұлы

B) Ә.Бөкейхан

C) Ж. Тіленшіұлы

D) С.Датұлы

E) И. Тайманұлы

Тапсырма #15

Петербург университетінің заң факультетін бітірген II Думаның депутаты

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) О. Жоламанов

B) И. Сағнаев

C) Ш. Рақымов

D) А. Нұрланов

E) Б.Қаратаев

Тапсырма #16

Қазақ зиялы қауымының насихаты қандай болды?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Батыс елдеріне көшу

B) Қазаққа тек қара жұмыс тән

C) Қазақ елінің білім алуына қарсылық

D) қазақ этносының бірлігі мен қазақтың бірегейлігі

E) қазақтың ауызбіршілігінің жойылуы

Тапсырма #17

Қызыл Армия бөлімдері Қоқан автономиясын қай жылы талқандады?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) 1920

B) 1919

C) 1917

D) 1918

E) 1916

Тапсырма #18

1906-1912 жылдары Далалық өлке мен Жетісуға қанша славяндык отбасы қоныс аударды?

5 нұсқаданбірдұрысжауаптытандаңыз:

A) 300 мыңдай

B) 100 мыңдай

C) 200 мыңдай

D) 500 мыңдай

E) 400 мыңдай

Тапсырма #19

Алаш партиясы қашан құрылды?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) 1920 жылы қаңтарда

B) 1916 жылы қазанда

C) 1918 жылы мамырда

D) 1917 жылы ақпанда

E) 1917 жылы шілдеде

Тапсырма #20

II Думаны таратудан кейін премьер-министр П.А.Столыпин қандай саясатқа көшті?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Ұлттық саясатты жеңілдету

B) Қазақтарға құнарлы жерлерді жаппай берді

C) Озбыр қоныс аударушылық саясатқа көшті

D) Жаңа Дума ашу жайлы ойын айтты

E) Құнарлы жерлерден орыстар мен казактар кетті

Тапсырма #21

1917 жылы қазақ зиялы қауымы қазақ мемлекеттілігінің қандай жаңа нысанын құру әрекетін жасады?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Республика

B) Федерация

C) Хандық

D) Облыс

E) Автономия

Тапсырма #22

1916 жылы көтеріліс нәтижесінде жазалаушылардан қашқан ондаған мың адам қайда қашты?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Украинаға

B) Ресейге

C) Өзбекстанға

D) Қытайға

E) Беларуське

Тапсырма #23

1916 жылғы көтеріліс кезінде Торғай облысында хан болып жарияланған кім?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) А.Бірімжанов

B) А. Иманов

C) Ә.Бөкейхан

D) Ә. Жанбосынов

E) М. Тынышбаев

Тапсырма #24

Қазақ зиялы қауымының арасындағы батысшылдар да, жәдидтер де негізінде кімдер болып қалды?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Казактар

B) Орыс кулактары

C) Шетелдіктер

D) Көрші елдердің саясаткерлері

E) Қазақ жерінің отаншылдары

Тапсырма #25

XIX ғасырдың соңынан бастап көптеген қазақ қайраткерлерінің арманы қандай болды?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) демократиялық Ресейдің құрамындағы заманауи автономия

B) басқа елге көшу идеясы

C) Ескі дәстүрлерді жаңғырту

D) Батыстағы капитализмнің дамымауы

E) Көшпенділікті дамыту

Тапсырма #26

II Думаның құрамындағы қазақ депутаттары

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) А.Бірімжанов, Б.Құлманов

B) Д. Қонаев, Ә.Бөкейханов

C) Ж. Тіленшіұлы, М.Өтемісұлы

D) Б.Қаратаев, М.Тынышбаев

E) Ә.Бөкейхан, А.Бірімжанов

Тапсырма #27

II Думаның құрамындағы қазақ депутаттарының талабы

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) көшпелілерді күштеп отырықшылыққа көшірудің жөнсіз екендігін түсіну

B) көшпелілерді күштеп малшаруалылығын дамытуға итермелеу

C) қоныс аударушылық саясатты белсенді қолдау

D) жерді тек орыс кулактарына беруді құптау

E) қоныс аударушылықтың дамуына үлес қосу

Тапсырма #28

Алашорда қайда орналасты?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Түркістанда

B) Таразда

C) Верныйда

D) Жетісуда

E) Семейде

Тапсырма #29

1916 жылғы көтеріліс кезінде Торғай облысында сардарбек болып жарияланған кім?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) А. Иманов

B) А.Бірімжанов

C) Ә.Бөкейхан

D) Ә. Жанбосынов

E) М. Тынышбаев

Тапсырма #30

1916 жылғы көтерілістің себептері

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) отарлық езгінің күшеюі

B) Ресей үкіметінің отаршылдық жер саясаты

C) 1916 жылғы көтеріліске қазақтарды тыл жүмыстарына жұмылдыру туралы бұйрық

D) еңбек ету жасындағы барлық еркектерді алып кету қазақтарды аштыққа душар ететін еді

E) барлық жауап дұрыс

Тапсырма #31

I Думаға Семей округі бойынша депутат болып сайланды

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) А. Құнанбаев

B) Ж. Тіленшіұлы

C) Ә. Қастеев

D) С. Сейфуллин

E) Ә.Бөкейхан


Тапсырма #32

Ресейдің Мемлекеттік Думасының I және II шақырылуы қашан болды?

5 нұсқаданбірдұрысжауаптытандаңыз:

A) (1902-1903 жж.)

B) (1906-1907 жж.)

C) (1910-1916 жж.)

D) (1901-1905 жж.)

E) (1920-1927 жж.)

Тапсырма #33

«Айқап» журналы редакторларының бірі болды.

5 нұсқаданбірдұрысжауаптытандаңыз:

A) О. Жоламанов

B) И. Сағнаев

C) Ш. Рақымов

D) А. Нұрланов

E) Б.Қаратаев

Тапсырма #34

Депутат М.Тынышбаев II Дума таратылғаннан (1907 ж.) кейін қандай қызмет атқарды?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Суретші

B) Жол салушы инженер

C) «Айқап» журналының редакторы

D) Ағартушы-ұстаз

E) Спортшы

Тапсырма #35

Халықтың стихиялық наразылығының алғышарттары болды

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Столыпиннің саясаты

B) Ауа-райының өзгерісі

C) Жыныс мәселелері

D) Адам саны мәселесі

E) Экологиялық зардаптар

Тапсырма #36

Түркістан автономиясының алашордалықтардан айырмашылығы

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) М.Шоқай аумақтык автономияның жақтасы болды

B) М.Шоқай ұлттық автономия идеясын ұстанды

C) Тек Түркістан қазақтарының қамын ойлады

D) М.Шоқай пантүркизмге қарсы болды

E) Мұсылман халықтарын біріктіруге қарсылықтары
Тапсырма #37

Алашорда көшбасшылары Қазан төңкерісіне қандай көзқараста болды?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Қазан төңкерісін қабылдай қойған жоқ

B) Қызыл Армиямен, оның ішінде оның қазақ бөлімдерімен (А.Иманов, Ә.Жангелдин) шайқасты

C) Барлық жауаптар дұрыс

D) Қазан төңкерісін мұсылман халықтарының өмір сүруін жоққа шығаратын адамдар басқарғандықтан қабылдамады

E) Алашорда ақтар қозғалысында өз әскерін құрды

Тапсырма #38

Қазан төңкерісінен кейін, 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезде қандай шешім қабылданды?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Алаш аумақтық-ұлттық автономиясын жариялады

B) Көшіп кеткен қазақтарға қайтып келуге үндеу жасалуы жайлы

C) Ешқандай өзгерістер болмайтыны жайлы айтылды

D) Қазақ жерлерін жаппай отарлау жалғаса береді

E) Ә.Бөкейхановтың жұмыстан босатылатыны жайлы

Тапсырма #39

Түркістан (Қоқан) автономиясының басында кімдер тұрды?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) М.Тынышбаев пен М.Шоқай

B) Ә.Бөкейхан, А.Бірімжанов

C) Б.Қаратаев пен Ә. Жанбосынов

D) А.Иманов пен Б.Құлманов

E) Д. Қонаев пен Б.Қаратаев

Тапсырма #40

Қазақ депутаттары қандай фракцияда болды?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Сарыарқа

B) Қазақстан Халық Бірлігі Одағы

C) Мұсылман

D) Жетісу

E) Дала

Тапсырма #41

1916 жылғы көтеріліс қандай облыстарды қамтыды?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Ертіс

B) Торғай

C) Жетісу

D) Барлық жауап дұрыс

E) Ақмола

Тапсырма #42

Ағартушы және ғалым, әліпбиге реформа жасаушы, қазақ халқын ағарту үшін күреске бар күшін жұмсаған және Ә.Бөкейханның либералдық идеяларын қолдаған қайраткер

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) М. Тынышбаев

B) А. Кенесарин

C) Ш.Құдайбердіұлы

D) А.Байтұрсынұлы

E) А. Құнанбаев

Тапсырма #43

Ислам шеңберіндегі реформалардың жақтастары

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Думалар

B) Казактар

C) Жатақтар

D) Парламент

E) Жәдидтер

Тапсырма #44

Қазақ халқының ұлт азаттығы үшін саяси күрестің шынайы көшбасшысы

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) А. Құнанбаев

B) С. Сейфуллин

C) С.Датұлы

D) Ә.Бөкейхан

E) Ж. Тіленшіұлы

Тапсырма #45

1916 жылы көтеріліс кезінде Ресей кімдерге қарсы зеңбіректермен және пулеметтермен қаруланған жазалаушы бөлімдер жіберілді?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Малшыларға

B) Орыс кулактарына

C) Көтерілісшілерге

D) Казактарға

E) Балықшыларға

Тапсырма #46

Премьер-министр П.А. Столыпиннің саясаты

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) құнарлы жерлерді жаппай тартып алу, қоныстанушылардың жер қорына беру

B) Ағартушылық саясат

C) Қазақша газет-журналдарды басып шығуға көмек

D) Қазаққа жерлерін қайтару

E) Депутаттарды қолдау
Тапсырма #47

Зиялылар Кадеттер партиясынан не себепті қол үзді?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Кадеттер партиясы Ресейдің федеративті құрылысына қарсы болмады

B) Кадеттер партиясы қазақ зиялы қауымының жеке бөлінуін қалады

C) Кадеттер партиясы Ресейдің ұлттық автономиялардың құрылуына қарсы болмады

D) Кадеттер партиясы қазақ ұлтының мәселелері бойынша зиялылармен келісті

E) Кадеттер партиясы Ресей империясының сақталуын жақтады

Тапсырма #48

Думада жергілікті халықты жермен толықтай қамтамасыз еткенше, шаруалардың қоныс аударуын тоқтатуды талап еткен кімдер?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Казактар

B) Қазақ зиялылары

C) Қазақ шаруалары

D) Көпестер

E) Орыс кулактары

Тапсырма #49

Алаш партиясы құрылғанда қандай басқарушы органның қарамағында болды?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Ресей империясының

B) Қоқан автономиясының

C) Уақытша халықтық кеңестің

D) Сардарбектің қол астында

E) Хан билігінің

Тапсырма #50

Қай жылдары қазақ зиялы қауымының көзқарастарын білдірген алғашқы журналдар мен газеттер пайда болды?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) 1920 жылдары

B) 1900 жылдары

C) 1950 жылдары

D) 1960 жылдары

E) 1910 жылдары

Тапсырма #51

П.А. Столыпиннің саясатының нәтижесінде не болды?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) көптеген бай шаруа (кулак) қожалықтары пайда болды

B) казақтардың жаппай жерлерінен айырылуы мен күйзелуі

C) көшпеліліктен бас тартуға мәжбүр болуы

D) барлық жауаптар дұрыс

E) жатақ қазақтар кулактарға батрақ болуға мәжбүр болды

Тапсырма #52

«Алаш» партиясының бағдарламасында қандай либералды-демократиялық құндылықтар көрсетілді?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) теңқұқықтық

B) жекеменшік құқығы

C) барлық жауаптар дұрыс

D) сөз, баспасөз бен одақтарға бірігу бостандығы

E) жекетұлғаға қолсұғылмаушылық

Тапсырма #53

Петербургтегі Теміржол көлігі институтын бітірген зиялы депутат

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Ә. Бөкейханов

B) М. Тынышбаев

C) Б.Қаратаев

D) О. Жоламанов

E) И. Сағнаев

Тапсырма #54

Автономияның Конституциясы қайда бекітілді?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Ханның сарайында

B) Бүкілресейлік Құрылтай жиналысында

C) Императорлық кеңестік сарайында

D) Түркістанда

E) Торғай облысында

Тапсырма #55

Алашорданың атқарушы билік құрамында неше адам болды?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) 50

B) 15

C) 100

D) 25

E) 10

Тапсырма #56

Алғашқы қазақ интелегенциясы

5 нұсқаданбірдұрысжауаптытандаңыз:

A) Ә. Бөкейханов, М. Тынышбаев, А.Бірімжанов

B) Б. Қаратаев, Б. Құлман, М. Тайынұлы

C) Барлық жауап дұрыс

D) С . Жантөрин, А. Қалменов, Д. Тұндыт

E) Т. Нұрекенов, Т. Аллаберген, Ш. Қосшығұлұлы


Тапсырма #57

Амангелді Имановтың көтерілісшілер жасағында қанша сарбаз болды?

5 нұсқаданбірдұрысжауаптытандаңыз:

A) 30 мыңға дейін

B) 100 мыңға дейін

C) 50 мыңға дейін

D) 70 мыңға дейін

E) 20 мыңға дейін

Тапсырма #58

1916 жылы тыл жұмыстарына жұмылдырудан қазақтар қандай жардап шегер еді?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Қазақтар отбасымен басқа елге көшер еді

B) Сауда-саттық дамитын еді

C) Егіншілік науқаны кезінде барлық еркектерді алып кету қазақтарды аштыққа душар етер еді

D) Мал саны көбейетін еді

E) І Дүниежүзілік соғыс басталды

Тапсырма #59

Мәселелерді конституция белгілеген шектерде өздері шешетін мемлекет аумағының бөлігі

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) Республика

B) Парламент

C) Автономия

D) Облыс

E) Сенат

Тапсырма #60

1916 жылы көтеріліс нәтижесінде жазалаушылардан Қытайға қашқан босқындар саны

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) 100 отбасы

B) 50 отбасы

C) 1 млн. Адам

D) 1000 адамнан артық

E) 10000 адамнан артық

Тапсырма #61

Ресей империясы халықтарының ұлттық сезімінің өсуіне қандай себеп түрткі болды?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) 1905 жылғы төңкеріс

B) 1916 жылғы қазақ даласындағы көтеріліс

C) 1917 жылғы ақпан төңкерісі

D) 1906-1907 жж. Мемлекеттік Думаның құрылуы

E) 1914 жылғы І Дүниежүзілік соғыс

Тапсырма #62

Қазақ зиялы қауымы көшпелілердің жайылымдық жерлерінің азаюымен байланысты жер мәселесін қалай шешпекші болды?

5 нұсқаданбірдұрысжауаптытандаңыз:

A) парламент мінбесі арқылы

B) баспасөз органдарының көмегіне сүйеніп

C) саяси жолмен

D) заңды жолмен

E) барлық жауаптар дұрыс

Тапсырма #63

Қазақ депутаттары Ресейдің Мемлекеттік Думасының нешінші шақырылуына қатысты?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) IІІ және IV шақырылуы

B) IV және V шақырылуы

C) V және VI шақырылуы

D) IІ және IIІ шақырылуы

E) I және II шақырылуы

Тапсырма #64

1916 жылы көтеріліс қашан аяқталды?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) 1917 жылдың ақпаны

B) 1919 жылдың ақпаны

C) 1918 жылдың ақпаны

D) 1916 жылдың ақпаны

E) 1920 жылдың ақпаны

Тапсырма #65

1913-1918 жылдары Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатовтар шығарып тұрған баспа

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) «Оян» газеті

B) «Қазақ» газеті

C) «Жер» журналы

D) «Айқап» журналы

E) «Сарыарқа үні» газеті

Тапсырма #66

«Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы 1917 жылы 21 қарашада қайда жарияланды?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) «Қазақ» газетінде

B) «Айқап» журналында

C) «Жер» журналында

D) «Сарыарқа үні» газетінде

E) «Оян» газетінде

Тапсырма #67

«Қазақ» газетінің либералдық және ұлттық идеологиясы кейінірек нені сипаттады?

5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:

A) ұлыдержавалық ортақ саясатты қолдау

B) Ресейдің ұлттық мүдделерін

C) Ресей билігін күшейту шараларын баяндау

D) «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметі бағдарламасының негізін

E) Ресейдің мүдделеріне қарай патша өкіметінің саясатын ақтау



Дұрыс жауаптары:

1) C;

2) E;

3) D;

4) D;

5) B;

6) D;

7) A;

8) C;

9) E;

10) A;

11) A;

12) A;

13) C;

14) B;

15) E;

16) D;

17) D;

18) D;

19) E;

20) C;

21) E;

22) D;

23) D;

24) E;

25) A;

26) D;

27) A;

28) E;

29) A;

30) E;

31) E;

32) B;

33) E;

34) B;

35) A;

36) A;

37) C;

38) A;

39) A;

40) C;

41) D;

42) D;

43) E;

44) D;

45) C;

46) A;

47) E;

48) B;

49) C;

50) E;

51) D;

52) C;

53) B;

54) B;

55) D;

56) C;

57) C;

58) C;

59) C;

60) E;

61) C;

62) E;

63) E;

64) A;

65) B;

66) A;

67) D;