ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 167
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім: «Қиял мен шындық»
Оқылатын шығарма: Т. Ахтанов «Күй аңызы»
Оқу мақсаты:
8.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,
прологтарды анықтау;
8.2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін
талдау.
Бағалау критерийі:
-
шығарманың сюжеттік желілерін анықтап, талдайды; -
кейіпкерлер бейнесін талдайды;
Ойлау дағдыларының талдау, бағалау.
деңгейі:
Орындау уақыты: 15-20 минут
1-тапсырма. «Ол кім? Бұл не?» әдісі. Үзінділермен танысып, үзіндінің кім туралы немесе не туралы айтылғанын анықтайды.
Шығармадан үзінді | Ол кім? | Бұл не? |
– Күйшінің өмірі – осы. Қамшыны тастай беріп, домбыра ұстайсың. Домбырадан босап кетсе, қолың тағы да тізгінде болады, солай, Оразымбет шырағым... | | |
Жасы он алты-он жеті лер шамасында болар. Қою қара қасты, мөлдіреген қара көзді, дөңгелек жүзді, қара торының сұлуы екен. Үстіндегі жалаң көк көйлегі тозған. | | |
Тамыры қураған ағаштай семіп, кішірейіп бара жатқан ірі тұлғасы, күйіс қайырмай, қыбыр етпей тұрған мүсәпір бейнесі, әсіресе, телміре қараған жасқа толы үлкен мөлдір көзі екі күйшіге қатты әсер етті. | | |
Даусы аңсағанын көргендей қуанышты шықты. Оның астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған көк мақпал қамзол, талдырмаш белін қызыл күдері белбеумен қынай буған, басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз бөрік7 | | |
– Ай, бірақ сен де бір азаматсың ғой. Баламды қор қылмассың. Сөзім – сөз. Өнерің жетсе, тілегіңді бердім, қарағым. | | |
2-тапсырма. «6 неліктен?» сұрақтарына жауап бере отырып, шығарма сюжетін талдаңдар.
Сұрақтар | Жауаптар |
1. Қыз бала неліктен қаймықпай жолаушылардың аттарын белдеуге байлады? | |
2.Неліктен шал жолаушыларға сусын ұсына алмады? | |
3. Неліктен Естемес күйші Жаңылға көз тастай берді? | |
4. Ақсақал неліктен Естемеске қолқа салды? | |
5. Нар иігенде, қыз неліктен нардың желінін қысып ұстады? | |
6. Естемес күйші неліктен жолын Оразымбетке берді? | |
Бағалау критерийі | Дескриптор | Балл |
•шығарманың сюжеттік желілерін анықтап, талдайды; •кейіпкерлер бейнесін талдайды. | Үзінділермен танысып, үзіндінің кім туралы немесе не туралы айтылғанын анықтайды: 1-үзінді; 2-үзінді; 3-үзінді; 4-үзінді. | 1 1 1 1 |
«6 неліктен?» сұрақтарына жауап бере отырып, шығарма сюжетін талдайды: 1-сұрақ; 2-сұрақ; 3-сұрақ; 4-сұрақ; 5-сұрақ; 6-сұрақ. | 1 1 1 1 1 1 | |
| Барлығы: | 10 |