Файл: К. Макпалеев атындаы жалпы орта білім беру мектебі кмм баяндама Бастауыш сыныпта руханиадамгершілік трбие беруді мні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 32

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«К. Макпалеев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ

БАЯНДАМА

«Бастауыш сыныпта рухани-адамгершілік тәрбие берудің мәні»

Баяндамашы: Жалпакбасова А. Ж.

Павлодар, 2022

Бастауыш сыныпта рухани-адамгершілік тәрбие берудің мәні

Қазіргі мектептердің міндеттерінің бірі – кез келген жасөспірімге білімді меңгерту ғана емес, оның рухани – адамгершілік қасиеттерін танып, ішкі жан дүниесіне әсер ету арқылы жас ұрпақтың өзін – өзі дамытуына жол көрсету.

Рухани–адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз оқушы өміріндегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіріп, айнала қоршаған адамдар мен кез-келген затқа, жан-жануарларға және экологияға жақсылық тілеп, қайырымдылық жасауға тәрбиелеу. Сондықтан рухани-адамгершілік білімі жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады.

Бастауыш сыныптардағы рухани-адамгершілік тұрғыда берілетін білім мазмұнында ұлттық руханиятымыздың өзегін құрайтын қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері, атап айтқанда, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар, ертегі, әдеби ертегілер, аңыздар, эпостық, лиро-эпостық жырлар, тарихи жырлар, айтыс өнері мен шешендік сөздердің кейбір таңдаулы үлгілері беріледі. Халық ауыз әдебиетіндегі адамзаттық мүддені қорғайтын, өмірге бейімдейтін, әртүрлі әдептілік, әсемдік, әділдік, және шыдамдылыққа да жетелейтін құндылықтарды оқып-үйрену арқылы оқушылар халқымыздың дүниетанымын, мәдениетін танып, олардан тәлім алатын болады. Батырлар жырындаы бабалардың елін, жерін қорғаудағы ерліктері; лиро-эпостық жырлардағы сүйіспеншілік пен мөлдір сезім, салт-дәстүр; айтыс өнеріндегі ой тереңдігі, тапқырлық, суырыпсалма ақындықтан көрінетін даналық балалардың өз халқына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін асқақтата түседі.

Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілік рухта тәрбиелеу дегеніміз, оларға дүниеге ұйымшыл, белгілі бір мақсат көздеген адамгершілік көзқарас қалыптастыру. Жан – жақты қоршаған табиғатқа, әсіресе адамға адамгершілік қатынаста болып, жауыздыққа, қатыгездікке белсенді түрде қарсы бітіспес күрес жүргізу – адамгершілік сезімге тәрбиелеудегі негізгі мәселе.

Адамгершілік сезімді қалыптастыру бірнеше кезеңдерден өтеді.Оның алғашқы буыны мектепке дейін басталып, оқушылардың дара адамгершілік қасиетін қалыптастырудың іргетасы төменгі сыныпта қаланып, одан әрі жан –жақты дамуы да осы бастауыш сыныптардағы оқыту және тәрбиелеу үрдісінде жүзеге асырылады.


Ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді.Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті — халық педагогикасында деуге болады.

Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені-ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ..Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек. Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі.

Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді. Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған. Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы -осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік- адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының



Ата-аналар балаларын мәдиенетті, кішіпейіл адал азамат етіп өсіргілері келсе, ең алдымен олардың өздері кіршіксіз таза адам болуы керек. Көпшілік жағдайда баланың бойында теріс қылықтардың пайда болу себебін жанұядағы үлкендер өздерінің бойынан іздемейтіні өкінішті - ақ.

Әйгілі педагог А.С. Макаренко ата-аналарға арнаған еңбегінде «Сіздің мінез-құлқыңыз - жеткіншек тәрбиесіндегі бірден - бір шешуші құрал. Сіз қалай киінсеңіз, басқалармен қалай әңгімелесеңіз, қалай қуанып, қалай қайғырасыз, достарыңызбен және қас адамдарыңызбен қалай қатынас жасайсыз, сіз қалай күлесіз, газетті қалай оқисыз, радионы қалай тыңдайсыз, міне, мұның барлығының да бала үшін маңызы ерекше» [38], - деген болатын.

Танымал ғалым В.А. Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударған. «Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағытты беруі мүмкін» [39],- дейді.

Ал, Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек», – деген нақыл сөзде айтылған адамның жақсы өмір сүруіне негіз бола алатын адами қасиеттердің мәнін ұғыну оқушылардың өз бойларындағы адамгершілік қасиеттерді дамытуына ықпал етеді.

Адамның пейілі таза, көңілі кең, мейірімі мол, әр нәрсені қанағат ынсап тұта алу қасиетінің көптігі ниетке байланысты екендігін Шәкәрімнің «Мейірім, ынсап, әділет, шыдам, шыншыл харакет – түп қазығы ақ ниет» [40, 8 б.] , – деген нақыл сөзі дәйектей түседі. Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауында «Біз әрбір адамның ар-намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек» деп атап көрсетті.

Мектепте рухани-адамгершілік тұрғыда берілетін білім мазмұнында ұлттық руханиятымыздың өзегін құрайтын қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері, атап айтқанда, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар, ертегі, әдеби ертегілер, шешендік сөздердің кейбір таңдаулы үлгілері беріледі.

Жасөспірімдердің адамгершілік тәрбиесінің мазмұны мектептегі пәндер, мектептен, сыныптан тыс өткізетін іс-шаралар арқылы қалыптасады. Осы өткізілетін сабақтар, іс-шаралар неғұрылым маңызды, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қонымды болса, олар соғұрлым баланы адамгершіліке тәрбиелеуге зор ықпал жасайды. Адамгершілік тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олар:


-Шәкірттерді өмір талабына сай қоғамдық моральдық нормасын орындауға қатыстыру;

-Шәкірттердің адамгершілік тәжрибесін қалыптастыру;

-Шәкірттердің санасына және мінезіне ұстаздық ықпал жасау, ұлттық қасиеттерді дарыту;

-Республика, оның Президентіне, Әнұранына, Рәміздеріне шәкірттердің сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Адамгершілік тәрбие балаларда адамдарды құрметтеу және оған сүйіспеншілікпен қарау, олармен ізгілік, жағымды, әділ қарым-қатынас жасай білу.

Бүгінгі оқушы – Егеменді еліміздің болашағы екенін ескерсек, осы балалардан қоғамның тұлғасы болар білімді, тәрбиелі, мәдениетті азаматтар шыға қояр ма екен деген ой көпшілігімізді әсіресе тәрбие негізі қаланатын мектептегі ұстаздар қауымын толғандырады. Себебі Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты. Өйткені әрбір халық ұрпағымен көктеп өркен жаяды. Әрбір мемлекет рухы таза , санасы биік білімді де, білікті ұрпағынан қуат алады, ол өзінің әрбір жаңа буын жас ұрпағы жетілген сайын дамудың жаңа биіктеріне көтеріледі. Ал бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – енселі еліміздің кірпіші боп қаланатын әрбір қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты білім беру. Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде.

Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді.Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.Адамгершілік – адамның асыл қасиеті.

Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан, 72 тараудан тұратын «Құтты білік» дастанында көрсетіп берді[41].

Шығыстың ұлы ғалымы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін»[42], - деген екен.


Адамгершілік бастауы неде?

1.Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.

2.Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын – еліміздің дәстүрін ата-ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз.


3.Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс.Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.

Американдық психолог Л.Кольберг адамгершiлiк тәрбиелеудiң басты мақсаты мiнез- құлықты қалыптастыру емес, ұтымды пiкiр айту қабiлетi деп түсiндiредi. Дәстүр туралы мәлiмет беруде түсiндiру, ақыл-кеңес, нұсқау, бағыт- бағдар беру тәсiлдерiн қолдану адамгершiлiктi тұлға қалыптастыруға негiз бола алады [43, 82 б.].

Бала дамуының алғашқы кезеңiнен яғни адамгершiлiк туралы ұғымдарды саралап, санасына сiңiре бастайды. Моральдiк-этикалық дәстүр мәдениетiнiң толысқан сферасы ретiнде дәстүрлi педагогикалық мәдениеттi қалыптастыра отырып өскелең ұрпақты, адамгершiлiкке тәрбиелеудiң негiзгi құралы, формасы, әдiс-тәсiлдерi, адамгершiлiктiң қайнар көзi, iлкi бастауы бола алады.

Адамгершiлiк мәдениетiн тәрбиелеу мен гуманизм үшiн әдебиеттiң маңызы зор. Бұлардың арасында Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов шығармалары бiздiң жастарымыздың жан-дүниесiн әрқашан да терең тебiрентетiн туындылар кейiпкерлерімен суреттейдi.

Адамның адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар - намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, “Өзiң үшiн еңбек қылсаң, - дейдi Абай, - өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа достық- қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол”[34. 57]. Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген уақытта өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам- ардақты. Бiздiң ортамызда осы сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған ортаға таратушы, осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеушi ұстаздар аз емес. Адамгершiлiгi мол адам - басқаларға қашан да үлгi-өнеге. “Қазақтардың” – деп жазды, осы халықтың өмiрiн, тұрмыс-салтын зерттеушiлердiң бiрi А.И.Левшин [44, 78 б.]: “(1799-1879) – басқа Азия халықтарына қарағанда, қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға құрмет көрсету, баланы аялап, жанындай жақсы көруі – айрықша қасиет. Яғни, қайырымдылық – кең мағыналы ұғым екенiн оқушыларға түсiндiруiмiз қажет” .

Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс.Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетістіктерін зер салып талдау керек.