Файл: К. Макпалеев атындаы жалпы орта білім беру мектебі кмм баяндама Бастауыш сыныпта руханиадамгершілік трбие беруді мні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 33

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Адамгершілік – адамның рухани арқауы.

Мұны адамгершілік туралы айтылған мақал-мәтелдерден байқауға болады.

Адамгершілік болмай,

Әділдік болмас.

Адамның ұяты бетінде ,

Адамгершілігі ниетінде.

Асыңа тойғызбасаң да,

Ақ ниетіңе тойғыз.

Су бермегенге, сүт бер,

Ақ ниетіңді білсін.

Кең болсаң, кем болмайсың.

Кішіпейілділік – кісінің көркі.

Ақылың болса, арыңды сақта,

Ар ұят керек әр уақытта.

Ынсап, ұят, терең ой –

Асыл зейнет ойлап қой.

Ұлық болсаң, кішік бол.

Өз қадірің – өз байлығың.

Ары таза, нар жүгін көтереді.

Ал, Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек»[45, 131 б.], – деген нақыл сөзде айтылған адамның жақсы өмір сүруіне негіз бола алатын адами қасиеттердің мәнін ұғыну оқушылардың өз бойларындағы адамгершілік қасиеттерді дамытуына ықпал етеді.

Адамның пейілі таза, көңілі кең, мейірімі мол, әр нәрсені қанағат ынсап тұта алу қасиетінің көптігі ниетке байланысты екендігін Шәкәрімнің «Мейірім, ынсап, әділет, шыдам, шыншыл харакет – түп қазығы ақ ниет», – деген нақыл сөзі дәйектей түседі. Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын көрсетеді.

Өмірде кездесетін әр түрлі жағдайларда басқаларға зиян келтірмей, ой мен істің бірлігін сақтай отырып, байыпты шешім қабылдай алу да жақсылықтың нышаны. Олай болса, адамды бойдағы жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді ажырата білуге үйрету үшін Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» атты өлеңіне адамгершілік құндылықтар негізінде талдау жасалады[9, 356 б. ]. Жақсылық та, жамандық та әркімнің өзіндік сенімінің қаншалықты мықты екендігіне байланысты болғандықтан балаларға қиындықпен бетпе-бет кездесуден қорықпай, жеңіл жол іздемей, сеніміңе үміт артып, әрқилы кедергіні де жеңуге ұмтылады. Сөйтіп, оқушылардың ойы адамның өзіне-өзі сенімді болуының басты көрсеткіші болып табылатын батылдық, табандылық, адалдық сияқты қасиеттері айналасында шоғырланады. Осы орайда оқушылардың сенім туралы, оның түрлі қырлары жөніндегі түсініктерін кеңейту мақсатында М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңіндегі қайратты, айбынды, көздерінде от бар, сөздерінде жалын бар, арлы, мінезі жұмсақ, жүрегі ақ, иманды және т. б қасиеттерге сипаттама беріледі. Мысалы, Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін әдеби және адамгершілік білім беру ықпалдастығында қарастырып көрейік. Өлең мазмұнындағы әдебиеттік мазмұн ғылым, білім алуға үндеп, оқушыларды бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болуға, ғылымға берілу жолдарын іздестіруді мақсат етеді. Ал өлеңнің адамгершілік сипаты адамды босқа шаттанбауға шақырады. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ тәрізді бес жағымсыз қылықтардан адамды аулақ ұстап, оларды керісінше талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сияқты жақсылыққа жетелейтін қасиеттерге баулиды. Адамгершілік қағидаларды көрсететін әдеби көркем мәтіндер оқушының интеллектуалды-шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын, дамытып, елестете алу, қиялдай білу дағдыларын қалыптастырады. Шығармашылық көңіл күй оқушының басқа пәндерді де құлшыныспен оқуына әсер етеді. Көркем шығарма мазмұнындағы елжандылық, әсемдік, рухани-адамгершілік құндылықтар басқа пәндермен пәнаралық тығыз байланыста болғанда ғана оңай шешіледі.


Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының дамытушылық және тәрбиелеушілік міндеттері әр тұлғаның азаматтық келбетінің жоғары болып, олардың кез келген ортада белсенділік көрсете алатын қабілеттерін жетілдіруді көздейтіндіктен әдеби көркем туындыларды сұрыптауда қазақ халқының өрелі өрісінің түп төркіні халық ауыз әдебиетінің үлгілерін егемен елдің бүгінгі әдебиетімен сабақтастыру қарастырылды.

Рухани-адамгершілік тұрғыда берілетін білім мазмұнында ұлттық руханиятымыздың өзегін құрайтын қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері, атап айтқанда, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар, ертегі, әдеби ертегілер, аңыздар, эпостық, лиро-эпостық жырлар, тарихи жырлар, айтыс өнері мен шешендік сөздердің кейбір таңдаулы үлгілері беріледі. Халық ауыз әдебиетіндегі адамзаттық мүддені қорғайтын, өмірге бейімдейтін, әртүрлі әдептілік, әсемдік, әділдік, және шыдамдылыққа да жетелейтін құндылықтарды оқып-үйрену арқылы оқушылар халқымыздың ділін, дүниетанымын, мәдениетін танып, олардан тәлім алатын болады. Батырлар жырындағы бабалардың елін, жерін қорғаудағы ерліктері; лиро-эпостық жырлардағы сүйіспеншілік пен мөлдір сезім, салт-дәстүр; айтыс өнеріндегі ой тереңдігі, тапқырлық, суырыпсалма ақындықтан көрінетін даналық балалардың өз халқына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін асқақтата түседі.

Әдеби көркем туындылардың ізгілікті сипатына орай рухани-адамгершілік білім мазмұнында Әбу насыр әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Йассауи шығармаларындағы адам тәрбиесіне қатысты ұлағатты, өнегелі сөз оралымдары көрініс тапты. Жыр маржанын төгілткен Қазтуған, Асан қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Жиембет, Сүйінбай жыраулардың, Үмбетей, Тәттіқара ақын, Бұқар жырау, Шал ақындардың шығармаларындағы туған жер, сыртқы жаулармен болған азаттық күрес, өз дәуірінің шындығы, ерлік, ел бірлігінің нақыл мен өсиет ретінде жырлануы оқушыларды халқымыздың сан ғасырлық өміріндегі әр алуан адами қарым-қатынастармен қауыштырады.

Ғалымдар мен данышпандардың пікіріне сүйенсек, балаға тәрбиені ерте жастан беру керек.Адамгершілік жақсы қасиеттерді балдырған шағында, күшті күн тұрғысынан алғанда бастауыш сыныпта қалыптастыруға болады деп есептейді. Жақсы істерге ұмтылдыру жаман қылықтардан аулақ жүру, өнегелі мәдениетті азамат болуға тырысу адамдардың өзіне байланысты. Сондықтан адамгершілікке кір келтіретін мінездер: әдепсіздік, жеңілтектік, екі жүзділік, көрсеқызарлық, опасыздық, өркөкіректіктен қашанда аулақ болуымыз керек.



Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі – қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық достық пен қастың адамгершілік қасиетінің екі түрлі белгісі ретінде егіздің сыңарындай қатар салыстыра суреттеген.

Адамгершілікке үйретудің негізгі жолы - оқу процесі мен оқушылардың күнделікті өмірін, іс-әрекетін тиімді тәрбие шараларын ұйымдастыру.Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік туралы түсінігі қалыптаса бастағанымен тәжірибеде іс-әрекеті, тәртібі біліміне сәйкес келмейтін жағдайлар кездеседі. Олар жақсы, жаман әдеттерді білгенімен, оны өз өміріне сәйкестендіре, тәртібінде іске асыра алмайды. Өйткені, ережені есте сақтау оңай да, оны іске асыру қиын.

Сондықтан адамгершілік жайында түсінік білім берумен қатар дұрыс тәртібін, іс-әрекетін ұйымдастыруды көздейді. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына үлкенді сыйлау, беделін мойындау, еңбек адамдарын құрметтеу, қамқорлық жасау, адалдыққа, шыншылдыққа, қарапайымдылыққа, мақсаттылыққа, шешімділікке, табандылыққа, белсенділікке, батылдыққа, ұстамдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу де жатады.

Мораль ережелерін жас өспірімдердің мінез-құлық дағдысына айналдыру, олардың рухани және дене күші қабілеттерін барлық жағынан жетілдіріп дамыту бүгінгі күннің басты талабы болып саналады. Адамға қамқорлықпен қарау, өзіне де өзгеге де жоғары талап қоя білу, қоғам мен ұжым алдындағы жауапкершілікті терең түсіну сияқты сезімдер адамгершілік тәрбиесі арқылы қалыптасады. Қоғамда адамгершілік тәрбиесі оқушының бойына берік моральдық сезім мен өнегелі мінез дағдыларын қалыптасрыуды көздейді, жас өспірімдерді жоғары адамгершілікке тәрбиелеуде балаларға арналған көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Олар миллиондаған адамдарды жігерілендіріп, қуанышқа бөлейтін қайнар-бұлақ болып қызмет етуге, сол адамдарыдың еркін, сезімі мен ой-пікірін білдіруге, олардың идеялық жағынан баюына және адамгершілік тәрбие алуына қызмет етуге тиіс.

Яғни бастауыш сыныпта адамгершілік қасиеттерге үйретудің, рухани тәрбие берудің бастау көзі болуы тиіс.Бастауыш сыныптардың мұғалімі адамның жақсы және жаман мінез-құлқын баланың ажырата білуін күн сайын дерлік үйретіп отырады. Рухани - адамгершілік туралы түсініктер анықтама берілмесе де балаларда осылай біртіндеп қалыптасады. Балалардың істерінде адамгершілік ұғым көпшілік пайдасына, олардың қоғамдық мінез-құлқына қарап игеріледі, демек адамгершілік мінез-құлыққа дағдыланумен толықтырылып отырылады. Рухани - адамгершілік түсінік пен мінез-құлық бірлігі адамгершілікке тәрбиелеу тиімділігінің негізгі көрсеткіші.


Рухани - адамгершілікке тәрбиелеудің жетістіктері, оқу-тәрбие жұмысының басқа да түрлері сияқты, көбінесе жүйелілігі мен анықталады.

Мұғалім 1-сыныпта бәрінен бұрын қайырымдылық пен әділдік туралы түсінікті қалыптастыруға баса назар аударады. Қайырымдылықты адамдарға ілтипатпен, ниеттестік пен қарау деп әділдікті өзінің және басқалардың мінез-құлқы мен пікірінде объекті түрде адамгершілікпен баға беру деп түсіну керек.

Бастауыш сыныпта оқушылар алдында қайырымдылық пен әділдік, жолдастық пен достастық ұғымдарының шеңбері ұлғая түсіп, оның үстіне ұжымдық пен ортақ іске жеке басты жауапкершілігі туралы түсініктер қалыптасады.

Төменгі сыныптарда рухани - адамгершілікке тәрбиелеу мазмұнындағы көзқарастардың кейбір қайшылықтарына қарамастан, бұл жұмыстың дәрежесі туралы әңгіме болып отырғанда олардың біртұтастығы мүлде айқындала түседі. Оқушылардың адамгершілік тәрбиесін орта мектепте оқып үйренген кезде, олардың адамгершілікке сенімі қалыптаса түсуі керек. Адамгершіліктің күрделі ұғымы мен категориясы бүкіл қоғамдық тарихи тәжірибені қайта өңдеуден және жете түсінуден шығуы ықтимал және ол жеке тәжірибеден алынған сияқты мораль туралы ғылымды игеру нәтижесі болып табылады.

Рухани - адамгершілік тәрбиесі түсінігі туралы айта отырып, оқушылар адамгершілік тәрбиесінің негізгі нормаларымен өмірдің айналасындағы, әдебиетті айқын мысалдар арқылы және өмірден алынған өз тәжірибесіне сүйене отырып танысады, бірақ, бұл арада түсіну сезімінің дәрежесіне тән істі талдап қорытуға байланысты болады.

Баяндамашы: Жалпакбасова А. Ж.