Файл: Химия пні бойынша оу жоспары 8 сынып Астана 2018 Мазмны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 116

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ескерту: Зертханадағы жұмыс оқытушылар мен оқушылар үшін қауіпті болып саналады. Назарбаев Зияткерлік мектептері қауіпсіздіктің тиісті шараларын анықтап, оларды сақтауға жауапты болады. Бұл құжатта қауіпсіздік техникасы бойынша ақпарат тек жалпы түрде беріліп, не кеңесшілер не бағдарлама кеңесшілері қауіпсіздіктің тиісті шараларын қолданбау салдарына жауапты болмайды.
W = сыныппен жұмысP = жұптық жұмыс E = оқушы эксперименті

G = топтық жұмыс I = жеке жұмыс D = мұғалім көрсетілімі

f = бағалау = қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер


Химия Негізгі мектеп 8-сынып

8.2В Химиялықреакцияжылдамдығы


Осыған дейін меңгерілген білім

7.1BПериодтық жүйеге кіріспе

7.2А Жану реакциясы

Контекст

9.3Абөлімде жалғасатын химияның маңызды бөлімдерінің бірін оқып-танубасталады. Осы тақырыпты оқып-білу химиялық тепе-теңдікті түсіну (8.3.В) және маңызды химиялық өнеркәсіп (10.1С) үшін қажетті түсініктерді меңгеру үшін қажет. Оқушылар химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін жағдайларды зерттейді және олардың әсерін бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіреді.

Бұл бөлімдегі «Химия» пәнінің тілдік мақсаттары

Оқушылар үшін сәйкес академиялық тілмен берілген тіл мақсаттарының мысалы төменде келтірілген

Пәндік мақсат

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Оқушылар:
-реакцияға қатысушы заттардың бөлшектер өлшемі және жанасу ауданының реакция жылдамдығына әсерін түсіндіре алады


Оқушылар:
-бөлшектер өлшемі, әрекеттесуші заттардың ауданы реакция жылдамдығын қалай өзгертетінін ауызша талдап бере алады.

тұз қышқылы, мәрмәр жоңқасы, масса, бөлшектер өлшемі, жанасу ауданы, реакция жылдамдығы


Егер мәрмәр жоңқалар үлкен/кіші болса, реакция баяу/жылдам өтеді
Ең үлкен/ең кіші жоңқалар ең баяу/жылдам реакциялар тудырады
Реакция жылдамдығы үлкен/кіші концентрацияменең жылдам/баяу болды
Реакция жылдамдығы жоңқалар өлшеміне байланысты болады

Басқа тілдік мақсаттарды құру үшін және академиялық тілді оқыту мен үйретуге жататын тілді үйрету мақсаттары бойынша қосымша басшылық ретінде жоғарыда «Тілдік мақсаттар туралы» мағлұматты қараңыз

Қысқаша шолу

Оқушылар химиялық реакцияны лездік процесс деп түсінеді. Бөлім басында лездік болып табылмайтын, реакция жылдамдығы маңызды түсінікке әкелетін реакциялар қарастырылады. Реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар (9.3А бөлімінде жеке қарастырылатын катализден басқа) іс жүзіндеқарастырылып, оқушылар бөлшектердің қақтығысу теориясына негізделе отырып бақыланатын құбылыстарды түсіндіреді.




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқыту ресурстары




8.3.2.1 химиялық реакциялар әртүрлі жылдамдықпен жүруі мүмкін екендігін түсіну


Оқушыларға лездік және баяу реакцияларға мысал келтіруді ұсыныңыз.
(D) Оқушыларға лездік және баяу реакцияларды көрсетіңіз.
Лездік реакция: қорғасын (ІІ) нитраты және калий йодиді ерітінділері әрекеттескенде лезде қорғасын (ІІ) йодидінің ашық – сары тұнбасы түзіледі.
Баяу реакция: бірнеше тамшы сұйылтылған тұз қышқылын натрий тиосульфаты ерітіндісіне қосыңыз.
Реактивтері бар стаканды «айқыш» салынған қағазға қойыңыз. «Айқыш» суреті көрінбей кеткен уақытты анықтап алыңыз.
Байқалған құбылысты талдаңыз, оқушыларды реакция жылдамдығын өзгертуді білудің маңыздылығы туралы қорытындыға жеткізіңіз.

sҚорғасын (ІІ) нитраты улы және қоршаған орта үшін зиянды.

Қорғау көзілдірігін киіп, қосылыстардыабайлап жойыңыз.
s Қорғаныс көзілдірігін киіңіз.
Олар таттану процесімен таныс және басқалары туралы, мысалы тұнбаның пісіп жетілу процесі туралы ойлайтын болады.



Мыс сульфаты, калий гидроксиді ерітінділері, сұйылтылған тұз қышқылы, натрий тиосульфаты ерітіндісі.
Сынауықтар, сынауықтар үшін штатив, стақандар.
Пайдалы көмекші көздер:
http://www.youtube.com/watch?v=pLLcaHWwOpk
Соқтығысу теориясы:

http://www.bilimmedia.kz/ru/content/structure/1004-neorganicheskaya_ximiya#lesson=10147

8.3.2.2 химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды болжау


(W) Оқушыларға күнделікті өмірден жылдамдығын арттыру немесе азайту қажет реакцияларға мысал келтіруді ұсыныңыз.
Оқушыларға ағаштың жануы, сүттің ашуы, темірдің таттануы және майшамның жануы сияқты реакциялардың жылдамдығын қалай өзгертуге болатындығы жөнінде талқылауды ұсыныңыз.
Реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды талқылаңыз.

Оқушыларға өз тәжірибелеріне негізделген болжамдарын тұжырымдауға мүмкіндік беріңіз.

Мұғалім оқушыға түсінікті басқа да мысалдарды келтіре алады:

Ағаштың жануы кезінде, егер оны кессе (жанасу ауданы) реакция жылдамдығы артады, егер сүтті тоңазытқышқа қойса сүттің ашуының реакция жылдамдығы (температура)кемиді, темір және натрийдің сумен әрекеттесуі (әрекеттесуші заттардың табиғаты) және заттың ауада жануы таза оттегінде жануға қарағанда баяу болатындығы (концентрация).

http://www.youtube.com/watch?v=xL0w5yoHcU0

реакция жылдамдығына әсер етуші фактордар: анимация
http://www.chem.msu.su/rus/teaching/Kinetics-online/experiments_rus.html – реакция жылдамдығына әсер етуші фактордар: материал.

http://www.hemi.nsu.ru/ucheb214.htm

реакция жылдамдығына әсер етуші фактордар:

8.3.2.3 химиялық реакция жылдамдығына температура өзгерісінің әсерін бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіру


(G) Оқушылардың тұз қышқылы мен натрий тиосульфатының әрекеттесу реакциясын есіне түсіріңіз.
Реакция жылдамдығына температураның әсері туралы тәжірибе ойлануды сұраңыз.
(E) Натрий тиосульфаты мен тұз қышқылы әрекеттесуінің реакция жылдамдығына температура әсерін зерттеуді ұсыныңыз.

Оқушыларға реакцияның жүру уақытының температураға тәуелділігін көрсететін график тұрғызуды және бұл графикті температураның басқа мәнінде реакцияның жүру уақытын табу үшін қолдануды ұсыныңыз.


Оқушылардың назарын қауіпсіздік техникасына және тәжірибені тиімді жоспарлауға аударыңыз.
Оқушылардың назарын өлшеу дәлдігіне аударыңыз.
График құру кезінде тәуелсіз айнымалыны Х осіне, ал тәуелді айнымалыны Y осіне, өлшем бірліктерін міндетті түрде көрсетіп белгілеңіз. Тиімді масштабты таңдау арқылы, ең жақсы сәйкес нүктемен график құрыңыз.


«Реакция жылдамдығы» лекциялық материал

https://him.1september.ru/article.php?ID=200500803 –

соқтығысу теориясы

http://www.bilimmedia.kz/ru/content/structure/1004-neorganicheskaya_ximiya#lesson=11012

реакция жылдамдығына заттар табиғатының әсері (видео)

http://www.youtube.com/watch?v=lF32QLLIaeo -

реакция жылдамдығына температураның әсері: материал

http://www.chem.msu.su/rus/teaching/Kinetics-online/chapter6.html - влияние реакция жылдамдығына температура әсері: видео

http://www.youtube.com/watch?v=rkPvgXnAb3k –

реакция жылдамдығына температура әсері:: видео

http://www.youtube.com/watch?v=4fJZixvNDKk

реакция жылдамдығына концентрация әсері: видео

8.3.2.4 химиялық реакция жылдамдығына концентрацияның әсерін түсіндіру



(W) (f) Оқушыларға алдыңғы сабақта эксперимент үшін өздері таңдаған факторлар туралы естеріне салыңыз.
(Е) Оқушыларға тұрақты концентрациядағы натрий тиосульфаты мен әр түрлі концентрациялы тұз қышқылы ерітіндісін әрекеттестіру арқылы реакция жылдамдығына концентрацияның әсерін зерттеуді ұсыныңыз.
(G)Оқушылар алынған мәліметтер негізінде реакцияның жүру уақытының концентрацияға тәуелділік графигін құрады.

График құру кезінде осьтерге тәуелді және тәуелсіз айнымалыларды міндетті түрде өлшем бірліктерін көрсету арқылы дұрыс белгілеу маңызды.

Тиімді масштабты таңдау арқылы, ең жақсы сәйкес нүктемен график құрыңыз.


https://www.youtube.com/watch?v=_RJKvaK6kEI

реакция жылдамдығына концентрация әсері

натрий тисульфатымен видео






8.3.2.5 химиялық реакция жылдамдығынаәрекеттесуші заттардың жанасу ауданының, бөлшектер өлшемінің әсерін түсіндіру


(Е) Оқушыларға тұз қышқылы ерітіндісімен екі түрлі өлшемдегі мәрмәр түйірлерін қолданып реакцияжүргізуді ұсыныңыз (ұнтағыменде болады).

Бұл экспериментбөлшектер өлшемінің реакция жылдамдығына әсерін зерттеуге мүмкіндік береді.

(G)Оқушылар тәжірибе нәтижесін талдап, бөлшектер өлшемінің және жанасу ауданының реакция жылдамдығына әсері туралы қорытынды жасайды.

Оқушылар алынған мәліметтер негізінде реакцияның жүру уақытының зат массасына тәуелділік графигін құрады.

Оқушылар қорғаныс көзілдірікте болуы тиіс



Реакция жылдамдығына жанасу бетінің ауданының әсері
http://www.youtube.com/watch?v=tTplQ7NNZeE –

http://qps.ru/90qdO
http://him.1september.ru/article.php?ID=200500803

http://www.chem.msu.su/rus/teaching/Kinetics-online/chapter4.html

Chemistry IGCSE Bryan Earl, Doug Wilford, 116-бет.




8.3.2.6 реакция жылдамдығына түрлі факторлардың әсерін қорытындылау және бақылаған өзгерістерді бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіру

(W) (f)Оқушылардан бөлшектер тоериясын қолданып, реакция жылдамдығын түсіндіруді сұраңыз.
(f) (G) Әр топқа химиялық реакциялар қатары, түрлі жағдайларға жылдамдықтың туелділігін көрсететін гафиктер бар қағаздар беріңіз. Оқушылар талқылап, қорытынды шығарады.


Дайын тәжірибелер нәтижелерін ұсынуға болады және оған график құрып, қорытынды жасауды және қателігін анықтауды сұрауға болады.
Әрбір топ реакция жылдамдығына әсер етуші бір факторды (нәтижені негіздеуі, график салулары, сәйкес қорытынды жасаулары қажет) сипаттаса жеткілікті

ВВС

http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/science/add_aqa_pre_2011/chemreac/ratesrev1.shtml

Патшалық химия қоғамдастығынан сәйкес көздер: (RoyalSocietyofChemistry)http://www.onlinemathlearning.com/chemical-reaction-rates.html


Ескерту: Зертханадағы жұмыс оқытушылар мен оқушылар үшін қауіпті болып саналады. Назарбаев Зияткерлік мектептері қауіпсіздіктің тиісті шараларын анықтап, оларды сақтауға жауапты болады. Бұл құжатта қауіпсіздік техникасы бойынша ақпарат тек жалпы түрде беріліп, не кеңесшілер не бағдарлама кеңесшілері қауіпсіздіктің тиісті шараларын қолданбау салдарына жауапты болмайды.
W = сыныппен жұмысP = жұптық жұмыс E = оқушы эксперименті

G = топтық жұмыс I = жеке жұмыс D = мұғалім көрсетілімі

f = бағалау = қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер


3-тоқсан

Химия Негізгі мектеп 8-сынып

8.3A Сутегі және оттегі


Осыған дейін меңгерілген білім

7.2АЖану реакциясы

7.4A Атом құрылысы

Контекст

Сутегі мен оттегі химия өнеркәсібінде зерттелетін ең маңызды қосылыстардың бірі болып табылады: оттегі тотықтырғыш ретінде, сутегі тотықсыздандырғыш ретінде. Бұл бөлім химияның кейінгі тақырыптарын оқу үшін және оның ішінде 10.1В бөлімінде қарастыратын тотығу мен тотықсыздану процестерін оқып үйрену үшін қажетті білім береді.

Бұл бөлімдегі «Химия» пәнінің тілдік мақсаттары

Оқушылар үшін сәйкес академиялық тілмен берілген тіл мақсаттарының мысалы төменде келтірілген

Пәнді оқу мақсаты

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Оқушылар:
- ауа мен жер қыртысы құрамында оттегінің сандық қатынасын білу және табиғаттағы оттек айналымын түсіндіру

Оқушылар:
- арнайы лексиканы пайдаланып жер қыртысы мен ауа құрамында оттегінің қатынасына қатысты сұрақтар қойып және жауап бере алу

- табиғаттағы оттек айналымын түсіндіру

Элементтер, газдар, жер қыртысы, оттегі, атмосфера
Сандық қатынас, пайыздық мазмұн, құрау, сәйкестену, компонент

Жер атмосферасының барынша үлкен құраушысы азот болып табылады

Оттегі азотқа қарағанда аз

Жер қыртысының X пайызыY-ге келеді

Атмосферада оттегінің сандық/пайыздық қатынасы жер қыртысында болуына қарағанда артық

Сандық/пайыздық қатынас бірдей

Басқа тілдік мақсаттарды мұғалім қосымша басшылық ретінде жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» мағлұматты өз бетінше қолдана отырып құрастыра алады.

Қысқаша шолу

Бұл бөлімде оқушылар кеңінен таралған екі химиялық қосылыс туралы өз білімдерін дамытады. Олар оттегі мен сутегі газдарын жинақтаудың стандартты зертханалық әдістерін зерттейді. Өздерінің практикалық дағдыларын дамытып, оттегі мен сутегіне арналған стандартты тесттерді оқып-танып, химиялық теңдеулер бойынша қалыпты және стандартты жағдайдағы газдардың молярлық көлемі, газдардың салыстырмалы тығыздықтарын қолдана отырып есептер шығару дағдысын жүзеге асырады




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқыту ресурстары




8.4.2.1 сутегін алу және жинау, физикалық қасиетін зерттеу және оны анықтау



(G)Берілген суреттерді бірнеше бөлікке бөліп, оқушыларға таратыңыз. Суреттерді жинау арқылы үш топ құрыңыз. Қай суретте сутегін алу бейнеленген? Сутекті неліктен бұл әдіспен жинайтынын түсіндіріңіздер.
(E)Оқушыларға ауаны ығыстыру және суды ығыстыру әдісі арқылы мырыш пен тұз қышқылын әрекеттестіріп сутегін алуды және оны анықтауды ұсыныңыз.
(D)Натрийді сумен әрекеттестіру арқылы сутегін алыңыздар және оны анықтаңыздар.
(W)Оқушылармен «сутегін алу әдістері» мен «сутегін жинау әдістері» ұғымының айырмашылығын талқылаңыз.
(G)Оқушыларға «сутегін алу әдістері» «сутегін жинау әдістері» және «сутегінің физикалық қасиеттері, сутегіне тест» туралы постер дайындауды ұсыныңыз.


s Қорғаныс көзілдірігін кию керек.
s Жұмыс алаңы ашық жалын көзінен алшақта болуы керек.

Физикалық қасиеттерін талқылау кезінде жағдайларға (қалыпты және стандартты) назар аудару керек.

Бұл зерттеуді орындағанда оқушылар білу керек:

- бұл зерттеуді жоспарлауды және жинауды дұрыс және қауіпсіз жүзеге асыру;

-экспериментті орындау алдында оның әлеуетті қауіпін анықтау;

-қажетті құралды/қондырғыны дұрыс және қауіпсіз жинау.


Ұнтақталған мырыш, тұз қышқылы, натрий, фенолфталеин, сулы кристаллизатор. Газ жинауға арналған зертханалық құрылғы.

Газ алуға арналған зертханалық құрылғы.

https://www.youtube.com/watch?v=_x0dzQ8FpWw
https://www.youtube.com/watch?v=95R37hF-eyU
Теориялық материал: http://chem100.ru/elem.php?n=1



8.4.2.2 сутегінің тотықсыздандырғыш қасиетін зерттеу және қолдану аймағын болжау


(W) Оқушылармен «тотықсыздандырғыш» ұғымын қарапайым реакция мысалында талқылаңыз.
(W) Оқушылармен сутегінің жану реакциясын қайталаңыз, тиісті реакция теңдеуін жазып, сутегінің тотықсыздандырғыш ретіндегі ролін талқылаңыз
(D немесе E) Оқушыларға сутегінің мыс (II) оксидімен әрекеттесуі тәжірибесін орындауды ұсыныңыз.
(f) тиісті реакция теңдеуін жазып және бұл реакциядағы тотықсыздандырғыш ретінде сутегінің ролі туралы қорытынды шығару.
(W) оқушылармен сутегінің жану реакциясын қайда қолдануға болатындығы (отын ретінде сутегінің артықшылықтары) және металдарды оксидтерінен тотықсыздандыру реакциялары туралы талқылаңыз.

sҚорғаныс көзілдірігін кию керек.

Сутегінің жану реакциясындағы коэффициенттермен салыстыра отырып, «қопарылғыш газдың» құрамына назар аудару.

Мыс (ІІ) оксидінің сутекпен тотықсыздануы

https://www.youtube.com/watch?v=6iDuKLfnzWc
Мыс (ІІ) оксидінің сутекпен тотықсыздануы

(В.В.Загорский видеосы)

https://www.youtube.com/watch?v=BJFEOuu6NeM


8.4.2.3 ауа құрамы мен жер қыртысындағы оттегінің мөлшерін білу және табиғаттағы оттегі айналымын түсіндіру


Оқушылардан 7-сыныпта өткен ауа құрамының 1/5 бөлігін оттегі құрайтынын дәлелдейтін тәжірибені еске түсіруін сұраңыз.

(D) Ауаның 1/5 бөлігін оттегі құрайтынын дәлелдейтін экспериментті көрсетіңіз. Эксперимент нәтижесін түсіндіруді сұраңыз.
(W) Оқушылармен ауа құрамына бұдан басқа қандай газдар кіретіндігі туралы талқылаңыз.
(G) Оқушыларға элемент атауы жазылған карталарды, мен олардың пайыздық мөлшерін ауа құрамы мен жер қыртысындағы мөлшерімен сәйкестендіруді ұсыныңыз (шатастырмау үшін карталар әр түрлі түспен боялған болу керек).
(I) Алынған мәліметтерді қолдана отырып, оқушылардан оттегінің ауа құрамы мен жер қыртысындағы құрамы туралы диаграмма тұрғызуды ұсыныңыз.
(W) Оқушыларға оттегінің табиғаттағы айналымы туралы презентацияны

(немесе анимацияны) көруді және оны талқылауды ұсыныңыз.
(f) Оқушыларға табиғаттағы оттек айналымы туралы схеманы құрастыру үшін

суреттер таратыңыз.


Әр аймақтың ауа құрамы өнеркәсіптік мекемелердің орналасуы т.б себептерге байланысты ерекшеленетіндігіне назар аудару керек.


Ауаның құрамы:

https://www.youtube.com/watch?v=YBP2UTf5Uyc
Теориялық материал:

http://mognovse.ru/zol-vozduh-kislorod-vozduh-stranica-3.html
Табиғаттағы оттек айналымы: https://www.youtube.com/watch?v=baaXGnXTPpI

Мультфильм: https://www.youtube.com/watch?v=AKnvjFCn-hg&nohtml5=False

8.4.2.4 оттегін алу және жинау, физикалық қасиеттерін зерттеу және оны анықтау


(G) Қай суретте оттегін жинау көрсетілген? Неліктен оттегін бұл әдіспен жинайтынын түсіндіріңіз.

Оттегі мен сутегі газдарын жинаудың қандай ерекшеліктері бар екендігі туралы оқушылармен талдаңыз.
(D) Калий перманганатының айырылу реакциясы арқылы оттегін алыңыз және оны дәлелдеңіз.
(E) Сутегі асқын тотығының марганец (IV) оксиді қатысында ыдырауы арқылы оттегін алыңыз, оған тест жасаңыз.



sҚорғаныс көзілдірігін кию керек.

 калий пермангатының айырылу реакциясын көрсеткен кезде қыздыру құралдарымен қауіпсіздік техникалық ережелерін мұқият сақтау керек.

Физикалық қасиеттерін талқылау кезінде жағдайларға (қалыпты және стандартты) назар аудару керек

Бұл зерттеуді орындағанда оқушылар білу керек:

- бұл зерттеуді жоспарлауды және жинауды дұрыс және қауіпсіз жүзеге асыру;

-экспериментті орындау алдында оның әлеуетті қауіпін анықтау;

-қажетті құралдың /қондырғының потенциалды қауіпсіздігі туралы жорамалдау.

Сутек асқын тотығының ерітіндісі, марганец (IV) оксиді, калий пермангаты, шырпы, қыздыру құралы
Оттегін КMnO4нен алу

https://www.youtube.com/watch?v=m_4hLiJso-Y

https://www.youtube.com/watch?v=XUljKiZycZA


8.4.2.5 оттегінің тотықтырғыш қасиетін зерттеу, қолданылу аймағын жорамалдау



(W) Қарапайым реакциялар мысалында «тотықтырғыш» ұғымына талдау жасаңыздар.
(D) Көмірдің, темірдің, күкірттің оттегінде жануын көрсетіңіз.
(G) оқушыларға қосымша ресурстарды қолдана отырып, қасиеті↔қолданылуы туралы постер дайындауды ұсыныңыз. Әрбір қолдану аймағына тиісті реакция теңдеуін құру керек.


көрсетілім кезінде қорғаныш көзілдірігін кию керек

 күкірттің жануы тек тартпа шкафта жүргізіледі


Темірдің оттегінде жануы

https://www.youtube.com/watch?v=5ig0BbSovjA

күкірттің оттегінде жануы

https://www.youtube.com/watch?v=QKDS39c8UF4

көмірдің оттегінде жануы

https://www.youtube.com/watch?v=cxlygMVGrqY

8.4.2.6 оттегі мен сутегінің түрлі заттармен әркеттесу мүмкіндіктерін болжау

Тақтаға бөлімдері ағылшын тілінде жазылған «қазына аралы» картасын іліңіз (немесе инреактивті тақтаға слайд дайындаңыз). «Сутегі» және «Оттегі» атты екі команданың маршрутын және олардың тапсырмаларын ойластырыңыз.
(f) Оқушылар бұрын қарастырылмаған сутегі мен оттегінің әрекеттесуінің өнімі туралы болжам жасайды.

(f) Оқушылар оттегі мен сутегінің реакциялары туралы алған білімдерін қолданып, өрмекші диаграммасын жасайды.


Көптілділікті ойын элементтерінде қолдануды ұсынылады.

Оқушыларға тақырыпты түсінуге көмектесу үшін келесі тапсырмаларды беруге болады: Сутек проксидінен, калий перманганатынан, калий нитратынан және судан оттек алыңыз. Реакцияның жүруіне қарай кестені толтырыңыз.

Қыздыру арқылы

Эл тогының қатысында

Катализатордың қатысында













Оттек пен сутектің қасиеттері:

http://qps.ru/sJQIk


8.4.2.7 оттегінің аллотропиялық түрөзгерістерін салыстыру

(W) Оқушыларға «аллотропия», «аллотроптық түр өзгеріс» түсініктері қарастырылатын тақырыппен жұмыс жасауды ұсыныңыз.
(I немесе G) «Оттек және озон» салыстырмалы кестесін толтыруды ұсыныңыз.


«Жаңбыр мен найзағай» видеоүзіндісін көрсете отырып, оқушылардан жаңбыр мен найзағайдың ассоциациясы, сезілетін ерекше иіс «таза ауа»жөнінде сұраңыз
Дарынды оқушыларға немесе топтарға ағылшын тіліндегі мәтін беріңіз.


Теориялық материал:

http://moykonspekt.ru/himiya/kislorod-ozon/


8.4.2.8 озон қабатының маңызын, оның бұзылу себептері мен салдарын түсіндіру

(G) Оқушыларға озон қабаттары туралы ақпарат ұсыныңыз (2 түрлі мақала). Алдымен мәтінмен жеке жұмыс жасайды, содан соң бір топ озон қабатының түзілуі және оның маңызы туралы, екінші топ озон қабатының бұзылуының себептері мен салдары туралы таныстырады.
(W) «Миға шабуыл»: озон қабатының бұзылуын қалай болдырмауға болады?


Оқушыларға қосымша ақпаратты мақала түрінде беруге болады, ол үшін ноутбук қолдануға, постер түрінде қорғауға мүмкіндік беріңіз.

http://sibac.info/shcoolconf/science/xv/41845

http://www.sciencedebate2008.com/ozone-hole-causes/

http://www.grandars.ru/shkola/geografiya/ozonovyy-sloy.html




8.2.3.8 қалыпты және стандартты жағдайдағы газдардың молярлық көлемін есептеулерде қолдану


(G)Температура, қысым, қалыпты және стандартты жағдайлардың өлшем бірліктері мен мәндері жазылған карталармен жұмыс ұсынылады. Картаны екі бағанға бөлу:

1) қалыпты жағдайда,

2)стандарт жағдайда (жанына өлшем бірліктерін жазу).
(W) Оқушыларға бөлме температурасында кез келген бір моль газ 24 дм3 көлем алатынын түсіндіріңіз. «Газдардың молярлық көлемі» туралы түсінік беріңіз.


Есептер шығарғанда реакцияның жүру жағдайларына ерекше көңіл бөлу керек
Оқушыларға алдымен алгоритм бойынша есепті шығарудыұсыныңыз, соңынан есепті шығаруды қиындатыңыз.

Газдардың молярлық көлемі. Авогадро заңы. Авогадро тұрақтысы бойынша теориялық материал:

http://www.hemi.nsu.ru/ucheb155.htm


8.2.3.9 газдың салыстырмалы тығыздығын есептеу

(W) Есептеулер үшін тиісті формуланы жазып, газдардың салыстырмалы тығыздығы туралы түсінік беріңіз.
(G)Газдардың салыстымалы тығыздығын есептеу үшін тура және кері бағыттағы есептерді жұпқа ұсыныңыз. Бірін- бірі тексереді, түзетеді.

Ағылшын тіліндегі есептерді шығаруды;

Күрделілігі әртүрлі есептерді ұсынуға;

Әрбір есепті белгілі бір ұпай көлемімен бағалауға болады.

Оқушылар тапсырманы таңдап, тиісті балын ала алады (валюта)

Теориялық материал. Газдардың салыстырмалы тығыздығы.

https://sites.google.com/site/himulacom/zvonok-na-urok/8-klass/urok-no60-otnositelnaa-plotnost-gazov-1

Есептің шығарылуы:

http://qps.ru/TlcYP
Теориялық материал. Газдардың салыстырмалы тығыздығы.

http://biostrov.ru/?page_id=267

8.2.3.10 реакция өнімінің немесе бастапқы реагенттердің біреуінің көлемі немесе зат мөлшері белгілі болған жағдайда белгісіз заттың көлемін, зат мөлшерін есептеу


(W) Азот пен сутек арасындағы реакцияны мысалға ала отырып, химиялық реакция теңдеулері туралы қандай мәлімет білуге болатындығын қайталаңыз.
(W) Осы реакцияны мысалға ала отырып, берілген типтегі есептерді шешудің алгоритмін құру.
(G) Алдымен жұпқа есеп беріп, шешуді сұраңыз, содан соң бірін бірі тексеруді ұсыныңыз. Содан кейін басқа топтарға есеп құрастыруды ұсыныныз.


Дифференциациялық тапсырмаларды ұсынуға болады.

Химия бойынша есептердің шығарылу алгоритмі:

http://nsportal.ru/shkola/khimiya/library/2014/03/03/algoritmy-resheniya-zadach-po-khimii

химиялық теңдеулер бойынша есептеулер (ашық сабақ)

http://festival.1september.ru/articles/612236/

8.2.3.11 әрекеттесуші заттардың тәжірибе жүзінде алынған массасы және зат мөлшерін қолдана отырып, заттың формуласын шығару

(G) Оқушылардан әрекеттесуші заттардың массасы белгілі болғанда қосылыстың молярлық массасын ескере отырып, магний оксиді тәрізді қосылыстың формуласын қалай табуға болатындығы туралы сұраңыз.
(E) Оқушылар тұрақты массаға келгенше жабық тигель ыдыста магнийді қыздырады. Қыздыруға дейінгі және кейінгі массаларын өлшей отырып, оқушылар магнийдің және реакцияға қатысқан оттегінің массасын есептей алады, сәйкесінше әрбір заттың мөлшерін және олардың қатынастарын табады.
(E немесе D оқушылардың қатысуымен) Кеңейтілген немесе баламалы: мыс (II) оксидін этанолдың буымен тұрақты массаға дейін тотықсыздандырыңыз. Алған мәліметтері бойынша оқушылар формула есептейді.
(f) Осы тақырып бойынша оқушыларға үш кілт сөз беріледі, осы сөздерді қолданып олар сөйлем құрау керек.

Оқушылардың тұрақты массаға дейін қыздыру қажеттілігін түсінгендігіне көз жетізіңіз.

 Қорғаныс көзілдірігін кию керек және қыздыру құралдарымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік техникасын сақтау
Метанол тотығуы үшін газ ағынын барынша төмендету керек, метанолдың ауамен қоспасы жылдам тұтанғыш болып келеді. Мыс оксидінің үлгісін қыздырған кезде қорғаныс көзілдірігін кию керек.

Оқушыларға қауіпсіздік техникасының ережесі толық жазылған нұсқаулық таратылуы керек.


Молкулалық формула табуға есептеулер:

http://www.mgul.ac.ru/info/fmhtd/chem/chemistry-tests.pdf


Ескерту: Зертханадағы жұмыс оқытушылар мен оқушылар үшін қауіпті болып саналады. Назарбаев Зияткерлік мектептері қауіпсіздіктің тиісті шараларын анықтап, оларды сақтауға жауапты болады. Бұл құжатта қауіпсіздік техникасы бойынша ақпарат тек жалпы түрде беріліп, не кеңесшілер не бағдарлама кеңесшілері қауіпсіздіктің тиісті шараларын қолданбау салдарына жауапты болмайды.

W = сыныппен жұмысP = жұптық жұмыс E = оқушы эксперименті

G = топтық жұмыс I = жеке жұмыс D = мұғалім көрсетілімі

f = бағалау = қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер


Химия Негізгі мектеп 8-сынып

8.3B Химиялық реакция энергетикасына кіріспе


Осыған дейін меңгерілген білім

7.2AЖану реакциясы

7.4CСалыстырмалы атомдық масса және қарапайым формулалар

7.3C Ерітінділер мен ерігіштік

Контекст

Бұл бөлім алдыңғы бөлімдердегі химиядағы энергия туралы білімді біріктіреді, оларды әрі қарай 8.2 C, 9.3А, және 10.3С-бөлімдерінде дамыту үшін синтездейді және жүйелейді. География (орман шаруашылығы, орнықтылық) және биологиямен (қоршаған ортаға әсер ету, ластану/қышқылдық жауын және т.б.) пәнаралық байланыстар бар. Сондай-ақ, энергия, энергия түрлері мен энергия ауысуына қатысты терминдер арқылы физикамен де байланыс келтіріледі.

Бұл бөлімдегі «Химия» пәнінің тілдік мақсаттары

Оқушылар үшін сәйкес академиялық тілмен берілген тіл мақсаттарының мысалы төменде келтірілген

Пәндікмақсат

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Оқушылар:

- экзотермиялық процесті білу және кейде оған қарама-қарсы (эндотермиялық) процесс жүретіндігінтүсінеді

Оқушылар:

- күнделікті өмірден «экзотермиялық» және «эндотермиялық» реакцияларға мысалдар келтіре алады

- ажырата алады


жағармай, энергия, жану процесі, температура, жылу, энергия

экзотермиялық, эндотермиялық, жылу бөліну, жылу сіңірілу



Температура төмендеді /артты, бұдан, бұл – экзо/эндотермиялық реакция.
В экзо/эндотермиялық реакцияларда жылубөлінедіақталады

Басқа тілдік мақсаттарды құру үшін және академиялық тілді оқыту мен үйретуге жататын тілді үйрету мақсаттары бойынша қосымша басшылық ретінде жоғарыда «Тілдік мақсаттар туралы» мағлұматтықараңыз. 

Қысқаша шолу

Алдыңғы жану тәжірибелерінен оқушылар осындай процестер кезінде энергия бөлінетінін және осы реакциялар өнімдері оксидтер болып табылатынын түсінетін болады. Олар толық жанбау жағдайында иіс газының түзілетінін еске түсіреді. Олар эндотермиялық реакциялардың болатындығымен танысады. Отындардың әр түрлерін қарастырып,оларды бөлінген энергия, тұрақтылық, тазалық дәрежесі және т.б. бойынша салыстырады және химиялық реакциялар кезінде энергия сақталады деген түсінікке келеді. Химиялық реакцияда энергия сақталуын түсіндіру үшін қарапайым бөлшектер теориясы пайдаланылады.





Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқыту ресурстары




8.3.1.1 заттар жанған кезде энергия бөлінетіндігін білу


(f) Оқушылардың алдындағы бөлімде қарастырылған жану процесін түсінуін тексеру үшін сауал мен жауаптар пайдаланыңыз. «Бағдаршам» карточкаларын пайдаланыңыз.

(G) Оқушылардан жанудың белгілері мен энергия бөліну тізімін құрауды сұраңыз.

(G) Оқушылардан химиялық реакция кезінде бастапқы затардағы «ескі» байланыстардың үзілуіне қарағанда жаңа байланыстарды түзу барысында көп мөлшерде энергия бөлінуге қатысты мысалдар келтіруін сұраңыз (Мысал ретінде жану немесе органикалық заттардың тотығу реакциясын келтіруге болады).

Қыздыруды зерттеу кезінде энергияның түрлі формаларына және олардың бір-біріне айналуына назар аудару керек.

Оқушыларға отынның тиімділігіне байланысты (өзіңіз құрастыруға болады) кез-келген өндірістік есептерді ұсынуға болады.


Жану реакциясы:

https://www.youtube.com/watch?v=YjuFjtlSmyg
http://www.wdcb.ru/mining/sprav/document/reorg/reorg_of_energy.html


8.3.1.2 экзотермиялық және эндотермиялық процестерді ажырату



(E) Магнийдің тұз қышқылымен және аммоний нитратының сумен реакциясы кезінде температураның қалай өзгеретіндігін зерттеңіздер.

Талқылау:

Магний мен тұз қышқылы реакциясы кезінде энергияда қандай өзгеріс болды?

Аммоний нитратының сумен реакциясы кезінде энергияда қандай өзгеріс болды?
(W) «Экзотермиялық реакция» ұғымын енгізіңіз және түсіндіріңіз.
(G) Талқылау: Барлық химиялық реакцияларда энергия өзгерісі байқалады ма? Барлық реакциялар экзотермиялық болып табылады ма? Қарама –қайшы мысалдар келтіруді сұраңыз.

(W) Оқушылардың эндотермиялық және экзотермиялық реакцияларды ажырата алатындығын тексеріңіз ( мысалы көмірдің жануы, шіру, фотосинтез, тынысалу, соданың сірке қышқылында сөндірілуі, найзағай кезінде озонның түзілуі т.б).
(D немесе E) Төменде берілген реакция мысалдарын экзотермиялық және эндотермиялық деп екі бағанға жіктеңіздер: натрий карбонатының сұйылтылған сірке қышқылымен әрекеттесуі, аммоний хлоридінің суда еруі, лимон қышқылы ерітіндісі мен натрий гидрокарбонатының әрекеттесуі.
(G) Нәтижелерді талқылаңыз – температураның төмендеуі жүйенің процесс барысында энергияны«қабылдағанын» білдіреді. «Эндотермиялық» ұғымын енгізіңіз.
(f) Бекіту тапсырмасы «бес жауап». Тақтағажоғарыда аталған жұмыстар бойынша бес жауап ілінеді, ал оқушылар осы жауаптарға сәйкес сұрақтар дайындайды.


Кейбір оқушылар мысал ретінде балқу, қайнау, булану үдерістерін атауы мүмкін. Бұл пайдалы мысалдар, бірақ олардың химиялық емес, физикалық құбылыс екендігін атап көрсетіңіз

Реактивтер: натрий карбонаты, сұйылтылған сәрке қышқылы, калий хлориді, лимон қышқылы ерітіндісі, натрий гидрокарбонаты, магний, сұйылтылған тұз қышқылы, аммоний хлориді.

Сынауықтар, сынауыққа арналған тұрғы .
Экзо- және эндотермиялық реакциялар: https://www.youtube.com/watch?v=evjuf4oJNQM
Экзотермиялық процесс: https://www.youtube.com/watch?v=Gg2Dt8gwRng
Эндотермиялық процесс: https://www.youtube.com/watch?v=31v1UNxqwq8
Галилео тәжірибесі: Эндотермиялық реакция https://www.youtube.com/watch?v=0L9K8w73hVY





8.3.1.3 химиялық реакциядағы энергияның сақталуын және айналуын түсіндіру


(W) Физикада зерттелетін энергияның сақталуына еске түсіріңіздер. Энергияның сақталуына мысал келтіріңіздер.

Алдыңғы тәжірибе нәтижесін/кемшіліктерін талқылау химиялық реакциялардағы энергияның сақталуын түсінуге әкеледі

(G немесе I) Мынаған ұқсас жазбаша тапсырма:

http://downloads.bbc. co.uk/schools/teachers/ ks3bitesize/worksheets/ energyresources.pdf

(I) Химияда энергияны сақтау бойынша «5-5-1» немесе «3-3-1» бекіту тапсырмасы.


«Бес» (3) сөйлеммен бүгінгі күні үйренген туралы қорытынды жасаңыз, сосын оларды бес (3) сөзге дейін қысқартыңыз және кейіннен барлығын бір түйінді сөзге келтіріңіз.

Оқушының жаңартылған толық анықтамалығы 5-11 классы. В 2 тт, Том 1 Стр. 148

Массаның және энергияның сақталу заңы: http://www.himhelp.ru/section23/section1/section3/

Химиялық реакция жүрудің негізгі заңдылықтарыhttp://alnam.ru/book_chem.php?id=53

8.3.1.4 бөлшектер теориясы тұрғысынан реакция процесіндегі энергия өзгерісін түсіндіру

(W) Физикалық құбылыстарда энергияның өзгеруін бөлшектер теориясы тұрғысынан қалай түсіндіретіндігі туралы талқылаңыз: обьектіні қыздырғанда бөлшектердің қозғалысы белсенді бола бастайды да, соның нәтижесінде олар энергия жасақтайды. Салқындаған кезде бөлшектер қозғалысы баяулайды, бұл кезде олар энергия.
(G) Сызба бойынша жұпта жұмыс жасау.




(W) Химиялық реакция кезінде энергияның өзгерісін бөлшектер теориясы тұрғысынан қалай түсіндіруге болатындығы туралы талқылаңыз: атомдар/иондардың топтасуы, байланыстың үзілуі және жаңа байланыстар мен жаңа бөлшектердің қалыптасуы.


Күнделікті өмірден мысалдар келтіре отырып, химиялық және физикалық реакциялардың белгілерін оқушылармен бірге қайталаңыз.

Теориялық материал: https://www.le.ac.uk/se/centres/sci/selfstudy/particle02.html
Теориялық материал:https://www.le.ac.uk/se/centres/sci/selfstudy/particle03.html#chemicalchanges


8.3.1.5 түрлі отындардың потенциалын, сонымен қатар, олардың қоршаған ортаға әсерін бағалау



(G) Оқушылардан сұраққа жауап беруін сұраңыз:түрлі отын жануы кезінде бірдей энергия көлемінің бөліну ықтималдығы бар ма? Бұны қалай тексере аламыз?

Түрлі отынның жануы кезінде энергияның бірдей мөлшері бөліне ме?
(E) Оқушылар берілген су мөлшерін қыздыруға (немесе қайнатуға) қанша уақыт қажет екендігін анықтау үшін сұйық отынның әр түрі толтырылған спиртшамдарды пайдаланады. Егер уақыт аз болса, топтар бір ғана отын түрін қарастырып, нәтижелерімен бөлісе алады (немесе егер жанғыштық бірнеше топпен зерттелсе, орташа санмен шығарыла алады).
(G) Осы тәжірибенің жүйелі қателігін азайту туралы пікірталас өте тиімді. Отын пайдалану тиімділігін зерттеу үшін қандай сұрақтарды қарастырған дұрыс?

Оқушылар «ғылыми әдіс» проблемаларын ескеретініне көз жеткізіңіз: айнымалыларды анықтау, нақты зерттеу және т.б. Үлгерімі жақсы топтар пайдаланылған отын мөлшерін анықтау үшін реакцияға дейін және кейін спиртті өлшеуді ұсынулары мүмкін. Егер олар оны жасаса, оларға кедергі жасамаңыз!
Метанол, этанол, пропанол, бутанол, гексан (парафин сияқты басқалары).

s Спиртшамдар шыныдан жасалған және жанғыш заттың айтарлықтай мөлшеріне ие. Өте сақ болу керек. Қорғаныс көзілдірігін кию керек.
Қыздыру тиімділігі қарастырылады (шам ашық сынауықтың небәрі шамамен 10% -ін қыздырады).

Сұйық отын: метанол, этанол, пропанол, бутанол, гексан, парафин т.б, су

Спиртшамдар, сынауықтар, сынауық ұстағыштар, сағаттар, таразылар

http://inteleducationresources.intel.co.uk/content/primary/science/fossil_fuels/index.html




8.3.1.6 парникті әсердің пайда болу себептері мен салдарларын түсіндіру

(W) Түсіндіру үшін видео немесе слайд презентацияны қолданыңыз: жылыжайда өсімдіктер қаншалықты жақсы өседі? Талқылау: неліктен жылыжайда өсімдік жақсы өседі?

(E) Оқушылар парниктік әсерді көрсету үшін 2 литрлік сусынның бөтелкесін қолданады.
(W) Оқушылармен нәтижесін талдаңыз және неліктен «парник» жұмыс жасайды болжамын дамытыңыз.

(W) Жер атмосферасы табиғи парникке ие екендігін түсіндіріңіз.
(I немесе G) берілген кестеге оқушылар 18 ғасырдың ортасынан бастап қазіргі уақытқа дейін (олар 50 жасқа келгендегі уақытты ) көмірқышқыл газының өсу деңгейін тіркейді. Талқылау:Заттың орнын өзгерту үшін қандай да бір іс-әрекет қолданылады ма?
(G) Оқушылар көмірқышқыл газының өсу себебі мен оның салдарын зерттейді.
(W) Көмірқышқыл газының мөлшерін қалай тұрақтандыруға немесе азайтуға болатындығын түсіндіріңіз.
(I, f) Оқушылар жаhандық жылыну туралы зерттейді және оның он (10) оң әсері мен теріс әсерлерінің тізімін құрады.


Оқушыға арналған сәйкес әдістемелік пен жұмыс парағы 47-бет.

Оқушылар негізгі «парниктік газдар» туралы білу керек

Оқушыларға 1974 пен 1995 жылдар аралығындағы атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері туралы тиісті жиынтықты ұсыныңыз.

45-47беттерде тәжірибеге сипаттама берілген

http://spice.wa.edu.au/wp-content/uploads/2014/12/Climate-change-and-the-greenhouse-effect.pdf
Парниктік әсер бойынша теориялық матеиал
https://ipcc.ch/publications_and_data/ar4/wg1/ru/faq-1-3.html
Ғаламдық жылыну мен парниктік әсер: http://www.grandars.ru/shkola/geografiya/parnikovyy-effekt.html
Парниктік әсердің себептері мен салдары:

http://www.sciencedebate2008.com/greenhouse-effect/
Парниктік әсер видео: https://www.youtube.com/watch?v=PQdbQhf_6pE
Парниктік әсер видеосабақ:

https://www.youtube.com/watch?v=8GtJFzytW_s





8.3.1.7 коррозия, жану және тыныс алу процестерін салыстыру


(f) (W - I) Жану, тынысалу, коррозия процестерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдаңыздар. Оқушылар салыстырмалы кесте құрады.

(f) (I) Оқушылардың жану мен коррозияны салыстыру материалын меңгергенін тексеру үшін «үлкен саусақ» көмегімен сауалнама жүргізіңіз.

(P) Оқушыларға берілген тақырып бойынша ребус, сөзжұмбақ ұсыныңыз.

(P)Оқушылардан жоғарыда аталған үш процестің ұқсастығы мен ерекшелігін салыстыра отырып Венн диаграммасын құрастыруды сұраңыз.


Аталған жұмысты жұпта өткізуге болады. Әр жұп тек бір ғана процестің ерекшелігін еске түсіре отырып, содан соң басқа топ ішіндеалынған ақпаратпен алмаса отырып салыстыру кестесін толтырады. Іс-әрекеттің жоспарлануына, тұжырымдамалардың өзара алмасуына ерекше көңіл бөлу қажет!

Тынысалу мен жануды салыстыру:

http://rpg.lv/node/1368?video_id=11785





8.2.3.12 термохимиялық теңдеулер бойынша жылу мөлшерін есептеу

(W) Термохимиялық теңдеулер бойынша жылу мөлшерін табуға бір есеп шығарады содан соң оған қарама-қарсы бағыттағы есептеу жүргізеді ( белгілі зат мөлшері бойынша термохимиялық теңдеулерді құру немесе жылу эффектісін табу).
(G) Оқушылар жұпта немесе топта реагенттің белгілі массасы, көлемі, мөлшері бойынша жылу мөлшерін табуға берілген есептерді шығарады).

Топтық жұмыс негізінде дифференциациялық тапсырмаларды ұсынуға болады

Химия. Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер. https://www.youtube.com/watch?v=XFDv8WwNuM0
Химиялық реакциялардың жылу эффектсі:

http://festival.1september.ru/articles/636767/

http://foxford.ru/wiki/himiya/raschety-po-termohimicheskim-uravneniyam