Файл: Химия пні бойынша оу жоспары 8 сынып Астана 2018 Мазмны.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 111
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламасы –
NIS-Programme
«Химия» пәні бойынша оқу жоспары
8 сынып
Астана 2018
Мазмұны
Ұзақ мерзімді жоспар 5
Тілдік мақсаттар туралы 6
Орта мерзімді жоспар 8
8.1А Атомда электрондардың орналасуы 8
8.1B Металдардың химиялық белсенділігі 16
8.2А Металдардың белсенділік қатары 22
8.2В Химиялықреакцияжылдамдығы 27
8.3A Сутегі және оттегі 35
8.3B Химиялық реакция энергетикасына кіріспе 36
8.3C Қайтымды реакциялар 36
8.4АКөміртегі және оның қосылыстары 36
8.4В Су 36
Сабақ жоспары 38
41
Ұзақ мерзімді жоспар
Сынып: 8
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі | Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны | Оқыту мақсаттары | ||
1‑тоқсан | ||||
8.1A Атомда электрондардың орналасуы (12 с) |
түзілуі;
| 8.1.3.1 атомда электрондар ядродан арақашықтықтың өсуі ретімен электрон қабаты бойынша біртіндеп орналасуын түсіну | ||
8.1.3.2 әрбір электрон қабатындағы электрон сандары белгілі максимал мәннен аспайтындығын түсіну | ||||
8.1.3.3 алғашқы 20 элементтің электрондық формуласын құру | ||||
8.1.3.4 периодтар мен топтар бойынша элементтер құрылысы мен қасиеттерінің өзгеру сипатын түсіну | ||||
8.1.3.5 элемент атомы сыртқы электрон қабатын аяқтау үшін электрондарды қабылдай немесе жоғалта алатындығын және осының нәтижесінде ион түзілетінін түсіну | ||||
8.1.3.6 атомдардың сыртқы қабатын толтыру кезінде ионға айналатынын түсіну | ||||
8.1.3.7 иондардың зарядтарының мәндерін қолдану негізінде қосылыстар формуласын жазу мүмкін екендігін түсіну | ||||
8.2.3.1 қосылыстар құрамындағы элементтердің массалық үлесін есептеу және элементтердің массалық үлесі бойынша зат формуласын шығару | ||||
8.1.1.1 құрылымдық бөлшектер саны ретінде мольді білу және оны есептеулерде қолдану | ||||
8.1.1.2 формула бойынша құрылымдық бөлшектер санын, молярлық массасын, зат мөлшерін және массасын есептеу | ||||
8.1B Металдардың химиялық белсенділігі (10 с) |
| 8.2.4.1 металдардың көне дәуірден белгілі болғанын және кейбір металл артефактілердің сақталғандығын білу | ||
8.2.4.2 металдар коррозиясы процесіне әсер етуші жағдайларды білу және зерттеу | ||||
8.2.4.3 белсенді металдардың салқын сумен, ыстық сумен және бумен әрекеттесу реакцияларын зерттеу және металдардың белсенділік қатарын құру | ||||
8.2.3.2 белсенді металдардың оттегімен және сумен реакциясының, темір корозиясының химиялық реакция теңдеулерін құру | ||||
8.2.3.3 реагенттердің зат мөлшері қатынасын тәжірибелік жолмен анықтау | ||||
8.2.3.4 химиялық реакция теңдеуі бойынша массаның сақталу заңын дәлелдеу | ||||
8.2.3.5 өнімнің немесе реагенттердің белгілі массасы бойынша өнімнің немесе реагенттердің массаларын есептеу | ||||
2-тоқсан | ||||
8.2A Металдардың белсенділік қатары (12 с) |
| 8.2.4.4 металдар белсенділігін қышқыл ерітінділерімен әрекеттестіру реакциясында зерттеу | ||
8.2.4.5 белсенділігі жоғары металдар белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарының ерітіндісінен ығыстырып шығаратындығын түсіну | ||||
8.2.4.6 металдардың тұз ерітінділерімен орынбасу реакцияларын жоспарлау және зерттеу | ||||
8.2.4.7 металдардың сумен, қышқыл және тұз ерітінділерімен реакциялары негізінде, металдар белсенділігінің жалпылама қатарын құру | ||||
8.2.4.8 белгісіз реакциялардың жүру мүмкіндігін металдардың белсенділік қатарын қолдана отырып болжау | ||||
8.2.3.6 металдардың қышқыл және тұз ерітінділерімен химиялық реакция теңдеулерін құру | ||||
8.2.3.7 өнімнің немесе реагенттердің белгілі массасы бойынша өнімнің немесе реагенттердің зат мөлшерін есептеу | ||||
8.2B Химиялық реакция жылдамдығы (11 с) |
| 8.3.2.1 химиялық реакциялар әртүрлі жылдамдықпен жүруі мүмкін екендігін түсіну | ||
8.3.2.2 химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды болжау | ||||
8.3.2.3 химиялық реакция жылдамдығына температура өзгерісінің әсерін бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіру | ||||
8.3.2.4 химиялық реакция жылдамдығына концентрацияның әсерін түсіндіру | ||||
8.3.2.5 химиялық реакция жылдамдығына әрекеттесуші заттардың жанасу ауданының, бөлшектер өлшемінің әсерін түсіндіру | ||||
8.3.2.6 реакция жылдамдығына түрлі факторлардың әсерін қорытындылау және бақылаған өзгерістерді бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіру | ||||
3-тоқсан | ||||
8.3A Сутек. Оттек (12 с) |
| 8.4.2.1 сутекті алу және жинау, физикалық қасиетін зерттеу және оны анықтау | ||
8.4.2.2 сутектің тотықсыздандырғыш қасиетін зерттеу және қолдану аймағын болжау | ||||
8.4.2.3 ауа құрамы мен жер қыртысындағы оттектің мөлшерін білу және табиғаттағы оттек айналымын түсіндіру | ||||
8.4.2.4 оттекті алу және жинау, физикалық қасиеттерін зерттеу және оны анықтау қолданылу аймағын жорамалдау | ||||
8.4.2.5 оттектің тотықтырғыш қасиетін зерттеу және қолдану аймағын болжау | ||||
8.4.2.6 оттек пен сутектің түрлі заттармен әркеттесу мүмкіндіктерін болжау | ||||
8.4.2.7 оттектің аллотропиялық түрөзгерістерін салыстыру | ||||
8.4.2.8 озон қабатының маңызын, оның бұзылу себептері мен салдарын түсіндіру | ||||
8.2.3.8 қалыпты және стандартты жағдайдағы газдардың молярлық көлемін есептеулерде қолдану | ||||
8.2.3.9 газдың салыстырмалы тығыздығын есептеу | ||||
8.2.3.10 реакция өнімінің немесе бастапқы реагенттердің біреуінің көлемі немесе зат мөлшері белгілі болған жағдайда белгісіз заттың көлемін, зат мөлшерін есептеу | ||||
8.2.3.11 әрекеттесуші заттардың тәжірибе жүзінде алынған массасы және зат мөлшерін қолдана отырып, заттың формуласын шығару | ||||
8.3В Химиялық реакция энергетикасына кіріспе (9 с) |
| 8.3.1.1 заттар жанған кезде энергия бөлінетіндігін білу | ||
8.3.1.2 экзотермиялық және эндотермиялық процестерді ажырату | ||||
8.3.1.3 химиялық реакциядағы энергияның сақталуын және айналуын түсіндіру | ||||
8.3.1.4 бөлшектер теориясы тұрғысынан реакция процесіндегі энергия өзгерісін түсіндіру | ||||
8.3.1.5 түрлі отындардың потенциалын, сонымен қатар, олардың қоршаған ортаға әсерін бағалау | ||||
8.3.1.6 парникті әсердің пайда болу себептері мен салдарларын түсіндіру | ||||
8.3.1.7 коррозия, жану және тыныс алу процестерін салыстыру | ||||
8.2.3.12 термохимиялық теңдеулер бойынша жылу мөлшерін есептеу | ||||
8.3С Қайтымды реакциялар (9 с) |
| 8.3.3.1 жағдайлардың өзгеруі әсерінен кейбір реакциялардың қайтымды болуы мүмкін екендігін түсіндіру | ||
8.3.3.2 химиялық тепе – теңдікті динамикалық үдеріс ретінде түсіну | ||||
8.3.3.3 химиялық тепе-теңдікті бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіру | ||||
8.3.3.4 химиялық тепе ‑теңдіктің ығысуына әсер ететін факторларды білу | ||||
8.3.3.5 химиялық тепе-теңдіктің ығысу бағытын Ле-Шателье принципіне сай болжау | ||||
8.3.3.6 химиялық реакция жылдамдығы мен химиялық тепе – теңдік күйіне факторлардың түрліше әсер етуін түсіндіру | ||||
4- тоқсан | ||||
8.4А Көміртегі және оның қосылыстары (15 с) | • Көміртегі және оның қосылыстарының табиғатта таралуы; • Көміртегінің жалпы сипаттамасы; • Көміртегінің аллотропиялық түр өзгерістері •Көміртегінің физикалық және химиялық қасиеттері;
| 8.4.3.1 көміртегі атомының электрондық конфигурациясын құру | ||
8.4.3.2 көміртегі көптеген қосылыстарында неліктен төрт байланыс түзетіндігін түсіндіру | ||||
8.4.3.3 көміртегі және оның қосылыстарының табиғатта таралуын білу | ||||
8.4.3.4 Қазақстандағы көміртегі және оның қосылыстарының кен орындарын білу | ||||
8.4.3.5 көміртегінің аллотропиялық түрөзгерістерін салыстыру | ||||
8.4.3.6 көміртегінің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу | ||||
8.4.3.7 көміртекті отындар оттегінде жану кезінде көміртегі монооксидін немесе көміртегін түзуі мүмкін екендігін түсіну | ||||
8.4.3.8 көміртек монооксидінің физиологиялық әсерін түсіндіру | ||||
8.4.3.9 көмірқышқыл газын алу және жинау, қасиеттерін зерттеу және оны анықтау | ||||
8.4.3.10 табиғаттағы көміртегі айналымын түсіндіру | ||||
8.4.3.11 көміртегінің табиғи қосылыстарының маңызын түсіндіру | ||||
8.2.3.13 реагенттің және өнімнің белгілі көлемі, мөлшері, массасы бойынша заттың массасын, мөлшерін және көлемін есептеу | ||||
8.4В Су (12 с) | • Табиғаттағы су; • Өмір үшін судың ролі; • Судың бірегей қасиеттері; • Судың ластану себептері; • Табиғаттағы су айналымы; • Қышқыл жаңбырлар; •Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер. | 8.4.2.9 судың сутек оксиді болып табылатынын білу 8.4.2.10 судың бірегей қасиеттерін түсіндіру | ||
8.4.2.11 заттардың қайнау нүктесін ‑ олардың тазалық көрсеткіші ретінде түсіну және судың қайнау нүктесін тәжірибелік жолмен анықтау | ||||
8.4.2.12 негіздік және қышқылдық оксидтердің сумен реакция теңдеулерін құру 8.4.2.13 табиғаттағы су айналымын түсіндіру | ||||
8.4.2.14 судың ластану көздерін білу және қоршаған ортаға тигізетін салдарын түсіндіру | ||||
8.4.2.15 қышқылдық жаңбырлардың түзілуін түсіндіру | ||||
8.4.2.16 суды тазалау әдістерін білу | ||||
8.2.3.14 ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін есептеу |
Тілдік мақсаттар туралы
Пән мазмұнын екінші не үшінші тіл арқылы оқытуда Зияткерлік мектептер пән мазмұны мен тілді оқып үйренуге тең қолдау көрсетілетін оқу ортасын құруға ұмтылады. Әр пәннің өз тілдік стилі бар, оны нақты бір пәннің «ғылыми тілі» деп атауға болады. Ғылыми тіл – пәннің мазмұнын оқып үйрену және ойлау мен пәндік мазмұнның негізгі ұғымдарымен жұмыс істеу қабілетін жақсарту үшін қолданылатын негізгі құрал. Екінші не үшінші тіл арқылы оқитын оқушылардың көпшілігіне олардың ғылыми тіл мен пән мазмұнын игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет. Үштілді білім беру контексінде бірінші тілдегі ғылыми тілдің дамуы да тұрақты назарды талап етеді. Сондықтан, бірінші тіл арқылы оқуға берілетін шектеулі уақытты тиімді және нәтижелі қолдану керек.
Тілдік мақсаттар ғылыми тілді үйрену үшін маңызды құрал болып табылады. Оқушылардың өздерінен не күтілетіндігін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына тікелей байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар оқытушылар мен оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға, өлшеуге және қолдауға көмектеседі. Пәндік мазмұнды оқытуға, әрі ғылыми тілді үйретуге тұрақты екі бағытты ұстанатын пән мұғалімдері оқушыларға үлгі көрсетіп, пән мен тілді қатар алып жүруге көмектеседі.
Ғылыми тілді оқып үйренуді қолдау үшін оқытушыларға оқу жоспарларына мынадай тілдік мақсаттарды қосу ұсынылады:
• оқушылардың назарын ғылыми тілге аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті терминология мен тіркестері бар лексика);
• сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдарын қолдануға қажетті жұмыс тілін қалыптастыру (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті тіркестері);
• сабақ барысында лексиканы, оның ішінде терминология мен тіркестерді орынды пайдалану үшін оларды алдын ала оқыту кезеңінде тиімді қолдану;
• оқушылардың тілдік дағдының төртеуін де түрлі әрекеттерде (мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым,тыңдалым-жазылым және т.б.) әртүрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдану;
• оқушыларды пікірталас, диалогтарға тарту (мысалы, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау және жауаптары тек білімді ғана көрсететін сұрақтар қоймау; оқушыларды өз білімін нәтижелі талқылау үшін пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ оқушылар диалогқа қатыса алуы үшін қажет бай сөздік қормен қамтамасыз ету);
• белгілі бір тілге тән дағдыларды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті алу үшін тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метакогнитивтік танымды дамыту, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары);
• тіл туралы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (мысалы, тілдерді салыстыру, оқушылардың тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді меңгерудегі жетістіктерін бағалау);
• сабақтың басында тілдік мақсатты белгілеу, сабақтың соңында осы мақсат бойынша қол жеткізілген жетістіктерді талқылау.
Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген. Тілдік мақсат үлгісі сонымен бірге ғылыми тілдің құрамдас бөліктерін қамтиды, оны пайдалану мен есте сақтауға оқушылардың назарын аудару маңызды. Олар келесі тақырыпшалар арқылы көрсетілген:
(1) пәнге тән арнайы лексика және терминология,
(2) диалог/жазылым үшін қажетті тіркестер. Берілген тіл оқушылар үшін түсінікті әрі анық болса, бұл олардың пәндік мақсаттар мен тілдік мақсаттарға қол жеткізулеріне көмектеседі.
Тілдік мақсаттарды құру үшін келесі етістіктерді пайдалануға болады: талдау, санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, сәйкестендіру, көшіру, құру, сынау, анықтау, сипаттау, құрастыру, бағалау, түсіндіру, мысалдар келтіру, болжау, анықтау, негіздеу, келіссөздер жүргізу, болжау, өндіру, балама шешімдер ұсыну, себептерді түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, қайта қарап шығу, көшіріп алу, рөлдік ойындар ойнау, қорытындылау, синтездеу және жазу, әртүрлі мақсаттар үшін пайдалану, өз сөзімен анықтама жазу, безендіру.
Кейбір тілдік мақсаттардың пән мазмұнынының оқу мақсаты деп те қарастыруға болатынына қарамастан, мазмұн мен тілдің бөлінуі оқушылардың мазмұнға да, тілге де бірдей назар аударуларына ықпал етеді. Бұл, сонымен қатар, жауаптар/шешімдерге және үдерістерге теңдей назар аударуға көмектеседі. Атап айтқанда, осы үдерістерге назар аудару тілдің дұрыс қолданылуы мен ойлау әрекетінің жақсаруына жағдай жасайды.
Тілдік емес пәндердің оқыту мақсаттарының көпшілігі мазмұнға негізделеді, бірақ кем дегенде бір мақсатты тілді дамытуға арнау қажет.
.
Орта мерзімді жоспар
1-тоқсан | |||
Химия Негізгі мектеп 8-сынып | |||
8.1А Атомда электрондардың орналасуы | |||
Осығандейінмеңгерілгенбілім | |||
7.4А Атом құрылысы | |||
Контекст | |||
Бұл бөлім оқушыларды алғашқы 20 элементтің электрондық және электронды құрылымдық формулаларын жазуға және стехиометриялық есептеулер жүргізуге әкеледі. | |||
Бұл бөлімдегі «Химия» пәнінің тілдік мақсаттары | |||
Оқушылар үшін сәйкес академиялық тілмен берілген тіл мақсаттарының мысалы төменде келтірілген | |||
Пәндік мақсат | Тілдік мақсат | Пәнгеқатысты лексика мен терминология | Диалогқа/жазылымғақажеттітіркестер |
Оқушылар: - атомда электрондар қабаттардың ядродан қашықтықтары арту ретімен орналасатындығын түсіну | Оқушылар: - атомды ауызша сипаттау және энергетикалық деңгейлерге сәйкес ядро айналасында электрондардың таралуы үшін арнайы лексиканы пайдаланады | атом, электрондық қабат, энергетикалық деңгей, жүйелік, топ, қашықтық жуық, барынша алшақ, ішкі, сыртқы орбиталь (s,p), ядро, | Бұл атом ядросы, ал бұл электрон. Электрондарәртүрлі энергияға иежәнеэнергияларынасәйкесбелгіліқабаттардатаралған. Электрондар қабаты атом ядросынан жақын/алыс орналасқан Қай электронда энергия көп/аз? |
Басқа тілдік мақсаттарды құру үшін және академиялық тілді оқыту мен үйретуге жататын тілді үйрету мақсаттары бойынша қосымша басшылық ретінде жоғарыда «Тілдік мақсаттар туралы» кіріспені қараңыз | |||
Қысқашашолу | |||
Оқушылар атомдағы электрондар орналасуының қарапайым үлгісімен танысады. Пәнді химияны әрі қарай үйренуде мүмкін қиындықтарды болдырмау үшін терминология тыңғылықты іріктелуі керек. Атомдағы электрондардың орналасуы химияны үйрену үшін пайдалы модель болып табылады, бірақ ол электрон табиғатының шынайы кескіні емес екенін атап кету керек. |