Файл: Химия пні бойынша оу жоспары 8 сынып Астана 2018 Мазмны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 114

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Оқубағдарламасынасілтеме

Оқумақсаттары

Ұсынылатыноқытуіс-әрекеттері

Мұғалімгеарналғанескертпелер

Оқытуресурстары




8.1.3.1 атомда электрондар ядродан арақашықтықтың өсу ретімен электрон қабаты бойынша біртіндеп орналасуын түсіну



(f) Бірінші 20 элементтегі электрондар санын тексеру үшін мини планшет тақталарментест өткізіледі.
(W) Атомдағы барлық электрондар бірдей емес – олар түрлі энергияға ие және нақты қабаттарға энергияларына сәйкес таралатындықтарын түсіндіріңіз.
(G)Оқушыларға бірнеше элементтің формуласын ұсыныңыз, олар протон және нейтрон сандарының өсуі бойынша осы элементтерді орналастырып шығуы тиіс.


Тестті орындау барысында төмендегі тіркестерді қолдануды ұсыныңыз

«Менде … электрон – мен қай элементпін?», «Менің символым … - мен кіммін?», және т.б.
«Орбита» сөзін пайдаланбауға тырысыңыз, себебі оны жоғары мектепте «орбиталь» сөзімен шатастыруға болады. «Күн мен планеталар» үлгісін қате түсінігіне әкелетін анимациялық диаграммалар пайдаланбаңыз. Жалғыз пайдалы диаграмма оқушылардың өздері салатын суреті екенін түсіндіріңіз.


ВВСдағы материал
http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/science/add_ocr_pre_2011/periodic_table/electronsrev1.shtml

Атом моделін жасауға арналған материал, түсті қарындаштар.

https://www.youtube.com/watch?v=bxSuxaAVhBQ






8.1.3.2 әрбір электрон қабатындағы электрон сандары белгілі максимал мәннен аспайтындығын түсіну


(W) Оқушылармен кішкене және үлкен столдарға қанша қонақ сиятындығы туралы талқылаңыз, бұны электрондардың энергетикалық деңгейлер жазықтығына таралуына айналдырыңыз.
(I) Оқушылардан N=2n2 формуласын қолданып, электрондардың энергетикалық деңгейлерде таралуының максималды санын есептеуді сұраңыз.
(I) (f) Алғашқы 20 элемент үшін электрондардың энергетикалық деңгейлерде орналасуын жазуды сұраңыз.

Оқушыларға бірнеше элементтердің құрылысының дайын сызбасын ұсыныңыз, олар бұл сызбаға түсіндірме берулері қажет. Содан соң оқушылар өздігінен бірқатар элементтердің құрылысының сызбасын құрастырулары қажет.
Жалғыз пайдалы диаграмма -ол оқушылардың өздерінің салған диаграммасы екендігін түсіндіріңіз


Атомдардың электрондық құрылысы:

https://www.youtube.com/watch?v=B6XEB6_gbdI

Видео сабақ

http://qps.ru/MoH85






8.1.3.3 алғашқы 20 элементтің электрондық формуласын құру

(W) Оқушылармен алғашқы энергетикалық деңгей бірs деңгейшеден, ал екінші энергетикалық деңгей екі деңгейшеден (s, p) тұратындығын талқылаңыз.
(I) Оқушыларданүшінші және төртінші энергетикалық деңгейлерқанша деңгейшелерден тұратындығына болжам жасауларын сұраңыз. Электрондар әр түрлі энергия қорларына және осы энергияға байланысты олар белгілі бір қабаттарға (энергетикалық деңгейлер мен деңгейшелерге) таралады.
(I) Оқушылардан алғашқы 20 элементтің электронды және электронды графикалық формулаларын құрастыруды сұраңыз.

Формула құрастыру үшін шағын тақталарда активити жүргізуге болады.
Бірнеше элементтердің электрондық формуласын ұсына отырып, оқушылардан берілген сызба қай элементке сәйкес келетінін анықтап, олардың ұқсастығы мен ерекшеліктерін атап беруді сұраңыз.

Электрондық формула құрастыру кезінде оқушылар қолдана алады http://www.xumuk.ru/esa/





8.1.3.4 периодтар мен топтар бойынша элементтер құрылысы мен қасиеттерінің өзгеру сипатын түсіну

(W) Оқушылармен периодтар мен топтарда элементтердің металдық және бейметалдық қасиеттерінің қалай өзгеретіндігін сәйкесінше видеоны қолдана отырып талқылаңыз.
(G) топ оқушыларынан периодтар мен топтардағы элементтер қасиеттері өзгеруінің себебін анықтауды сұраңыз.

(G)Әр топқа химиялық элементтері көрсетілген карточкалар таратып беріңіз,оларға әрбір элементті металдық/бейметалдық қасиеттерінің өсуі бойынша орналастырып шығуға тапсырма беріңіз, жауаптарын түсіндіруді сұраңыз.


Тек металдық және бейметалдық қасиеттерді қарастыру керек.
Әр топтан 2 элементтен ұсынып көріңіз, оқушылар олардың қайсысында металдық не бейметалдық қасиет басым екенін табулары тиіс.

Бірқатар тәжірибелердің сипаттамасы:

http://experiment.edu.ru/catalog.asp?ob_no=12804
http://qps.ru/3AIlR
http://qps.ru/Ce8Yx





8.1.3.5 элемент атомы сыртқы электрон қабатын аяқтау үшін электрондарды қабылдай немесе жоғалта алатындығын және осының нәтижесінде ион түзілетінін түсіну


(W) Аяқталған сыртқы қабат атомды белсенді етпейтінін түсіндіріңіз.
(W)Асыл (инертті) газдар – 18 топ элементтері туралы тиісті бейнематериалды пайдаланып қысқаша айтыңыз. Олардың төменгі белсенділігіне баса назар аударыңыз. Оқушылардан олардың ортақ ұқсастықтарын сұраңыз (толық сыртқы электрондық қабат).

Сондықтан атомдар электрондарды қосып немесе беріп өзінің сыртқы қабатын толтырады, нәтижесінде қосылыстар түзіледі.

Оқушылардан бұны қалай жүзеге асыруға болатындығын сұраңыз.



Электрондар қосылуы не бөлінуі іс-жүзінде орындала бермейтіндігін айтып кетуді ұмытпаңыз – бұл 9.1B бөлімінде түсіндіріледі.

Оқушыларға бинарлы қосылыстардың формулаларын ұсыныңыз, бұл қосылыстардың қандай ион түзе алатынын анықтауды сұраңыз.

Иондардың түзілуі

https://www.youtube.com/watch?v=7BF4prQUymk

түсіндіру үшін қолдануға болады,

http://bilimland.kz/ru/home#lesson=10173





8.1.3.6 атомдардың сыртқы қабатын толтыру кезінде ионға айналатынын түсіну

(G) Оқушылардан кальций, алюминий, фтор, хлорды мысалға ала отырып, иондардың түзілуін көрсетуді сұраңыз. Оқушылар элемент атомының толтырылған сыртқы қабатының қалай ион түзетіндігін талқылап, түсіндіруі керек.

(I) Оқушылардан екінші период элементтерін мысалға ала отырып, иондардың түзілуін көрсетулерін ұсыныңыз, бұл тапсырманы оқушылардың арасында сайыс түрінде ұйымдастыруға болады.

Оқушыларға бірнеше иондардың сызбасын құрастыруды сұраңыз және олардың пішінін сол атомның немесе басқа иондардың пішінімен салыстыруды сұраңыз.

Мысалы

http://ppt-online.org/10577

немесе

http://qps.ru/VNHPy






8.1.3.7 иондардың зарядтарының мәндерін қолдану негізінде қосылыстар формуласын жазу мүмкін екендігін түсіну


(W) Төрт электронмен алмасу – максималды болып табылатынын түсіндіріңіз. Оқушылардан атомға электрондардың қосылуы не беріп жіберілуі қалай әсер ететінін сұраңыз. Қарапайым бинарлық иондық қосылыс мысалында «бір электронныңберіліп жіберуі немесе қосылуы» нәтижесінде қосылыс түзулуін көрсетіңіз. Оны барынша күрделі қатынастарды қолданумен кеңейтіңіз.
(G) Оқушылардан иондардың зарядтары туралы білімдерін негізге ала отырып, формула жазудың алгоритмін құрауды сұраңыз.
(I) келесі иондарды қолдана отырып, оқушылардан қосылыстың дұрыс формуласын құрастыруын сұраңыз: (иондар: Li+; Ca2+; Al3+; S2-; Cl-; O2-).


Оларға электрондар қосылуынан гөрі, олардың бөліп жіберілуін елестету жеңіл.

Берілген иондардан формула құрастыра алуы үшін «мозайка» ойынын ойнатуға болады.



Презентация:

http://festival.1september.ru/articles/650483/

http://subscribe.ru/archive/job.education.hihimik/200612/13221613.html
http://chemiday.com/ru/encyclopedia/ioni






8.2.3.1 қосылыстар құрамындағы элементтердің массалық үлесін есептеу және элементтердің массалық үлесі бойынша зат формуласын шығару

(I)Оқушылардан өзінің бөлмесінің үйдің барлық ауданының қанша үлесін алып жатқандығын есептеуді сұраңыз.

Бұл алгоритмді күрделі қосылыстардың құрамына кіретін элементтердің массалық үлесін табуға айналдырыңыз.
(G) Қарапайым бинарлы қосылыстар мысалында күрделі зат құрамындағы элементтің массалық үлесін есептеп және берілген массалық үлес бойынша қосылыстың формуласын құрастыру.
(I) Оқушыларға өз бетімен үш бинарлық қосылыстың құрамындағы элементтердің массалық үлесін табуды ұсыныңыз.


Күрделі қосылыстардың құрамына кіретін элементтердің массалық үлесін табуға бейнеролик көрсетуге де болады
Есептің кейбір шарттарын кабинеттерге іліп тастап, әр топ өз бағыттары бойынша жүріп есепті шығарулары керек

Массалық үлес бойынша есептеуге арналған видеосабақ:http://dubrovka.sharlikroo.ru/objedkova/vichisleniya.htm
http://qps.ru/byTmr
http://him.1september.ru/article.php?ID=200600603






8.1.1.1 құрылымдық бөлшектер саны ретінде мольді білу және оны есептеулерде қолдану


(W)Оқушылармен талқылау: атомдардың бірдей санын қалай алуға болады?

- Атомдар есептеу үшін тым кішкенай.
(W) Оларға бейне көрсетіңіз не тиындарды өлшеу кезінде олармен банкке барыңыздар.
(D) Оқушыларды интерактивті түрде өлшеу және есептеу процесіне қатыстырыңыз.Қапшықтан бір уыс 2 теңгелік тиындарды алып шығыңыз. Оқушылардан қанша тиын бар екенін сұраңыз – олар оны санамай жауап берулері тиіс. Оларды өлшеңіз. Оқушылардан 100 тиынның салмағын және олардың салыстырмалы салмағын біліп қанша тиын бар екенін есептеулерін сұраңыз.

Оқушылардан санамай 1 және 5 теңгеліктердің тең санын қалай алуға болатынын сұраңыз. Тиындарды өлшеңіз және оқушыларға санатыңыз: олардың саны бірдей болады. Бұл тәжірибені оқушылар осы түсінікпен еркін жұмыс істей алмайынша тиындардың түрлі санымен қайталаңыз. Осы түсінікті өлшеу жолымен атомдардың тең санын есептеу проблемасын шешу үшін қолдана алатынымызды ұсыныңыз.

(W) Сондай-ақ тиындар жағдайындағыдай біз атомдардың салыстырмалы массасын білеміз. Сондай-ақ 100 «жүз» және 1000 «бір мың» деп атайтын болсақ, атомдар санын «бір моль» деп атаймыз.


"Грамм-атом" орнына «молярлық масса» және т.б. түсінігін пайдаланыңыз.

Бұл сан біз жұмыс істейтін 100 тиындарға қарағанда едеуір көп.
Бұл сан 1865 жылы анықталып, итальян ғалымы Авогадро құрметіне сан атауын алды. Бұл өте үлкен сан: 6.022 × 1023.




Заттың мөлшері жайында ақпарат:
http://himkniga.com/dosug/3225


http://qps.ru/8WEXc

http://td.c.nis.edu.kz/beta/chemistry/chemistry6rus/index.html






8.1.1.2 формула бойынша құрылымдық бөлшектер санын, молярлық массасын, зат мөлшерін және массасын есептеу


(W) Символ түріндегі қарапайым теңдеулерді оқушылармен талқылаңыз. Егер олар бұл реакцияны жүзеге асыратын болса, реагенттер бір бірімен қалдықсыз толық әрекеттескендігіне қалай көз жеткізуге болатындығы туралы сұраңыз. Оларға өз идеяларымен бөлісуге мүмкіндік беріңіз.

Оларға 7-сыныпта көрген темір мен күкірт мысалын еске түсіріңіз.Олардан реакция теңдеуін символ түрінде жазуды сұраңыз. Әрбір затқа қанша атом қажет?

Коэффициенттері қаншалықты?

Массалары тең бе? Неге тең емес?
(I) (Е) Мини-тақталарды пайдалана отырып оқушылар Менделеев кестесінің көмегімен оқытушы атаған әртүрлі элементтердің бір молінің массасын жазады. Содан кейін осыдан бұрын кездескен кейбір қосылыстардың бір моль (молярлық массасы) салмағын есептеуге өтеді.


оқушылардың қалауы бойынша "молярлық масса Бинго" ойынын ойнауға болады.

http://www.ulster.ac.uk/scienceinsociety/images/n.pdf


Оқушыларға молярлық массаны анықтау дағдысын қалыптастыру үшін «Бинго» ойынын ойнауға немесе молярлық массаның, құрылымдық бөлшек сандарының, зат мөлшерінің мәндері толық емес кестені толтыруға ұсыныс тастаңыз

Тапсырма:

http://klass-best.do.am/load/muzyka/500_zadach_po_khimii_v_svetljakov_2009_obrazovanie_doc/2-1-0-6
http://cnit.ssau.ru/organics/chem3/z22.htm
http://festival.1september.ru/articles/628840/
http://www.hemi.nsu.ru/ucheb154.htm



Ескерту: Зертханадағы жұмыс оқытушылар мен оқушылар үшін қауіпті болып саналады. Назарбаев Зияткерлік мектептері қауіпсіздіктің тиісті шараларын анықтап, оларды сақтауға жауапты болады. Бұл құжатта қауіпсіздік техникасы бойынша ақпарат тек жалпы түрде беріліп, не кеңесшілер не бағдарлама кеңесшілері қауіпсіздіктің тиісті шараларын қолданбау салдарына жауапты болмайды.
W = сыныппен жұмысP = жұптық жұмыс E = оқушы эксперименті

G = топтық жұмыс I = жеке жұмыс D = мұғалім көрсетілімі

f = бағалау = қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер



Химия негізгі мектеп 8-сынып

8.1B Металдардың химиялық белсенділігі

Осыған дейін меңгерілген білім

7.3BГеологиялық химиялық қосылыстар

Контекст

Күнделікті өмірде металдардың ауамен әрекеттесу (коррозия, мыс коррозиясы, алтын бұйымдардың ерте заманнан ұзақ сақталуы және т.б) жылдамдығы туралы білімдерін өздерінің металдардың белсенділік қатарын құрастыруда қолданады (белсенділікті «салыстыру кестесі»). Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару дағдыларын дамытады. Осы және келесі бөлімде оқушылар әрі қарай болашақта пәнді үйренудің негізін салатын кестені құрудың жолдарын үйренеді.

Бұл бөлімдегі «Химия» пәнінің тілдік мақсаттары

Оқушылар үшін сәйкес академиялық тілмен берілген тіл мақсаттарының мысалы төменде келтірілген

Пәндікмақсат

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Оқушылар:

- металдардың ерте дәуірден бері белгілі екендігін және кейбір металдардың артефактілерінің сақталғандығын біледі;

- күнделікті өмірде кейбір металдардың басқа металдармен салыстырғанда тез коррозияға ұшырайтындығын біледі.

Оқушылар:

- кейбір металдық бұйымдарды атап, салыстыра отырып, ол металдық бұйымдардың қаншалықты ұзақ уақыт сақталатындығын біледі

жемірілу, жемірілген, химиялық белсенді, орташа белсенді, инертті.

жылдамдық (реакция), коррозия, түсін жоғалту


Неліктен А коррозияға жай ұшырайды?

Б ға қарағанда неліктен А/ Б коррозияға жай ұшырайды?

Себебі А реакцияға Б/А ға қарағанда жай түседі,

А Б ға қарағанда аз/көп активті

Металдық бұйым А Б ға қарағанда тез коррозияға ұшырайды

Басқа тілдік мақсаттарды құру үшін және академиялық тілді оқыту мен үйретуге жататын тілді үйрету мақсаттары бойынша қосымша басшылық ретінде жоғарыда «Тілдік мақсаттар туралы» мағлұматты қараңыз 

Қысқашашолу

Бұл оқушылардың кейбір металдардың салқын сумен, ыстық сумен және бумен әрекеттесуі (тәжірибе түрінде және көрсетілім түрінде) қарастрылатын тақырыптың екі бөлімінің бірі. Бұл оқушыларға реакцияға түсу қабілеті бойынша белсенді металдардың қатарын құрастыруға мүмкіндік береді.



Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқыту ресурстары




8.2.4.1 металдардың көне дәуірден белгілі болғанын және кейбір металл артефактілердің сақталғандығын білу



(W - G) (f)Оқушылардан қоршаған ортадағы металдық бұйымдардың суреттерінің қатарын (тот басқан темір, жасылданған мыстан жасалған ыдыс, тот баспайтын болаттан жасалған құрастырмалы заттар, ертеден сақталып келе жатқан металдық бұйымдар т.б) сұраңыз. Оқушылардан «Металдар қалай ұзақ сақталады?» тақырыбында пікірталас өткізуді және жауаптарын нақты деректермен баяндауын сұраңыз.


Бірнеше металдық бұйымдарды таңдауды ұсыныңыз.


«Металдар» бойынша қосымша ақпарат:

http://www.chemicals-el.ru/chemicals-211-1.html
http://historylib.org/historybooks/Lyubor--Niderle_Slavyanskie-drevnosti/59
http://www.kristallikov.net/page25.html
Металдар туралы видео:

https://www.youtube.com/watch?v=xUOomrPilEM





8.2.4.2 металдар коррозиясы процесіне әсер етуші жағдайларды білу және зерттеу

(W) Оқушылармен кейбір металдардың басқа металдарға қарағанда жемірілуге төзімді екендігі туралы талқылаңыз.
(E) Бес сынауыққа 1/4 көлемде құйыңыз:

1. дистилденген су

2. құбыр суы

3. 10% натрий хлориді ерітіндісі

4. 10% магний хлориді ерітіндісі

5. 10% натрий гидроксиді ертіндісі

Әрбір сынауыққа бір уақытта бір темір шегеден салыңыз.

Тәжірибе нәтижесін келесі сабаққа қалдырамыз.

(W) Тәжірибе нәтижесін келесі сабақта оқушылармен талқылаңыз.

(G) Оқушыларға металдарды коррозиядан қорғау әдістерін талқылауды ұсыныңыз.

Сабақтың басында металдардың жемірілуіне әсер ететін факторларды еске түсіріп, содан соң осы факторларды зерттеңіз.

Жұмыс 4-5 оқушыдан құралған топпен өткізілуі тиіс

«Металдардың жемірілуімен күрестің экономикалық және экологиялық, социалдық аспектлері» туралы талқылаңыз.

Металдардың электрохимиялық кернеу қатары:

http://www.powerinfo.ru/potentials.php

Металдардың жемірілуі жайлы видео

https://www.youtube.com/watch?v=EhUm9-zyKJw

сынауықтар, сынауыққа арналған тұрғы .

Дистилденген су,

10% натрий хлориді ерітіндісі

10% магний хлориді ерііндісі

10% натрий гидроксиді ертіндісі

Темір шеге

https://www.youtube.com/watch?v=hKUG32CU0Ug





8.2.4.3 белсенді металдардың салқын сумен, ыстық сумен және бумен әрекеттесу реакцияларын зерттеу және металдардың белсенділік қатарын құру


(D - E) Оқушыларға неғұрлым белсенділігі жоғары металдарды (натрий, калий, кальций, магний, темір) таңадауды ұсыныңыз. Металдардың салқын сумен әрекеттесуін көрсетіңіз және талқылаңыз.
(f) Оқушылардан алынған ерітінділердің рН-ы туралы сұраңыз және олар ерітіндінің сілтілік екендігін білуі керек. Оқушылардың көзін жеткізу үшін бұны тексеріңіз және көрсетіңіз. Егер металдар салқын сумен жәй әрекеттессе, оқушылардан не істеу керектігін сұраңыз (олар қыздыру керектігін ұсынады). Бұл металдардың реакциясын ыстық сумен және активтілігі төмен (мысалы магний) металдарды су буымен реакциясын жүргізіңіз.
(f) Егер уақыт болса, оқушылар «типтік» белгілері бар металдардың физикалық қасиетін белгілей алады және 1-ші топ элементтерінің химиясын қарастырады.

(G) Оқушылардан металдардың белсенділігінің азаю реті бойынша металдардың активтілік қатарын құрастыруды сұраңыз.



Осы металдарды олардың белсенділік тәртібінде БЕРМЕҢІЗ, оларды ерікті тәртіпте орналастырып немесе оқушылардан жазылмаған үлгілерден металдарды таңдап алуды сұраңыз.
Сумен өзара әрекеттесетін және ерекше қасиеттер көрсететін металдар үлгісін (мысалы сумен қалайыны пайдаланбаңыз) пайдаланыңыз. Оқушылар кейбір металдардың осы тәжірибе жағдайында өзара әрекеттеспейтінін көрулері керек.

Экспериментті орындау алдында оның әлеуетті қауіптілігін анықтау керек.

Металдар: натрий, калий, кальций,магний, мырыш, темір, мыс.

Индикаторлар: фенолфталеин, метилоранж или лакмус.

су

сынауық, штатив, спирт шам, сынауық қысқыш

«Натрийдің сумен әрекеттесу» видеосы

http://www.youtube.com/watch?v=1MOmr4R0rT8





8.2.3.2 белсенді металдардың оттегімен және сумен реакциясының, темір корозиясының химиялық реакция теңдеулерін құру


(W) Оқушыларға металдардың ауамен және сумен әрекеттесу теңдеуін құрастыруын ұсыныңыз.

(I) Оқушыларға басқа да сілтілік және сілтілік жер металдарымен реакция теңдеуін құрастыруын сұраңыз.

(I) Реагенттер мен өнімдердің арасындағы ұқсастықты табуды ұсыныңыз

(I) Карточкалардан реакция теңдеулерінің бөліктерін құрастыруды ұсыныңыз.



Оқушылар белсенді және белсенділігі орташа металдың сумен, оттекпен әрекеттесу реакциясының өнімдерін дұрыс жаза алулары қажет.

Сілтілік металдардың химиялық қасиеті:

http://ido.tsu.ru/schools/chem/data/res/neorg/uchpos/text/g4_2_5.html






8.2.3.3 реагенттердің зат мөлшері қатынасын тәжірибелік жолмен анықтау



(W) Оқушылармен талқылау: реакцияның схемасы реакцияның нақты қорытындысы бола алады ма?
(E) Реакция схемасы реакцияның дәл қорытындысы болып табыла ма? Қорғасын нитраты мен калий йодидінің реакцияға түсетін арақатынасын анықтау және оны осы химиялық реакция теңдеуін жазу үшін пайдалану.

Бұл зерттеуді орындағанда оқушылар білу керек:

- өлшеулерді СИ (см/м) жүйесіне сәйкес жүргізу;

- дәлелдерге негізделген қорытынды жазу және алынған мәліметтер осы қорытындыны қалай растайтындығын көрсету.

(W) Теңдеуді дұрыс жазу үшін не керек болды?
(W)Оқушылар реакция теңдеуіндегі әрбір компонеттің молярлық массасын (теңдеудің астында) көрсетуге өздерінің зат мөлшері туралы түсінігін қолданады




Әрбір реагенттің 0.5М ерітіндісін пайдаланыңыз. Әрбір топ 5 см3 калий йодидінің ерітіндісімен сегіз сынауық дайындайды. Оларға 0,5см3, 1,0 см3 және т.б. қорғасын нитратын қосады. Тұнбаны толық тұндырыңыз және тұнбанының биіктігін өлшеңіз. Тұрақты биіктік 2,5см3 және жоғары,көрсететін арақатынас 1:2.

s Көзге қорғаныш көзілдірігі киілуі керек.
s Оқушылар тәжірибені жүргізіп болғаннан кейін қолдарын әбден жууы керек.

Оқушылар калий йодиді алдында «2» жазып, теңдеудің екі жағынан әр түрдегі атомдарды қоса алады. Бұл массаның сақталу маңызды заңын негіздейді және басқа реакцияларды (интерактивті) орындау жолымен дамытыла алады.

Магний оксидінің эмпирикалық формуласын анықтау:

http://www.ausetute.com.au/mgo.html
реакция теңдеулеріне қосу үшін жоғарыда келтірілгендердің жалғасы:

http://www.harmsy.freeuk.com/jig/balancing.html
http://alhimikov.net/elektronbuch/Page-12.html

Пайдалы жазбаша тапсырмалар:

http://www.freeteachingresources.ca/Balancing%20Chemical%20Equations.pdf
интерактивті реакция теңдеулерінінің көзі:

http://www.echalk.co.uk/Science/chemistry/balancing/balancing.html
карталық ойын түрі (дайындықты қажет етеді):

http://www.middleschoolscience.com/balance.html





8.2.3.4 химиялық реакция теңдеуі бойынша массаның сақталу заңын дәлелдеу

(G)СН4 + 2О2 = СО2 + 2Н2О реакция теңдеуі үшін реагенттердің модельдерін жинаңыздар, содан соң өнімдердікін жинаңыздар.

Қорытынды шығарыңыз:

Атомдар өздігінен пайда болмайды және ізсіз жоғалмайды, тек атомдардың қайта топтасуы жүреді.

Оқушыларға зат мөлшерін қарастыра отырып, молярлық массасын есептеуді ұсыну.

Зат массасының сақталу заңын дәлелдейтін есеп шығартыңыз.

(I) Оқушыларға зат массасының сақталу заңының үш реакциясын мысал ретінде ұсыныңыз.

(W) Оқушылармен зат массасының сақталу заңының ашылу тарихын талқылаңыз

Зат массасының сақталу заңын дәледейтін бейнероликті ұсынуға болады:

https://www.youtube.com/watch?v=jYKd8xcdy6Y
https://www.youtube.com/watch?v=n0pFa13jEHY


Зат массасының сақталу заңы:

http://www.hemi.nsu.ru/ucheb152.htm






8.2.3.5 өнімнің немесе реагенттердің белгілі массасы бойынша өнімнің немесе реагенттердің массаларын есептеу

(W) Оқушылардан реакция өнімінің массасын есептеу үшін қажетті есептеу алгоритмдерін құрастыруды сұраңыз.

(G) Реакция теңдеулері бойынша есептер шығаруды ұсыныңыз.

Мысалы:

6г хг

2H2 +O2 = 2H2O

хг 10,2г

4Al + 3O2 = 2Al2O3

(I)Реагенттің немесе реакция өнімінің массасы белгілі болғанда реагент немесе өнімнің массасын табуға берілген үш есепті шешуді және құрастыруды ұсыныңыз.

Есептер типі: «Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер»


Видеосабақ:
https://www.youtube.com/watch?v=EorZMwplb2g
Есептің шығарылуы:

http://www.alhimik.ru/abitur/abit43.html
http://qps.ru/CmcZS



Ескерту: Зертханадағы жұмыс оқытушылар мен оқушылар үшін қауіпті болып саналады. Назарбаев Зияткерлік мектептері қауіпсіздіктің тиісті шараларын анықтап, оларды сақтауға жауапты болады. Бұл құжатта қауіпсіздік техникасы бойынша ақпарат тек жалпы түрде беріліп, не кеңесшілер не бағдарлама кеңесшілері қауіпсіздіктің тиісті шараларын қолданбау салдарына жауапты болмайды.

W = сыныппен жұмысP = жұптық жұмыс E = оқушы эксперименті

G = топтық жұмыс I = жеке жұмыс D = мұғалім көрсетілімі

f = бағалау = қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер



2-тоқсан

Химия Негізгі мектеп 8-сынып

8.2А Металдардың белсенділік қатары

Осыған дейін меңгерілген білім

8.1BМеталдардың химиялық белсенділігі

Контекст

Алдыңғы бөлімде «Металдардың химиялық белсенділігі» алынған оқушылардың білімі мен біліктілігі металдардың қасиеттері туралы мәліметтермен одан әрі дамытылады. Оқушылардың өз бақылауларына сәйкес құрайтын «Металдардың белсенділік қатары» оларға бейтаныс реакциялардың нәтижелерін болжауға және реакция теңдеулерін жазуға мүмкіндік береді. Осы «белсенділік қатары» алдағы жұмыстарда бейорганикалық химияның негізгі кластарын, электролизді және металл қасиеттерін оқып тану үшін пайдаланылатын болады. Орынбасу реакциясы мысалында реагент немесе өнімдердің белгілі массасы бойынша зат мөлшерін есептеу дағдыларын нақтылайды.

Бұл бөлімдегі «Химия» пәнінің тілдік мақсаттары

Оқушылар үшін сәйкес академиялық тілмен берілген тіл мақсаттарының мысалы төменде келтірілген

Пәндік мақсат

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Оқушылар:

- белсенділігі жоғары металдар белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарының ерітіндісінен ығыстырып шығаратындығын түсіну

Оқушылар:

- орынбасу немесе ығыстыруға қатысты терминдерді пайдаланып, ығыстыру процестерін ауызша немесе жазбаша сипаттай алады

металл тұзы, ығыстыру, орынбасу реакциясы, реагенттер, өнімдер, белсенділік қатары, реакция, қорғасын, қорғасын нитраты, күміс, күміс нитраты, қорғасынды/кристалл ағаштар

Мыс күмісті тұз ерітіндісінен ығыстырады

Бұл металл орынбасу реакциясы нәтижесінде алынған.

Белсенділігі жоғары Х металы белсенділігі төмендеу Y металын тұз ерітіндісінен ығыстырады.

Басқа тілдік мақсаттарды құру үшін және академиялық тілді оқыту мен үйретуге жататын тілді үйрету мақсаттары бойынша қосымша басшылық ретінде жоғарыда «Тілдік мақсаттар туралы» мағлұматты қараңыз 

Қысқаша шолу

Бұл бөлімде, металдарды тұз ерітіндісінен ығыстыру түсінігі екі көрсетілім негізінде беріледі. Оқушылар металдардың қышқылдармен әрекеттесуі және металдарды тұз ерітіндісінен ығыстырып шығару бойынша зерттеу жүргізеді. Сонымен бірге, бір металдардың басқа металдарды тұз ерітіндісінен ығыстырып шығару қабілеті бойынша білімдеріне сүйене отырып, металдардың белсенділік қатарын құрады.

Оқушылар металдарды тұз ерітінділерімен әрекеттестіру зерттеуі кезінде құрылған белсенділік қатарын, металдарды сумен, қышқыл ерітінділерімен әрекеттестіру зерттеуінен алынған белсенділік қатарымен біріктіреді. Бұл жалпылама қатар, бейтаныс реакциялардың нәтижесін болжауда және теңдеулерді құруда қолданылады.





Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқыту ресурстары




8.2.4.4 металдарбелсенділігін қышқыл ерітінділерімен әрекеттестіру реакциясында зерттеу


(E) Оқушыларға белсенділігі орташа және инертті металдардың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуі бойынша тәжірибе жүргізуді ұсыныңыз.
Тәжірибені орындау алдында оқушыларға тәжірибенің потенциалды қауіптілігін анықтауды және жұмыс соңында ғылыми терминологияны қолданып, қорытынды жасауды ұсыныңыз.
(W) Оқушылар газдың бөлінуін бақылау кезінде:

Сұраңыз:Бұл қандай газ?

- (f) сутекке тест (7.2В).
(G) Жүргізілген тәжірибелер негізінде оқушылардан белсенділігі жоғары металдан бастап, белсенділігі төмен металдарға қарай белсенділік қатарын құруды сұраңыз.

Оқушылар қорғаныс көзілдірікте болуы тиіс


Реакцияны білу және дұрыс жаза алу дағдысын қайталау үшін оқушыларға әртүрлі металдардың қышқылдармен реакцияларының аяқталмаған теңдеулерінің бірнеше нұсқасын ұсынуға болады. Оқушылардың назарын қышқылдармен реакцияға түспейтін металдарға аударуын сұраңыз.

Металдар: магний, цинк, темір, мыс.

Сұйылтылған тұз қышқылы,

сынауықтар, сынауықтар үшін штатив, сиртшам, қысқыш


http://www.youtube.com/watch?v=ng6DGwiKWag





8.2.4.5 белсенділігі жоғары металдар белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарының ерітіндісінен ығыстырып шығаратындығын түсіну



(D) Оқушыларға күміс және қорғасын кристалл ағаштарын көрсетіңіз (алдын ала дайындалған).
(W) Оқушылардан «күміс ағашы» айналасында көкшіл түстің пайда болуы нені білдіретінін сұраңыз.

Оқушылар қорытындысын ерітіндіде мыстың күмісті ығыстыратындығына бағыттау керек. Осы тәрізді реакция типі орынбасу реакциясы екендігін түсіндіріңіз және реакция теңдеуін жазуды сұраңыз (f).

Металл кристалдары орынбасу нәтижесінде түзіледі – күміс күміс нитратынан мыспен ығыстырылады, қорғасын қорғасын нитратынан мырышпен ығыстырылады.
Оқушыларға мүмкін болатын реакцияларды құрастыру үшін металдар мен тұздардың қатарын ұсыныңыз.


Металдардың электрохимиялық кернеу қатары

http://alhimik.ru/read/grosse10.html






8.2.4.6 металдардың тұз ерітінділерімен орынбасу реакцияларын жоспарлау және зерттеу


(G) Оқушылардан орынбасу реакциясына басқа металдар түсе ме деп сұраңыз.

Тұз ерітінділерінен бірнеше металдардың ығыстырылып шығу кезектілігін анықтауға тәжірибе жоспарын құруды ұсыныңыз.

Оқушыларға ығыстыру нәтижесін жазып отыратын кесте құруды ұсыныңыз.
(E) Оқушылар тәжірибе жүргізеді және алынған мәліметтер негізінде металдардың белсенділігі бойынша «рейтингін» құрады, «ұпайларын» санайды.


Оқушылар қорғаныс көзілдірікте болуы тиіс.
Оқушылардың назарын мыс және қорғасын тұздарының қауіпті ерітінділерімен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтауға аударыңыз.


Түрлі металдардың тұз ерітінділері: мыс, темір, мырыш, магний т.б.

Темір, мырыш, мыс магний және т.б.

Сынауықтар, сынауықтар үшін штатив.
Оқушылардың интерактивті әрекеті:

http://www.youtube.com/watch?v=LRY6vAB5wH0
http://www.docbrown.info/page03/Reactivityb.htm



8.2.4.7 металдардың сумен, қышқыл және тұз ерітінділерімен реакцияларынегізінде, металдар белсенділігінің жалпылама қатарын құру

(G) Оқушылардан белсенділігі кему тәртібінде металдар белсенділігі қатарын құруды сұраңыз.
(G) Оқушылардан осы қатарды 8.1A бөлімдегіқатармен салыстыруды сұраңыз. Олар қатарларда кейбір металдардың реті сәйкес келетінін көріп, оларды біріктіруге қорытынды жасай алады.


Оқушылардың назарын өткен сабақта алынған, металдардың сумен әрекеттесуі тәжірибесі мәліметтерін қолдануға аударыңыз.




https://www.tes.com/teaching-resource/science-demonstrations-3004172





8.2.4.8 белгісіз реакциялардың жүру мүмкіндігін металдардың белсенділік қатарын қолдана отырып, болжау


Металдардың белсенділік қатары кестесін беріңіз.
(f) Оқушылардан берілген металдардың белсенділік қатарын қолданып, таныс емес орынбасу реакцияларының нәтижелерін болжауды сұраңыз.



Металдардың белсенділік қатарын пайдалану көптеген реакциялардың нәтижесін болжауға мүмкіндік береді.
«(Xметалл) (Yметалл тұзынан) ерітіндісінен (Yметалды) ығыстыра ма?».
Металдардың белсенділік қатарын қолдану көптеген реакция нәтижесін болжауға мүмкіндік беретінін атап кетіңіз.

Металдар қасиеттері:
http://www.docbrown.info/page03/Reactivityb.htm
http://www.docbrown.info/page03/Reactivityb.htm#3b.


8.2.3.6 металдардың қышқыл және тұз ерітінділерімен химиялық реакция теңдеулерін құру

(P) Оқушылардан түрлі металдардың қышқылдармен және тұздармен реакция теңдеулерін жазуды сұраңыз.
(G)Оқушылар нәтижесі орынбасу болып келетін реакция теңдеулерін ғана жазуы керек.

Топтар арасында сайыс немесе эстафета ұйымдастырып, соңынан жұмыстардың өзара тексерілуін қадағалаңыз.

Бұрын оқылған реакциялармен бірге, таныс емес реакцияцияларды да кіргізіңіз.

Өтілген тақырып бойынша көптеген тапсырмалар дайындай отырып, сайыс түріндегі сабақты өткізуге болады.

Реакциялар бойынша жаттығу:
http://mirhim.ucoz.ru/publ/testy/8_klass/u/41-1-0-177
Химиялық реакция теңдеулерін құрастыру:

http://raal100.narod.ru/index/0-573

http://www.bilimmedia.kz/ru/home#lesson=10513

http://www.bilimmedia.kz/ru/home#lesson=10516





8.2.3.7 өнімнің немесе реагенттердің белгілі массасы бойынша өнімнің немесе реагенттердің зат мөлшерін есептеу

(W) Оқушылармен осы типті есептерді шығарудың алгоритмін құрыңыз.
(P)Оқушыларға белгілі масса бойынша зат мөлшерін есептеуге және зат мөлшері бойынша массасын табуға есептер ұсыныңыз.


Есептер шығаруда зат мөлшерін есептеудің формуласын қолдану қажет.


Есептердің шығарылуы:

http://www.science.uwaterloo.ca/cchieh/cact/c120/limitn.html
https://www.calc.ru/Raschty-Po-Uravneniyam-Khimicheskikh-Reaktsiy.html