Файл: Химия пні бойынша оу жоспары 8 сынып Астана 2018 Мазмны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 118

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Ескерту: Зертханадағы жұмыс оқытушылар мен оқушылар үшін қауіпті болып саналады. Назарбаев Зияткерлік мектептері қауіпсіздіктің тиісті шараларын анықтап, оларды сақтауға жауапты болады. Бұл құжатта қауіпсіздік техникасы бойынша ақпарат тек жалпы түрде беріліп, не кеңесшілер не бағдарлама кеңесшілері қауіпсіздіктің тиісті шараларын қолданбау салдарына жауапты болмайды.
W = сыныппен жұмысP = жұптық жұмыс E = оқушы эксперименті

G = топтық жұмыс I = жеке жұмыс D = мұғалім көрсетілімі

f = бағалау = қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер

Химия Негізгі мектеп 8-сынып

8.3C Қайтымды реакциялар


Осыған дейін меңгерілген білім

7.2ВҚарапайым химиялық реакциялар

8.2В Химиялық реакция жылдамдығы

Контекст

Тепе-теңдік жүйелер химия, физика, биологияда маңызды роль атқарады. Көп жағдайда тепе-теңдік физикада – статикалық, ал химия мен биологияда – динамикалық болып табылады. Осы бөлімде оқушыларға өздері таныс кейбір реакциялар туралы тағы да ойлап,оларды тепе-теңдік тұрғысынан қарастыру ұсынылады. Бұл жұмыс еріту (9.2А), қышқылдық (9.2B), өнеркәсіптік процестер (10.1C) бөлімдері бойынша болашақ білімдер, мен жоғары мектепте кездесетін қиындатылған жұмыстардың көбінің негізі болып табылады. Физикамен және биологиямен пәнаралық байланыстарды қарастыруға болады

Осы бөлімде химияның тілдік мақсаттары

Оқушылар үшін тиісті академиялық тілге ие тілдік мақсаттың мысалы төменде берілген.

Пәндік мақсат

Тілді оқыту мақсаты

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Оқушылар:
- кейбір реакциялар жағдайлар өзгерген кезде қайтымды болатынын білулері керек


оқушылар:

-реакциялардың қайтымдылығының жағдайы түсінігін анықтап, айта алады

Тепе-теңдік, динамикалық, ұстаным, тұрақты, реагенттер, өнім, температура, қосарлы бағдарша, қысым


айналмайтын, алға, баяулату, тең, ұлғайту

Егер біз концентрацияны/температураны/қысымды өзгертсек, онда

Біз ... жолымен реакцияны қайтымды ете аламыз

Егер температура көтерілсе, онда

Біз осы реакция үшін кері реакция өткізе аламыз ба?

Ия, егер біз.… /Жоқ, себебі

Басқа тілдік мақсаттарды құру үшін және академиялық тілді оқыту мен үйретуге жататын тілді үйрету мақсаттары бойынша қосымша басшылық ретінде жоғарыда «Тілдік мақсаттар туралы» мағлұматты қараңыз

Қысқаша шолу

Оқушыларға сыртқы жағдайлардың біреуі өзгерген кезде орын алатын қайтымдылық тұрғысынан жаңа реакцияларды қарастыру ұсынылады. Оқушыларға мұны динамикалық тепе-теңдік (бірдей жылдамдықпен қарама-қарсы бағытта өтетін екі химиялық реакциялар)ретінде қарастырады. Ол Ле-Шателье заңын жай білгеннен гөрі (алайда, бұл нәтижелерді жедел болжауды жасау үшін пайдалы), тепе-теңдікті оқып-білуге бұдан да ғылыми және икемді тәсіл болып табылады.Оқушылар динамикалық тепе-теңдікті қарапайым бөлшектер теориясы көмегімен түсіндіреді




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқыту ресурстары




8.3.1.1 заттар жанған кезде энергия бөлінетіндігін білу

(W) Бірдей жылдамдықта қарама-қарсы бағытта өтетін реакцияларды талқылаңыз. Теңдеулерде тепе-теңдікті белгілеу үшін «қосарлы бағдарша» символын енгізіңіз.

Ұсынылған реакция теңдеулерінің ішінен оқушылар қайтымды реакцияларды таңдап, өз таңдауларын түсіндіреді.

Оқушыларға қайтымды реакция туралы видео/анимация көрсетіледі.




Қайтымды және қайтымсыз реакциялар: http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/bd0d808e-db78-f3d2-e3b2-5388709d7222/1011619A.htm


8.3.3.2химиялық тепе – теңдікті динамикалық үдеріс ретінде түсіну


(W) Оқушылардан динамометр мен таразының суретін қарап шығуды сұраңыз. Келесі сұрақтарға жауап беруді сұраңыз:

- Бұл құрылғыларды не біріктіреді?

- Қандай мақсатта қолдануға болады?

(Т) Қарапайым қайтымды реакцияларға мысалдар келтіріңіз оларды алға және артқа қозғалыстармен (мысалы маятник) салыстырыңыз. Реакцияны тепе – теңдік нүктесінде тоқтату мүмкін бе?

(W) Оқушылардан физика курсынан өткен динамикалық тепе-теңдікке мысалдар келтіруді сұраңыз. Динамикалық тепе теңдіктің жалпы қасиеттерін атай отырып, қорытындысын шығарыңыз.

(E) Оқушылар калий йодиді ерітіндісі мен циклогексан арасындағы йод таралуына тәжірибе өткізеді. Әдебиет: Доусон, Р.Х.(баспа) (1978) химия бойынша оқытушылардың түзетілген нұсқауы Наффилд II.Лонгмэн топ, Эссекс графтігі. ISBN0582 04636X (242-бет)
Осы эксперименттің нәтижелерін талқылау оқушыларды химиялық тепе-теңдікті динамикалық деп түсінулеріне әкеледі.

s Осы эксперимент үшін 1,1,1-трихлорэтанды НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА хлорланған еріткіштерді пайдаланбау маңызды. Циклогексан қауіпсіз алмастырғыш ретінде пайдаланылуықажет.
sЦиклогексан жеңіл тұтанатын және зиянды зат болып табылады.

Қорғау көзілдірігін киіңіз және ашық оттан алыс ұстаңыз.

«Байланысқан аквариум» баламасы



http://www.hemi.nsu.ru/ucheb217.htm
http://www.himikatus.ru/art/ch-act/0281.php
экспермент сипаттамасы

http://www.rsc.org/learn-chemistry/resource/res00001723/distribution-of-iodine-between-two-immiscible-solvents?cmpid=CMP00005237

8.3.3.3 химиялық тепе-теңдікті бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіру


(W) Оқушыларға процесті көрнекі көрсету үшін бейне/ анимацияны пайдаланыңыз.
(W) (f) Оқушылар «Тепе-теңдік – менің алдауым» ойынын ойнайды.

Оқушылар негізгі сөздердің анықтамасын жазады, ал басқалады олардың дұрыстығы не бұрыстығын анықтайды.




Келтірілген жарияланымдар STEM (Ғылым, Технология, Инженерия және Математика) Ұлттық орталығының мұрағатында қол жетімді болуы мүмкін, Йорк, Англия
http://www.nationalstemcentre.org.uk/elibrary

мвсалдар: http://www.youtube.com/watch?v=LBjRDF4XV8Q

немесе:

http://www.youtube.com/watch?v=LMIbJ-B92Ho

немесе:

http://www.youtube.com/watch?v=JsoawKguU6A&feature=related

8.3.3.4 химиялық тепе ‑теңдіктің ығысуына әсер ететін факторларды білу

(D) Крахмал клейстерінің үстіне калий иодидінің аз мөлшері қосылған бірнеше тамшы иод ерітіндісін тамызыңыз. Клейстер көк түске боялады. Сынауықты стақандағы ыстық суда қыздырыңыз. Түс жойылады. Сынауықты салқын суы бар стақанға салып салқындатыңыз. Көк түс қайтадан пайда болады.

Тура және кері реакциялардың жылу эфектісі қандай?
(D) Темір (III) хлоридінің калий радонидімен реакциясын жүзеге асырыңыз. Өнімді немесе реагентті реакцияға қосқанда қандай өзгеріс байқалады? Бұл нені дәлелдейді?
(W) Аммиакты алу реакциясын мысалға ала отырып, қысымның химиялық тепе теңдікке қалай әсер ететіндігін түсіндіріңіз.
(W) Химиялық тепе теңдіктің ығысуына әсер ететін жағдайларды атай отырып, қорытынды шығарыңыз.Катализатордың әсерін талдаңыз.

Мұғалім қауіпсіздік теникасы ережесінің сақталуын қадағалайды, ыстық суды стаканға лаборант құйып береді.

Крахмал клейстері, аз мөлшерде калий иодиді қосылған йод ерітіндісі

Химиялық стақан, төрт көрсету цилиндрі, ақ экран, кристалл аммоний роданиді және темір (III) хлориді, аммонй роданидінің қойылтылған ерітіндісі, темір (III) хлоридінің және аммоний роданидінің 1%-ерітінділері.

https://www.youtube.com/watch?v=xHGkUOM1AY4

«химиялық реакцияның тепе теңдігіне әсер ететін факторлар»

http://www.learnerstv.com/animation/animation.php?ani=120&cat=chemistry

https://www.youtube.com/watch?v=xHGkUOM1AY4

8.3.3.5 химиялық тепе-теңдіктің ығысу бағытын Ле-Шателье принципіне сай болжау

(W) Қалайша онда қайтымды реакция нәтижесінде қажетті өнімді алуға болады? Бұндай сұрақтардың шешімін табу өнеркәсіпе химик – технологтарда жиі кездеседі.Мысалы күкірт қышқылы өндірісінің екінші сатысында күкірт диоксидін күкірт триоксидіне дейін тотықтыру.
(G) Видео көру (немесе мұғалім тартпа шкафта көрсетуге болады).https://www.youtube.com/watch?v=6_l_zqTfK50

Азот(IV) оксидінен димердің түзілу реакциясының теңдеуін құрыңыздар.

Азот(IV) оксиді мен оның димері жүйесіндегі тепе теңдіктің ығысуына температураның әсерін түсіндіріңіз. Химиялық тепе теңдіктің тура және кері реакция бағытына ауысуының белгілері туралы сипаттаңыз.
(E) Оқушыларға хромат → калий бихромат тепе-теңдік жүйесіне зерттеу тәжірибесін ұсыныңыз.

Хромат және калий бихроматы улы болып табылады. Қорғаныс көзілдірігімен жұмыс жасаулары керек. Терісі сезімтал оқушылар бір реттік қолғап киіп жұмыс жасаулар керек. Хромат тамшыларының кеуіп, ұнтақ түзуіне жол бермеңіз. Жұмыс жасап болған соң, қолды мұқият жуу керек.

Оқушылар бір мезгілде өтетін екі реакциядағы тепе теңдік жағдайларының күйін бөлшектердің соқтығысу теориясы тұрғысынан ойлай білуі керек.

Ле – Шателье принципін өткен кезде реакцияның жүру бағытын көрсету жеткіліксіз, ығысудың себебін бөлшектердің соқтығысу тұрғысынан түсіндіре білуі керек.

Раствор хромата калия, серной кислоты, 2М раствор гидроксида натрия.

Пробирки






8.3.3.6 химиялық реакция жылдамдығы мен химиялық тепе – теңдік күйіне факторлардың түрліше әсер етуін түсіндіру

(G) Оушыларға берілген үш реакция мысалында (аммиак алу, күкірт диоксидінің триоксидке тотығуы, азот монооксидінің түзілуі) температураның, қысымның, концентрацияның реакция жылдамдығы мен тепе теңдік жағдайына әсерін қарастыруды ұсыныңыз. Жұмысты салыстырмалы кесте түрінде толтыруға болады.

(W) Химиялық реакция жылдамдығы мен химиялық тепе – теңдікке әсер ететін әр түрлі жағдайларды талқылаңыз.


Топпен (жұппен) жұмыс өткізуге болады. Әр топ жылдамдықтың белгілі бір факторға әсерін сипаттайтын бір тәжірибеден орындайды, нәтижелерін барлық сыныпқа таныстырады.

Мыс сульфатының кристаллогидраты, темір (ІІІ) хлориді, аммоний роданиді, калий дихроматы, натрий гидроксиді, күкірт қышқылы, сынауықтар, ұстағыштар, қыздырғыш.


Ескерту: Зертханадағы жұмыс оқытушылар мен оқушылар үшін қауіпті болып саналады. Назарбаев Зияткерлік мектептері қауіпсіздіктің тиісті шараларын анықтап, оларды сақтауға жауапты болады. Бұл құжатта қауіпсіздік техникасы бойынша ақпарат тек жалпы түрде беріліп, не кеңесшілер не бағдарлама кеңесшілері қауіпсіздіктің тиісті шараларын қолданбау салдарына жауапты болмайды.

W = сыныппен жұмысP = жұптық жұмыс E = оқушы эксперименті

G = топтық жұмыс I = жеке жұмыс D = мұғалім көрсетілімі

f = бағалау = қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер


4-тоқсан

Химия Негізгі мектеп 8-сынып

8.4АКөміртегі және оның қосылыстары


Осыған дейін меңгерілген білім

7.2А. Жану реакциясы

7.2В. Қарапайым химиялық реакциялар

7.4A. Атом құрылысы

Контекст

Химиялық элемент– көміртегі, кең таралған элементтің бірі болып табылады. Ол көмір және алмаз тәрізді бос күйінде кездеседі, көміртегі монооксиді және диоксиді түрінде бейорганикалық қосылыстарда, карбонаттар түрінде қазбалар құрамында кездеседі және көптеген органикалық қосылыстардың негізі болып табылады.

Биология және географиямен ауқымды пәнаралық байланыстарды көрсетуге болады.

Бұл бөлімдегі «Химия» пәнінің тілдік мақсаттары

Оқушылар үшін сәйкес академиялық тілмен берілген тіл мақсаттарының мысалы төменде келтірілген

Пәндік мақсат

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Оқушылар:

көміртегі қосылыстарда (көп жағдайда) төрт валентті екенін біле алады


Оқушылар:
көміртегі атомы құрылысын ауызша сипаттай алады

көміртегі, электрондар, сыртқы қабат, байланыстар, қосылыс,
көміртектің үш аллотропиялық түрөзгерістері,
құрылысы

Себебі, сыртқы қабатта n электрон

Көміртегі байланыс ... түзе алады/қалыптастырады
Көптеген қосылыстарда көміртегі валенттілігі ........



Мұғалім басқа тілдік мақсаттарды «Тілдік мақсатқа кіріспе» басшылығын қолдана отырып, өз бетімен құрастырады. 

Қысқаша шолу

Оқушылар көміртегі атомдарының құрылымы және электрондардың таралуы туралы өз білімдерін қолдана отырып, оның бірегейлігі туралы біледі. Олар бұл табиғат пен тірі ағзаларда кеңінен кездесетін элемент екенін түсінеді. Олар элементтің өзін, оның табиғатта таралуын және аллотропиясын қарастыратын болады. Көміртегі құрылымы көптеген зерттеулер негізі болып табылады, сондықтан зертханаларда олардың көптеген жаңа формалары құрылады. Оқушылар оның оксидтері туралы өз білімдерін кеңейтеді және көмірқышқыл газын алып және оның көмірқышқыл газы екендігіне көз жеткізу үшін сынақтар жүргізу бойынша практикалық тәжірибеге ие болады.




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқыту ресурстары






8.4.3.1 көміртегі атомының электрондық конфигурациясын құру


(T) (W) Оқушыларға көміртегінің атом құрылысын (p,n,e) және оның электрондық конфигурациясын салуды ұсыныңыз.
(G) « Елші тапсырмасы » мәліметтер қағазын құруға пайдалы кеңестер:

Оқушылар өздерінің брифинг‑ қағаздарын оқып, негізгі бөлімдер мазмұнымен плакат жасаулары тиіс. Содан кейін, топтың екі мүшесі плакатпен қалады да, топтың қалған мүшелері «елшілері» басқа топтарға барып, оларды оқытады. Олар басқа топтан нені үйренгенін өз тобына келіп түсіндіреді.


Қалыпты және қозған күйдегі электрондық және электронды‑графикалық формуласын құру керек.


Көміртегі атомының электрондық конфигурациясы туралы пайдалы видео:

https://www.youtube.com/watch?v=MlxXVnS87jg

8.4.3.2 көміртегі көптеген қосылыстарында неліктен төрт байланыс түзетіндігін түсіндіру


(W) Оқушылармен көміртегінің сыртқы қабатында төрт электрон болатындығын, сондықтан төрт байланыс түзетіндігін талқылаңыз.

Бұл элементтің күрделі үш өлшемді құрылымның тұтас қатарын түзуге мүмкіндік береді.
(I) Оқушыларға метан, көміртегі диоксиді молекуласы модельдерін жинауды ұсыныңыз.

Бұл мақсатта гибридтелу туралы айтудың керегі жоқ.


Бұл сілтемеде пайдалы видео:

orgchem.ru/chem2/link22.htm

8.4.3.3 көміртегі және оның қосылыстарының табиғатта таралуын білу


(W - G или I) Оқушыларға суреттері бар: көмір шахтасы, электрстанцияның салқындатқыш мұнарасы, штангілі мұнай сораптары, мұнайөңдеу зауыттары, газ сақтайтын резервуарлар, майлы қыздырғыштар т.б. бірнеше слайдтар көрсетіңіз
(G) Оқушылардың бір тобынан көміртегінің таралуы және оның табиғаттағы қосылыстары, ал басқа топтан көміртегі қосылыстарының қолданылуы туралы қысқаша конспект жазуды сұраңыз.

Негізгі әңгіме көміртегі көздері, қоршаған ортадағы көмірқышқыл газы және оның қолданылуы туралы өтіп жатырғанына назар аударыңыз



Коллекциялар:

«Мұнай және оның өнімдері», «Тас көмір және оның өнімдері»


8.4.3.4 Қазақстандағы көміртегі және оның қосылыстарының кен орындарын білу

(G) Оқушыларға Қазақстандағы көміртегі және оның қосылыстарының кен орындары бойынша қосымша мәлімет көздерін ұсыныңыз. Әрбір топ мәліметтерді толық сыныпқа ұсынады.
(I) Топтар жұмысын қорғау кезінде оқушылар Қазақстанның контур картасына көміртегі және оның қосылыстарының кен орындарын белгілейді.
(W) Оқушылармен кең ауқымдағы өнеркәсіптің қайта өңдеу салаларын құрастырудың қиыншылықтарын талқылаңыз.


Оқушылар құрылымды түсінбейінше, көміртегінің аллотропиялық модификациясын талқыламаңыз.


Табиғаттағы көміртек айналымы:

http://elementy.ru/trefil/21107
Қазақстандағы мұнай кешені:

http://articlekz.com/article/5439

8.4.3.5 көміртегінің аллотропиялық түрөзгерістерін салыстыру


(W) Көміртегі екі аллотропиялық формада: графит және алмаз кездесетінін талқылаңыз.
(G) Сіз графит пен алмаз көміртегінің аллотропиялық модификациясы болып табылатынын қалай дәлелдей аласыз?
(G)Оқушыларды төрт топқа бөліңіз (әрқайсысында бес оқушыдан көп болмасын). Әрбір топқа: алмас, графит, бакминстерфуллерен, көмір туралы деректер жазылған парақтар беріңіз.Оқушылар топта жұмыс жасайды. (немесе Интернеттен табуды сұраңыз)
(G) « Елші тапсырмасы » мәліметтер қағазын құруға пайдалы кеңестер:

Оқушылар өздерінің брифинг‑ қағаздарын оқып, негізгі бөлімдер мазмұнымен плакат жасаулары тиіс. Содан кейін, топтың екі мүшесі плакатпен қалады да, топтың қалған мүшелері «елшілері» басқа топтарға барып, оларды оқытады. Олар басқа топтан нені үйренгенін өз тобына келіп түсіндіреді.
(f)(G) Оқушылар алмаз және графитке салыстырмалы кесте құрастырады.

Өте пайдалы кесте мұнда: http://en.wikipedia.org/wiki/File:Eight_Allotropes_of_Carbon.png

Жуық арада лабораторияда алынған көптеген аллотропиялық түрөзгерістер бар.

Бұрын ағаш көмірі және күл «аморфты» аллотропия болып есептелді, бірақ қазір «микрокристалды» болып есептеледі.


Мұнда: графит, алмаз,бакминстер, фуллерен http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/science/add_gateway_pre_2011/chemical/nanochemistryrev1.shtml

Басқа пайдалы материалдар:

http://www.tutorvista.com/content/science/science-ii/carbon-compounds/allotropes-carbon.php

және:

http://www.tutorvista.com/content/science/science-ii/carbon-compounds/amorphous-carbon.php

http://studyport.ru/estestvennyie-nauki/uglerod-i-ego-soedineniya


8.4.3.7 көміртекті отындар оттегінде жану кезінде көміртегі монооксидін немесе көміртегін түзуі мүмкін екендігін түсіну

(Е)Көміртегінің физикалық қасиетін зерттеңіз ( агрегаттық күйі, түсі, судағы ерігіштігі, иісі, өткізгіштігі, адсорбция )

(Е) Көміртегінің химиялық қасиеттерін ( жану реакциясын және мыс (ІІ) оксидімен әрекеттесуін) зерттеңіз және оны химиялық реакция теңдеулерімен бекітіңіз.



 Қыздырғыш приборлармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техника ережелерін сақтай отырып, қорғаныш көзілдірігімен жұмыс жасау қажет.



Пайдалы видео:

http://school-collection.edu.ru/catalog/rubr/e9e528fe-c033-479b-a4ec-bf3d71874c2d/78907/

http://education.jlab.org/itselemental/ele006.html

Спиртшам, заттарды жағуға арналған қасық, ізбест суы, мыс (ІІ) оксиді ұнтағы, ағаш көмірі.

.

Мұнда пайдалы танысу видеосы:

http://www.youtube.com/watch?v=wmC8Dg4n-ZA

http://www.youtube.com/watch?v=YRgU42WxZgA

8.4.3.7 көміртекті отындар оттегінде жану кезінде көміртегі монооксидін немесе көміртегін түзуі мүмкін екендігін түсіну

(W) Оқушыларға көміртегінің артық оттегінде және оттегі жетіспеушілік кезіндегі жану реакциясының теңдеулерін құруды ұсыныңыз.

(f) (W) «Бағдаршам карточкасы» көмегімен көміртегінің және көмірқышқыл газының жануы туралы сұрақ беріңіз.

(W) Оқушылардан көмірқұрамды отындарға және оның жану өнімдерін болжауға, олардың қоршаған ортаға тигізетін салдарына мысал келтіруді сұраңыз.

Жасыл карточка = «Иә»,

Сары карточка = «Мен күмәндімін»,

Қызыл карточка = «Мен білмеймін»

https://issuu.com/asafavidan/docs/sazhevy_filter_rus




8.4.3.8 көміртек монооксидінің физиологиялық әсерін түсіндіру


(W) Жаңалықтан иіс газымен улану туралы видео‑ сюжет көрсетіңіз және оқушылармен тірі ағзаларға көміртегі монооксидінің физиологиялық әсерін талқылаңыз.

.

(G) Оқушыларды екі топқа бөліңіз (оқушылардан интернеттен мәліметтер тауып және оны айтуға схема түрінде дайындауды сұраңыз).

Иіс газымен уланғанда көрсетілетін алғашқы көмек қандай?
(W) Иіс газымен уланғаннан болған қайғылы оқиғалар есебін беріңіз және уланудың себебін сұраңыз.

Көміртегінің жануын және ауа жетіспеген кезде жануды түсіндіріңіз.
(G) Мұндай жағдайлардың қайда болатыны туралы оқушылардан сұраңыз.

Бұл жағдайлардың үйде, металдарды кесуде, сол сияқты шахталарда болатынын анықтап, талқылаңыз.
(W) Иіс газы – түссіз, дәмсіз, иіссіз, және анықталуы қиын газ. Әрбір үйде СО детекторы болуы тиіс.
(f) (G) Оқушылар иіс газының қкауіпсіздік техникасы бойынша плакат жасайды.

Сабақты иіс газының тірі организмдерге әсері туралы шағын әңгімеден бастауға болады. Иіс газы өте қауіпті, өйткені ол ми мен жүрек тәрізді өмірлік маңызды мүшелерге оттекті тасымалдайтын қанның келуіне кедергі жасайды. Иіс газы ағза жасушаларына оттекті ауыстыратын гемоглобинмен бірігеді, соның салдарынан оттек тасымалдануға жарамсыз болып қалады.

Сілтеме көміртегі монооксидінің физиологиялық әсері бойынша:

https://www.youtube.com/watch?v=UMEpHK183bk




8.4.3.9 көмірқышқыл газын алу және жинау, қасиеттерін зерттеу және оны анықтау


(W) Оқушыларға «Көмірқышқыл газының алыну әдістеріне» тірек‑схема құруды ұсыныңыз.

(E) Мәрмәр түйіршіктеріне тұз қышқылымен әсер ету арқылы көмірқышқыл газын алыңыз, оны ізбест суынан өткізу арқылы анықтаңыз және реакция теңдеуін құрастырыңыз.
(D) Көмірқышқыл газының химиялық қасиетін зерттеңіз. Магнийдің көмірқышқыл газында жануын кіргізіңіз.
(f) Оқушылардан химиялық реакция теңдеулерін жазуды сұраңыз.
(W) Оқушылармен көмірқышқыл газының қолданылу ауданын талқылаңыз.
(G) (f) Оқушылардан көмірқышқыл газын қайдан табуға мүмкін екенін және неге ол жерден табуға болатынын сұраңыз?
Лабораторияда көмірқышқыл газын қалай алуға болады? Оның аталуы бойынша формуласын жазыңыз.
(E - или D) Көмірқышқыл газын тез алу және қасиетін танып білу.
(f)Ізбес суымен сынақты қайталауды кіргізу.

Сіз бұл жолды көмек беру «түсі, қаттылығы, оттегімен реакциясы, анықтау және т.б.» арқылы жүйелей аласыз.
 Көзге қорғаныш көзілдірігін кию қажет.


 Оқушыларға инструкция берілу қажет:

жанып жатқан магнийге тіке қарамау!!

Олар ауада бар деп айтады, олардың есіне тыныс алуда, қазба отындары жануда, ізбест өнімдерін дайындауда, сұйылтылған қышқылдармен карбонаттардың реакциясы кезінде де алуға болатынын түсіру қажет.


Тұз қышқылы, мәрмәр түйірі, ізбест суы, магний, спиртшам, затты жағу үшін қолданылатын қасық.



қатты "құрғақ мұз" кубигінде жанып жатқан магний

http://www.youtube.com/watch?v=_xCbal2YyaE

Көміртегі диоксидінде жанып жатқан магний:

http://www.youtube.com/watch?v=o1hT0GQzU-U


8.4.3.10 табиғаттағы көміртегі айналымын түсіндіру



(W) Оқушыларға көміртегі тізбегінің қысқартылған блок‑ диаграммасын құруды ұсыныңыз.
(f) (G) Оқушылардан жұппен жұмыс жасау кезінде көміртегі тізбегін өз жұбына түсіндіруді сұраңыз.

(f) (G) Оқушыларға жоғарыда жүргізілген жұмыстардан көмірқышқыл газына методологиялық карта\логикалық схема құруды ұсыныңыз.


Түрлі ‑түсті көрнекі берілген диаграмманың бірін қолданыңыз.

Екі диаграмманы осы жерден табуға болады.http://www.buzzle.com/articles/carbon-cycle-diagram.html


Көміртегі тізбегінің белсенділігі:

http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/science/add_aqa_pre_2011/foodchains/foodchainact.shtml

PowerPoint – тағы презентация және көміртегі тізбегімен ойындар:

http://science.pppst.com/carboncycle.html

8.4.3.11 көміртегінің табиғи қосылыстарының маңызын түсіндіру


(W) Оқушыларға көміртегінің қандай табиғи қосылыстарының практикалық маңызы бар екендігін ойлануды ұсыныңыз.
(I) Оқушыларға көміртегінің табиғи қосылыстарының маңызы бойынша кесте құруды және кесте негізінде қорытынды жасауды ұсыныңыз.
(G) Оқушыларды топтарға біріктіріңіз (оқушылардан көміртегінің табиғи қосылыстарының маңызы бойынша интернет көздерінен материалдар табуды және айтуға схемалар дайындауды сұраңыз).

Мүмкін болатын, көрнекі суреттерді қолданыңыз.


https://www.youtube.com/watch?v=8GszElpzC7A

8.2.3.14 реагенттің және өнімнің белгілі көлемі, мөлшері, массы бойынша заттың массасын, мөлшерін және көлемін есептеу

(W) Оқушыларға әрекеттесуші заттардың зат мөлшерін есептеу үшін масса туралы білімдерін қолдануды ұсыныңыз.
(W) Оқушылармен кез‑келген газдың бір молі бөлме температурасында 24дм 3 көлем алатынын талқылаңыз.

Енді олар берілген реакцияға қатысатын газ көлемдерін қолдана отырып, өз білімдерін толықтырады.


Оқушылардың жазатын массасы, бұл олар өлшей алатын граммен берілген фактілі масса екенін түсінетініне көз жеткізіңіз.

Олар мына түрдегі сұрақтарға жауап бере алу керек «10 г темірмен күкірттің қандай массасы әрекеттесе алады және темір сульфидінің қандай массасы түзіледі?»

Оқушылар өз білімдеріне сенімді болған кезде сандар және қатынастар күрделене түседі.

Толығымен абстрактілі болып табылмайтын мысалдар табуға талпыныңыз. Мысалы, «Теңіз лайнерінің салмағы 100000 тонна. Теңізде күніне шамамен 8 кг қақ түзіледі. Егер қақты Fe2O3 деп алсақ, онда күніне қанша масса темір бүлінеді?»

“Необъяснимое письменное задание” по молярной массе:

http://www.college-cram.com/study/chemistry/molarity-and-stoichiometry/bottomless-worksheet-of-molar-masses/
“Түсіндірілмейтін жазбаша тапсырма” молекуланың қайта түзілуі:

http://www.college-cram.com/study/chemistry/molarity-and-stoichiometry/bottomless-worksheet-of-mole-conversions/

http://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=TAO81imQsT8



Ескерту: Зертханадағы жұмыс оқытушылар мен оқушылар үшін қауіпті болып саналады. Назарбаев Зияткерлік мектептері қауіпсіздіктің тиісті шараларын анықтап, оларды сақтауға жауапты болады. Бұл құжатта қауіпсіздік техникасы бойынша ақпарат тек жалпы түрде беріліп, не кеңесшілер не бағдарлама кеңесшілері қауіпсіздіктің тиісті шараларын қолданбау салдарына жауапты болмайды.

W = сыныппен жұмысP = жұптық жұмыс E = оқушы эксперименті

G = топтық жұмыс I = жеке жұмыс D = мұғалім көрсетілімі

f = бағалау = қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер


Химия Негізгі мектеп 8-сынып

8.4В Су


Осыған дейін меңгерілген білім

7.1ВЗаткүйініңөзгерісі
7.2ВҚарапайым химиялық реакциялар 
7.3CЕрітінді және ерігіштік
7.3АХимиялық элементтер, қосылыстар және адам ағзасы

Контекст

Су Жердегі кең тараған қосылыстардың бірі болып табылады және сондықтан химия үшін үлкен қызығушылық тудыратын инертті орта ретінде қарастырылады. Бұл бөлімде суды химиялық зат ретінде қарастырады, сонымен бірге, оныңжерде, атмосферада және таралуы зерттеледі. Оның агрегаттық күйінің өзгеруі,бірегейлігі қарастырылады. Судың ластануы мен қышқылдық жауындарды оқып-білу осы тақырыптың қоршаған ортамен және экологиямен байланысын көрсетеді. Судың айналымы оқушылар білуі және түсінуі тиіс үш маңызды циклдердің бірі ретінде ерекше орынға ие. Бөлім судың қышқыл-негіздік қасиеті мен ерітінділер электролизін түсіндіру үшін негіз болып табылады.Тақырып биология және географиямен ауқымды пәнаралық байланысқа ие.

Бұл бөлімдегі «Химия» пәнінің тілдік мақсаттары

Оқушылар үшін сәйкес академиялық тілмен берілген тіл мақсаттарының мысалы төменде келтірілген

Пәндік мақсат

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Оқушылар:
-су сутек оксиді болып табылатынын түсіне алады;
-қайнау нүктесін заттыңтазалық дәрежесі ретінде біледі және қайнау нүктесін таба біледі.


Оқушылар:
-осы тақырыпқа қатысты лексиканы пайдаланып сутегін алу процесін (жинау, орындау және т.б.), сутекті алу үрдісінің кезектілігін (бірінші, содан кейін, қашан және т.б.) ауызша сипаттай алады   

гидрид, кобальт хлориді, оксид, сутегі, су

қайнау нүктесі
 
сусыз, таза, алу, жинау, тексеру, орындау, конденсациялау


Сұйықтық қашан  конденсацияланады........
Біз су тазалығына анықтау тестін жүргізу үшін, бірінші......
Бұл тәжірибе ... көрсетеді ме?
Біз қалай ...біле/тексере аламыз...?

Мұғалім басқа тілдік мақсаттарды «Тілдік мақсатқа кіріспе» басшылығын қолдана отырып, өз бетімен құрастырады. 

Қысқаша шолу

Су барлық жерде: Жер бетінде, атмосферада және барлық тірі ағзаларда кездесетін зат ретінде қарастырылады. Ол бірегей қасиеттерге ие: ұзағынан ағады, жоғары қайнау температурасына ие және қатты күйде тығыздығы сұйық күйге қарағанда аз болады.

Сонымен қатар, оған 3 агрегаттық күй:су (сұйық су), бу (газ тектес су) және мұз (қатты су) тән болып келетін жалғыз затболып табылады. Оқушылар су айналымымен танысады, сондай-ақ су тазалығы мен қоршаған ортаның ластануы мәселесі қарастырылады.




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқыту ресурстары






8.4.2.9 судың сутек оксиді болып табылатынын білу

(G)Оқушыларға «Миға шабуыл» немесе проблемалық сұрақты

туындату:

Судың сутек оксиді болып табылатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеуге бола ма?

Зертханалық жағдайда сутекті қалай алуға болады?

Сутекті жақсақ не болуы мүмкін?
(f) (D)Оқушылардан сутегін қалай алуды еске түсірулерін сұраңыз. Салқындатылған ыдыс бетінде оның үлгісін алып, оны жағыңыз. Конденсацияланған сұйықтықты жинаңыз. Оқышулардан бұл не екенін сұраңыз. Оны қалай тексеруге болатынын сұраңыз.
(W)Оларға кобальт хлориді қағазы және сусыз мыс сульфаты көмегімен суды анықтауды көрсетіңіз немесе естеріне түсіріңіз. Бұл таза су түзілудің дәлелі бола ала ма, соны сұраңыз. Су тазалығын анықтаудың жалғыз критерийі‑ қайнау нүктесі болып табылатындығын олардың естеріне түсіріңіз.


Олар сутегі оксиді және / немесе «су» дейді.

Кобальт хлориді қағазын сақтықпен қолдану қажет.
Сусыз мыс (ІІ) сульфаты уытты. Көзге қорғаныш көзілдірігін кию және пайдаланғаннан кейін қолды әбден жуу керек.


Мырыш түйіршіктері, тұз қышқылы, кобальт хлориді, сусыз мыс (ІІ) сульфаты

Сынауықтар, сынауық үшін штативтер, термометр


8.4.2.10 судың бірегей қасиеттерін түсіндіру


(f) (I)Оқушылардан мына тақырыпта шығармашылық жұмыс жазуды сұраңыз:

Егер мұздың тығыздығы судың тығыздығынан көп болса Жер бетіндегі өмірді қалай елестетер едіңіз?

Су ‑ қатты күйде тығыздығы сұйық күйге қарағанда аздау болып келетін жалғыз зат болып табылады.
(D)Оқушыларға суда жүзіп жүрген мұз бөлшектерін көрсетіңіз.
(D)Оқушыларға бюреткадан су ағынын көрсетіңіз, электр және / немесе магнит өрісі әсерінен су ағысының ауытқуына назар аударыңыз.
(D)Судың беттік керілуінің түрлі эффектілерін және температураға тәуелді оның тұтқырлығының өзгерісін көрсетіңіз.


Оқушылар судың бірегей зат екенін және қалай болмасын Жердегі өмір оның бірігей қасиетіне тәуелді екенін түсінуі керек.


Стакан, скрепкалар, шанышқы, суқыздырғыш

Су. Сутектік байланыс:

http://www.hemi.nsu.ru/ucheb174.htm

http://www.arista.com.ua/inform/24/1591/

http://www.youtube.com/watch?v=t5t84yRzWk0

Сақина және қалақшамен зертханалық штатив, воронка, шыны таяқша, сынауықтар, газ жүретін түтігі бар тығын, спиртшам. Мұз бөлшектері, стакан, бутылка


8.4.2.11'>8.4.2.11 заттардың қайнау нүктесін ‑

олардың тазалық көрсеткіші ретінде түсіну және судың қайнау нүктесін тәжірибелік жолмен анықтау

(E) Оқушылардан судың қайнау нүктесін анықтауды сұраңыз.
(G)Оқушылардан периодтық кестеде оттегінің айналасында орналасқан, гидрид түзе алатын элементтерді нұсқай отырып, судың қайнау және балқу температураларын болжауды сұраңыз.

Оқушыларға бейметалл гидридтерінің қайнау және балқу температуралары бар мәліметтерді беріңіз.


Термометр шаригі ішінде болатын зат‑сұйықтық емес екендігіне баса назар аудару қажет
Олар периодтық кестедегі тенденцияларды нақты түсініп және барынша дәл экстраполяция жасай алулары керек. Олар айтарлықтай төмен болады.

Судың аномальды қасиеттері бойынша көлемді және толық мәліметтер:

http://www.lsbu.ac.uk/water/anmlies.html

Сынауықтар, лабораториялық штатив, термометр.

Су, этил спирті, натрий хлориді.

8.4.2.12 негіздік және қышқылдық оксидтердің сумен реакция теңдеулерін құру


(Е)Оқушылардан келесі тәжірибелерді орындауды сұраңыз:

‑ кальций карбонатының тұз қышқылымен әрекеттесуін көрсету, бөлінген газды су арқылы өткізу, ерітінді ортасын индикатормен тексеру.

‑ көп мөлшерде жылу бөлінетін, танымал ізбесті сөндіру реакциясы, ертінді ортасын индикатормен тексеріңіз.

Реакция теңдеулерін жазып, теңестіруді сұраңыз.

Жүргізілген көрсетілім бойынша сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыз.
Жүргізілген жұмыстар негізінде қорытынды жасаңыз.


Кальций карбонаты, кальций оксиді, тұз қышқылы, су, газ жүретін түтігі бар тығын, сынауықтармен штатив, индикаторлар

8.4.2.13 табиғаттағы су айналымын түсіндіру


(W) Оқушыларға су өмірдің барлық формаларының тіршілік әрекетіне қажет екендігін естеріне түсіріңіз.
(W) Оларға жердегі барлық су үздіксіз айналымның бір бөлігі болып табылатыны туралы идеяны таныстырыңыз.
(G) Оқушыларға қоршаған ортада су қайда кездесетіні бойынша «Миға шабуыл» жасаңыз және олар «стикерлер» («ескертпелер үшін») көмегімен оларды шеңберге орналастыруға тырысады.
(W)Оқушылармен мүмкіндігінше түсті анимациялар нұсқаларын қолданып, су айналымын талқылаңыз.

(W) Оқушылар қысқартылған блок‑схемамен қамтамасыз етілуі қажет.


Өте құрғақ жағдайға бейімделген кейбір өмір формаларын естеріне түсіріңіз, бірақ олардың да аз мөлшерде болса да суды қажет ететіндіктерін түсіндіріңіз.
Сәйкес анимация: http://earthguide.ucsd.edu/earthguide/diagrams/watercycle/
Оқушылар өзі аяқтауға болатын қарапайым блок – схема:

http://www.michellehenry.fr/diagram.jpg

Су айналымы бойынша қызықты мәліметтер және әрекеттер:

http://www.kidzone.ws/water/

http://www.youtube.com/watch?v=5pskNsG6TWA

су айналымы бойынша анимацияланған интерактивті «ойындар» осында:

http://apps.southeastwater.com.au/games/education_kidsroom_wcactivity.asp

http://www.youtube.com/watch?v=P55M5sSjAoM

Су айналымы бойынша құнды ресурстар коллекциясы және Жер бойынша басқа көптеген ғылыми аспектілер осы сілтемеде:

:http://www.nationalstemcentre.org.uk/elibrary/collection/215/earth-science-teachers-association-resources

http://www.ecology.md/section.php?section=news&id=4391

8.4.2.14 судың ластану көздерін білу және қоршаған ортаға тигізетін салдарын түсіндіру


(G или I) (f) Оқушылардан судың ластануын зерттеуді – оның себептері, салдарлары және оны тазарту/ластануын болдырмау тәсілдерін сұраңыз


Өте құрғақ жағдайға бейімделген кейбір өмір формаларын естеріне түсіріңіз, бірақ олардың да аз мөлшерде болса да суды қажет ететіндіктерін түсіндіріңіз.
Сәйкес анимация: http://earthguide.ucsd.edu/earthguide/diagrams/watercycle/
Оқушылар өзі аяқтауға болатын қарапайым блок – схема:

http://www.michellehenry.fr/diagram.jpg


Интернеттегі ізденіс осы іс – әрекетті алмастыру және қолдау үшін қолданылуы мүмкін.

Мысалы,http://camillasenior3.homestead.com/webquest.html

http://www.wasser.ru/istochniki-zagryazneniya-vodyi.html

Немесе:

http://waterquest0.tripod.com/

Немесе:

http://web.mac.com/hookerj1/Site_2/Welcome.html

8.4.2.15 қышқыл жаңбырлардың түзілуін түсіндіру


(I немесе G) (f) Оқушылардан қышқыл жаңбырлардың қоршаған ортаға әсерін көрсететін диаграмма құруды немесе плакат жасауды сұраңыз.Олар бұл қосылыстардың қоршаған ортаға кері әсерлерін қарастыру және оны азайтудың әдістерін ұсыну қажет.


Мәлімет бар парақтар, диаграммалар және т.б. немесе басқа нұсқалар.


Кейбір мәліметтер:

http://www.greener-industry.org.uk/pages/sulphuric_acid/1SulphuricAcidAP.htm

8.4.2.16 суды тазалау әдістерін білу

(W) Оқушыларға сутазарту станциясының схемасын қайта қарауды ұсыныңыз.
(Е)Тазарту әдістерін іс‑ жүзінде тексеріңіз. Стол үстінде тәжірибе жүргізу үшін қажетті инструкция болады, ластанған су үлгілері, фильтрлеуге қажетті жабдықтар, таза сынауықтар. Қорытынды щығарыңыз.

Оқушыларға су тазарту схемасын құру қажет.Оқушылар қандай фильтр түрлерін ұсына алады?


Ластанған су, фильтр қағазы, сынауықтар.

https://www.youtube.com/watch?v=r9sLa9bsRSw

https://www.youtube.com/watch?v=vxdBUucI1HE

8.2.3.14 ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін есептеу

(G)или (I) Оқушыларға еріген заттың массалық үлесі берілген белгілі ерітінді массасы бойынша еріген заттың массасын есептеуге тапсырмалар ұсыныңыз.

Оқушылар берілген парақтармен типті есептердің бірнеше түрін шығарады.


http://himege.ru/vychislenie-massovoj-doli-veshhestva-v-rastvore/


Ескерту: Зертханадағы жұмыс оқытушылар мен оқушылар үшін қауіпті болып саналады. Назарбаев Зияткерлік мектептері қауіпсіздіктің тиісті шараларын анықтап, оларды сақтауға жауапты болады. Бұл құжатта қауіпсіздік техникасы бойынша ақпарат тек жалпы түрде беріліп, не кеңесшілер не бағдарлама кеңесшілері қауіпсіздіктің тиісті шараларын қолданбау салдарына жауапты болмайды.
W = сыныппен жұмысP = жұптық жұмыс E = оқушы эксперименті

G = топтық жұмыс I = жеке жұмыс D = мұғалім көрсетілімі

f = бағалау = қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер