ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 121
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сығымдағыштың ішкі салыстырмалы ПЖЕ-нің кіші мәнін алғанының өзінде ηраіс = ηшіс болып шықты. Сондықтан іс жүзінде ηсіс көбінде ескерілмейді де ηаіс–тің (1.13) орнына ηшіс алына беріледі.
Сонымен, Ренкин айналымының ПЖЕ-і
(1.14)
яғни айналымға берілген жылулықтың 39 пайызы ғана пайдалы жұмысқа айналуы мүмкін болып отыр.
1.2.4 Осы кезгі қуатты шығырлар мен электр өндіргіштердің тетіктік ПЖЕ-лері ηм = 0,97 ÷ 0,995, ηө = 0,97 ÷ 0,99 [1]. Бұлардың мәндерін еске алсақ, айналымның электр өндіргішінің (шығыр қондырғыларының) ПЖЕ–сі
(1.15)
және шығыр - өндіргіш қондырғыларының электр әсерлік ПЖЕ-сі келесі
(1.16)
1.2.5 Енді қазан қондырғысы (іс жүзінде ηбқ = 0,89 ÷ 0,93) мен бу құбырларының ПЖЕ–лерін ескерсек, ШЭС–тің әсерлік ПЖЕ–сі
(1.17)
Сонымен Ренкин айналымды ШЭС-тың электр әсерлік ПЖЕ-сі 33 пайыз-ақ болды.
1.2.6 Шығырдың қуатын және отын шығысын (1.17) арқылы табамыз
(1.18)
(1.19)
ШЭС-тің меншікті отын шығысы
(1.20)
1.2.7 Жұмыс дененің шығысына келтірілген отынның меншікті жану q0 = Q/D, кВт/(кг/с) = кДж/кг жылылығын 100 пайыз деп алып, бу қазанының, бу құбырларының, шығырдың механикалық пен электр өндіргіштің шығындарын және электр жүйесіне берілген жұмысты келесі пайызды үлестерімен сипаттаймыз [1]
(1.21)
Ал, қалған 55 % - шығырдың шықтағышына берілген q2н–нің (яғни қоршаған ортаға тасталатын жылылықтың) үлесі болады
(1.22)
Ескерту. Студент мәселені шешуімен қатар оған қорытынды және (оның негізінде) ұсыныс жасауға үйренуі мен дағдылануы керек. Сондықтан әрбір орындалған тапсырмадан кейін студент өзінше қысқаша қорытынды жасап отыруға тиіс. Оған мысал.
Қорытынды. 1. Қаралған ШЭС-тың пайдалы 33% электр қайратынан екі еседей (55 %) жылылық тек жұмыс денені шықтандыруға кетеді. Келесі көп шығын (9 %) бу қазанындағы отын жағылуымен байланысты. Ал, жылуалмасу құбылыстарының ысыраптарын ескерсек, қоршаған ортаға кететін барлық жылу ысырабы – түрленбеулік (анергия) 67 % (1.1 кестені қараңыз).
2. ПЖЕ-мен қатар ЖЭС-тің келесі маңызды көрсеткіші – меншікті отын шығысы 363,6 г/(кВт∙сағ) (1.20) (қазіргі 320 г/(кВт∙сағ)-тан артық, ал, Нүрек СуЭС-ін ескерсек, Қырғызстанда бұл көрсеткіш тіпті 208 г/(кВт∙сағ)-ақ).
3. Шығырдың шығысындағы будың р2 = 4 кПа-дағы h2s = 1945 пен h2н = 2169 кДж/кг қажырларына сәйкес құрғақтық дәрежелері х2 = 0,75 пен х2н = 0,84 болғаны шығыр жұмысына қауіпсіз x = 0,87 ÷ 1-ден төмен.
Ұсыныс. 1. Шығыр жұмысын реттеу үшін шығыр алдындағы буды аралық аса қыздыру қажет.
2. ШЭС-тің үнемиеттік тиімділігін көтеру үшін, жергілікті (жылуландыру (теплофикация) мен химиялық су тазалау және тәсілдік сумен қамту, көкөніс өсіру (теплица) жүйелері ж.т.б.) мүмкіншіліктерді ескере, төменгі ыстықтықты қайраттық қылдық қорларын (ҚҚҚ) пайдалану керек. Тіпті болмаса, қаралған ШЭС-ті аса тиімді ЖЭО-ға не бугазды (қос айналымды) қондырғыға (БГҚ-ға) жобалау қажет.
1.1 К е с т е – 1.2 Тапсырманың негізгі қорытындылары
№ | Аты | Таңбасы | Өлшем бірлігі | Мәні |
1 | ШЭС-тің электрлік әсерлі ПЖЕ-і | ηэәшэс | % | 33 |
2 | Шығырдың қуаты | N | МВт | 100 |
3 | ШЭС-тің меншікті отын шығысы | bн | г/(кВт∙сағат) | 363,6 |
4 | Шықтағыштың жылылық ысырабы | q2/q0 | % | 55 |
5 | Шығырдың шығысындағы су буының құрғақтық дәрежесі | x2 x2н | - - | 0,75 0,84 |
6 | ШЭС-тің қайраттық жалпы ысырабы | qы/q0 | % | 67 |
1.3 Тапсырма. ЖЭО-ның сағаттық отын шығысын анықтау
Өндірістік ЖЭО-дағы әрқайсысының электрлік қуаты Nэ = 4 МВт-ты екі қарсы қысымды (Р) шығырлардан шыққан будың жылулығы өндірістік пайдаланып, толық шықтанып, айналымға қосылады. Олардың көрсеткіштері р1 = 3,5 + 0,1m + 0,05n МПа, t1 = 435 + m + n 0C, р2 = 0,12 МПа. Қондырғы Ренкин айналымымен істейді. Отынның жану жылылығы Qжт = 28,47 МДж/кг. Бу қазаны ПЖЕ-сі ηбқ = 0,84. ЖЭО–ның сағаттық отын шығысын анықтаңз.
1.3 Тапсырма шешімінің негізгі мысалы (m =1 n = 5).
Су мен су буының жылу физикалық қасиеттерінің hs – көрнек сызбағы мен [3] анықтамасынан берілген нүктелердегі қажырларды табамыз h1 = 3303 кДж/кг, h2 = 2538 кДж/кг, h3 = 439,4 кДж/кг (1.3 суретті қараңыз).
Шығырға берілетін будың сағаттық шығысы
(1.23)
Өндірістің пайдаланатын жылылық
(1.24)
Бу қазанындағы будың алған жылылығы
(1.25)
ЖЭО-ның сағаттық отын шығысы
(1.26)
1.4 Тапсырма. ЖЭО айналымының отын өнімділігін анықтау
1.3 тапсырманың ЖЭО электр қуаты мен жылылығы жекеленіп ШЭС-та және төменгі қысымды жылулық қазанда өндірілетін болсын. Жылулық қазанның ПЖЕ-сі және басқадай көрсеткіштері сол 1.3 тапсырмадай және ШЭС шығырының шығысындағы бу қысымы кәдімгідей р2 = 4 кПа болсын.
ЖЭО-ның отындық өнімді екенін көру үшін осы екі тапсырмадағы жағдайларда (ЖЭО және жекеленген ШЭС пен ЖҚ-лардың) пайдалы жұмыс еселеуіштерін анықтап салыстыру керек.
1.4 Тапсырма шешімінің негізгі мысалы (m =1 n = 5).
Айналымның берілген нүктелерінің қажырлары h1 = 3302 кДж/кг, h2
= 2092 кДж/кг, h3 = 121,4 кДж/кг (1.3 суретті қараңыз).
Шығырға берілетін будың сағаттық шығысы
(1.27)
Жылулық қазандағы будың алған жылылығы
(1.28)
ШЭС-тің сағаттық отын шығысы
(1.29)
Өндіріске бұрыңғыдай қажетті жылылығын беретін жылулық қазанның сағаттық отын шығысы
(1.30)
ШЭС пен ЖҚ-ның сағаттық отын шығыстары
(1.31)
Жекелеп электр қуатын және жылылық өндіретін ШЭС пен ЖҚ-ға қарағандағы ЖЭО-ның отын өнімділігі
(1.32)
ЖЭО-ның пайдалы жұмыс еселеуіші
(1.33)
Осы еселеуіштің екінші жолғы (жекеленген ШЭС пен ЖҚ-лардың) мәні
(1.34)
ЖЭО-ның жылу мен электр қайратын өндіруі жекеленген ШЭС пен ЖҚ-лардан 0,840/0,586 = 1,433 есе (43,3 пайызға) тиімді болды.
1.5 Тапсырма. Қайрылған жылылықтың әсерін анықтау
Nэ қуатты шығыр көрсеткіштері р1 = 3,5 + 0,1m + 0, 05n=3,85 МПа, t1 = 435 + m + n=441 0C, р2 = 4 кПа. Бу қазанына берілетін қорек (питательная) суды қыздыруға шығырдан рқб = 0,12 МПа қысымды бу алынады.
Бу мен жылылықтың меншікті шығыстарын және қайтымды Ренкин айналымының пайдалы жұмыс еселеуішін және қайрылған (жаңғыртылған) жылылықтың әсерін анықтап, талдау керек.
1.5 Тапсырма шешімінің негізгі мысалы (m =1 n = 5).
Су мен су буының жылу физикалық қасиеттерінің hs–сызбағы мен [3] анықтамасы бойынша келесі есепке қажетті көрсеткіштерді анықтаймыз h