Файл: оянды 1жалпы орта білім беретін мектебіні 4 Е сынып оушысы Тлеутай лішермен жргізілген.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 21
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қоянды №1жалпы орта білім беретін мектебінің
4 «Е» сынып оқушысы
Төлеутай Әлішермен жүргізілген
II тоқсан бойынша мәтіндік есебі
Оқушы, Төлеутай Әлішер Қоянды №1жалпы орта білім беретін мектебінің
4 «Е» сыныбында денсаулығына байланысты үйден оқиды. Әкесі: Шабаров Ержан Толеутаевич, анасы: Кунафышева Зауре Амантаевна. Оқушы толық отбасынан шыққан. Әлеуметтік жағдайы жақсы.Оқу құралдарымен толыққанды қамтылып, мектептен кітап берілген және үйінде сабақ оқуға арналған жеке орыны бар. Яғни ата-анасы оқуға барлық жағдайын жасаған. Мекен-жайы: Рамазанова 27, Әлішердің үйде оқуына, қойылған «Последствия ОНМК, правостроний гемипарез легкий, симптоматическая эпилепсия» диагнозы бойынша ауруы себеп болып отыр. Оның медициналық анықтамаларына сәйкес үйде оқыту бұйрығы бекітілген. Мәселен қазіргі таңда 4 сынып бағдарламасы арқылы аптасында 2 сағат математика,1 сағат әдебиеттік оқу,1 сағат қазақ тілі, 1 сағат жаратылыстану ,1 сағат түзету сабағын оқиды. Жалпы менде 6 сағаты бар.
II тоқсанда Әлішердің есте сақтау қабілеті төмен. Анасы, оған әсер еткен бірден-бір себеп қазіргі дәрісін ауыстырғаны деп түсіндірді. Тез шаршап қалады, ұйқысы келіп отырады. Шамасынша қайталап, кей әріптерді айтуға әрекет жасайды. Әріптерді үстінен бастырып жазатын. Ал қазіргі уақытта біршама өзі бастырмай жазатын болды. Осы күнге жеткеніне шүкір деді ата-анасы.
Тапсырмаларды өте жеңіл етіп алып, барынша ауызша түсіндіруге тура келеді. Былтырғымен салыстырғанда оның қалам ұстауы, жазуы сәл болса да түзетілді. Сөзге тиек ететін жағдай: оқу жылының басында мектепке келіп оқып жүрген болатын. Мектепте менің көзімше талып қалды. Қазіргі уақытта үйінде оқып жатыр. Мектепке келіп, оқығым келеді деп кейде жазбай қояды.
Алдағы уақытта оқушымен айтылым және жазылым жұмыстарына баса мән беруге тур келеді.
Қоянды орта мектебінің 1 «З» сынып оқушысы
Боранбай Арайлыммен жүргізілген
II тоқсан бойынша мәтіндік есебі
Оқушы, Борабай Арайлым Қоянды орта мектебінде 1 «З» сыныбында денсаулығына байланысты үйден оқиды. Әкесі:
Боранбаев Сагын Сагатович, анасы: Боранбаева Динара Еркеновна. Ата-анасы, оқуына көмектесіп, үйде жәрдем болатын қамқоршы адамдары. Оқушы толық отбасынан шыққан. Әлеуметтік жағдайы жақсы. Оқу-құралдарымен толық қамтылған және үйінде сабақ оқуға арналған жеке орыны бар. Яғни ата-анасы оқуға жақсы жағдай жасаған. Мекен-жайы: Қоянды 2Б мкр 113 участок өз үйінде тұрады. Арайлымның үйде оқуына, қойылған «Несовершенный остеогенез» диагнозы бойынша ауруы себеп болып отыр. Оның медициналық анықтамаларына сәйкес үйде оқыту бұйрығы бекітілген. Мәселен қазіргі таңда 1 сынып бағдарламасы арқылы әр аптада 2 сағат ағылшын тілін оқиды.
Арайлымның осы тоқсан оқуға бейімі, ынтасы жақсы, есте сақтау өте жақсы қалыпты оқушы. Оқушының ағылшын тіліне деген ынтасы өте жақсы. Берілген тапсырмалардың барлығын орындай алады.
Алдағы уақытта оқушымен есте сақтау қабілеттерін арттыруға арналған жұмыстар жүргізіліп, жазылым жұмыстарын дамытуға зер саламыз.