Файл: Дріс Таырыбы Саясаттану ылым ретінде.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 190

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жоспары:

1. Әлеуметтік ұйымдар, олардың түрлері.  

2.Әлеуметтік ұйымдардың қоғамдағы рөлі.

3. Әлеуметтік институт, оның мәні.

4. Әлеуметтік институттардың негізгі функциялары.

  1. Тұлға, отбасы, топ, қауымдастық әлеуметтік құрылымның адами материалдары. Алайда адамдар қоғамда жай механикалық түрде біріге салмайды, белгілі бір жағдайда, белгілі бір  қажеттілікпен ұйымдасады, біреуі басқарушылық функция атқарса, екіншісі – басқарылады, біреуі ой еңбегімен айналысса, екіншісі дене еңбегімен айналысады және т.б. Сөйтіп бірін бірі толықтырып, белгілі әлеуметтік бірлікті (единица) құрап, ұйым деген атқа ие болып әлеуметтік құрылымның маңызды элементіне айналады.    Ұйым түсінігінің әртүрлі мәні бар, бірақ негізінен үш мағынада қолданылады.    Біріншіден, ұйым деп белгілі әлеуметтік функция атқаратын мекемені атаймыз. Мысалы, мемлекеттік, саяси, қоғамдық, өндірістік, ауылшаруашылық, мәдени және т.б.       Екіншіден, ұйым деп құрылымның элементтерінің тәртіптелу деңгейі, объектінің ішкі құрылымын айтамыз. Бұл мағынада объектінің жоғары немесе төмен ұйымдасқандығы туралы айтады. Барлық әлеуметтік объектілердің өзінің ұйымы бар, яғни өзін құрайтын элементтердің байланыстары бар.    Үшіншіден, ұйым деп бір нәрсені ұйымдастыруға, әлеуметтік объектілер қызметін үйлестіруге бағытталған адамның қызметі түсіндіріледі. Бұл мағынада митингілерді, демонстрацияларды, спорттық кештерді және т.б. ұйымдастыруды  айтады.   Бұл анықтамалардың барлығы кез келген әлеуметтік жүйенің әртүрлі аспектілерін, атап айтқанда, оның объективтілігін, құрылымдық күрделілігін және жеке ұйымдардың, сондайақ бүкіл қоғамның қызмет етуін қолдауға бағытталған  мақсатты ісәрекетті  береді. Сонымен әлеуметтік ұйымдар - әлеуметтік жүйенің маңызды элементтері ретінде қоғам мүшелері  үшін әлеуметтік мәнді  қатынастарды тәртіпке, ретке келтірудің, тиянақтаудың, оларды міндетті етудің негізінде  қалыптасады.           Әлеуметтік ұйымдар дегеніміз белгілі бір әлеуметтік топтар мен индивидтердің мүддесін білдіріп, оны қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, мүшелерінің арасында еңбек бөлінісі жүзеге асқан, төменнен жоғарыға дейін тұрақты ұйымдық құрылымы бар, өзін-өзі басқаратын азаматтардың бірлестігі. Ұйымның барынша қарапайым анықтамасы бұл екі немесе одан көп индивидтер іс-әрекеттерінің саналы үйлестірілген жүйесі. Бұл анықтамада ұйымның екі маңызды сипаттамасы бар: әлеуметтік ортақтық, бірлік (әлеуметтік қауым белгілі мүшелері бар ұйымнан тұрады) және қауымдастықтың мақсатты қызметі.         Әлеуметтік ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді. Ұйымдық құрылымның негізгі өзегі  билік басқару қатынастары болып табылады. Сондықтан бұл құрылымда басқарушы блок (басшы немесе тиісті функцияларымен, штатымен басшылар) және орындаушылар блогы болады. Әлеуметтік ұйымның ең жоғары формасы мемлекет болып табылады.         Ұйымдар әкімшілік, қоғамдық және формалды және формалды емес типтерге бөлінеді. Әкімшілік ұйымдар құрылымдарының қатаң және жоғары деңгейімен, директивті бекітілген мақсаттарымен  ерекшеленеді. Қоғамдық ұйымдар  адамдардың ерікті бірлестіктері болып саналады. Бұлардың басқаларға қарағанда демократиялылығы басымдау болады. Ал формалды ұйымдар – бұл функциялары, құқықтары және міндеттері  қатаң белгілеген қоғамның әкімшілік негізі болып табылады. Неформалды ұйымдар кездейсоқ құрылған екі түрлі болады. Біріншісі мақсаттары айқын емес кездейсоқ құрылған адамдар жиыны да, екіншісі мақсаттары айқын, барлық талаптар мен орындаушылық тәртіппен ерекшеленген қылмыскерлердің болмаса діни ұйымдары.    Сонымен қатар әлеуметтік ұйымдар мынадай түрлерге де бөлінеді: 1.  Қоғамдық-саяси мүдделерге сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады. 2. Экономикалық мүддеге қарай құрылған ұйымдар. 3. Таптық белгісіне сәйкес құрылған ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы). 4. Қызмет түріне қатысты құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни және т.б.).   2.   Әлеуметтік ұйымдардың қоғамда атқарар белгілі рөлдері бар. Ол олардың қызметтерінен туындайды:     1). Бірлестік мүшелерінің мүдделері мен қажеттерін айқындау және қанағаттандыру;     2). Әлеуметтік ынтымақтасу мен жұмылдыру функциясы. Топтар мүшесін және оларды қолдайтындарды белгілі бір мақсат төңірегінде біріктіру және ұйымдастыру;     3). Әлеуметтендіру функциясы. Әлеуметтік ұйымдар өздерінің мүшелерін белгілі бір маңызды мәселелерді шешуге қатыстыра отырып, олардың белсенді қоғамдық позициясын қалыптастырады, белсенділігі мен мәдениетін көтереді, азаматтарды мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатыстырады.    3. Әлеуметтік ұйымдар сияқты әлеуметтік жүйенің маңызды элементі  әлеуметтік институттар. Ол қоғам мүшелері  үшін әлеуметтік мәнді  қатынастарды тәртіпке, ретке келтірудің, тиянақтаудың, оларды міндетті етудің негізінде  қалыптасады. Нақты индивидтердің, адамдардың, әлеуметтік топтардың, жіктердің және басқа қауымдастықтардың әлеуметтік байланыстары, өзара әрекеттері және қатынастары негізінде әлеуметтік институт пайда болады.      Әлеуметтік институт — бұл адам баласының әлеуметтік ойының ұлы жемісі. Біздің тұрмысымыздың барлық маңызды салаларын қамтитын күнделікті өмірдің ұжымдық түрлері ондаған, тіпті жүздеген жылдар тұрақты қызмет етуге қабілетті. Әлеуметтік институтар адам өмірінде кездейсоқтық емес,  тұрақтанған, сенімді әрекеттестік, жетекші рөл атқарады.  Сол себепті де әлеуметтану үшін институттар талдаудың аса маңызды объектілердің бірі, ал олардың қызметін түсіндіру әлеуметтанудың өзегі болып саналады. Сол себепті де қазіргі әлеуметтану ғылымы институт проблемасына ерекше көңіл бөледі. Белгілі әлеуметтанушылар Г. Спенсер, и Э. Дюркгейм әлеуметтік институттарды  әлеуметтік фабрика деп атаулары жайдан-жай емес.     Қоғамда жеке әлеуметтік институттар ерте заманнан қалыптасқан. Мысалы, отбасы, мемлекет, білім және т.б. Уақыттың сұранысына орай жаңа әлеуметтік институттар пайда болады. Мысалы, Қазақстандағы қазіргі нарықтық және демократиялық жағдайлардан туындаған нарықтық институттар, демократиялық институттар және т.б.     Күнделікті өмірде институтты әртүрлі әлеуметтік құрылым деп түсінеміз. Адамның қауіпсіздігі, оның білімі, денсаулығы, шаруашылық қызмет, демалыс, тағы басқа біздің күнделікті өміріміздің мәнін құрайтын құбылыстар институттық сипатқа ие болды. Бұл - институттанған, қалыптасқан, тәртіптелген, нығайтылған, жүйеге түскен әлеуметтік өмір. Мысалы, отбасы институты, білім институты, армия институты, дін институты, т.с.с.    Әлеуметтанушылар арасында әлеуметтік институт терминін түсіндіруде бірыңғай пікір жоқ. Дегенмен мынандай анықтамалар ұсынуға болады.    Әлеуметтік институт - бұл адамдардың мүдделерін қанағаттандыру мақсатында пайда болған, белгілі бір әлеуметтік мәні бар функцияларды атқаратын, әлеуметтік әрекеттестіктің тарихи қалыптасқан, нығайған, өзін-өзі тұрақты жаңартып отыратын, әлеуметтік жүйеде тығыз байланысқан, әлеуметтік нормалар мен ережелер, әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер негізінде мақсатқа бірге қол жеткізетін адамдардың ұйымдасқан  бірлестігінің түрі.   Әлеуметтік институт – бұл ең бірінші әлеуметтік құрылымның өмір сүруін қамтамасыз ететін әлдеқалай дәстүр, қоғамдық өмірдің уставы (жарғысы), адамдардың  қызмет істейтін бірлестіктер және оларды ұжымдарға мақсатты біріктіретін ұйымдастырушы күш.      Әлеуметтік институт бұл адамдардың біріккен тірлігінің тарихи қалыптасқан тұрақты  ұйымы, ісәрекеті мен өзара әрекеті, олардың қызметінің әртүрлі саласын,  мінезқұлқын реттеуші және оларды әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер жүйесіне  жинақтаушы тұрақты ережелер, нормалар мен тәртіптер (установки) кешені.   Әлеуметтік институт – бұл дәстүрлер, нормалар және құндылықтарға негізделген адамдардың ұжымдық тірлігінің  түрі, адамдарды ортақ мақсатқа жетуге күшжігерін ұйыстыратын  ұйымның ерекше формасы.    Қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси, құқықтық, адамгершілік, сондай-ақ адамдардың өмір сүруінің әлеуметтік ережелері мен мінез-құлқының нормаларын бойына сіңірген қоғамдық қызмет пен әлеуметтік қатынастардың белгілі ұйымы.   Әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік қызмет соншалықты әр алуан болса, әлеуеттік институт та шексіз. Мысалы, отбасы институты, дін институты, білім, өнер, ғылым, мәдениет институты, өндіріс, банк, несие, рента, сауда институты және т.б. болып кете береді. Яғни адамдардың мінезқұлқын, ісәрекетін сипаттайтын кез келген тұрақты әлеуметтік құрылым әлеуметтік институт бола алады.   Институт дегеніміз не? Соның анықтамасына тоқтала кетелік. Институт («институтты» латыннан аударғанда орнату деген мағынаны береді) дегеніміз адамдардың аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру үдерісі тәртіпке келтірген, тұрақты сипаты бар, өзін-өзі жаңартып отыратын әлеуметтік әрекеттер мен өзара қарым-қатынастардың жиынтығы.    4. Әлеуметтік институттар өмірге қалай келеді және олардың ең мәнді сипаттары қандай? Әлеуметтік институттардың негізгі мақсаты – маңызды өмірлік қажеттілікті қанағаттандыру. Кез келген институт әлеуметтік қажеттіліктен туады, соған сай қызмет етеді. Мысал үшін отбасы институтын алайық. Ол, біріншіден, қоғамдық құндылықтар (махаббат, балаларға қатынас, отбасылық өмір). Екіншіден, қоғамдық рәсімдер (процедуры) (балалардың тәрбиесі, олардың денсаулығы, денесінің өсуі жөніндегі қамқорлық, отбасылық ережелер мен міндеттер). Үшіншіден, отбасындағы рөлдер мен мәртебелердің бір-бірімен араласып жатуы (отбасында ата мен ененің, әкенің, ананың, баланың, жас өспірімнің, аға мен қарындастардың рөлдері мен мәртебелері). Осылардың көмегімен отбасылық өмір жүзеге асады. Қауіпсіздік пен әлеуметтік тәртіпті әлеуметтік Һәм саяси институттардың аса маңызды түрі мемлекет қамтамасыз етеді. Білім беру мен жас ұрпақтарды әлеуметтендіруге, кадрларды дайындауға қажеттілікті білім институты қамтамасыз етеді. Рухани, оның ішінде барлығынан бұрын  өмірлік мағыналы  проблемаларды дін институты қамтамасыз етеді.    Әлеуметтік институттар өздеріне тән әлеуметтік функцияларды атқарады. Бұл функциялар әртүрлі. Қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институттар 4 топқа бөлінеді:      1. Экономикалық институттар: меншік, нарық, ақша, еңбек ақы, т.б. Бұл институттар экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылықты басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырады. Мәселен, меншік қатынастары жеке тұлғалардың материалдық және басқа да құндылықтарға ие болуына және оларды пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік берсе, ақша тауар айырбасының жалпылама эквиваленті болып табылады. Еңбек ақы жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы.    2. Саяси институттар: мемлекет, сот, армия, парламент, саяси партиялар және т.б. Бұлар қоғамды билеу және басқару қызметтерін жүзеге асырады.   3. Рухани институттар: ғылым, білім, дін, мәдениет, тәрбие, моральдық ережелер, т. б. Бұл саланың институттары ғылым мен білімнің, өнердің дамуына және қоғамдағы моральдық құндылықтарды қолдауға ықпал етеді.    4. Отбасы саласындағы институттар: отбасы, ана, әке, неке, балалары, т. б. Бұл институттар әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасуында басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де берік болуы тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді.   5. Денсаулық институты (медицина мекемелері, спорт және туризм).   6. Ақпарат және коммуникация институты (коммуникация мен ақпараттың  бұқаралық құралдары).     Бұл әлеуметтік институттар арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, мемлекет тек саяси билікті ғана жүзеге асырып қоймайды, сонымен қатар экономикалық, рухани және отбасы салаларының қызметтеріне де елеулі ықпал етіп отырады. Қоғам ілгерілеп дамыған сайын әлеуметтік институттар да дамып, жетіліп отырады.       Кез келген әлеуметтік институттардың негізгі мазмұндық қызметі әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру, өйткені олар сол үшін құрылды және сол үшін өмір сүреді. Осы бағытта әлеуметтік институттар қанша болса, олардың соншалықты қызметтерін айтуға болады:       1. Кәсіби ісәрекеттің жалпы ережелерін жасау жолымен субъектілердің әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ету.    2. Әлеуметтік функция. Бұл адамдар арасындағы байланыстар мен қатынастарды анықтайды, нығайтады және қайта пайда етеді. Әрбір институт өзінің мүшелерінің мінез-құлқын қалыпқа түсіреді, нығайту үшін құндылықтар жүйесін, мінез-құлық нормалары мен үлгілерін жасайды. Институт шеңберінде оның мүшелерінің қызметін, өзара байланысы мен қарым-қатынасын тәртіпке салып, реттеп отыратын белгілі әлеуметтік бақылау қалыптастырады.   3. Қоғамдық өмірдің тұрақтылығы мен бірқалыптылығын қамтамасыз етеді.   4. Біріктіруші функция. Бұл жалпы ережелерге байланысты әлеуметтік топтар, қауымдастықтардың бірігуі, бір-біріне бағыныштылығы, бір-біріне тәуелділік үдерістерін қамтиды, біріктіреді.   5. Коммуникативті, яғни байланыс функциясы. Бұл өзара әрекет және ақпарат алмасу негізінде жүзеге асады. Институт мүшелерінің байланысының өзіндік ерекшеліктері бар.   6. Трансляциялық функция. Бұл әлеуметтік тәжірибе ретінде көрінеді. Әрбір институттың өздерінің құндылықтары, нормалары мен мінез-құлықтары үлгілерін меңгеру негізінде индивидтерді әлеуметтендіретін  белгілі тетіктері бар.       Сонымен әлеуметтік ұйымдар мен институтар қоғамда аса маңызды функцияларды атқарып,  миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өткізіп, оларды әлеуметтендіру үдерісінде айрықша рөл атқарады.   


Сұрақтары  

  1. Әлеуметтік жүйенің маңызды элементтерін атаңыз?  

  2. Әлеуметтік ұйымдар дегеніміз не?  

  3. Әлеуметтік институт дегеніміз не?  

  4. Институт деп нені атаймыз?   

  5. Әлеуметтік институттардың негізгі мақсаты неде?  


Пайдаланған әдебиеттер

1.Әлеуметтану кітабы.Р.Б.Абсаттаров. С.Т.Жалмағанбетов. А.А.Нуракишев.

Дәріс №11

Тақырыбы: Әлеуметтік – медициналық қызметтер.
Жоспары:

1.Денсаулық сақтау

2.Нарықтық

3.Бәсекелестік

4.Моделдеу

Мақсаты: Қоғамдағы адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Қазіргі таңдағы экономикалық қатынастар жүйесі азаматтардың барлық стандарттарға сай сапалы әрі толық медициналық жәрдем алуына мүмкіндік бермей отыр. Сондықтанда  денсаулық сақтау саласын басқарудың жолдарын қайта қарастыру қажеттігі туындап отыр. Осы тұрғыда Ел басының  жолдауында да медицинаны басқару жүйесін жетілдіру, медициналық жәрдем көрсетуді ұйымдастыру, осы жүйенің құқықтық-нормативтік базасын және қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен осыған қатысты мемлекеттік сатып алу секілді мәселелерде елеулі өзгерістерді енгізу туралы баса айтқан болатын.

Денсаулық сақтау жүйесінде нарықтық экономикалық қатынастарға көшу, реформалау және дамыту ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Осы салада көрсетілетін қызметтің сапасын және тиімділігін көтеру, бюджет шығындарын оңтайландыру, нарық элементтерінің негізгісінің  бірі бәсекелестікке елеулі септігін тигізетіні сөзсіз.

Денсаулық сақтау қызметі – арнайы заңдармен реттелетін ерекше құқықтық статусқа ие.

Денсаулық сақтаудағы нарықтық қатынастардың дамуымен қатар бұл салада медициналық субъект және медициналық қызметті өндіруші түсінігі пайда болады. Нарықтық қатынас жағдайындағы медициналық қызмет көрсету-экономикалық қатысушылардың, яғни тұтынушы мен өндірушінің мүдделерінің тоғысуы. Осы тұрғыда пациент өзінің қажеттілігін қанағаттандыруға мүдделі болса, дәрігер өз алдына қызмет көрсетіп өз еңбегі үшін ақы алуға қызығушылық танытады.  Осы тұста, нарықтық қатынасқа сай ақылық, төлемдік негізінде алынған игіліктің теңдігі орын алады.



Қазіргі таңда елімізде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттеу тәжірибесі, нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесіне сүйеніп отыр. Бірақта посткеңестік елдердің экономикалық дамуының ерекшеліктеріне байланысты, дамыған елдердің денсаулық сақтау моделдерін түп нұсқасына дейін көшіріп алу біздің елдің әлеуметтік- экономикалық ерекшеліктеріне байланысты орынсыз болып отыр.

Медициналық қызмет көрсетуде кәсіпкерліктің дамуы, денсаулық сақтауда нарықтық қатынастар дамуының маңызды аспектілерінің бірі. Жалпы кәсіпкерлік түсінігі бойынша медициналық қызмет көрсету – пайда табу мақсатындағы  экономикалық іс-әрекет.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық қатынастардың ерекшелігі қоғамның әлеуметтік саясатымен тығыз байланысты. Әлеуметтік қызмет көрсету сферасындағы экономикалық қатынастар осы саладағы нарықтық іс-әрекеттердің ерекшелігін анықтайды.  Ол қоғамдағы әлеуметтік және құқықтық үрдістердің динамикасымен байланыста қарастырылады.

Бүгінгі күнде мемлекеттік меншік формасындағы ұйымдарда медициналық қызмет көрсетіп отырған ұйым  мемлекеттің өзі болып отыр.

Осы күндері әлемдік денсаулық сақтау жүйесінде экономикалық дамыған мемлекеттердің денсаулық сақтау жүйелері (дәлірек айтсақ үлкен жетілікке кіретін елдер: АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Алмания, Италия, Жапония) өзіне баса назар аудартады. Осы елдердің денсаулық сақтау жүйелерінде қызмет көрсетудің барлық формаларын кездестіруге болады. Олар: жеке медициналық тәжірибе, мемлекеттік территориялдық және ведомстволық медицина, сақтандыру медицинасы, қоғамдық ұйымдардың медициналық қызметі.

Егерде кейбір елдер үшін (АҚШ) нарықтық бастама алғы шарт болса, Батыс Еуропа елдері үшін жоспарлы реттеу жұмысы негізге алынып отыр, ал  Жапония үшін ұлттық дәстүр медицинада кеңінен пайдалануда. Сонымен қатар, жаңа индустриалды елдердің денсаулық сақтау жүйелері де өз ерекшеліктерімен көңіл аудартуда. Жалпы халықтық медициналық қызмет көрсету деңгейі бойынша кейбір елдер көбіне артта қалып келгенімен, соңғы жылдары өткізіліп жатқан реформалар нәтижесінде елеулі жетістіктерге жетуде. Соның ішінде айтарлықтай жетістіктерге жеткен елдер: Азия-Тынық мұхит  бассейні мемлекеттері, Латын Америкасының Мексика, Бразилия, Аргентина елдері. Сонымен қатар, халықаралық деңгейде денсаулық сақтауда елеулі проблемалары бар мемлекеттер де жоқ емес. Олар Африка материгінің біраз мемлекеттері және Ауғаныстан елдері. Бұл елдерде денсаулық сақтау үрдісі материалды өндірістің өзге салалары сияқты төмен деңгейде.


Қазіргі таңда денсаулық сақтау жүйелерін төрт модель тұрғысынан қарастыруға болады.

–                 біріншісі ұлттық, мемлекет бұл саланың іс шараларын өз мойнына алып, медициналық қызмет көрсетуді басқару жұмысын жүзеге асырады. Медицина қызметкерлерінің жалақысы медицина қызметін тұтынушылардың санына тікелей байланысты болады.

–                 екіншісі сақтандырушылық, бұл жерде қаржыландыру жұмыс берушімен жұмысшының жарнасының белгілі бір пайызы арқылы жүзеге асады. Қаржы мемлекеттік емес қорларға түсіп  және осы қорлар қаржыны басқару органы болып табылады. Қорлар мен емдеу мекемелері арасында экономикалық қатынастар келісім шарт негізінде жүзеге асады.

–                 үшіншісі төлемдік, яғни бұл жерде науқас пен медицина қызметкерлері арасында өзара келісім арқылы, ақылы түрде жүзеге асады.

–                 төртіншісі мемлекеттік немесе орталықтандырылған денсаулық сақтау жүйесі. Бұл жүйенің негізгі қағидасы – жалпы халықтық ақысыз және қолжетімділік. Бұл жерде медициналық қызметкерлер көрсеткен қызмет мөлшеріне байланысты емес, тұрақты жалақы мөлшерінде еңбекақы алады.

Қазіргі таңдағы әр елдің  медициналық     қызмет көрсету жүйесі әр түрлі. Олар қаржыландыру әдісі, төлемі, ұйымының құрылымы, медициналық жәрдем беруді қадағалау әдістерімен ерекшеленеді.  Бірақта айтылған моделдің біреуі де идеалды емес. Шет елдердің медициналық қызмет көрсету жүйелерін реформалау тәжірибесі, медициналық жәрдем көрсетуге қажетті экономикалық ресурстарды тарту әдістері әр елде өзіндік ерекшеліктеріне  байланысты қалыптасқанын байқатады. Сонымен қатар, осы денсаулық сақтау саласының дамуы мен қалыптасуына ішкі экономикалық, саяси және өзге де күштер әсер ететіні сөзсіз. Мысалы бүгінгі күні Испания, Португалия елдері денсаулық сақтауды ұйымдастырудың сақтандыру жүйесінен ұлттық жүйеге ауыстыруды жөн көруде.

АҚШ, Корея, Кипр, Израил, Нидерланд секілді елдер ерікті сақтандырудан жалпы ұлттық міндетті медициналық сақтандыруға көшуде. Мәселен АҚШ-та жалпы халықтық сақтандыру бағдарламасы жоқ. Сондықтан да ол елдің денсаулық сақтау моделі жеке меншік медициналық сақтандыру жүйесімен ерекшеленеді. Жеке меншік сақтандыру тек мүмкіндігі мол ірі компаниялардың қызметкерлерін қамтиды.  Ал мүмкіндігі шектеулі, қаражаты аз азаматтарды (қарттар, мүгедектер) сақтандыру мемлекеттің мойнына жүктеліп отыр.


Бүгінгі күні Шығыс Еуропа және ТМД елдерінде саяси және экономикалық дағдарыстың салдарынан денсаулық сақтау саласында мемлекеттік шығындар елеулі түрде қысқартылды. Мұндай әрекеттер осы елдерде тұрғындардың денсаулығының нашарлауына әкеліп соқтырды. Соның әсерінен ұмыт болған дерттер мен жаңа пайда болған жұқпалы дерттердің ушығуы өрши түсті. Осының бәрі бұл елдерде денсаулық сақтау саласында жаңа стратегиялар мен реформалар жасауды және оны жүзеге асыруды талап етіп отыр.

Шығыс Еуропа елдері денсаулық сақтау жүйесін негізінен мемлекеттік қорлардан қаржыландыруды сақтай отырып, үлкен көлемді жеке меншік қаржыландыруды да қолдағанымен, бұл әрекеттің елеулі нәтижесі болған жоқ. Олар Батыс Еуропа елдерінің жолын таңдады. Бұл үлгіге сәйкес қаржыландырудың үштен бір бөлігі мемлекет есебінен жүргізулуде. Осыған орай бұл елдер осы мәселені жетілдіруде бірнеше механизмдерді ұсынды. Соның ішінде төрт негізгі бағытты атап өтсе болады. Олар: медициналық қызмет көрсету саласында мемлекеттің рөлінің өзгеруі; жеке меншік секторды осы салаға тарту; пациенттердің таңдау мүмкіндігін арттыру; қоғамдық денсаулықты қорғау жүйесін өзгерту болып табылады. Мысалы Польшада осындай түбегейлі реформаларды жүзеге асырудың нәтижесінде орталықтандырылған моделден бір жолата бас тартты. Соның нәтижесінде провинциялардың билік өкілдері денсаулық сақтау шаруашылығын жүргізуде кеңейтілген құқыққа ие болды.

Ұлыбритания, Алмания,Франция Белгия  және Солтүстік Еуропа елдері өздерінің қалыптасқан денсаулық сақтау жүйелерін сақтай отырып, белгілі бір өзгерістерді енгізуде. Мысалы, Швеция моделі бойынша денсаулық сақтау жұмысы мемлекеттік қаржыландыру нышандары негізінде жүзеге асырылады. Бұл моделге сәйкес  қаржыландыру жүйесі тікелей жергілікті медициналық жәрдем көрсету жүйесімен байланысты. Осылайша басқару жүйесінің тетіктері жергілікті әкімшілік құзыретінде болғанымен, жергілікті тұрғындар билік органдарының денсаулық сақтауға қатысты саясатын бақылау мүмкіндігіне ие. Бұл елдің денсаулық сақтау министірлігі көбіне осы жүйенің дамуының стратегиясын қарастырып, шығындар болжамы мен ұзақ мерзімді жоспарларды, кадр дайындау менен ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырумен шектеледі.

Посткеңестік кеңістіктегі денсаулық сақтау жүйелерін реформалау проблемаларын қарастырғанда, өтпелі кезең тұсындағы әлеуметтік экономикалық қайшылықтарды ескерген жөн. Бүгінгі күні денсаулық сақтау саласының елеулі проблемаларының бірі медициналық қызмет көрсету ақысының өсуі себебінен  тұрғындардың көпшілік бөлігінің бұл қызмет түріне қолы жетпей отыр. Өйткені, әртүрлі жұқпалы дерттермен, созылмалы дерттерді емдеу қымбат бағалы дәрі-дәрмектермен және емдеудің жаңа технологияларын  талап еткендіктен болып отыр.