Файл: Дріс Таырыбы Саясаттану ылым ретінде.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 195

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1) Мемлекет адамзат қауымының немесе азаматтық қоғамның  дамуына  және еңбек бөлісіне қарай дамып жетілді.

2)  Бұл процесс өз мүдделеріне  сәйкес жаңа әлеуметтік топтардың  шығуына әкелді.

3)  Бұл бөлінудің өзі ортақ мүдделерді жүзеге асыру үшін қажетті  функцияларды талап  етеді.

4)  Қарама-қайшы топтар арасындағы шиеленісті туғызып, олардың кейбіреуін басу қажеттігі туады.

5)  Ортақ мүдделер мен функцияларды атқару қажеттігі шығады.

Осы аталғандардан келіп  биліктің  төмендгідей  маңызды функциялары шығады:

1) Мемлекеттің жалпыға бірдей мүддесін қорғау және  белгілі бір тәртіпті сақтап отыру. Бұл алдымен ортақ мүддеге қарсы немесе  экономикалық  үстем таптардың  мүддесіне қарсы шығушы жеке адамдар  мен жіктердің мүддесін басуға бағытталады, одан кейін  ел тұрғыныдарының  мүдделерін үйдестіру және келістіру, үшіншіден,  сыртқы шабуылдан  қорғау.

2) Басқару арқылы  ортақ  мүддені қанағаттандыру – бүкіл қоғамның міндеттерін  әкімшілік жолымен  орындау.

Бірінші міндет  қоғамның  ыдырауына жол бермейтін  қажеттіліктен  туады. Бірақ кей жағдайда қарсыласушы топтардың  мүдделеріне тағы басқа топтардың  қосылуы мүмкін. Онда олардың  ортақ мүдделерін таба білу қажет. Мемлекеттегі таптар мен жіктердің ымыраға келу жағдайын қарастыру болып табылады.

Мемлекеттің сыртқы дұшпандардан қорғалуындағы биліктің рөлі ерекше.

Елдің халқын басқару саласында мәселе күрделі болып келеді. Бұл мәселеде әртүрлі бағыттар бар. Бірінші бағыт мемлекеттің  барлық функциялары елдің  қоғамын тұтасымен басқару деп қарастырылады. Екінші бағыт атқарушы өкіметтің мемлекеттік басқару қызметі деп  қарастырылады, заң шығару мен соттық билікті ескермейді. Мұны «әкімшілік» деп атайды. АҚШ-та оны бұқаралық «әкімшілік» дейді. Америкалық  саясаттанушы Л.Уайт мемлекеттік  басқару органдарын  үш топқа бөледі:

1)  штабтар - өзі орындай алатын шешімдерді қабылдайтындар;

2)  жедел қызметтер – штабтардың шешімдерін жүзеге асырушылар;

3) көмекші қызметтер – штабтар мен жедел қызметтердің  қажеттегідей жұмысына жағдай туғызатындарды атайды.

Барлық мемлекеттік ұйымдар екі түрге бөлінеді: үкіметтің  мемлекеттік органдары – жалпы мемлекеттік шешімдер қабылдайды; мемлекеттік басқару органдарының аппараты, олар  мемлекеттік  ұйымдар,  мемлекеттік  басқару,  мемлекеттік аппарат деп аталады. Мемлекеттік  ұйымдардың  барлығын  орталық және жергілікті деп  екіге  бөледі.


Мемлекеттік  басқару қашан болмасын саяси басқару болып келеді. Атқарушы биліктің функциялары:

1) Егемендікті жүзеге асыру функциялары: а) мемлекеттің  сыртқы жағдайдағы егемендігі мен тұтастығын қорғау; б) ішкі қарым-қатынасты сақтау,  тәртіпті, ішкі тұтастықты сақтау; в) мемлекеттік –саяси жүйенің қызметін ұйымдастыру – сайлау науқаны, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар және  басқалары.

2) Экономикалық функциялары.  Қазіргі уақытта бір де бір мемлекет  елдің экономикасын мемлекет тарапынан  реттеуге қарсы емес. Мұнда туатын  проблеманың  ең бастысы саясаттың  экономикаға ықпал ету шегі мен оның  берер нәтижелері. Экономикалық  заңдылықтарды ескермей кету қатері бар. Мемлекеттің функциясын бақылап отыру, дағдарысты жағдайларға жол бермеу. Экономикамен айналысқан мемлекеттік билік тұтыну,  қажеттілік өндірісінің қуаты мен ақиқатты көлемін бақылап отыруы қажет.

Саясаттанушы Д.Кейнстің  идеясы бойынша нарықтық экономикадағы елдерде жұмыс қолы түгел қамтылуы керек,  тұтынушылардың  тұтыну қабілеті  өндіріс құралдарын өндіруге сәйкес дамуы тиіс.  Ол үшін мемлекет  салық, бюджет, инвестициялық және несие  саясатын қолдануы қажет. АҚШ сияқты  елдерде экономиканы реттеу сауда, мемлекеттік  кәсіпорындар, транспорт, ғылыми-техникалық  жұмыстар арқылы жүргізіледі.

1)  Байланыс және коммуникациялық  функциялары.

2)  Әлеуметтік функциялары.

3)  Мәдени-тәрбиелік функциялары.

Мемлекеттік аппараттың әкімшілік функциялары:

1)  Жағдайды,  терең әлеуметтік құрылымдардың  жағдайын талдау.

2)  Бағдарламалық шешімдерді жасау.

3)  Заңдық қызмет – бағдарламаларды заңдарға сәйкестендіру арқылы талдау.

4) Финанстық қызмет – жеке бағдарламалардың бюджетін анықтау, мемлекеттің бюджетін әкімшілік жағынан  дайындау.

Жеделдік (оперативтік) функцияларына:

1) Кадрлық қызмет.

2) Ұйымдастыру қызметі.

3) Ақпараттық-психологиялық жұмыс.

4) Бақылаушылық  қызметі.

Жергілікті өзін-өзі басқару мәселесін түсінуде азаматтық қоғам мен жергілікті мемлекеттік биліктің қарым-қатынасын  талдап білу керек. Қазіргі кезеңде кейбір саясаткерлер жергілікті өзін-өзі басқаруды ұлтаралық шиеленісті өршіту үшін пайдалануды көздеуде. Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесі туралы  мәселе де маңызды орын алады.  Қанша мемлекеттік  қызметкерлер қажет?  Парламентаризм  және  көппартиялық  жағдайда  билікке қабылеті жеткіліксіз адамдар келуі мүмкін. Сондықтан  қазіргі жағдайда  бұл барлық  елдерді толғаныдырады. Оның өзі билік мәселесі бойынша технократиялық  теорияларды туғызуда. Оның мәні:  үкіметтің билігінде ғалымдар, мамандар отыруы қажет деген сөз.  Басқаша айтқанда, техниктер, инженерлер және  ғалымдар  басқаруы  қажет. Бұл технократ-мамандардың билігі  деген сөз. Қоғам дамуында әлеуметтік процестердің техникалық,  экологиялық, экономикалық, саяси, құқықтық, рухани күрделене түсуіне  байланысты аталмыш проблеманы мамандарды қатыстыру арқылы  шешудің қажеттігі шығады.  Кейбір нақты мемлекеттік басқару органдарына маманларды енгізу өзін-өзі ақтайтын практика: мәселен, консультанттар, кеңесшілер, сарапшылар, т.б. Практика  көрсетіп  отырғандай, маман мен саясаткерді үйлестіру мемлекеттік  қызметке өте пайдалы адамды тартуға болатындығын дәлелдеп отыр. Батыс елдерінде мемлекеттік  қызметкерлерді  кеңінен дайындау  және мамандандыру қолға алынған.  Сонымен қатар лауазым – шені, класность тобы,  рейтингісі іскерлік қасиетіне берілген ұпайы ескеріледі.



Мемлекеттік құрылымның жүйесін айқындау екі түрлі жолмен белгіленеді: субординациялық-әкімшілік (командалық-бұйрықтық) және өкілділік-демократиялық (халықтың,  өкілдердің қатысумен) жолмен.

Мемлекеттік жүйелердің  бірнеше типі бар:  құлиеленуші, феодалдық, буржуазиялық, пролетарлық мемлекеттер. Жоғарғы биліктің субъектісі бойынша мемлекеттер: автократиялық, олигархиялық, демократиялық  болады да, биліктің және оның органдарының құрылымы жағынан: монархиялық, республикалық болып бөлінеді.

Олигархия - мемлекетті басқару тетігінің азғана топ адамның  қолына көшуі. Оның  мәні: өздерінше тіл табысқан, түсініскен, мақсат-мүддесі ортақ бір топ адамның ашықтан-ашық немесе құпия әрі астыртын айламен мемлекеттік аппаратты, негізгі өндіріс құралдарды, банкілерді, қаржылық және әскери-жазалаушы күштерді қолына алу арқылы үстемдігін орнатуы.

Охлократия -  қара тобыр халықтың билігі. Саяси режимнің қолға сирек түсетін ерекше түрі – мұндай жағдайда мемлекеттік аппаратты басқару нормалық-құқықтық, моральдық құндылықтар мен дәстүрлер  тәжірибесінде сыналған  қатал негізде емес,  саяси демагогтардың  ықпалымен шапшаң өзгеріп отыратын қара тобырдың  көңіл-күйі негізінде жүріп отырады.

Әдебиеттер:

  1. Антология мировой политической мысли. В 5-ти томах. М., 1997.

  2. Әбсоттаров Р.Б.Саясаттану және оның проблемалары. А., 2007.

  1. Жамбылов Д. Саясаттану.- Алматы., 2009.

  2. Ирхин Ю. В. Политология: Учебник. –М.,2006.

  3. Политология: Хрестоматия / Сост. М. А. Василик, М. С. Вершинин.- М., 2000.

  4. Саясаттануға кіріспе. 1, 2, және 3 бөлім –Алматы., 1994.




Дәріс № 8

Тақырыбы: Әлеуметтанудың пәні, нысаны және құрылымы.

Жоспары:
1. Әлеуметтанудың ғылым ретіндегі анықтамасы, түсінігі.

2. Басқа ғылымдармен байланысы.

3. Пән міндеттері мен даму кезеңдері.
Жоғарғы оқу орындарында студенттердің әлеуметтануды оқып үйрене бастағынына аз уақыт болды. Социология пәнін оқыту 90 жылдардың басынан басталды. Оны оқып үйренудегі мақсаттар:- бейтаныс адамдар мен ұйымдардың арасындағы қарым-қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсінуге және әлеуметтік мәселелерді зерттеуге ұмтылу. Себебі қоғамдық мәселелердің байыбына бармай енжарлық таныту қоғамдағы қордаланған мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді. Оны Жан-жақты зерттеп сараптамайынша мәселелерді шешудің жолын қалау аздық етеді.

Социологияның қарастыратын мәселелерін анықтау үшін алдымен «әлеуметтік» сөзінің анықтамасы грек-латын тілдерінен «socitias» және «logos» яғни қоғам туралы ілім дегенді білдіретіндігін анықтаймыз.

Социологияның басқа қоғамдық ғылымдар арасында өз алдына бөлек ғылым екені мынадан көрінеді. Социология қоғамды, оның өмір сүруі мен дамуын әлеуметтік құбылыстар, процесстер мен қатынастар тұрғысынан қарастырады. Оның зерттеу обьектісі - социум деп аталатын әлеуметтік шындық. Қоғам барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу обьектісі бола отырып, әр ғылымдар негізі өзінің ерекше зертеу обьектісін таңдап алады. Мысалы тарих ғылымының зерттеуі- оқиғалардың шығу себептерін алса, экономиканың зерттеуі - өндіріс пен өндірістік қатынастар, тұтыну мәселелері, саясатану ғылымының зерттеуі – саяси билік жүргізу мәселелерімен тығыз байланысты. Әр ғылымдардың өзіндік зерттейтін мәселелері осылайша бөлініп алынады.

Демек социология қоғамды тұтас қаратырмайды, тек сол қоғамның әлеуметтік өмырын ғана зерттейді. Атап айтқанда, адамдардың кең қауымдастықтары арасындағы әлеуметтік қатынастарды қарастырады.

Әлеуметтік қатынастардың бір ерекшелігі сол, олар біртұтас комплексті сипатта болады да, тек жекеленген экономикалық немесе тек саяси, рухани ғана болмайды. Жеке адам, тап, ұлт, демографиялық, кәсіптік топтар әруақытта қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығының субьектісі болып табылады. Бұл өзара қатынастар мәселелері субьектілермен бірге біртұтас қоғамдық өмір заңдылығы болады.


Әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні, таным процесі.Қоғамның құрылысы өмір сүруі мен дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары жайлы адамдар мен олардың бірлестіктерінің өзара қарым-қатынастарында іске асырудың жолдары, формалары, әдістері қарастырылған. Американдық социолог Нейл Смезлер «Соцология қоғамды және әлеуметтік қатынастарды зерттеу ғылымы» дей келе, адамдарды танып білу, мінез- құлқы мен жүріс- тұрысын анықтауға тырысады деп анықтама берген.

Социологияның негізгі категориясы «Әлеуметтік» ұғымы. Бұл ұғымдарға «әлеуметтік жүйк», «әлеуметтік құрылым», «әлеуметтік институт», «әлеуметтік топ», «әлеуметтік әрекет» т.б. Бұлардың әрқайсысы өз алдына маңызды категорияларға бөлінеді. Әлеуметтік заңдар адамдар мен топтардың мінез - құлқын реттеп, олардың қоғамдастықтар арасындағы қарым-қатынастарды анықтайды. Бұған әлеуметтік жіктелу , бірігу, әлеуметтік мобильдік, әлеуметтік интернационалдану, жеке адамның әлеуметтенуі т.б. жатады.

Әлеуметтік заңдарды түрліще белгілері бойынша классификациялауға болады. Жалпылығына қарай жалпы және ерекше деп бөлінсе, Сипатына қарай динамикалық және статистикалық деп бөлінеді. Динамикалық заңдар нақты жағдайда өз ретімен болатын оқыиғалар арасындағы бір мәнді, оның бағытын, түрлері мен факторларын анықтап береді. Статистикалық заңдар әлеуметтік құбылыстарды қатаң жіктеп анықтайды. Осыған орай пәннің құрамдас бөліктері:

- жалпы –теориялық социумның өмір сүруі мен дамуының жалпы заңдылықтарын анықтап, макросоциологиялық зерттеулер болып табылса,

- орташа социология- әлеуметтік жүйенің құрамдас бөліктерін (қала, ауыл, білі, еңбек., экономика, саясат т.б.) арақатынасын қарастырады.

- микросоциология- жекеленген адамдардың қимылы мен өзара әлеуметтік құбылыстар мен процесстер байласынысын қарастырады.

Ғылыми қортыныдысына орай социологиялық зерттеулер теориялық және эмпириктік деп бөлінеді. Теориялық зерттеу – жиналған нақты материалдарға терең қортынды жасайды. Эмпириктік зерттеулер- бақылау, сұрақ қою, статистикалық материалдар жиынтығы бойынша зерттеулер жасайды.

Социология жеке дара дамымайды. Басқа ғылымдармен өте тығыз байланыста болады. Философиямен, Тарихпен, Саясаттанумен, Экономикалық ғылымдармен байланысына тоқталып көрейік.

Әлеуметтанудың философиямен байланысы қоғамды тұтас әлеуметтік организм ретінде қарастырып, оның әлек-уметтік ұғымдар, категориялары және заңдар көмегімен түсіндіреді. Тарихпен байланыстылығы- тарихи процестің субьективтік, іс-әрекеттік жағына ерекше баса назар аударады. Саясаттанумен байланыстылығы- әлеуметтік қауымдастықтар, ұйымдар мен саясаттың субьектісі жіне обьектісі мәселелеріне баса назар аударады. Экономикалық ғылымдармен байланыста- әлеуметтанулық материалдық өндірісті, адамдардың экономикалық қатынастарын зерттейді. Ал құқықтану ғылымымен байлансында- құқықтық қатынастарды жеке дара қарастырмайды, керісінше- бүкіл қоғамдық өмірдің бір бөлігі ретінде қарап, социологиялық заңдылықтардың құқық саласындағы көріністерін қарастырады.