Файл: Аттестациядан тетін педагог Хамина Жансая айратызыны шыармашылы есебі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 50

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Аттестациядан өтетін педагог Хамина Жансая Қайратқызының шығармашылық есебі
Мен , Хамина Жансая Қайратқызы 2014 жылдан бастан білім саласында қызмет етіп келемін. Еңбек өтелім: 8 жыл, педагог-сарапшымын.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзінен бастағалы отырмын.

Бала тәрбиесі- бүгінгі таңның өзекті мәселесі. «Жас бала дегеніміз- ұрығын жарып, жаңа көктеп келе жатқан жас шыбық, ал ұстаз болса жаңа күтуші болған», — деп орыс әдебиетінің сыншысы В. Белинский айтқандай, біздің, яғни ұстаздар қауымның, жас ұрпақ үшін тәрбие мен білім беру үлкен рөл атқарады.

Менің ізденіс тақырыбым « Ойындар арқылы балалардың тілдік қорын , ойлау қабілетін дамыту» Осы тақырып бойынша ашық сабақтар , тәрбиешілерге кеңестер оқып , ата – аналар арасында кеңестер беріп тұрамын

  Тәрбиеші жас ұрпақтың бойына тәрбиенің алғашқы негіздерін қалыптасытыра алатын, адамгершілік жоғары , мәдениетті, ғылым жетістіктерін дұрыс бағалай алатын , әдебиет пен өнердің, техниканың даму жайын жақсы білетін, оның түсіндіре алатын адам болуы керек.

Өз тәжірибемді бөлісу мақсатында балабақшадағы , қалалық , облыстық семинарға қатыстым

« Педагог өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана педагог, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның педагогтігі де жойылады» деген К.Д. Ушинскийдің сөзін еске түсіре отырып 2016жылы АО « НЦПК» Өрлеу де өз білімімді көтеру курсында оқыдым. Және де интернет арқылы , ақпараттық құралдар арқылы , газет , журналдар арқылыда білім толықтырып отыруды алдыма мақсат етіп алдым.

Өз тәжірибемде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып соңғы үш жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерім:

«Жас маман» атты республикалық жас мамандардың байқауына қатысып 2 орын; КИО.кз – Қазақстандық интеллектуалды олимпиадалар сайтының ұйымдастыруымен, педагогтардың білімін тексерумен біліктілігін арттыру мақсатында өткен халықаралық интеллектуалды «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасына қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп 1 дәрежелі диплом; «Ең үздік сабақ әзірлемесі» бағытында 2 орын; Информатика пәні бойынша ұстаздар арасында өткізген олимпиадасына қатысып 1 дәрежелі диплом марапатталдым.

Ал тәрбиеленушілерім аудандық, республикалық , халықаралық түрлі сайыстарға қатысып жүлделі орындар иесі атанды. Атап айтатын болсақ Төлеуханов Е, Қайратов Ш, Рахметолда Т, Арманқызы Д жүлделі орын иелері атанды.

Жас ұрпаққа сапалы білім , саналы тәрбие беруде атқарылар жұмыс ауқымы өте көп, ал алда тұрған міндеттер оданда көп. Сол жолда еселі еңбегімді одан әрі жалғастыра беретініме сенімім мол.