Файл: Ш. Улиханов атындаы орта мектебі кмм тренинг Таырыбы Мамандыты дрыс тадай білейік Педагог ксіби бадар беруші Ещанова Д. Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 100

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» КММ

Тренинг

Тақырыбы: «Мамандықты дұрыс таңдай білейік»

Педагог кәсіби бағдар беруші: Ещанова Д.

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдауда олардың негізгі түрлері, классификасиясы белгілері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.

Міндеттері:

- кәсіптік мамандық таңдаудың негізгі типтері мен факторлары туалы түсінік беру,

- кәсіптік мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын анықтау

- кәсіптік бағдар беру.

Тренинг ережелері:

  1. Сыйластық

  2. Тыңдай білу

  3. Белсенділік таныту

  4. Төзімділік

  5. Түсіністік қарым – қатынас

Көрнекілік: интерактивтік тақта, әдістеменің жауап парақтары, жағымды әуен, карточкалар

  1. Кіріспе сөз: Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез – келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін – өзі дамыта алу үшін білі м алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.

Біздің мақсатымыз – оқушылардың кәсіптік қалыптасуымен байланысты өмір туралы, әлеуметтік құндылықтар туралы танымдылығын психологиялық – педагогикалық көмек көрсету.

2.«Кел танысайық» жаттығуы:

  • Өз атынды және фамилиянды ата.

  • Сен өзіне болашақ мамандығынды таңдадын ба?

  • Сен болашақтағы мамандығына сенімсіздікпен қарайсын ба?

  1. «Ойлан және жауап бер»

Қалай ойлайсындар, кәсіптік мамандық таңдағанда не бөгет болып табылады?

Әр адам өзіне мамандық таңдағанда ыңғайлы жағдайына, оның қоғамда қаншалықты қажет екеніне көңіл аударады. Балалар, сендердің ойларынша кәсіптік мамандық таңдағанда не маңызды болып табылады?

Біз сендермен кәсіптік мамандық таңдағанда ең маңызды болып табылатын шарттарды таңдап көрейік.

1. Ақша: мамандық материалдық жағынан жақсы болу керек.

2. Өзін таңдаған мамандықты жақсы көру.


3. Абырой: аула тазалаушы болғаннан гөрі хирург болған жақсы.

4. Диплом: алдымен диплом алсам болды, профессия артынан табылады.

Осы көз қарастарды ұстанған оқушылар, таңдаған көзқарастары бойынша топтарға бөлініп отырып, өз таңдауларын қорғау қажет.

5. Видео ролик үзіндісі.Ал енді мен сендерге мамандық таңдауда ең маңызды жақтарын анықтауға жауап ретінде әлемге әйгілі ретінде өмірде өз орындарын тапқан материалдық жағынан ешқандай қиыншылық көрмей өмір сүріп жүрген кәсіпкердің пікірін тыңдап көруді ұсынамын. Келесі кейіпкеріміз барлығымызға белгілі кеңес үкімет кезінде тәрбиелік мәні зор «Москва слезам не верит», кинофильімінен үзіндіні ұсынамын.

Видеороликті талқылау: Қайсы кейіпкердің пікірімен толық келісесіндер? Қайсысының көзқарасы сендерге күмән келтіруде, неліктен?

«Дифференцалды диагностикалық сауалнама» 
(Е.А.Климов ) бойынша
ДДС әдістемесі маамндық таңдауға байланысты ең тиімді әдістемелердің бірі.
Нұсқау: 
Кәсіби бағыттылықты анықтау үшін еңбек түрлерін таңдауға мүмкіндік беретін 20 түрлі бекіту сұрақтары беріледі. Сұрақтардың әр қайсысына міндетті түрде жауап беріп, екі мүмкіндіктің біреуін таңдау қажет. 
(“а” немесе “б”) қаласаңыз “+” , қаламасаңыз “-” таңбасымен белгілеңіз


Жаттығу «Жаңа мамандықтар»

Оқушылар сол бөлінген топтарында отыра береді. Жүргізуші жаңа мамандықтар атауы жазылған 2 карточканы таңдап алуды ұсынады. Ол карточкада ол мамандықтар туралы түсініктеме берілмеген. Оқушылардың негізгі мақсаты алған мамандық атауына өмірлік тәжірибелеріне және де сол манадықтың атауына мән бере отырып сипаттама беріп көру. Әр бір мамандықтың атауына оқушылар өз түсініктемелерін бергенен кейін, нақты жауабын жүргізіші слайд арқылы сол мамандық туралы толық түсініктеме, сипаттамасын береді.

  • Ассистент (англ. - assistant) – белгілі бір фирма басшысының барлық қызметтеріне жекелей көмегін көрсетіп, ұйымдастырып отыратын қызметкер.

  • Дистрибьютор (англ. – distribute - распределять) – белгілі бір фирманың өнімдерін тікелей сату мен оларды насихаттау жұмысымен айналысатын қызметкер. Сол фирманың келісім шарты бойынша жұмыс атқарады.

  • Координатор– белгілі бір жұмыс орынында басқада фирмалармен өз ара жұмыс барысын жүйелі жүргізіп отыруға тапсырыстардың орындалуын қадағалап отыратын маман. Және де кіріс шығысты есебін жасаушы.

  • Логистик – от “логистика” – кеден транспорттарының мендежері. Яғни жүк тасмалдау жұмыстарын ұйымдастырушы, жүк тасмалдаушылармен және жүк жіберуші арасындағы жүк қабылдауларды бақылайды.

  • Копирайтер – Белгілі бір фирманың тапсырмасы бойынша жарнама шығарушы адам. Ол жарнама аясында жарнамалық мәтіндер, пресс – релиздер т.б. жасайды. Бұндай қызметтегі адамдарға жоғары шығармашылық қабілет және ойлау мен тілдерді жетік меңгерулері қажет.

  • Мерчандайзер – жекелей тауарлардың сатылуына тікелей жауап беретін маман. Сол өнімдердің бағаларымен жарнамалануына сонымен қоса дүкендердің сөресінде тауарлардың орналастырылуын бақылаушы.

  • Супервайзер (англ.- supervisor – бақылаушы және қадағалаушы) – өнімдердің таралу бағыттарын беруші және де сол өнімдердің сатылуын бақылап, қадағалап отыратын маман.


Медиатор (сотқа дейінгі арақатынасты шешуші.) – белгілі бір мәселеге байланысты түсінбеушіліктер туындаған жағдайда сотқа дейін бұл келіспеушіліктің себеп салдарын анықтап беретін маман.

Әдістеме «Қол- мидың жалғасы»

Сан алуан мамандық бар. Ал біздің табиғи бейімділігімізге үнілейік. Алақан бойынша мамандық саласын анықтауға да болады. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақанымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың ортасын О нүктесімен белгілеп, осы нүктеден әр саусаққа түзу сызықтар жүргіземіз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен өлшеп шығыңыздар.

Қорытынды.

  1. Егер сіздің алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз- басқарушысы.

  2. О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқаларынан ұзын болса, сіздің қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.

  3. Ортан қол сызығы ұзынырақ болса- сіз тарих, әдебиет саясаткер болуға бейімсіз

  4. Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.

  5. Шынашақ сызығы үлкенірек болса сіз- мұғалім, тәрбиеші, дәрігерлік, шипагерлікке бейімсіз

Шаған жалпы орта білім беретін мектебі

Тренинг

«Ең маңызды таңдау»

(10 сынып оқушыларын арналған)

Педагог – психолог: Гумарова Ж.Ж.

Ең маңызды таңдау

Семинар тренинг: 10 - сынып
Тақырыбы: Ең маңызды таңдау
Мамандық таңдау – маңызды мәселе

Мамандық таңдауда Ж. Аймауытовтың жастарға айтқан ақылы: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл – жай күнелту, тамақ асыраудың жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ, әр өнер, әр қызмет мемлекетке, әлеуметке қажет».
Мамандық таңдау – өте жауапты және маңызды іс.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға мамандықтар туралы мәлімет беру және ол мамандықтардың оқушыларға қоятын талаптарын ұғындыру.
Міндеті:
оқушыларды таңдау еркіндігінің дұрыстығына бағыттау өз мүмкіндіктерін толық ашуға жағдай жасау;
әрбір жеке оқушының психологиялық, тұлғалық дамуында бейімділіктері мен қабілеттерін ескеріп даралау;
белсенділіктің барлық түрін (танымдық, әлеуметтік, шығармашылық) жауапкершілікпен жүзеге асыруға бағыттау;
оқушылардың тұлғалық және кәсіби өзін - өзі табуы барысын жетілдіру;

оқушыларды белгілі бір мамандыққа бағыттауда қажетті дағдыларды қалыптастыру;

Тренинг жоспары:
Қысқаша Баяндама «Мамандық таңдау кезінде нені ескеру керек?»
Амандасу рәсімі
Жаттығу Мамандықтарға шолу
Жаттығу: «Ең Ең» деген мамандық
Профориентациялық жаттығу «Ұйқыдағы қала»
Рефлексия
Тілектер

Тренинг барысы:
Тренингті белсендету мақсатында жүргізуші оқушыларды дөңгелек шеңбер құрып отырғызып, төмендегі жаттығуды орындауды ұсынады: әр бір оқушы өздерінің есімдерін атап өз есімінің бас әріпіне келетін мамандықты айтады. Содан соң жалғастыратын оқушы қасындағы оқушының атын және оның батының бас әріпіне келетін мамандықты айтып, болған соң өзінің атын айтады және өз атының бас әріпіне келетін мамандықты айтады осылайша жаттығу соңына дейін жалғасады. Мысалға: Мен Аружан – архитектор, екінші адам Аружан – архитектор, Марат - механик, Аружан – архитектор, Марат – механик, Қайрат - қаржыгер т, с

1- жаттығу: «Ең Ең» деген мамандық.
Мақсаты: оқушыларды түрлі мамандықтар әлемімен таныстыру және ол мамандықтарға сипаттама беру.
Нұсқау: жаттығуға қатысатындар шеңберге тұрады. Жүргізуші қатысушыларға қандайда бір мамандықтың сипаттамасын айтады. Олар сол сипаттамаға ең жақын келетін мамандықты айтады. Ең көп қаржы әкелетін мамандық. Қай мамандық ең ең табыс көзіне жатады.
Оқушылар жауабы:
А) экономистер
Б) қаржыгерлер
В) депутаттар
Г) мұнайшылар т. б айтуы мүмкін.
Жүргізуші бірінші сипаттаманы айтады, ал қатысушылар бірден өздерінің ойына келген мамандықтарды айтады. 5 - 7 мамандыққа дейін қайталанады.
а) ең жасыл...................
ә) ең қызық....................
б) ең талап қойғыш........................
в) ең көп сөйлейтін......................
г) ең әдемі........
д) ең тәтті................. т. б

2. Профориентациялық жаттығу топ бойынша жұмыс. «Ұйқыдағы қала»
Сыныпты 5 топқа бөлу.
Мақсаты: оқушылардың таңдаған мамандықтарының өздеріне қоятын талаптарын ұғындыру және әрбір мамандыққа жауапкершілікпен қарауға үйрету. топ бойынша жұмыс жүргізу.
Жүргізуші өздерінің қалауы бойынша топқа бөлуге болады.
Нұсқау: бір қалада ( әр кім өз қаласын немесі басқа шеттегі нақты бір қалаларды алуға болады) бір белгісіз тылсым күш келіп ондағы адамдарды әлсіретіп, жартылай ұйқыға салып кетіпті. Олар өздерінің не істеп, не қойғанын білмей ұйықтап жүреді екен. Біздің мақсатымыз оларды оятып өмірлерін жақсартып, олардың жандарына үміт отын жағуымыз керек. Ол үшін сіздер басында бөлінген топ бойынша қарапайым, түсінікті, шынайы түрде оларды оята алатын бағдарлама құру керек.

Осы нұсқаулық бойынша әр бір топ төмендегі бағыттар бойынша бағдарлама құрастыру қажет.
1 - топ: қаладағы қылмыстық іс әрекеттерді тоқтатып, қалада тыныштық тәртіп орнату керек. (заңгерлер)
2 - топ: қаланы басқару керек ( әкімдер атқарушы мемлекет қызметкерлері)
3 - топ: экономикалық жағдайын жандандыру, жұмыссыздықты жою, адамдардың тұрмысын жақсарту. (экономистер)
4 - топ: қалада тұратын адамдардың бақытын табуға олардың жан дүниесіндегі проблемаларды шешуге, өмірдің мәнін табуына көмектесу (психологтар психологиялық қызметтер)
5 - топ: адамдардың денсаулығы аумақтағы экологиялық мәселелер (әр түрлі экологиялық жағдайлардан кейінгі инфекциялардың таралуы) профилактикалық іс шаралар. (дәрігерлер, медициналық қызметкерлер, экологтар)

Жүргізуші: нақты және төмендегі жобаларды жасауды ұсынуына болады.
• Жаппай адамдарды компьютермен қамтамас ету, программаларды құрастыруға үйрету.
• Тауар айыр бастау немесе сауда жолдарын кеңейту. нарыққа шығу.
• Білім және ғылым мәселелерін көтеру. т. б.
Осы программаларды жобаларды жүзеге асырып көрейік сол кезде біз қаланы оята аламыз ба көрейік. Егер қандайда бір жағдайлармен топтардың бірі жобаларын жүзеге асырмаса онда біз қаланы оятпақ түгіл олар бізді тыңдағысы да келмей қалу қауіпі бар екендігін ескеруіміз керек.
Жүргізуші тақтаға қаланы ояту үшін қарастырылатын жобалардың аттарын жазады.
1. Экономика
2. Денсаулық
3. Басқару
4. Адамдардың бақыты.
5. Тәртіп

Әр бір топ өздеріне ұнағанын таңдап алады. (немесе қағазға жасырып, кімге қандай жоба келетінін анықтауға да болады)
Бұл жобаларды дайындауға 10 - 15 минут уақыт беріледі. Әр бір топ өз парақтарына 5 немесе оданда көп шынайы түрдегі мәселелерді шешетін жобасының негізгі бағытын анықтайтын тұжырымдамаларын көрсетеді. Шынайы жағдайларды ескеру керек. Казіргі кездегі саяси - экономикалық көшбасшылар немесе саясаткерлер сияқты емес өз қаласында болып жатқан нақты мәселелер бойынша жобасын құрастыру керектігін айтып кетеді. Әр бір топтан бір баяндаушы шығып өздерінің жобаларын баяндайды.
Соңында талдау жүргізіледі сонымен қатар ол талдауларды видеоға түсіріп өздерінің бағдарламаларын көрсе де болады.

3. Рефлексия: ойын барысында сіздерге не ұнады? Ойыңыздан шықпаған әрекеттер бар ма? Қандай жағдай әсерін тигізді? Шешілмеген мәселелер тағыда қалып қойды ма? Көңіл - күйіңіз қандай?
Жүргізуші өз тілегін айтып болашақ мамандықтардың алдында осылайша шешілетін үлкен мәселелердің туындайтындығын тағыда бір рет айтып, «алынбайтын асу жоқ» деген қазақтың қанатты сөздерімен тренингті аяқтауға болады.