Файл: Сж таырыбы Метаболизмні гормондармен реттелуіні бзылыстары.ppt
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 108
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Астана қаласының медицина университеті АҚ Жалпы және биологиялық химия кафедрасы СӨЖТақырыбы: Метаболизмнің гормондармен реттелуінің бұзылыстары Орындаған: Айткулова А, Асылбекова Г, Батырғали Ш, Жақсылық А, Жарылғасова Л, Жұмабай А, Қайырбек С. Тексерген: Серикбаева Н.У Астана қаласы 2017-2018 ж.
Жылы қанды жануарларда температуралық гомеостазды сақтауда гипоталамустық орталықтар және гормондар маңызды орын алады. Алдыңғы гипоталамуста жылу бөлуді күшейтетін орталықтар , ал артқы гипоталамуста жылуды өндіруді ынталандыратын және тежейтін орталықтар орналасқан. Дене температурасын бақылайтын орталық механизмдер жүйке - өткізгіштік механизмдердің көмегімен, соның ішінде адрено – тиреоидты жүйе қатысатын нейрогуморальді механизмдер арқылы іске асады.
Жоспар:
Кіріспе Негізгі бөлім Гормондарға жалпы сипаттама Заттар алмасуының гормональды реттелуі. Гормональды реттелудің бұзылыстары. Қорытынды Пайдаланған әдебиеттерГормондар дегеніміз – биологиялық белсенді зат
Арнайы клеткаларда ішкі секреция бездері бөлетін сұйықтық – гормондар деп аталады. Ол қанға өтіп, заттар алмасуының реттеушілік қызметін атқарады. Эндокринология – гормондар туралы ғылым. Эндокринді бездер мен гормондарды алғаш рет Т. Адиссон ашқан. Кейін оның тұжырымдамаларын Клод Бренар және Ш. Броун – Секар дәлелдеген.Клеткалы ағзалар деңгейінде
Клеткалы ағзалар деңгейінде мүшелер мен тканьдердің физиологиялық қызметтері мен заттар алмасуын реттеу – нейро – гуморальді механизімдермен жүзеге асырылады, онда эндокринді бездер бөлетін жоғарғы өзгешелік қосылыстар – гормондар ерекше орын алады. Гормондар өтпелі бөлік болып табылады, солар арқылы жүйке жүйесі клеткаларының қызметтеріне өзінің әсерін тигізеді де, көптеген алмасу процестерінің клеткааралық, мүшеаралық үйлесуін қамтамасыз етеді Гормональді реттелу мынандай негізгі процестерді бақылайды: Белок пен нуклеин қышқылдарының синтезін, яғни бүкіл ағзаның өсуін реттеу. Гендердің дифференциалды белсенділігі. Ағзаның дамуы 3. Метобалитикалық гомеостаздың қалыптасуы және сақталуы. 4. Адамның іс – қимылы мен мінез – құлық әрекеті. Гормональді реттелудің кезеңдері: Гормондар синтезінің қарқындылығы мен оларды эндокринді бездің қанға бөлу жылдамдығына; Гормондардың белсенді түрлерінің деңгейі мен олардың залалсыздануына, сонымен қатар метобализмнің жылдамдығына байланысты; 3. Клетка – нысаналардың рецепторларының бүтінділігі мен сезімталдыңына байланысты; 4. Гормонаралық қарым – қатынастар жағдайы мен әсер етуші гормондардың әсер ету механизімдерінің ерекшеліктеріне байланысты. Гормондардың адаптивті қызметі тек өтпелі метаболизмді реттеуде емес, сонымен қатар ағзаның жылу алмасуын реттеуде де ерекше орын алады. Ағзада жылу алмасу энергетикалық алмасуды құраушы жылуды өндіру және жылу беру процестерінен тұрады.Жылы қанды жануарларда температуралық гомеостазды сақтауда гипоталамустық орталықтар және гормондар маңызды орын алады. Алдыңғы гипоталамуста жылу бөлуді күшейтетін орталықтар , ал артқы гипоталамуста жылуды өндіруді ынталандыратын және тежейтін орталықтар орналасқан. Дене температурасын бақылайтын орталық механизмдер жүйке - өткізгіштік механизмдердің көмегімен, соның ішінде адрено – тиреоидты жүйе қатысатын нейрогуморальді механизмдер арқылы іске асады.