Файл: Трбиелеубілім беру процесіні циклограммасы педагогті атыжні.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 54
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ | |||||
Педагогтің аты-жөні | Изгуттынова Б.О, Сайлыбаева А.Ж | ||||
Жоспардың құрылу кезеңі (апта күндерін, айды, жылды көрсету) | 03.04 - 07.04.2023 | ||||
Апта күндері | Дүйсенбі | Сейсенбі | Сәрсенбі | Бейсенбі | Жұма |
| 03.04.2023 ж | 04.04.2023 ж | 05.04.2023 ж | 06.04.2023 ж | 07.04.2023 ж |
Күн тәртібі | | | | | |
Балаларды қабылдау | Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту) | ||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | "Бөлме өсімдіктеріне күтім жасау". Мақсат-міндеттер. Өсімдіктерді таза ұстау әдістері туралы бұрын алған білімдерін нақтылау; сыртқы түріне, құрылымына назар аудара отырып, өсімдіктен шаңды кетіру әдісін таңдауға үйрету. (еңбек іс-әрекеті) | "Жабық өсімдіктерді бүріккіш пистолеттен сумен бүрку". Мақсат-міндеттер. Жаңа еңбек дағдыларын үйрету; жапырақтарға ылғалдың қажеттілігі туралы түсінігін бекіту; өсімдіктерге ұқыпты қарауды тәрбиелеу. Оларды суару қажеттілігін өз бетінше анықтауға үйрету (топырақтың түсі мен күйіне, өсімдіктің пайда болуына байланысты), суару техникасын еске түсіру. (еңбек іс-әрекеті) | "Асхана бойынша кезекшілік". Мақсат-міндеттер. Балаларды кезекші міндеттерін өз бетінше және адал орындауға үйрету. Қолды мұқият жуу, кезекшінің киімін кию, үстелді дұрыс қою. Тамақтанғаннан кейін ыдыстарды тазалау. Еңбек дағдыларын дамыту, үстелді жабдықтауда тәртіпсіздікті көре білу. Ортақ игілік үшін, ниеттеніп еңбектенуге тәрбиелеу. (еңбек іс-әрекеті) | "Шешіну бөлмесінің шкафындағы тәртіп" (тәрбиешінің көмекшісімен бірге). Мақсат-міндеттер. Балаларға жеке киім шкафтарында тәртіпті сақтауға үйрету: шкафты киім мен аяқкиімнен босату, сөрелерді дымқыл шүберекпен сүрту және киімді орнына мұқият бүктеу. Еңбекқорлықты, тәртіпті көре білуді. Ұжымдағы тату-тәтті еңбек етуге үйрету. (еңбек іс-әрекеті) | "Кір сүлгілерді ауыстыру". Мақсат-міндеттер. Еңбекке деген тұрақты қызығушылықты сақтау, тапсырманы мұқият орындауға ұмтылу. Сүлгіні жеке ұяшыққа іліп қоюды үйрену. Еңбектенуге ниетін тәрбиелеу, ересектерге көмектесу. (еңбек іс-әрекеті) |
Жиі қайталанатын сөздерді дыбыстау негізінде сөзді-ырғақты жаттығу. «Біз ғарышкерміз». Педагог балаларды ашық алаңға шақырады. - Балалар, бүгін ғарышкер боламыз! Барлықтарың ұшуға дайындалыңдар. - Алдымен, тыңдап аламыз, маған қосылып қайталаңдар. Көкке ұшамын - (аяқтың арасы алшақ, қолды алдыға айқастыру) Ұшқыш болар баламын. (теңселу) Соңына ерем. (екі қолды жоғары созу, аяқтың ұшына тұру) Ер ғарышкер ағаның. Батыр болам - (қолды иыққа қойып айналдыру) Көк аспанды сүйемін. (белді айналдыру) Жұлдыздарға (аяқтың арасы алшақ, қолдарды екі жаққа созу, алақанды ашу, жабу) Барып келіп жүремін. (Т. Молдағалиев) (қарым-қатынас іс-әрекеті, дене шынықтыру) | Дидактикалық ойын. "Адасқан сандар". Мақсат-міндеттер. Балалардың түсінігінде сандар тізбегі жайындағы білімдерін нығайту; реттік сандарды пысықтау; сандар тізбегінде аталған санның көршілерін немесе тізбектегі кез келген санның арасында жасырынған санды тауып атауға жаттықтыру; зейінді, ойлау, елестету қабілеттерін дамыту; шапшаңдыққа, зеректікке тәрбиелеу. (таным іс-әрекеті) | Мүсіндеуден ойын-жаттығу "Зымыран ұшар ғарышқа" Мақсат-міндеттер: балаларды есу, созу, тегістеу әдістерін қолдана отырып зымыранды мүсіндеуге үйрету. (шығармашылық іс-әрекет) | Вариативті компонент - Жас зерттеуші "Жұлдыздар әлемі" Мақсат-міндеттер: өлі табиғаттың түрлі нысандарын бақылау; балаларға жұлдыздар әлемі туралы жалпы түсінік беру. Сурет салудан ойын-жаттығу "Біздің ғарышқа саяхатымыз" Мақсат-міндеттер: балаларды "ғарышқа саяхат" тақырыбы аясында қарапайым сюжетті құрастыруға баулу; өз қиялдарына, ғарыш кемелері мен денелері, ғарышкерлер туралы түсініктеріне сүйеніп қағаз бетіне жоспарлап, орналастырып, салу дағдыларын жетілдіру. (шығармашылық іс-әрекет) | "Скафандр киеміз" саусақ жаттығуы. (педагог сөздерін өзі айтып, қимылдарын балалармен бірге жасайды). Арманшыл баламыз, (бас бармақтар жоғары) Ғарышкер боламыз. (жұдырықтарды түйіп шынтақты бүгу) Бір аяқты өткізіп, (қол белде, аяқ көтеріліп, орнына тұрады) Екіншіні саламыз. (қол белде, екінші аяқ көтеріліп, орнына тұрады) Қолды жеңге өткізіп, (бір қолды бүгулі қалыптан ашып, созу) Қолды жеңге өткізіп, (екінші қолды бүгулі қалыптан ашып, созу) Сыдырманы жүргізіп, (бір қолдың саусақтарын жинақтап, дене ортасы бойымен төменнен жоғарыға жүргізу) Киеміз скафандрды. (екі қолды жоғары көтеріп, бас төбесіне жауып салу, екі бетті екі алақанмен тіреп, баспен шайқау) Алақай! Алақай! Ғарышкерміз, балақай! Алақай! Алақай! Ғарышкерміз, балақай! (қарым-қатынас іс-әрекеті) | |
Таңертенгі жаттығу | Жалпы дамыту жаттығулары (таяқшалармен) 1.Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, таяқша төменде. 1-таяқшаны екі қолдарымен көкірек тұсына қояды; 2-таяқшаны жоғары көтереді; 3-көкірек тұсына қояды ; 4-бастапқы қалыпқа келу. Жаттығу 6-7 рет қайталанады. 2. Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, құрсау төменде. 1-таяқшаны жоғары көтереді; 2-таяқшаны түзу ұстап, оң аяққа иілу; 3-таяқшаны жоғары көтереді; 4-бастапқы қалыпқа келу. Осы жаттығуды сол жаққа қайталау. Жаттығу 6 рет қайталанады. 3. Бастапқы қалып: дене тік, аяқ бірге, таяқшаны иыққа қою. 1-отырып, бас пен арқаны тік ұстау; 2-бастапқы қалыпқа келу. Жаттығу 5-6 рет қайталанады. 4. Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, таяқша төменде. 1-таяқшаны жоғары көтеру; 2-таяқша ұстаған қолымен оңға (солға) иілу; 3-таяқшаны жоғары ұстап, тіктелу; 4-бастапқы қалып. Жаттығу 6-8 рет қайталанады. 5. Бастапқы қалып: жерге ептетінен жатып, таяқшаны бүгілген қолдарымен алдына қою. 1-2-таяқшаны жоғары көтеріп, артқа бүгілу; 3-4-бастапқы қалыпқа келу. Жаттығу 5-6 рет қайталанады. 6. Бастапқы қалып: таяқшаның алдында тұрып, қолды төменде ұстау. Таяқшаны айналып, оңға-солға секіру. Жаттығуды 3-4 рет қайталау. 7. Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, таяқша жерде. Таяқшаны аттап, оңға-солға секіру. Жаттығу 3-4 рет қайталанады. (дене шынықтыру) | ||||
Таңғы ас | Гигиеналық дағдылар Мақсат-міндеттер. Мәдениетті тамақтану және асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру. Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол-аяғын жуу, тістерін мұқият тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл сүлгімен сүртіну. Осы шараларды жүргізудің және жеке гигиена заттарын пайдаланудың қажеттілігін түсіну. Көркем сөз Ыстық құймақ пісірдім, Тәрелкеме түсірдім. Дәмді болды құймағым, Құйып жедім қаймағын. (мәдени-гигиеналық дағдылар) | ||||
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық | Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу. Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырады күніміз. Жарқырайды даламыз. Қайырлы таң, Қайырлы күн, балалар! (қарым-қатынас іс-әрекеті) | Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу. Жарық болсын күніміз, Жарқын болсын үніміз. Елін сүйіп ер жетер, Біз болашақ гүліміз. (қарым-қатынас іс-әрекеті) | Шона Смаханұлы «Космосқа ұшамын». «Сәт сапар!» деп, достар берген Гүлге толып құшағым, Асамын да асқар өрден, Космосқа ұшамын. Болса-дағы қанша көркем, Көкте қайтіп жай табам?! Ораламын асыл өлкем - Отаныма қайтадан. (қарым-қатынас іс-әрекеті) | Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу. Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек, Көңілді боп жүрейік! Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік! (қарым-қатынас іс-әрекеті) | «Көңіл - күйдің кездесуі» Ойынның мақсат-міндеттері: мейрімділікке, өзгенің көңіл-күйін түсінуге тәрбиелеу. Педагог эмоциялар бейнеленген карточкалардың екі тобын (пиктограммалар) орналастырады және балалардан әртүрлі эмоциялар қалай кездесетінін, жағымды және жағымсыз эмоцияларды елестетуді сұрайды. Тәрбиеші «жағымды» эмоцияны, ал бала «жағымсыз» эмоцияны көрсетеді, содан кейін карточкалардың орнын ауыстырады. Эмоцияларды қалай татуластыруға болатындығы туралы талқылайды. (әлеуметтік-эмоционалды дағдылар) |
Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет | 1.Сөйлеуді дамыту «Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш» Мақсаты: Сөзді буынға бөлуді дамыту. әңгімесін мазмұны бойынша әңгімелеп айтуды үйрету. 2. Әңгімені тыңдата отырып, бала қиялын дамыту. 2.Сауат ашу «Ойнай отырып оқимыз» Мақсаты: Суретті атап.Сөздерді буынға бөлу.Суретті атап неше дыбыстан тұратынын сызбада көрсетіп үйрету. 3.Қоршаған ортамен таныстыру «Көктем» Мақсаты: Көктем мезгілі туралы түсініктерің жетілдіру. 4.Музыка Музыка жетекшісінің жоспары бойынша. | Көркем әдебиет «Ақкөжектің достары» (Ботан Қошымовтың ертегісі) Мақсаты: Суретке қарап әңгімелеуге үйрету. Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту. 2.Математика негіздері «Үстінде – астында, алдында – артында, оң жақта – сол жақта» Мақсаты: кеңістікте және қағаз бетінде бағдарлау білімін қалыптастыру. 1. Қағаз бетінде (жоғары, төмен, оң жақ, сол жақ, ортада) бағдарлауға, суретті сипаттау бойынша табуға үйрету. Талдау, салыстыру, қарапайым тұжырымдар жасауды бекіту. 3.Қазақ тілі Қазақ тілі маманының жоспары бойынша 4.Дене шынықтыру Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша. | 1.Математика негіздері «Үстінде – астында, алдында – артында, оң жақта – сол жақта» Мақсаты: кеңістікте және қағаз бетінде бағдарлау білімін қалыптастыру. 1. Қағаз бетінде (жоғары, төмен, оң жақ, сол жақ, ортада) бағдарлауға, суретті сипаттау бойынша табуға үйрету. Талдау, салыстыру, қарапайым тұжырымдар жасауды бекіту. 2.Сөйлеуді дамыту «Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш» Мақсаты: Сөзді буынға бөлуді дамыту. әңгімесін мазмұны бойынша әңгімелеп айтуды үйрету. 2. Әңгімені тыңдата отырып, бала қиялын дамыту. 3. Музыка Музыка жетекшісінің жоспары бойынша 4.Сауат ашу «Дыбыстық талдау» Мақсаты: Суреттен дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздерді атап сөйлем құруға үйрету. | 1.Сауат ашу «Біз нені үйрендік» Мақсаты: Дауысты,дауыссыз дыбыстарды анықтауға үйрету. Сөздерді буынға бөлуді үйрету. Үзік сызықтарды бастыруға, жалғастырып жазуға үйрету. 2.Қоршаған ортамен таныстыру «Көктем» Мақсаты: Көктем мезгілі туралы түсініктерің жетілдіру. 3.Қазақ тілі Қазақ тілі маманының жоспары бойынша 4. Дене шынықтыру Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша. | 1.Математика негіздері «Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету. Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі-түсті шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Балалар қиналған жағдайда тәрбиеші оларға көмектеседі. Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды, құрастырылған шаршының түсін айтады. 2.Көркем әдебиет Көркем әдебиет «Ақкөжектің достары» (Ботан Қошымовтың ертегісі) Мақсаты: Суретке қарап әңгімелеуге үйрету. Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту. 3.Сурет салу «Көрікті Көктем» (Акварель бояу) Мақсаты: көктем мезгілі жайлы түсініктерін жетілдіру, көргендерін бейнелеу іс-әрекеті арқылы қағаз бетіне түсіре білуге дағдыландыру, ептіліктерін дамыту, бояу түстерін таңдап, алмастыра қолдануға үйрету. 4. Дене шынықтыру Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша. |
2- таңғы ас | Тағамның атауын есте сақтауға, тазалыққа бейімдеу. "Тәбетіміз ашылды, ас болсын!" (мәдени-гигиеналық дағдылар, сөйлеуді дамыту, көркем сөз) | ||||
Серуенге дайындық | Балаларды серуенге ынталандыру; серуенге ойын жабдықтарын іріктеу; балалармен жеке әңгімелесулер; шалбарын, бас киімі мен бәтеңкесін реттілікпен киюін қадағалау. (мәдени-гигиеналық даңдылар, дербес әрекет) | ||||
Серуен | Торғай, көгершін, үйрек құстарын бақылау. (қарым-қатынас іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті, таным іс-әрекеті) Тақпақ. Ұшып, қонып жүр торғай, Жем іздейді. Серігіне табасын жегізбейді, Құттай дәнді қиядан көзі шалып, Байғұс сірә көрмейді өгіздерді. Бақылау. Құстардың көлеміне, түрі-түсіне, шығарған дыбыстарына қарай, аттарын айыра білуге, қимыл іс-әрекетіне назар аудару, қимылдарын салыстыру. Торғай секіреді, ал көгершін жүреді. Қимылды ойын. «Көптерді қуып жет». (дене шынықтыру) Жарысуға үйрете отырып, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Еңбексүйгіштікке баулу. Еңбек. "Құстарды тамақтандыр". (еңбек іс-әрекеті) Құстарды тамақтандыруға және олардың қасында өзін-өзі ұстай білуге және құстарға қамқор бола білуге баулу. Өз бетімен ойындар. Әр балаға өзіне ұнайтын ойынды ойнауға мүмкіншілік беру. (дене шынықтыру) | Көктемде ұзақ, тырна, қараторғайлардың ұшып келуін бақылау. (қарым-қатынас іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті, таным іс-әрекеті) Жұмбақтар. Ұзақ тектес құс, Шiркей жеп. Ауыл маңынан Ұзап кетпес құс. (Қараторғай) Талдың басында, Жемi бар қасында. Там тұр саялы, Достарға аялы. (Құс ұясы) Бақылау. Көктемнің келуімен жәндіктердің жандануына байланысты, құстар көбейеді. Қар ерігенде ұзақтар құрт-құмырсқаны іздеп жерді шұқылайды. Олардың қимылдарына көңіл бөлу керек. Құстарға қамқор болуға баулу. Қимылды ойын. «Құлыншақ» (ұлттық ойын). (дене шынықтыру) Тізесін жоғары көтеріп, шеңберді айнала отырып, алға секіре білуге үйрету. Арқашықтықты сақтай білу, белгі бойынша кері жүруге үйрету, балалардың ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Еңбек. Ауладағы жұмыс. Көшеттерді отырғызу. Балаларды бақта жұмыс істеуге баулу, гүлзар қазу, суару. Еңбекке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. (еңбек дағдылары) Өз бетімен ойындар. «Үй». Балаларды 2-3 рөлге бөлу, ойын барысында бірлесу дағдыларын қалыптастыру. | Құстардың ұяларын бақылау. (қарым-қатынас іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті, таным іс-әрекеті) Жұмбақ. "Шым тостаған". Далаға кім тастаған? (Құстың ұясы) Бақылау. Тұмсығымен тістеген шөп, жүн-жұрқаны ұясына алып келген қараторғайды бақылау. Үй алдында ән салуын, қанат қағысын, басын шұлғып тұмсығын кеңінен ашады. Құс үйшігінің жанында, балаларды өзін байсалды ұстай білуге тәрбиелеу. Қимылды ойын. «Өрт сөндірушілер». (дене шынықтыру) Гимнастика баспалдағынан жүру, балалардың өздерінің қимыл қозғалыстарын үйлестіре алуы. Сорғышты шайқау. Балалардың белгі бойынша қимыл әрекетін дамыту. Еңбек. Жер қазу жұмысы (ағаштардың түптерін қопсыту, құрғақ жапырақтарды жинау). Балаларды құрғақ жапырақтарды жинауға қатыстыру, белгілі бір жерге апарғызу. Балаларды тазалықты сақтауға және еңбек етуге тәрбиелеу. (еңбек іс-әрекеті) Өз бетімен ойындар. «Гараж». Балалардың құралдарды дұрыс пайдалана білуге үйрету. Ойын барысында «жол» салуға басшылық жасау. Танымал ойындарды өз қатарларымен ұйымдастыру қабілетін арттыру. | Ұяны бақылау. (қарым-қатынас іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті, таным іс-әрекеті) Жұмбақ. Ши түбінде шым кесе. (Ұя) Тақпақ. Құстар ұя салады, Жасауға жұмсақ ұяны. Жабағы жүнді жияды, Жайлы қып жасап ұяны Жұмыртқасын салады. Бақылау. Шатыр астындағы ұяны бақылау, ағаштағы құстардың ұяларының ерекшелігін белгілеу. Құстар ұяны жасайды. Өздері ағаш бұтақтарынан, жүннен, шөптен құрайды. Балапандарын ұрғашы құс басады, ал еркегі тамақ тауып, ұяның жаныңда ән айтып отырады. Қимылды ойын. «Кім шақырды?» (дене шынықтыру) Белгі арқылы шеңберге тұруға дағдыландыру. Жолдасының дауысын тануға үйрету, ойын шартын орындату. Жануардың дауысын салу, бұйрықсыз бұрылмау. Есте сақтау мен төзімділік қабілетін арттыру. Еңбек. Жер қазу жұмысы. Гүлзарлар қазу. (еңбек іс-әрекеті) Гүлзар жұмысында тәрбиешіге көмектесу, еңбек ету тапсырмаларын орындату. Ересектерге көмектесу, бастамасын мадақтау. Өз бетімен ойындар. «Ғарышкер». (шығармашылық іс-әрекет) Балалар құрылыс ойынында зымыран құруға үйрету, жағдай жасау, керек заттар мен ыңғайлы орын дайындау. Ойында татулық қарым-қатынасын тәрбиелеу. | Өсімдіктердің бірінші көктеуін бақылау (Ақселеу). (қарым-қатынас іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті, таным іс-әрекеті) Тақпақ. Үлбіреген бақбақ, Үлпілдеген аппақ. "Уф!"-десем бақбақ, Ұшасың ғой қаптап. Бақылау. Назар аударыңыздар: жердің жылуымен жаңа өсімдіктер пайда бола бастайды. Өсімдіктер алдымен күннің жылы қызуымен өседі. Бір-екі өсімдіктерді айыра білу. Өсімдіктерді аялауға тәрбиелеу. Қимылды ойын. «Күшік пен мысықай». (дене шынықтыру) Гимнастикалық қабырғада 4 аяқтап өрмелеу қабілетін арттыру. Ептілік пен төзімділікке тәрбиелеу. Еңбек. Гүлзарға гүл тұқымын себу. (еңбек іс-әрекеті) Өз еркімен таяқшамен қуыс жасауды және суаруды үйрету. Өз еңбегіне ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Өз бетімен ойындар. Құммен ойын. Алдын ала келісім арқылы өзара жұмыстарды бөлісу, бір-бірінің жұмысын үйлестіру және біріккен жігермен нәтижеге жетуге үйрету. |
Серуеннен оралу | Гигиеналық шараларды жүргізуде балалардың өзара көмегін қолдау. Өзіне-өзі қызмет көрсету және киіміне күтім жасау дағдыларын жетілдіру. Шамасы келетін еңбек тапсырмаларын, асханада кезекшілердің міндеттерін орындауға, түрлі балалар әрекеттеріне қажетті құралдарды дайындауға баулу. Қоғамдық орындарда гигиена ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) | ||||
Түскі ас | Гигиеналық дағдылар Мақсат-міндеттер. Мәдениетті тамақтану және асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру. Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол-аяғын жуу, тістерін мұқият тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл сүлгімен сүртіну. Осы шараларды жүргізудің және жеке гигиена заттарын пайдаланудың қажеттілігін түсіну. Көркем сөз Ыстық құймақ пісірдім, Тәрелкеме түсірдім. Дәмді болды құймағым, Құйып жедім қаймағын. (мәдени-гигиеналық дағдылар) | ||||
Күндізгі ұйқы | Балалардың тыныш ұйықтауына жайлы жағдай жасау. | ||||
Бірте-бірте тұрғызу, сауықтыру шаралары | "Мысықтың ызалануы" жаттығуы (тіземен тұрып, белді бүкірейтіп, басты төмен түсіру). Жалпақтабандықтың алдын алу мақсатында денсаулық жолдарымен жүру. Алған білімдерін бекітіп, мәдени-гигиеналық дағдыларын орындау. (дене шынықтыру) | ||||
Бесін ас | Алдына қойған асқа назар аударту; дастарқан басында отыру мәдениеті, тамақтану мәдениетіне баулуға бағытталған жеке-дара жұмыс; этикет ережелері. (мәдени-гигиеналық дағдылар) | ||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | "Домино" дидактикалық ойыны. Мақсат-міндеттер: баланың топтамалар жайлы білімдерін дамыту, пысықтау; сәйкес заттың бейнесін тауып дұрыс атауға, оның атқаратын қызметі жайында бір сөйлемді құрастыруға дағдыландыру; қабылдау, зейін, ойлау қабілеттері, ұсақ қол моторикасын желілдіру. Ойын шарты. Суреттері сәйкес келетін карточкалардың біріне қатарлап тізіп қою, кім бұрын барлық карточкаларын қояды, сол жеңіп шығады. Қажетті құралдар: бірдей қос суреттер, әртүрлі объектілердің бейнеленген көлемдері 5×6 см карточкалар. (қарым-қатынас іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті, таным іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті) "Сөйлемді аяқта" дидактикалық ойыны. Мақсат-міндеттер: құбылыстар арасындағы себептік байланысты түсінуге үйрету; сөздерді дұрыс таңдауға жаттығу жасау. Міндеттері: балаларға сөйлем құрауға үйрету. Зейінді, есте сақтауды, келісілген сөйлеуді және логикалық ойлауды дамыту. Дидактикалық ойынға қызығушылықты тәрбиелеу. Ойын барысы. Тәрбиеші сөйлемді бастайды: «Мен жылы тон кидім, өйткені…», «Балалар бастарына панама киді, өйткені…», «Далада жаңбыр жауып тұр, өйткені…» (қарым-қатынас іс-әрекеті) Еркін ойын: "Мұздату". Мақсаты: ерікті реттеу дағдыларын, ережелерге бағына білу қабілеттерін дамытуға арналған ойын. Ойын барысы. Балалар әуеннің ырғағына секіріп, ойнап жүреді. Кенеттен әуен тоқтайды. Ойыншылар кідіріске ұшыраған күйінде қатып қалуы керек. Егер қатысушылардың біреуі қозғалып қойса, ол ойыннан шығарылады. Олар тек бір қатысушы қалғанға дейін ойнайды. | Дидактикалық ойын. "Жаман - жақсы". Мақсат-міндеттер. Балаларды кез келген зат, қасиет, құбылыс, оқиғаның жағымсыз және жағымды жақтарын жақсы тануға, қарым-қатынастарда, сөйлеуде мақал-мәтелдерді қолдануға ынталандыру; дүниетанымын, ой-өрісін, сөйлеу мәдениетін дамыту; оптимизм сезіміне, достыққа тәрбиелеу. Құралдар. Адам, ауа райы, тәулік, жыл мезгілі құбылысы, зат, жан-жануар салынған суреттер. Ойынның нұсқалары көп. Мақал-мәтелдерге мысалдар: Адам туа жаман болмайды, жүре жаман болады, Бітер істің басына, жақсы келсін қасына, Жақсының қадірін жақсы білер, Жақсы қыз – жағадағы құндыз, жақсы жігіт – көктегі жұлдыз. Балалар өз мысалдарын да айту мүмкін: "Жалғыз жаяу жүріп, жұмыстан қалғанша, көп адаммен автобусқа толып, уақытында келу артық"; "Қолды жумасаң, тамаққа тез отырасың, қолды жусаң - ауырмасың"; "Жаздың жаманы - күні ыстық, жаздың жақсысы - далада достарыңмен көп ойын ойнайсың". (қарым-қатынас іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті, таным іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті) Сюжетті-рөлдік ойын. "Кемемен саяхат". Мақсат-міндеттер. Балаларға кемемен саяхаттау қалай өтетіні туралы, теңіз порты қандай орын екендігін түсіндіру; кеме капитаны, даяшы, күтушілер, есепші, бақылаушы полиция сияқты мамандықтар туралы ұғымдар қалыптастыру; кемедегі жолаушылар саяхат кезінде қандай тәртіпті ұстанатыны туралы жаңа білімдерін пысықтау; ойындағы рөлдік әрекеттерді игерту; жағымды қарым-қатынастарға, қоғамдық тәртіп ережелеріне, сыпайылыққа тәрбиелеу. Құралдар. Жасанды кеме бортын құрастыру үшін, орындықтарды екі бөлек қатарға тізу; капитан, күтуші, полицей, есепшінің киім үлгілері (бас киімдері); капитанның алдында кемені жүргізуге қажет батырмалары бар панель; сусындар мен шырындардың бос ыдыстары; тағамдар макеттері; терминалда тұратын бақылау өткелінің макеті; сөмкелер мен қораптар, ойыншық чемодандар, ойыншық смартфондар; билеттер және жеке куәлікті білдіретін таңбалауыштар; мөр; қағаз бетіне салынған кемеде тәртіпті сақтау ережелерінің сызбалы суреті. Шарты. Педагог дайындық жұмысы ретінде балалармен кемеде саяхатқа шығу үшін, билеттерді салып алуы қажет; кемемен сапарға шығу алдында теңіз портында тіркеуден өтіп, кейін кеме бортына өтуге болатынын анықтайды. Балалар дайындық барысында теңіз порты, кеме борты сияқты жерлерді сурет пен бейнежазбаны көру арқылы түсінеді. Педагог кемедегі даяшы, капитан тағы басқа мамандық иелерінің қандай қызмет атқаратындарын біртіндеп түсіндіреді. Ойын кезінде тиянақтау сұрақтары ғана қойылып, балалардың арасынан тағайындалған (санамақ), кеме қызметкерлерінің міндеттері үлестіріледі. Ойынға қатысушылар өз құрал-жабдықтарын алып, орындарына барады, ойынға дайын тұрады. Педагог балаларға кемеде саяхаттау қызықты шара екендігін ойын барысында түсіндіруі тиіс. Алғашында педагог балалардың жеке мамандар ретінде өз орындарында міндеттерін атқару барысын реттеп, қадағалап отырады. Қажеттілік болса, педагог бетпердесіне де көңіл аударады. Мамандар өз орындарына барған кезде балалар жолаушылар болып, билеттерін алады, тіркеуден өтеді содан соң кеме бортына шақырылады. Ойынның соңында қорытынды жасауға болады: кемеде саяхаттау үшін көптеген ерекше ережелерді орындау керек; тұтынушылардың демалыстары үшін көптеген адамдар қызмет етеді; теңіз порты мен кеме борты - қоғамдық орындардың бірі; кеме - су көлігі, оны басқарып, жүргізу үшін жақсы оқып, көп дайындалу керек. (қарым-қатынас іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті, таным іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті, еңбек іс-әрекеті) | "Бояулар" қимыл-қозғалыс ойыны. Мақсат-міндеттер: балаларды жүгіру бағытын өзгертіп, жылдамдықпен жүгіре білуге машықтандыру; қуғыншы жете алмайтындай тырысуды, ептілікті, қозғалыс жылдамдығын дамыту; достыққа тәрбиелеу. Балалар "бояушыны" санамақ арқылы таңдайды, қалғаны "бояуларды" сомдайды. "Бояулар" белгілі жерде тізіліп отырады (тұрады). Әрбір бала, ешкімге айтпай, өзіне бояу түсін таңдайды, тек "бояушы" сұраған кезде, өзі ойлап қойған түсті естіп, ойынға кіріседі. Педагог (кейін балалардың бірі) "бояуды сатушы" болып, "бояушы" бояуды сатып алуға келген кезде сұрақтар қояды: - Сәлеметсіз бе! Кім боласыз? "Бояушы": - Мен бояушымын, Үстімде боялған киімім. Алыстан келемін, Бояу үшін теңге беремін. "Бояуды сатушы": - Түсі қандай бояуды қалайсыз? Осы кезде "бояушы" кез келген түсті айтады, сол түс болып өзін ойлаған бала сыртқа шығып, қаша жөнеледі. Ал диалог ары қарай жалғасады: - Бояудың бағысы қанша? - Бағасы бес (он, он бес, сегіз, бағасы тағы басқа) теңге. "Бояушы" алақанымен "сатушы" алақанын келісілген сан рет қағады да, "бояуды қуалап кетеді. Егер "бояу" қашып, қайтып келсе, "бояушы" бояуды сатып алуға қайта келеді. "Бояу" ұсталынса, оны сомдаған бала "бояушы" болады. "Бояушы" балалар таңдамаған түсті айтса, өзге түсті қалауға мәжбүр болады. (дене шынықтыру) | Ұлттық ойын. Асықты тігіп ойнау Бір топ бала, жастар жиылып келіп, тегіс жерді таңдап алады да оны тазартып, ортадан төрт бұрышты сызық сызады. Сол төрт бұрышты ортасынан тең етіп екіге бөледі. Әр жағының қашықтығы балалардың жас мөлшеріне қарай белгіленеді. Сонда 1-1,20 см немесе 1,5 метрге дейінболады. Мұны «көн» деп атайды. Сонда ойнаушылардың өзара келісімі бойынша көннен 4-5 метр не одан да көп мөлшерде асық ататын орын белгіленеді. Оны сызықпен белгілейді. Ойыншылар осы жерден тұрып көндегі асықты ататын болады. Ойынды кім бірінші болып бастайтынын сақа иіру арқылы анықтайды. Сақасы алшы түскен ойыншы бірінші болып ату кезегін алады. Ойыншы асыққа дәл тигізіп, оны көнбе сызығынан шығарса, оны алады да, сақасы түскен жерден қайта атады. Сөйтіп көннен шығарғандарын ала береді. Егер оның сақасы көндегі асыққа тимей кетсе, асықты келесі ойыншы атады. Ал тігілген асықтарды бұзып, бірақ көннен шығара алмаса, қалған ойыншылар асықтарды сол жатқан қалыбында атып, көннен шығарып алуға тиіс. Ойын көндегі асықтар бойынша біткенше ойнала береді. Көндегі асық біткен соң, ойынға қатынасушылар бір-бірден көнге қайта асық тігіп, ойын қайта басталып, жалғаса береді. (дене шынықтыру) | Дамытушы ойын. "Қайда болғанымызды айтпаймыз, көргенімізді көрсетіп қайтамыз". Мақсат-міндеттер. Балалардың ойлау, елестету қабілеттерін, логикасын, тапқырлығын дамыту. Шарты. 1-нұсқа. Педагог жұмбақтарды қимыл арқылы көрсетеді, балалар көрсетілген затты, жан-жануарды немесе құбылысты көрсетеді. 2-нұсқа. Белсенді балалар ортаға шығып, қимылдарды кезекпен қимылдарды көрсетеді. 3-нұсқа. Шеңберде немесе тізбекте отырған (тұрған) әрбір бала кезек бойынша қимылдарды көрсетеді. Барлық балалар ойланып, жұмбақты шешуге тырысады. (қарым-қатынас іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті, таным іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті) Сюжетті-рөлдік ойын. "Ұшақпен сапар". Мақсат-міндеттер. Балаларға ұшақпен сапарға шығу қандай әрекеттерден тұратынын, әуежайдың қандай орын екендігін түсіндіру; ұшқыш-пилот, стюардесса, есепші, бақылаушы полиция сияқты мамандар туралы ұғымдар қалыптастыру; ұшақтарда жолаушылардың қандай тәртіп бойынша саяхаттай алатыны жайлы жаңа білімдерді пысықтау; ойындағы рөлдік әрекеттерді игерту; жағымды қарым-қатынастарға, қоғамдық тәртіп ережелеріне, сыпайылыққа тәрбиелеу. Құралдар: "ұшақтың борты" - орындықтарды екі қатарға тізу; ұшқыш, стюардесса, полицей, есепшінің киім үлгілері (бас киімдері); ұшқыш-пилоттың алдында тұратын ұшақты жүрзуге арналған батырмалары бар панель; сусындар мен шырындардың бос ыдыстары; тағамдар макеттері; терминалда тұратын бақылау өткелінің макеті; сөмкелер мен қораптар, ойыншық чемодандар, ойыншық смартфондар; билеттер және жеке куәлікті білдіретін таңбалауыштар; мөр; қағаз бетіне салынған ұшу алдында, ұшу барысында және аяқталған кезде тәртіпті сақтау ережелерінің сызбалы суреті. Шарты. Педагог дайындық жұмысында ұшақпен сапарға шығу үшін, билеттерді салып алу қажеттілігі; ұшақпен ұшу алдында әуежай терминалында тіркеуден өтіп, содан соң ұшақ бортына өтуге болатынын анықтайды. Балалар әуежай, ұшақ салоны сияқты жерлерді суреттер және бейнежазбалардан алдын-ала көріп түсінеді. Педагог стюардесса, пилот, бақылаушы полицей, есепші мамандарының адамдарды ұшақпен тасымалдау үшін қандай әрекеттер жасайтынын біртіндеп түсіндіреді. Ойын кезінде тек тиянақтау сұрақтары қойылады, балалардың арасынан тағайындалған (санамақ) мамандардың міндеттері үлестіріледі. Ойынға қатысушылар өз құрал-жабдықтарын алып, орындарына барады, ойынға дайын тұрады. Педагог балаларға ұшақпен саяхаттау өте қызықты болатынын ойын барысында жеткізіп отыруы тиіс. Алғашында педагог балалардың мамандар ретінде өз орындарында міндеттерін атқару барысын реттеп, қадағалап отырады. Қажеттілік болса, педагог бетпердесіне де көңіл аударады. Мамандар өз орындарына барған кезде, балалар жолаушылар болып, билеттерін алады, тіркеуден өтіп, содан соң ұшақ салонына шақырылады. Стюардессалар көпшілікке жариялайтындай бірнеше ережені ескеруі керек: қол жүгін орнына салу; смартфондарды өшіру; қауіпсіздік белбеуін тағу; салонда шуламау, көршісіне кедергі жасамау; ұсынған тағамды алу; демалу; ұшақ қонғаннан кейін белбеуді шешу, қол жүгін алып шығу. Стюардессалар мен ұшақтың пилотына қажетті нұсқауларды беріп жүргені дұрыс; балалар өз рөлдерін міндеттерін біртіндеп меңгеріп алады. Ойынның соңында қорытынды жасауға болады: ұшақпен сапарға шығу кезінде көптеген ерекше ережелерді орындау керек; жолаушылардың демалыстары үшін көптеген адамдар қызмет етеді; әуежай мен ұшақ салоны - қоғамдық орын; ұшақ - ерекше әуе көлігі, оны басқарып, жүргізу үшін жақсы оқып, көп дайындалу керек. (қарым-қатынас іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті, таным іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті, еңбек іс-әрекеті) |
Балалармен жеке жұмыс | Геометриялық фигуралардың, көгөністер, жеміс-жидектердің дайын суреттерінің сыртын шетке шығармай бастыру, бояу. Әртүрлі бағыттағы тігінен, көлденең, қысқа, ұзын, толқынды, ирек сызықтарды, нүктелерді, тамшы тәрізді пішіндерді олардың арасындағы арақашықтықты сақтап, алдымен үлгі бойынша және кейіннен өз бетінше жазуға мүмкіндік беру. Жазуды көзбен қадағалай отырып, қаламды немесе қарындашты дұрыс, еркін ұстап, үстінен қатты қысып күш түсірмей, саусақтармен біркелкі жоғарыдан төменге, солдан оңға қимылдарды орындап, сызықтарды үзбей салу. (шығармашылық іс-әрекет) | "Көктем белгілерін ажыратамыз" дидактикалық ойыны. Мақсат-міндеттер. Балаларды тез ойлануға тәрбиелеу. Барысы. - Балалар, сендермен ойын ойнайтын боламыз. Мына жерде жыл мезгілдері белгілерінің суреттері тұр. Осы белгілердің ішінен қыс мезгілінің белгісін ажыратып алуымыз керек. Ал, ендеше, балалар, суреттерді тезірек ажыратып алайық. Балалар суреттерді жылдам қойып шығады. (қарым-қатынас іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті) | Өлең жаттау. Бала тілін дамыту. Көкке ұшамын - Ұшқыш болар баламын. Соңына ерем Ер ғарышкер ағаның. (Тұманбай Молдағалиев) (қарым-қатынас іс-әрекеті) | "Мен ғарышкер боламын" өлеңін жаттау. Аспан, аспан, арайлым, Саған жиі қараймын. Сені көзбен шоламын... Мен ғарышкер боламын. Ж.Смақов (қарым-қатынас іс-әрекеті) | Сергіту сәті. "Ғарышқа самғап ұшайық." - Балалар, бәріміз орнымыздан тұрып, ұшақ болып ұшып, біраз сергіп алайықшы! Ғарышқа самғап ұшайық (саусақтарын бүгіп, қолдарын жоғары-төмен қозғау), Аспан төсін құшайық (кеуде алдында бүгілген қолдарымен өзін құшақтау). Қанаттарды кең жайып (қолдарды жан-жаққа тік жаю), Ұшақ болып ұшайық (жайылған қолдармен ойын алаңында жан-жаққа жүгіріп "ұшу") - Зуууу! Зуууу! Балалар педагогке еліктеп әуен ырғағына, сөздерге сай қимылдайды. |
Серуенге дайындық | Балаларды серуенге ынталандыру; серуенге ойын жабдықтарын іріктеу; балалармен жеке әңгімелесулер; шалбарын, бас киімі мен бәтеңкесін реттілікпен киюін қадағалау. (мәдени-гигиеналық даңдылар, дербес әрекет) | ||||
Серуен | Түскі серуенді бақылауды жалғастыру. (қарым-қатынас іс-әрекеті, еңбек іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті) | ||||
Балаларды түнгі ұйқыға дайындау | Балалардың беті-қолдарын, аяқтарын тазалап жуғызып ретке келтіріп жатқызу. | ||||
Түнгі кезекшіге өткізу | Балалардың денсаулығы туралы мәлімет беріп, тізім бойынша өткізу. |