ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 47
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
8 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: | Парассаттылық және этика | |
Педагогтің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы №1 | Сүйіспеншілік өмір негізі | |
Сабақтың мақсаты | Білім алушыларға ертеңгі өмірлерінде кәсіби біліктілікті қалыптастырудағы ынтымақтастықта болу, өзара адами қарым-қатынастың маңыздылығын ұғындыру; әр оқушының жүрегіне өмірге, ата - анасына, ең жақын адамдарына, қоршаған ортаға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||
Ұйымдастыру кезеңі | Ой қозғау Оқушылар,әр елдің сәлемдесу ерекшеліктеріне тоқтала отырып,сабақтың тақырыбын ашамыз. «СҮЙІСПЕНШІЛІК» деген не? Қалай түсінесіңдер?(ассоцация құру) Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. | Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу | ҚБ «Мадақтау» | Тақырыптық суреттер | ||||||
Жаңа сабақ | Мәтінмен жұмыс Дәйексөз: (8 мин) 3 топқа тапсырма беріледі, өз ойларымен түсіндіреді 5. Қатысушылардың көңіл-күйлері жақсы болуы үшін «Жақсы көру» ширату- жаттығуы (3мин)
(иә, бас бармақтарын көрсетеді) (УААУ) 6.Шығармашылық жұмыс: (10мин) Суреттер арқылы постер құру
Бұл айтылғаннның ар жағында барлығымызды біріктіретін бір ғана тамаша сөз бар. Ол «Махаббат» деген әдемі кең мағыналы ұғым. | Ақпараттық мәтінмен жұмыс Дескриптор - Сүйіспеншілік туралы ақпарат береді Дескриптор- сүйіспеншілік пен махаббат ұғымдарын ажыратады; Сүйіспеншілікке сипаттама береді; Дескриптор - адам бойындағы сүйіспеншілік туралы талдау жасайды; -мәдениеттілік жайлы түсінік алады - | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Ең үздік жауап» ҚБ «Алақан-жұлдыз» ҚБ «Ең ұтымды жауап» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте | ||||||
Қорытынды | Кері байланыс Не білдім? Не көрдім? Не түсіндім? Нені жетілдіруім керек? | Тақырып бойынша не білетінін, , не білгенін жазады | Оқушылар бағалайды | А4, конспект | ||||||
Үй тапсырмасы | Сүйіспеншілік өмір негізі | | | |
8 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: | Парассаттылық және этика | |
Педагогтің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы №2 | Қоғам үшін еңбектену парызымыз | |
Сабақтың мақсаты | Оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін еңбек ету, өзара көмек көрсету парызы екенін түсіндіре отырып, патриотизмдік қасиеттерін дамыту. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі | Ой қозғау Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады. Қазіргі таңда қоғам үшін еңбек ету парызым деген ұранмен көптеген ерікті ұйымдар жұмыс жасауда «Еріктілікпен айналысудың мәні – әрбір қазақстандықтың бойындағы патриоттық сезімнің нық болуында. Қазақстанның азаматы ретінде барлығымыз волонтер болып, мүмкіндігінше, қолдан келгенше көмектесуіміз қажет. Волонтерлік қызмет қай уақытта болса да жоғары бағаланған және бағаланады да. Бүгінде елімізде сан алуан еріктілердің ұйымы көбейіп, уақыт өткен сайын дамып келе жатыр. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. | Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу | ҚБ «Мадақтау» | Тақырыптық суреттер |
Жаңа сабақ | Мәтінмен жұмыс Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (12 қаңтар 1912 жыл – 22 тамыз 1993 жыл) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектермен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ өнерін жоғары бағалаған Дінмұхамед Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Өнер ордалары салынып, мәдениет үйлері өз қызметін бастады. Қазақ жерінің барлық аймақтарында дерлік білім және мәдени ошақтар ашылып, тұрғын үйлер тұрғызылып, әлеуметтік нысандар салынды. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары, әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақ үйлері салынып, қала көркін ашты. Қоғамға үшін еңбек ету парызым деген Д.Қонаев атамыз елінің есінде мәңігі қалды. 1.Қонаев атамыздың қандай қасиеттерін өзіңе үлгі тұтасың? 2. Қоғам үшін еңбектену парызымыз дегенді қалай түсінесің? «Мен қоғам үшін еңбек етуге дайынмын» таұырыбында эссе жазу. | Ақпараттық мәтінмен жұмыс Қоғамға еңбегі сіңген ұлы тұлға туралы ақпарат береді Сұрақтарға жауар береді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Ең үздік жауап» ҚБ «Алақан-жұлдыз» ҚБ «Ең ұтымды жауап» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте |
Қорытынды | Кері байланыс Не білдім? Не көрдім? Не түсіндім? Нені жетілдіруім керек? | Тақырып бойынша не білетінін, , не білгенін жазады | Оқушылар бағалайды | |
Үй тапсырмасы | Д.Қонаев атамыздың еңбегі жайлы қосымша ақпараттар іздеп келу. | | | |
8 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: | Парассаттылық және этика | |
Педагогтің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы №3 | Достықтағы адалдық | |
Сабақтың мақсаты | Оқушыларды өзара сыйластық,өзарара түсіністік, өзара көмек қарым-қатынастарын дамыту. Татулыққа, ұжымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі | Ой қозғау Адалдық дегеніміз – ұлы құндылықтардың бірі. Ата-анаңа, жарыңа, туған бауырларыңа, туыстарыңа деген адалдық бар. Жұмысыңа, қойған мақсатың мен арманыңа да адалдық қажет.Адалдық адамды тәрбиелейтін, өзінің ұстанымдарына берік ететін ұлы құндылық. Ал адалдықтың ішінде досқа деген, достыққа деген адалдық бар. Бір-біріне қуанышта да, қайғыда да шынайы қолдау көрсете алмаған жандар дос бола алмайды. Досқа деген адалдық оның ар-абыройын түсірмеуде, ар-намысына кір келтірмеуде. Досыңды өзгелер жақтырмай, жамандап, сөгіп жатқанда, оның көз көрмес ортада қаралауына жол бермеу – міне бұл сенің міндетің. Ондай жерде досыңды ақтап алу – оған деген адалдығың. Адалдық деген – риясыздық. Ол көзге көрінер жерде емес, тасада, сыртта жасалатын қасиет. Адалдықтың арғы жағында бәрі жатыр. Қамқор болу, қиын шақта қол ұшын беру, сүйеніш болу, қуанышына ортақтасу, ең бастысы ниеттес болу – мұның бәрі досқа деген адалдықтан шығатын әрекет. | Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу | ҚБ «Мадақтау» | Тақырыптық суреттер |
Жаңа сабақ | Мәтінмен жұмыс Құмырсқаның достығы (ертегі) Адал достық Орман іші. Айнала толған жасыл ағаштар. Сайраған құстардың дауысы, бұтақтан-бұтаққа секіріп жүрген тиіндер көрінеді. Жыбырлап жүрген еңбекқор құмырсқалар. Солардың ішінде екі дос құмырсқа болады. Олар қысқыға азық жинап жүреді. Бірінші құмырсқа: "Бірінші менің үйіме азық жинап алайықшы, сосын сенің үйіне азық жинаймыз", - дейді. Сонда екінші құмырсқа: "Жинасақ жинайық", - деп келіседі. Сөйтіп, олар таңнан кешке дейін бірінші құмырсқаның үйіне азық жинайды. Көп ұзамай азық да жиналады. Бірінші құмырсқанның үйіне азық жиналып болған соң, бірінші құмырсқа: "Енді менің үйіме азық жинайық", - деп айтады. Келесі күні азық жинап жүріп, бірінші құмырсқа аяғын жаралап алады. Оның досы сол күні оған мейірімділік танытады. Сол кезде бірінші құмырсқа былай деп айтады: - "Туф, енді қайттім?! Мен мына аяқпен енді азық жинай алмаймын ғой", - дейді. Ол сол кезде досына былай деп айтады: - "Менің аяғым жазылғанша, сен дем ала тұр, жазылған соң қайта жинаймыз", - деп үйіне шығарып салады. Түнімен ойланған досы: "Қыс болса тақап қалды. Ал менің досымнын үйінде азық жоқ. Мұным жарамас", - деп түнін өткізеді. Келесі күні досынын үйіне жалғыз өзі барып, қиналғанын, шаршағанын білдіртпей досынын үйіне азық жинап береді. Мұны көріп құмырсқа досы қатты риза болады. Және де құмырсқаның досы өзіне адал дос екенің түсінеді. Досың бар ма? Ол кім? Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба? Достық жасқа байланысты ма? Жақсы дос, жаман дос қандай болады? Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз? Дос қандай болу керек? | Ақпараттық мәтінмен жұмыс Сұрақтарға жауар береді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Ең үздік жауап» ҚБ «Алақан-жұлдыз» ҚБ «Ең ұтымды жауап» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте |
Қорытынды | Кері байланыс Не білдім? Не көрдім? Не түсіндім? Нені жетілдіруім керек? | Тақырып бойынша не білетінін, , не білгенін жазады | Оқушылар бағалайды | |
Үй тапсырмасы | «Достық» тақырыбында сурет салу. | | | |
8 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: | Парассаттылық және этика | |
Педагогтің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы №4 | Қазақ халқының дәстүріндегі ұрпақ тәрбиесінің ерекшелігі | |
Сабақтың мақсаты | Оқушыларға қазақтың салт дәстүрлерімен таныстыра отырып, қазақ халқының дәстүріндегі ұрпақ тәрбиесіне баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйлыстыққа тәрбиелеу. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі | Ой қозғау Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Қазақтың ұлттық түп-тамырымен терең байланысқан, ежелден еншімізге тиген салт пен дәстүр көп-ақ. Өкінішке қарай, біраз дәстүріміз ескірді, ал біразы тіпті ұмытылып та қалды. Қазіргі уақытта аңшылыққа байланысты – "сыралғы", жаңа босанған әйелге қатысты –"көтендестіру", үйлену тойына қатысты – "аушадияр", құдаласуды негіз еткен "біз шанышар" сияқты салт-дәстүрлер қазір атала да, орындала да бермейді. | Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу | ҚБ «Мадақтау» | Тақырыптық суреттер |
Жаңа сабақ Мәтінмен жұмыс | Асық ойыны баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйлыстыққа тәрбиелеген Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – асық ойыны. Бұл ойын ертеден мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыздың қолданысында келе жатқан көне ойын түрі. Ерте кезде әр қазақтың балалары мен жастарының бас қосуының негізінде асық ойыны ойнатылатын. Асық ойыны баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйлыстыққа тәрбиелеген. Бесік тойы – нәрестені алғаш бесікке бөлеуге байланысты жасалатын ғұрыптық салтанат. Баланың кіндігі түсіп, кіндік жарасы жазылысымен бесікке салады. Бесік тойы, негізінен, тұңғыш балаға жасалынады. Одан кейінгі балаларға “бесікке салу” кәдесі ғана атқарылады. Бесіктің жасауын баланың нағашылары дайындайды және олар ана мен балаға киім-кешек әкеледі. Осы әкелінген дүние мен бесікті көрсету мақсатында ауылдың ұрпақ өсірген қадірменді әжелері, әйелдер шақырылады. Мал сойылады, бата беріледі. Тойдың соңына қарай жасы үлкен әже бесіктің жабдығын даярлап, шашуға әкелінген тәттіні, күміс теңгені түбек салатын тесік астына қолын тосқан әйелдерге үлестіреді де, бесікті отпен аластап, бесікке ыстық көсеумен кертпе түсіріп (көз тимес үшін) баланы бөлейді. Сонан соң бесіктің үстіне жеті не тоғыз нәрсе жабады. Әрбір жабылатын нәрсенің өзіндік мәні бар. Мысалы: көк шапан жабу – бала ержеткенде халықшыл болсын, дастарқан жабу — бай болсын, т.б. ырымды білдірген. Баланы бесікке салған әйелге көйлек кигізіп, қалғандарына білезік, сақина үлестіреді. Біржола жоғалмаса да біршама ескірген, көп аймақтарда қолданыстан шығып қалған дәстүрдің бірі – "Асар". Бұл дәстүрдің ерекшелігі сол, адамдар бірлесіп үй салып, басқа да игі мақсатта бір-біріне көмектесу арқылы ынтымақ пен бірлігін жарастырады. Мұндай дәстүрді ауыл адамдары кәдеге жаратып, оны тек жұмысты бітіру тұрғысынан ғана емес, туған-туыс, дос-жаранмен бір уақыт кездесу, сырласу мақсатында қолданған. Тіршілік қамымен жүріп бастары қосыла бермейтін ағайын асарда кезігіп мәре-сәре боп қалады. Екіншіден, не үй, не әлдебір іргелі шаруа бастаған туыстың да жұмысы бітіп, жеңілдей түседі. Әлбетте, асарға келген адам ақша алмайды. Оларға арнап үй иесі бір қойын сойып, қазан асып, дастархан жаяды. Қазақтың "көп түкірсе – көл" деген аталы сөзі де осы асармен байланысты. Қазақ халқының асыл мұрасының тағы бір ажырамас бөлігі – ұлттық ойындарымыз. Білетініміздей қазақтың ұлттық ойындары мәні мен мағынасына қарай әртүрлі болады. Себебі, әр ойынның өз ерекшелігі бар, адамға берері бар. Мысалға спорт бағытына арналған ұлттық ойын түрлері. Оған: бәйге, теңге ілу, көкпар, садақ ату, қазақ күресі, аударыспақ, арқан тартыс және тағыда басқа ұзын сонар ойындар тізімін атауға болады. Бірақ бұл ең танымалдары және осы күнге дейін ұйымдастырылып ойналатын ойын түрлері. Спорт бағытындағы ойын түрлері ер жігітті шымыр, шапшаң, тез ойлануға және шешім қабылдауға, дәлдікке, мықты болуға баулыйды. Бұдан басқа тоғыз құмалақ және асық ату ойындары баланы өзінің ақылына жүгінуге, дұрыс шешім қабылдауға және икемділікке, қарсыласының ойын оқуға тәрбиелейді. Сондай-ақ, бұдан бөлек бір топ ойын-сауық, тұрмыс-салтқа бағытталған ұлттық ойын түрлері бар. Оларға: алтыбақан, сақина салу, бастаңғы, ақсүйек, инемді тап, шалма т.б ойын түрлері жатады. Бұл көңіл көтеру мақсатында ауыл жастары бас қосып ойналатын ойын түрлері. Қандай болмасын ойыншы үшін берері мол. Ойын Қанша ұлттық салт дәстүрлерді білесің? Екі оқушы шығады, уақыт беріледі. | Ақпараттық мәтінмен жұмыс | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Ең үздік жауап» ҚБ «Алақан-жұлдыз» ҚБ «Ең ұтымды жауап» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте |
Қорытынды | Кері байланыс Не білдім? Не көрдім? Не түсіндім? Нені жетілдіруім керек? | Тақырып бойынша не білетінін, , не білгенін жазады | Оқушылар баға-лайды | |
Үй тапсырмасы | Сүйіспеншілік өмір негізі | | | |
8 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: | Парассаттылық және этика | |
Педагогтің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы №5 | Есті кісілер қатарында болғыңыз келсе … | |
Сабақтың мақсаты | Оқушыларды өз-өзіме есеп беремін бе деген сұраққа жауап бере отырып, күнделікті іс-әрекетіне, жетістігіне, аяқталмаған ісін аяқтауға дағдыландыру. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі | Ой қозғау «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?» деп жазып еді дана Абай он бесінші қара сөзінде. 1.Балалар өздеріңізге есеп бересіздер ме? 2.Кніне немесе аптасына бір өз-өзіңе есеп бер дегеннен не ұғуға болады | Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу | ҚБ «Мадақтау» | Тақырыптық суреттер |
Жаңа сабақ | Мәтінмен жұмыс Күніне болмаса да, аптасына бір мәрте өзіңізден есеп алып тұратын сұрақтар үлгісі. 1. Не білдім, не түйдім? Сәттілік құпиясы қарапайым – әр күн сайын бір қадам алға басамыз. Бір жылдан соң мақсатыңызға жетесіз не 365 қадам жақындайсыз. Оған тезірек, сәтті, белсенді түрде жету үшін жаңа ақпарат жәрдемдеседі. 2. Осы аптада қандай жетістікке жеттім? Өз жетістігіңізді көрген сайын бойыңызға сенімділік ұялап, өзіңізді бұрынғыдан да жақсы көре түсетін боласыз. Аяқталған іс сізді мықтырақ етеді. Егер нәтижесі болмаса – өзіңізден себебін сұраудың кезі келді. Өзіңізді жетілдіріп жүрсіз бе, кері кетіп жатырсыз ба? 3. Қашан тоқтадым? Уақытымды босқа құртып, қамсыз отырған кезім болды ма? Бұл миллионерлердің де басында болады. Бірақ осыны дер кезінде ескеріп, берекесіз уақытпен күрескендер ғана жеңіске жетеді. Осы аптада істелуі керек қай істі кейінге қалдырдым? Әр нәрсенің өз уақыты бар. Кей істі кейінге қалдыра тұруға да болады, ал кейбірі кейінге қалса, көп нәрседен қол үзіп қаламыз. Мұндай іс әр аптада бар. 4. Кімге көмек көрсете аламын? Біреуге жақсылық жасасаңыз, қайтарымы мың есе болмақ. Оның айтқан алғысының өзі бақытқа жол ашады. 5. Сымбатымды сақтау үшін немесе салауатты өмір салтын ұстану үшін не істедім? Дене қуатқа толы болғанда, күткеніңізден де көп аласыз. 6. Жақын-жуықтарыма қанша уақытымды бөлдім? Бәріміз өзіміз үшін және бізге жақын жандар үшін өмір сүреміз. Ал олармен кемінде күніне бір сағат араласып тұрудан жақсы не бар? 7. Қандай пайдасыз іспен айналыстым? Мүмкін ол істі доғарып, оның орнына уақытты бір мезгіл демалуға арнау керек шығар? 8. Келесі апта менің өмірімнің ең соңғы аптасы болса, не істер едім? Бұл сұрақ өмірдегі ең маңызды істі кейінге қалдырмауға көмектеседі. Әр аптада осы сұрақтарға шынайы жауап берсеңіз, жаңа мүмкіндіктер мен үміттерге қол жеткізіп отырасыз. Осылайша «ақырын жүріп, анық басып», барар жеріңізге тез жетіп аласыз. « Суреттерді аяқтайық » жаттығуы Мақсаты : Оқушылардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс істей білуін дамыту. Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады. Оқушылардың көздері шарфпен байланады да, олар кезек-кезекпен шығып, бірі денесін, бірі басын, бірі аяғын салады. осылайша жалғаса береді. «Менің көңіл-күйім» жаттығуы Мақсаты: көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу Нұсқау:Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар . | Ақпараттық мәтінмен жұмыс Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өздеріне бір сәт есеп береді Берілген жаттығуды орындайды. | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Ең үздік жауап» ҚБ «Алақан-жұлдыз» ҚБ «Ең ұтымды жауап» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте |
Қорытынды | Кері байланыс Не білдім? Не көрдім? Не түсіндім? Нені жетілдіруім керек? | Тақырып бойынша не білетінін, , не білгенін жазады | Оқушылар бағалайды | |
Үй тапсырмасы | Есті кісілер қатарында болғыңыз келсе …күнде өзіңе есеп бер | | | |