Файл: Дріс 2 Таырыбы Гидростатика. Гидростатиканы негізгі задылытары Паскаль заындаы Эйлер тедеуі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 128

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


мұндағы, уд - дененің меншікті салмағы. Осыдан кейін тең әсерлі күштің теңдеуін былай жазады:


Мұнда, Р = Р2 – Р1 Архимед күші (көтеруші) тік жоғары бағытталғанда, ол дененің орталық ңысым нүктесіне түсіп, оны орталық су ығыстырғыштық деп атайды.


мұндағы, V - дененің көлемі.

Сұйыққа батырылған денеге жоғары көтергіш күш Р әрекет етеді де, ол ығыстырылып шығарылатын сұйықтың салмағына тең болады. Бұл Архимед заңы деп аталады.

Формула сұйыққа батқан дененің қай формада болсадағы түріне сәйкес формула қатты дененің жүзуінің үш түрлі жағдайын сипаттап көрсетеді:

а)С > Р болса, дене сұйыққа батып кетеді;

ә)С = Р болса, дене судың ішінде жүзеді;

б )С <Р болса, дене судың бетіне қалқып жүреді. Бұлардың ішіндегі екінші мен үшінші жағдай практикада көп кездеседі.

Бақылау сұрақтары

1. Гидравлика дегеніміз не және оның негізгі мақсаты?

2. Сұйықтар дегеніміз не және олардың түрлері.

3. Идеалды және реалды сүйықтарды қалай түсінесіз?

4. Сұйықтың негізгі физикалық қасиетіне анықтама беріңіз: меншікті салмаққа, меншікті көлемге, температурада ұлғаюына, сығылғыштығына, тұтқырлығына

(меншікті үйкеліс күшіне, кинематикалық тұтқырлық коэффициентіне).

5. Вискозиметр не үшін қажет?
1. Гидростатика анықтамасы.

2. Гидростатикалық қысымды қалай түсінесіз, ол қалай пайда болады және оның түрлерін атаңыз.

3. Гидростатикалық қысым өлшем бірлігі қандай?

4. Гидростатикалық қысымның үш қасиетіне анықтама беріп түсіндіріңіз.

5. Гидростатиканың негізгі теңдеуін түсіндіріңіз және жазыңыз.

6. Паскаль заңы дегеніміз не?

7. Қысымды өлшеуге арналған аспаптарды және тәсілдерін айтып түсіндіріңіз.

8. Архимед заңы дегеніміз не?

9. Сұйыққа батырылған дененің үш жағдайын түсіндіріңіз.

10. Гидравликалық преске Паскаль заңын қолдануын түсіндіріңіз.

11. Жазық қабырғаға түсетін гидростатикалық қысымды қалай анықтайды?

12. Жазық қабырғаға түсетін қысым эпюрасын түсіндіріп жазыңыз.

13. Цилиндрлі бетке түсетін гидростатикалық қысымды қалай анықтайды?

14. Құбыр қабырғасының қалыңдығын қалай анықтайды?
Глоссарий

  1. Гидравлика (гр. hydraulicos, hydor — су, aulos — түтік) — сұйықтықтардың қозғалысын және тепе-теңдік зандарын зерттеу мен оларды іс жүзінде пайдалану тәсілдерімен шұғылданатын ғылым саласы.

  2. Гидростатика – гидромеханиканың сұйықтықтардың тепе-теңдігін және қимылсыз тұрған сұйыққа батырылған дененің әсер етуін зерттейтін бір бөлімі.

  3. Гидродинамика(гидро..және динамика)-гидроаэромеханиканың сығылматыын сұйықтықтың қозғалысын және оның өзімен шекаралас орналасқан қатты денемен әсерлесуін зерттейтін бөлімі.

  4. Кинематика (гр. kіnma, kіnmatos - қозғалыс)– механиканың, дене қозғалысының геометриялық қасиеттерін, олардың массасы мен әсер етуші күштерді ескермей зерттейтін бөлімі.

  5. Сұйық дегеніміз - физикалың дене, оның бөлшектері өте қозғалғыш келеді де, аққыш және сыртқы күш әсерінен өзінің формасын өзгерте алатын қасиеті бар.

  6. Идеалды (қиялды) - тұтқырсыз сұйық, бұл сұйықта үйкеліс күші мен жанама кернеу күші болмайды да, сыртқы күш әсерінен оның көлемі өзгермейді.

  7. Реалды (нақтылы) - тұтқырлы сұйық, табиғатта кездесетін сүйық қысымымен температураның әсерінен көлемі өте аз өзгереді.

  8. Тұтқырлық. Әр түрлі жылдамдықпен аққан сұйықтың қос қабатының арасында болатын үйкеліс кедергіні тұтқырлық деп атайды.

  9. Гидростатикалық биіктік деп геометриялық және пьезометрлік екі биіктіктің қосындысын атайды.

  10. Гидростатикалық қысым – су бағанасының өз табанына тигізер әсерімен сипатталатын қысым; мөлшерлік көрсеткіші метрмен өлшенген су бағанасының биіктігімен немесе атмосфера бірлігімен өрнектеледі.

  11. Меншікті потенциалды энергия деп потенциалды энергияның сұйық массасына қатынасын айтады.

  12. Плунжер - ұзындығы диаметрінен едәуір үлкен болатын поршень; әдетте эксцентриктенайналшақтан, көлбеу тығырықтан тікелей қозғалысқа түседі.

  13. Гидроаккумулятор – қысымды жұмысшы сұйықты аккумулироваттауға арналған сыйымдылық.

  14. Манометр – артық қысымды өлшеуге арналған құрал.

  15. Гидростатикалық парадокс - ыдысқа құйылған сұйықтық салмағының сұйықтықтың ыдыс түбіне түсіретін қысым күшіне тең болмау жағдайы.