Файл: Саба таырыбы Мейіргер ызметіні сапасын баылау. Модуль пн атауы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 68

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы

« Мейіргер қызметінің сапасын бақылау.»

Модуль /пән атауы

«Медбике ісіндегі қауіпсіздік және сапа»

Дайындаған педагог

Салетаев А.Б.

20_ жылғы "__" ______

2023 жылғы __

1.Жалпы мәліметтер

Сапа түсінігі. Сапа сипаттамасы.

Стандарт түсінігі. Мейірбике қызметтерін стандарттау.

Курс, оқу жылы, топ

09130100 «Мейіргер ісі» 1 курс, 2 семестр

Сабақ типі

Аудитория № 13

2. Мақсаты, міндеттер

-студенттерге Мейіргер қызметінің сапасын бақылауды үйрету.

2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

Сапа түсінігі. Сапа сипаттамасы.

Стандарт түсінігі. Мейірбике қызметтерін стандарттау.

3. Сабақты жабдықтау

дидактикалық метериалдар (тестер, таблица, есептер,бұйырықтар,стандарттар)

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

С.А.Мухина «Мейірбикелік іс негіздері» практикалық басшылық, Маскеу 2014 ж


3.2 Техникалық құралдар, материалдар

Интерактивті тақталар, презентациялар

4. Сабақтың барысы

Сабақ

тың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті



Студенттін

әрекеті



Бағалау

(критерии)



Ресурстар


Ұйымдас-тыру кезеңі:

-сәлемдеседі

-топты түгелдейді

-аудитория тазалығын тексереді

-сабақ мақсатын айтады

-сәлемдеседі

-аудитория тазалығын сақтайды

-сабақ мақсатын тыңдайды




Білім деңгейін тексеру:


-сұрақтар қояды

-сұрақтарға жауап береді

-өткен тақырыптарды біледі

-қосымша №1

Жаңа тақырып-ты талқылау


Сапа түсінігі. Сапа сипаттамасы.

Стандарт түсінігі. Мейірбике қызметтерін стандарттау.


-оқытушының көрсеткен көмектерін қайталайды

- өз беттерінше чек парақтағы іс-әрекеттермен дағдыланады.

-анамнез жинап тексеру жүргізе алады

-мейіргерлік күтім жүргізеді

- қосымша №2


Бекіту


-тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды

-ситуациялық есеп беріледі

-тақырыпқа бойынша берілген сұрақтарға жауап береді;

-ситуациялық есептерге , тесттерге жауап береді

-сұрақ жауабын біледі;

-есепке жауап бере алады

-қосымша №3

5. Сабақ бойынша рефлексия

Студенттермен сабақ жайлы кері байланыс жүргізу

6. Үй тапсырмасы






- қосымша №1
Мейіргер ісі мамандарының жұмыс сапасын бағалау критерийлері

Қазіргі таңда мейіргерлер денсаулық сақтау саласының маңызды бір бөлігі болып табылады, медициналық қызметті қажет етушілер сұранысын қанағаттандыратын негізгі кадрлық ресурс.

Мейіргерлік көмектің деңгейін көтеруде медициналық қызмет басшыларының басқару ісіндегі озық тәжірибелері мейіргерлік көмектің сапасына әсер ететін факторлардың бірі. Мейіргер ісіндегі жетістіктер мейіргер ісінің сапасына сараптама жасау, оның жұмысының күшті, әлсіз жақтарын анықтау арқылы анықталады. Қазіргі таңдағы медицина саласындағы реформаға және мейіргерлік қызметке деген радикальды өзгерістерге байланысты, дәрігерлер мен мейіргерлер арасындағы нақты кәсіби шекараның жоқтығы медициналық көмектің сапасын басқаруда қиыншылық туғызып отыр. Сондықтан әрбір мекеме басшысы өз бетінше зерттеу жүргізуі және тәжірибелік іс-шараларды дайындауы қажет. Пациенттің денсаулық жағдайына мейіргерлік көмек сапасы қаншалықты әсер еткенін анықтау қиын болғанымен, пациент денсаулық жағдайына мейіргер қызметінде кеткен қателіктің әсерінің болғанын айтуға болады. Мұндай жағдайда негізінен әкімшілік шаралар қолданылады, бірақ бұл тиімді вариант деп есептелмейді.Осыған байланысты медициналық көмектің сапасын арттыру үшін басқару жүйесін жетілдірудің, бақылаудың тиімді тәсілдерін қолданудың маңызы зор.

Мейіргерлік көмек сапасы мейіргерге тікелей байланысты және мейіргерге байланысты емес көптеген факторлармен анықталады.

Мейіргерлік көмек сапасына әсер етуші факторлар:

-білім жетілдіру курстарында алған білім сапасына

-кәсіби адаптация (бейімделу),жұмыс орнында оқыту

-емдеу алдын- алу мекемесінің мейіргер қызметіне қоятын талабы

-мейіргер жұмыс орнына және емдеу мекемесінің материальдық-техникалық жабдықталуына

-материальдық ынталандыру

-штаттың толықтығы.

-кезекшілікті, жүктемені дұрыс ұйымдастыру

-басшы тарапынан бақылау жүргізу

-жеке тұлғаны құрметтеу және денсаулыққа баға беру.

Мейіргерлік іс қызметінің басшылары мейіргерлік көмектің сапасына, тиімділігіне баға бере білуі, жұмыстағы кемшіліктер мен жетістіктерді ескере білуі, сапалы жұмысты ұйымдастыра білуі, жұмыс сапасын моральды және материальды ынталандыра білуі керек.

Күнделікті жұмыста көбіне қолданылатын критерийлерге жатады:

-мейіргердің базалық біліміне баға беру

-атқаратын қызметінің ерекшелігіне,күрделігіне қызметкердің кәсіби біліктілігінің сәйкес келуі



-мейіргердің сыртқы пішіні, пациенттермен, оның жанұясымен қарым-қатынасы

-мейіргердің жеке басының қасиеттері (мейірімділік,қайырымдылық, жауаптылық, аяушылық білдіру)

-этико-деонтология принциптерін ұжымда және пациенттермен жұмыста ұстану

-асептика және антисептика тәртібін сақтау

-медициналық құжаттарды дұрыс толтыру

-дәрігер нұсқауларын, шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмекті уақытылы көрсету

-шұғыл көмек көрсеткенде, мейіргерлік процедураларды алгоритмге сәйкес жүргізу

-диспансерлік есептегі науқастарды бақылау, профилактикалық егумен балаларды қамту

-пациенттердің мейіргер жұмысына қанағаттануы.

Медициналық көмек нәтижесі мейіргерлік көмектің кәсіби жоғары болуына, мейіргерлік күтімнің стандартталған технологиясын қолдануға, профилактикалық және емдеу шараларына байланысты. Осы жағдайларға байланысты мейіргер кадрларын тиімді пайдалану және олардың іс-әрекеттеріне ақпараттық көрсеткіштерді қолдана отырып, обьективті баға беру керектігі туындайды. Көрсетілетін қызметке баға беру оларды салыстыруға, озық тәжірибені анықтауға, даму мүмкіндіктерін анықтауға, зерттеудің негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық -2020» бағдарламасында медицина ұйымдары мен персоналды еңбекті қарқынды етуге, қызметтердің өзіндік құнын төмендетуге, олардың сапасын арттыруға уәждеу деңгейі әлі де болса жеткіліксіз деп көрсетілген. Аталған бағдарламаның «Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және шаралары» деген тарауында

1.Медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету

2.Денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру керек делінген.

Көрсеткіштерді дайындау барысында мәселенің өзектілігіне, қауіпсіздігіне, көрсеткішті бақылау мүмкіндігіне назар аударылған. Қолданылатын индикаторлар жекедара қолданылмай мейіргерлік күтімді тұтастай бағалайтын болу керектігі ескерілген.

Қазақстанда қазіргі таңда Мейіргер ісі мамандарының жұмысын бағалау үшін қолданылатын көрсеткіштер Облыстық және Алматы, Астана қаласы денсаулық сақтау басқармаларынан ақпарат жиналып, жинақтап қорытынды индикаторлар дайындалды.

Индикаторсыз мейіргер ісін сипаттауға болатын жағдайлар:

1.Медициналық қызметті регламенттейтін Заңнамаларының болуы


2.Жұмыс орнын ұйымдастыру

3.Медициналық құжаттарды сапалы жүргізу

4.Эпидемияға қарсы режимді регламенттейтін нормативтік құжаттардың дұрыс толтырылуы

5.Медициналық этика және деонтологияның негізгі принциптерін білу және орындау

6.Қызметіне және жұмыс орнына сәйкес функциональдық міндеттерін білу

7.Қолданыстағы стандарттарға сәйкес жұмысын орындау, операциялық процедураларды білу және тәжірибеде қолдану

8.Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көрсетілетін көмекті білу және орындау

9.Фармацевтикалық тәртіпті сақтау жұмысын дұрыс ұйымдастыру

10.Медициналық құралдардың жұмысқа дайындығына және жағдайына баға беру

11.Дәрігер тағайындауларын уақытында орындау

12.Антисептика және асептика ережелерін сақтау

13.Науқас құқығын бұзатын ауызша және жазбаша шағымдардың болуы

14.Өрт қауіпсіздігі және еңбек қорғау нұсқаулықтарын білу және сақтау

15.Ішкі тәртіп ережелерін және еңбек тәртібін сақтау

16.Пациенттерге денсаулығын сақтау, нығайту туралы кеңес беру, салауатты өмір салтын сақтауға үйрету. Денсаулық мектептерін өткізуге қатысу.

17.Үздіксіз кәсіби оқу

18.АИС-те мейіргерлердің жұмыс жасай білуі

Бағалау тәсілдері:

1.Өзін-өзі бағалау мақсатында мейіргерлер бағалау парағын толтырады

2.Бөлім басшысы бағалау парағын толтырады

3.Мейіргерлер жұмыс сапасына эксперттік баға беру картасын толтыру

4.Аға және бас мейіргерлердің орта буын медицина мамандарының жұмысына ішкі бақылау (монторинг) жүргізу

5.Нормативтік-құқықтық құжаттар бойынша біліміне аттестация жүргізу

6.Манипуляция техникасын қайталау

7.Науқастардан сауалнама алу

8.Емхана аға мейіргерлері мен мейіргерлерінің жұмыс сапасына баға беру картасы бойынша бағалау баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады. Әрбір пункт бойынша іс- әрекет стандартына толық сәйкес келген жағдайда 2 баллмен бағаланады,1 баллмен жартылай сәйкес жағдайда, 0 баллмен орындалмаған немесе өрескел бұзылыс болған жағдайда қойылады. Бағалау нәтижесінен қорытынды коэффициент және сапа пайызы шығарылады.

СКПН (стимулирующего компонента комплексного подушевого норматива) қаржысынан төлем жасау үшін емхана мейіргерлерінің еңбегін бағалау және ынталандыру үшін қолданылатын 6 бағалау индикаторы бар (ДСМ 16.06,2014 ж. №321 және 29.05.2015 ж. №429 бұйрықтары)

1.емхана деңгейінде алдын алуға болатын ана өлімі

2. емхана деңгейінде алдын алуға болатын 7 күннен 5 жасқа дейінгі бала өлімі

3. 1-2 дәрежелі алғаш рет визуальды анықталып тұрған қауіпті ісік


4.уақытылы диагноз қойылған өкпе туберкулезі

5.жүрек - қан тамырлар жүйесі ауруларының асқынған түрімен ауруханаға түскен науқастар саны (миокард инфарктісі, инсульт)

6.дәлелденген шағымдар

Қазіргі таңда мейіргерлердің жаңа ролінің және құзіреттілігінің қалыптасуына байланысты мейіргерлер жұмыс сапасына баға беру индикаторлары мен тәсілдері ұсынылады.

Емханалық көмек көрсету мекемелерінде қолдануға ұсынылатын индикаторлар:

1.Емхана мейіргерлер құрылымына баға беру индикаторлары:



көрсеткіштер

Бағалау бірлігі

аймақтық мейіргерге бекітілген халық саны

аймақтық мейіргерге адам саны

Мейіргерлердің жалпы санынан бакалавриат деңгейіндегі мейіргерлер саны % мейіргер

Мейіргерлердің жұмыстан шығу көрсеткіші % мейіргер мамандарының саны

2.Емхана деңгейінде мейіргерлік процеске баға беру индикаторлары



көрсеткіштер

Бағалау бірлігі

1

емханада 1 мейіргерге есептегенде мейіргерлік кеңестің жылдық саны

1 мейіргерге кеңес саны

2 Бакалавр және оданда жоғары деңгейдегі мейіргерлер кеңесінің жалпы мейіргерлер санынан мөлшері

% мейіргер ісі мамандарының кеңесі

3 Мейіргердің 1 клиентке үйіне баруының орташа көрсеткіші

үйіне бару саны (орташа саны)

4 Бакалавр және оданда жоғары деңгейдегі мейіргерлердің науқас үйіне бару көрсеткіші

% мейіргер ісі мамандарының уйге бару көрсеткіші

5 Амбулаториялық күтімді қажет ететін созылмалы аурулары бар науқастарға мейіргер өткізген оқытудың саны

пациенттер %

6 Кеңес алған науқастар ішінен зиянды әдеттері бар науқастар саны

пациенттер %

3.Емханалық көмек көрсететін мекеме мейіргер ісі мамандарының қызметіне баға беру индикаторлары



көрсеткіштер

Бағалау бірлігі

1

Амбулаториялық күтімді қажет ететін, ауруханадан шыққаннан кейін науқастардың сол нозологиямен 30 күн ішінде ауруханаға қайта түсу жиілігі

Қайта госпитализация саны

2 БМСК жағдайында алдын алуға болатын ана өлімі

Ана өлімінің саны

3 емхана деңгейінде алдын алуға болатын 7 күннен 5 жасқа дейінгі бала өлімі

Бала өлімінің саны

4 1-2 дәрежелі алғаш рет визуальды анықталып тұрған қауіпті ісік

Алғаш рет анықталған жағдайлар саны

5 Уақытылы анықталған туберкулез саны

Диагноз қойылған туберкулез саны

6 жүрек - қан тамырлар жүйесі ауруларының асқынған түрімен ауруханаға түскен науқастар деңгейі (миокард инфарктісі, инсульт)