Файл: Саба таырыбы Ауруханаішілік инфекция. Модуль пн атауы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 239
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақ жоспары
қосымша №1Ауруханаішілік ауру – медициналық ұйымға жүгінгеннен кейін немесе медициналық көмек алғаннан кейін, медициналық ұйымда болған уақытында немесе медициналық көмек алғаннан кейін инкубациялық кезеңде науқаста пайда болатын кез келген инфекциялық ауру, сондай-ақ медициналық ұйым қызметкерінің медициналық ұйымдағы жұмысы салдарынан болатын инфекциялық ауру. Инфекцияның көзі – микроорганизмдердің жиналуын, өсуін, көбеюін және қоршаған ортаға бөлінуін қамтамасыз ететін олардың өмір сүруінің табиғи ортасы. Инкубациялық кезең – инфекция қоздырғыштары организмге түскен сәттен бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейінгі уақыттың бөлігі. Инвазиялық әдістер - адам организмнің ішкі ортасына ену жолымен жүзеге асырылатын диагностика мен емдеу әдістері. Штамм – микроорганизмнің таза өсіріндісі. Жұқпаның пайда болуы үшке болуге болады: 1.Пациенттер емханалық көмек алу барысында 2. Пациенттер стационарлық көмек алу барысында 3.Медицина қызметкерлері көмек беру барысында Пайда болу себептері : 1.Объективті : Қазіргі заман талабына жауап бермейтін ауруханалар,микроорганизмдердің антибиотикке төзімділігі. 2.Субъективті себептер: Медицина қызметкерлерінің сапасыздығы, сан эпид қызметкерлерінің бақылау болмағаны, пациентердің қарым қатынасының өсуі,медицина құрал жабдықтарының зарарсыздандыру және заласыздандыру сапасының төмен болуы. Аурухана ішілік аурудың көзі болуы мүмкін:
2.Пациентпен қарым қатынаста болған құралдарды зарарсыздандыру.
Медициналық ұйымдардың персоналы (медициналық та, медициналық емес те) жұмысқа кірер алдында және жыл сайын қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтан өтеді.Науқастарды емдеу кезінде кез келген қажетсіз инвазивтік араласуды болдырмау қажет. Медициналық ұйымдар қажетті жабдықпен және шығыс материалдарымен (оның ішінде бір реттік шприцтермен, катетерлермен, инелермен және инфузияға арналған жүйелермен, дезинфектанттармен, контейнерлермен, ҚКЖҚ-мен) жеткілікті мөлшерде және ассортиментте қамтамасыз етіледі. Медициналық ұйымдар медициналық қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі жоспарларды, персоналдың нұсқаулықтан өту тәртібі мен бақылау тәртібін әзірлейді және бекітеді. Ауруды анықтау, емдеуді ұйымдастыру, ВВГ және СВГ маркерлеріне оң нәтижесі бар адамдар үшін еңбек режимін айқындау мақсатында жұмысқа кірер алдында және алты айда бір рет ВВГ және СВГ маркерлеріне мыналар зерттеліп-қарауға жатады:
| Сабақ тақырыбы | Ауруханаішілік инфекция. | |||||
| Модуль /пән атауы | «Медбике ісіндегі қауіпсіздік және сапа» | |||||
| Дайындаған педагог | Салетаев А.Б. | |||||
| 20_ жылғы "__" ______ | 2023 жылғы __ | |||||
| 1.Жалпы мәліметтер | "Ауруханаішілік инфекция" (АІИ) анықтамасы. Медициналық ұйымдағы АІИ берілу механизмдері, жолдары, инфекция көздері. Аурухана инфекцияларының резервуарлары, медициналық ұйымдардағы микроорганизмдердің типтік мекендеу орындары. АІИ өсу себептері. «Санитарлық-эпидемиологиялық негізгі нормативтік құжаттар. Ауруханалық инфекциялардың этиологиясы. Аса маңызды госпитальдық инфекциялардың эпидемиологиясы және бактериялық инфекцияның негізгі қоздырғыштарының адам ағзасындағы басым мекендеу орындары. Хирургия, урология, акушерия және гинекологиядағы, стоматологиядағы ауруханаішілік инфекциялар және олармен күрес. АІИ профилактикасы бойынша санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені | |||||
| Курс, оқу жылы, топ | 09130100 «Мейіргер ісі» 1 курс, 2 семестр | |||||
| Сабақ типі | Аудиториялық № 2 | |||||
| 2. Мақсаты, міндеттер | -аурухана ішілік инфекция (АІИ) анықтамасы. -медициналық ұйымдағы АІИ берілу механизмдері. -АІИ профилактикасы бойынша санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені. | |||||
| 2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі | "Ауруханаішілік инфекция" (АІИ) анықтамасы. Медициналық ұйымдағы АІИ берілу механизмдері, жолдары, инфекция көздері. Аурухана инфекцияларының резервуарлары, медициналық ұйымдардағы микроорганизмдердің типтік мекендеу орындары. АІИ өсу себептері. «Санитарлық-эпидемиологиялық негізгі нормативтік құжаттар. Ауруханалық инфекциялардың этиологиясы. Аса маңызды госпитальдық инфекциялардың эпидемиологиясы және бактериялық инфекцияның негізгі қоздырғыштарының адам ағзасындағы басым мекендеу орындары. Хирургия, урология, акушерия және гинекологиядағы, стоматологиядағы ауруханаішілік инфекциялар және олармен күрес. АІИ профилактикасы бойынша санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені | |||||
| 3. Сабақты жабдықтау | Презинтация,видео,дидактикалық метериалдар (тестер, таблица, есептер,бұйырықтар,стандарттар) | |||||
| 3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер | 1.«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары 2015 жылғы 12 наурыздағы № 194 бұйрығы. 2. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен Инфекциялық бақылауды жүргізуге қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптар туралы 2013 жылы 15 қаңтарда №19 бұйрығы | |||||
| 3.2 Техникалық құралдар, материалдар | Интерактивті тақталар, видео көрсету,презентациялар | |||||
| 4. Сабақтың барысы | ||||||
| Сабақ тың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Студенттін әрекеті | Бағалау (критерии) | Ресурстар | ||
| Ұйымдас-тыру кезеңі: | -сәлемдеседі -топты түгелдейді -аудитория тазалығын тексереді -сабақ мақсатын айтады | -сәлемдеседі -аудитория тазалығын сақтайды -сабақ мақсатын тыңдайды | | | ||
| Жаңа тақырып-ты талқылау | аурухана ішілік инфекция (АІИ) анықтамасы. -медициналық ұйымдағы АІИ берілу механизмдері. -АІИ профилактикасы бойынша санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені. | -оқытушының көрсеткен көмектерін қайталайды - өз беттерінше чек парақтағы іс-әрекеттермен дағдыланады. | -анамнез жинап тексеру жүргізе алады -мейіргерлік күтім жүргізеді | - қосымша №1 | ||
| Бекіту | -тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды -ситуациялық есеп беріледі | -тақырыпқа бойынша берілген сұрақтарға жауап береді; -ситуациялық есептерге , тесттерге жауап береді | -сұрақ жауабын біледі; -есепке жауап бере алады | -қосымша №2 | ||
| 5. Сабақ бойынша рефлексия | Студенттермен сабақ жайлы кері байланыс жүргізу | |||||
| 6. Үй тапсырмасы | аурухана ішілік инфекция (АІИ) анықтамасы. -медициналық ұйымдағы АІИ берілу механизмдері. -АІИ профилактикасы бойынша санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені. | |||||
қосымша №1Ауруханаішілік ауру – медициналық ұйымға жүгінгеннен кейін немесе медициналық көмек алғаннан кейін, медициналық ұйымда болған уақытында немесе медициналық көмек алғаннан кейін инкубациялық кезеңде науқаста пайда болатын кез келген инфекциялық ауру, сондай-ақ медициналық ұйым қызметкерінің медициналық ұйымдағы жұмысы салдарынан болатын инфекциялық ауру. Инфекцияның көзі – микроорганизмдердің жиналуын, өсуін, көбеюін және қоршаған ортаға бөлінуін қамтамасыз ететін олардың өмір сүруінің табиғи ортасы. Инкубациялық кезең – инфекция қоздырғыштары организмге түскен сәттен бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейінгі уақыттың бөлігі. Инвазиялық әдістер - адам организмнің ішкі ортасына ену жолымен жүзеге асырылатын диагностика мен емдеу әдістері. Штамм – микроорганизмнің таза өсіріндісі. Жұқпаның пайда болуы үшке болуге болады: 1.Пациенттер емханалық көмек алу барысында 2. Пациенттер стационарлық көмек алу барысында 3.Медицина қызметкерлері көмек беру барысында Пайда болу себептері : 1.Объективті : Қазіргі заман талабына жауап бермейтін ауруханалар,микроорганизмдердің антибиотикке төзімділігі. 2.Субъективті себептер: Медицина қызметкерлерінің сапасыздығы, сан эпид қызметкерлерінің бақылау болмағаны, пациентердің қарым қатынасының өсуі,медицина құрал жабдықтарының зарарсыздандыру және заласыздандыру сапасының төмен болуы. Аурухана ішілік аурудың көзі болуы мүмкін:
-
Жұқпалы аурумен ауратын медицина қызметкерлерінің өз жұмысын жалғастыруы. -
Аурудың жасырын түрімен ауратын пациенттер. -
Аурханаға келетін келушілер.
2.Пациентпен қарым қатынаста болған құралдарды зарарсыздандыру.
-
ыдысты, суднаны, зәр қабылдағышты, кушетканы, инвазиялық әдістер -
адам организмнің ішкі ортасына ену жолымен жүзеге асырылатын диагностикалау мен емдеу әдістері;
-
дизентерия – көбінесе тоқ ішектің шырышты қабықшасын зақымдайтын шигелла (Shigella) текті микробынан туындайтын инфекциялық ауру. Клиникалық ауру улану және түйіліп ауыру синдромының болуымен сипатталады; -
жіті вирустық гепатит (А, Е, В, С, Д) – бұл ерекше маркерлері бар болғанда ұзақтығы алты айдан аз бауырдың жіті қабынуы; -
жіті ішек инфекциялары – асқазан-ішек жолының зақымдалуымен сипатталатын патогенді және шартты патогенді бактериялардан, вирустардан болатын инфекциялық аурулар;
-
Трансмессивті яғни жәндіктер арқылы берілетін инфекциялық ауру. Дүние жүзінде 500 астам вирус, жәндіктер арқылы беріліп, инфекциялық ауру тудырады. Көп жәндіктер өмір сүреді тропикалық, субтропикалық зоналарда яғни жылы және ылғалды климатта. Саяхаттанушылардың санының өсуіне байланысты жәндіктермен берілетін вирусты аурулар таралады. Оның ішінде лихорадка Эбола, Денге және Зика вирусы.
-
Алимантарлы жолдың алдын алу үшін: тамақ дайындайтын аспазшылар медициналық тексеруден өтеді, күнде жұмыс алдында қолдарында жарақат барма жоқпа тексерістен өтеді. Дайындалған тамақтан арнайы ыдысқа салып бір тәулікке тексеріске тамақ қалдырады.
-
биологиялық сұйықтықтармен немесе олармен ластанған беттермен тікелей жұмыс істеу алдында киілетін қолғаптармен. Бір реттік қолғаптарды қайта қолдануды болдырмау; -
жұқтырылған материалмен жанасу мүмкін болатын барлық жағдайларда халаттарда, хирургиялық қалпақта немесе телпектерде, аяқ киім үстінен киетін бахиллалармен жұмыс
-
қанның және басқа да биологиялық сұйықтықтардың шашырауы мүмкін болатын манипуляциялар кезінде бетперделер, қорғаныш көзілдіріктерін немесе бетті иекке дейін жабатын экранды, немесе қорғаныш көзілдіріктермен қамтамасыз ету; -
жұмыс берушінің жеке қорғаныш құралдарын беруі; -
жеке қорғаныш құралдарын қолжетімді жерде сақтау; -
қанның және биологиялық сұйықтықтардың тері мен шырышты қабаттарға түсуімен персоналдың шағын жарақат алуы жағдайларын, апат жағдайларын есепке алу. Биологиялық сұйықтықтармен жұмыс істеу кезіндегі сақтандыру шаралары мыналар:
-
биологиялық сұйықтық теріге түскен кезде, қолғапты немесе басқа жеке қорғаныш құралын шешкеннен кейін, дереу қолды сабынды сумен жуып, одан кейін ластанған жерді жуады. Қолды ағынды сумен жуады. Ағынды су болмаған жағдайда, қолға арналған антисептикалық ерітіндіні және бір реттік қағаз орамалдарды немесе антисептикалық сулықтарлы қолдану қажет; -
инелері бар бір рет қолданылатын шприцтер пайдаланғаннан кейін алдын ала жуылмастан, дезинфекцияланбай, бөлшектелмей және деформацияланбай дереу қауіпсіз кәдеге жарату қорабына (бұдан әрі – ҚКЖҚ) тасталады; -
көп рет қолданылатын ластанған, кесетін және шаншитын аспаптар кейіннен өңдеу үшін қатты, ылғал өткізбейтін (түбі мен қабырғасы), таңбаланған контейнерлерге бірден салынады; -
қолданылған құрал-саймандарға арналған ҚКЖҚ және таңбаланған контейнерлер пайдалануға қолайлы жерде орналастырылады, олардың толтырылуына (төрттен үш бөлігіне дейін толтыру) жол берілмейді және тек мұқият жабық күйінде тасымалданады; -
биологиялық сұйықтықтардың үлгілері тиісті таңбасы бар герметикалық контейнерлерге салынады. Егер үлгілері бар контейнер ластанса немесе зақымдалса, оны басқа контейнердің ішіне салу қажет; -
биологиялық сұйықтықтармен ластанған жабдыққа техникалық қызмет көрсету және тасымалдау алдында дезинфекциялау қажет; -
ластанған төсек-орынға жанасуды мейлінше азайтып, оны таңбаланған қаптарға немесе контейнерлерге салады, ылғал заттарды ылғалданбайтын қаптар мен контейнерлерде тасымалдайды.
-
биологиялық сұйықтықтармен ластануы мүмкін шыны сынықтарын қолмен көтеруге; -
шприцтерден қолданылған инелерді шешуге, майыстыруға, сындыруға, оларға қалпақшаларын кигізуге және ластанған өткір құралдармен осындай әрекет жасауға; -
көп рет пайдаланылатын түйреуіш және кескіш құралдарға арналған контейнерлерден қолмен бірдеңе алуға, қолмен ашуға, контейнерлерді босатуға жол берілмейді.
Медициналық ұйымдардың персоналы (медициналық та, медициналық емес те) жұмысқа кірер алдында және жыл сайын қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтан өтеді.Науқастарды емдеу кезінде кез келген қажетсіз инвазивтік араласуды болдырмау қажет. Медициналық ұйымдар қажетті жабдықпен және шығыс материалдарымен (оның ішінде бір реттік шприцтермен, катетерлермен, инелермен және инфузияға арналған жүйелермен, дезинфектанттармен, контейнерлермен, ҚКЖҚ-мен) жеткілікті мөлшерде және ассортиментте қамтамасыз етіледі. Медициналық ұйымдар медициналық қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі жоспарларды, персоналдың нұсқаулықтан өту тәртібі мен бақылау тәртібін әзірлейді және бекітеді. Ауруды анықтау, емдеуді ұйымдастыру, ВВГ және СВГ маркерлеріне оң нәтижесі бар адамдар үшін еңбек режимін айқындау мақсатында жұмысқа кірер алдында және алты айда бір рет ВВГ және СВГ маркерлеріне мыналар зерттеліп-қарауға жатады:
-
қан қызметі ұйымдарының медицина қызметкерлері; -
гемодиализбен айналысатын медицина қызметкерлері; -
хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейінді медицина қызметкерлері, сондай-ақ диагностика мен емдеудің инвазиялық әдістерін жүргізетін медицина қызметкерлері; -
клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалардың медицина қызметкерлері.