ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 53
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тәжірибе.
Тақырып: Оқу, жазу механизміне сипаттама.
1.Бастапқы оқу мен жазуды қалыптастыру ерекшектері.
2.Жазу не үшін қажет?
3.№1,2,3 жазу дәптерлерімен таныс.
4.Көркем жазу туралы түсінік.
5.Дәптердегі дербес жазу жұмыстарын орында.
6.Жазу сабағына сабақ жоспары үлгісін кұру.
1. Оқу сабақтарында білім мен тəрбие алу үшін қажетті əр түрлі оқу дағдылары қалыптасады. Оқу дағдысын қалыптастыру əдеби жазба тілі жəне сөйлеу тіліменбайланысып жатады. Оқушылармен жүргізілетін түрлі жатты ғулар, тілдің заңдылықтарды, ережелері меңгертілгенде ғана оқу дағдысын қалыптастыруға болады.
-Бастауыш сынып оқушылары оқулықтағы қысқа мəтіндерді ғана оқып жаттығатын болса, кейін 7 - 8 сыныптарға барғанда жаңа пəндер көбейіп қана қоймай, ондағы тапсырмалар көлемі де ұлғаяды, əдебиет, география, тарих, физика мен биология пəндеріне кіреді.
Егер бастауыш сынып оқушысы минутына 38 сөз оқитын дəрежемен орта буынға шықса, ол 6 - 7 сыныптарда 8 беттен тұратын 6500 сөзді 170 минут, яғни 3 сағатта оқып шығуына тура келеді. Ал баяу оқитын бала мəтін мазмұнын 1 рет оқығанынан түсінуі мүмкін емес, сондықтан оған 2 - 3 рет қайталап оқу керек. Сонда оған тапсырманы оқып шығу үшін 9 сағат уақыт қажет болады. Оған мектепте өткізетін 6 сағат уақытын қоссақ, 15 сағат шығады. Ал үйге тек оқу ғана емес, жазба жұмыстары да беріледі. Сондықтан балаға 24 сағат уақыт та жетпеуі мүмкін.
Мұндай ұзақ уақыт жұмыс істеу мүмкін емес.Сол себептен балалар үлгірмеушілер қатарына қосылады. Осыдан жоғары сыныпта оқу сапасы күрт төмендеп,үлгірмеушілер қатары көбейеді. Бұл, əрине, оқушының психологиясының бұзылуына əкеліп соғады. Оның оқуға деген қызығушылығы болмайды.
Болашақта осындай жағдайларды болдырмау үшін бастауыш сыныпты бітіріп шыққан оқушы минутына кем дегенде 120 -130 сөз оқитын болуы керек. Осы мəселеге байланысты біздің көрсетіп жатқан жұмыстарымыздың бір түрі – Көру диктанттары. Жүргізу уақыты 5 - 8 минут.
18 жинақтан тұрады. Əрбір жинақ 6 сөйлемнен құрылған. Əрбір сөйлемдегі əріптер саны мен есте сақтау уақыты берілген. 8 əріптен тұратын сөйлемді 4 сақтап жазу керек. Келесі жинақтарда əріптер саны көбейіп күрделене түседі. 18 -жинақта 46 əріптен тұратын сөйлемді 8 секунд есте сақтап жазып беру керек. Бұл жұмысты үздіксіз, күнде - күнде қайталап, 54 күн қатарымен жүргізу керек. Бұл, біріншіден, оқушының оқу шеңберін кеңейтеді жəне оның зейінін, есте сақтау қабілетін дамытуға көмектеседі. Грамматикалық қателерді азайтуға əсер етеді.
2. Жазу — адамның ой-пікірін, басқа адамға хабарлап айтқысы келген сөзін, мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Оның алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған. Өз ойын басқаға жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланды. Мысалы, кеткен бағытын көрсету үшін жолға бұтақ тастаған. Кейін осы мақсатпен ағашқа садақтың оғын қадап кеткен. Ойды зат арқылы білдіру үрдісі ежелгі замандарда тайпалар арасындағы елшілік қарым-қатынастарда да пайдаланылған. Үндістер соғысатынын хабарлау үшін қарсы жаққа айбалта жіберетін болған. Елші оны әкеліп жерге қояды, егер жау жақ оны көтерсе — соғысуды мақұлдағаны. Кейін мұндай рәміздік зат орнына таңбалар бедерленген бұйымдар қолданылған. Осылайша алғашқы Ж. пайда болған. Адамдар алғашқы жазу құралы ретінде саз балшықтан жасалған тақтаны, ағаштың қабығын, т.б. пайдаланған. Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралған. Ол таңбалар тұтас хабарды, не сөзді, не буынды, не дыбысты белгілейді. Әр таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады.
Толығырақ... Алғашқы қоғамда ежелгі адамдар жартастарға, ағаштарға, тастарға аңшылықтың, адамдардың кескіндерін бейнелеген. Мұндай суретті хаттарды ғалымдар пиктография деп атайды. Уақыт өте келе, суреттер сөз мағынасын білдірген түрлі белгілермен ауысты. Бірте-бірте ойлаудың дамуы символдардың артына сөз жасыруға алып келді. Осылайша жазу пайда болды. Ежелгі Египетте пиктографиялық суреттер сына жазуымен ауыстырылды. Египеттіктер жазу үшін ұғым ғана емес, дыбысты та білдіретін белгілерді пайдаланғандардың алғашқысы болды. Египеттіктерден бөлек, белгі-иероглифтерді қытайлықтар, олардан кейін, жапондар мен корейлер пайдалана бастады. Бірте-бірте жылдам жазу үшін, иероглифтер жеңілдетіліп, дыбыстар мен буындарды білдіретін белгілерге айнала бастады. Мұндай жазуды ертеректе шумерлер мен өзге халықтар да пайдаланды. Финикиялықтар буындарды білдіретін белгілерден бас тартып, жазу кезінде тек әріптерді ғана пайдаланды. Финикиялық жазу еуропалық халықтардың барлығының арғы тегі болған грек алфавитінің бастамасы болды. Ежелгі римдіктер де өз әліпбиіне латын жазуы гректікінен өзгеше болғанымен, грек жазбасын пайдаланды. Латынның әріптік жазуын Батыс еуропаның көп халқы сақтап қалды. Шығыс Еуропада негізінде грек әліпбиі жатқан жазудың өзге үлгісі пайда болды. Алғаш болып Кирилл мен Мефодийдің жазу түрі пайда болды. Одан соң оның жетілдірген нұсқасы, әріптерді жазу формасымен ерекшеленетін кириллица шықты. Бұл әліпби оңтүстік, шығыс және батыс славяндарына таралды.1708 ж. Ресей императоры І Петрдің жарлығымен кириллица өзгеріске түсті. Оның жаңа нұсқасы орыс және украин әліпбилерінің негізінде қалған азаматтық қаріп атауын алды. Иероглифтер бізге қанша қиын көрінгенімен, көптеген азиялық халықтар оны пайдалануын доғарар емес. Ережеге сәйкес, иероглифтер әріптер емес, қана ұғымын білдіреді. Мысалы, Қытайда белгілердің жалпы саны 50 мыңға жеткенімен, заманауи тілінде оның 4-7 мыңы қолданылады. Ертеден Қытайдағы, Жапониядағы, Кореядағы иероглиф жазуы жоғарыдан төмен қарай бағытталса, қазір көбінесе, солдан оңға қарай жазады. Қосымша... Ою-өрнекті есіңе салатын айқыш-ұйқыш араб жазуы латын және кирилл әліпбилермен ортақ түбірден тарайды дегенге сену қиын. Алайда, араб қарпінің де арғы тегі финикий жазуы болған. Араб әліпбиі 28 әріптен және түрлі қатар үсті, қатар асты белгілерден тұрады. Мәтін оңнан солға қарай оқылады.
4. Көркем жазу (грек. kalligraghia, араб. хүсни- хат - сұлулық, әдемілік, көркемдік, жақсы сапа) - анық, әдемі жазу өнері. Ислам діні елдерінде көркем жазу өнеріне үлкен көңіл бөлінген. Құран үшін, мемлекеттік мәні бар жазбалар үшін арнайы әшекейлі жазу түрі қолданылған. VІІ ғасырдан бастап ол куфи деп аталатын. Араб жазуының насхи, насталик жазуы да (Х-ХV ғғ.) кең тарап, әдеби, ғылым текстерді көшіруші ірі каллиграфтар шыққан. Араб мәдениеті тарихында атақты шаирлардың кітаптарын көшіріп, халыққа қолжазба күйінде таратушы — хүсни- хатшылардың (полиграфтардың) қызметі де жоғары бағаланған. Кейінгі ғасырларда кітап басу ісінің еркендеуіне байланысты Көркем жазу өнері фафика, көркемдеу салаларында ғана шектеліп қалды. Кейіннен бастауыш мектепте пән ретінде қалыптасты. Қазіргі кезеңде Көркем жазу елімізде бастауыш сыныптарда оқылатын қазақ тілі бағдарламасына арнаулы курс ретінде өніп отыр. Көркем жазу қағидалары әсіресе грамматика мен емлені оқытуда басшылыққа алынады. Жазудың графикалық жақтарын үйретудегі мақсат дыбысты әріппен белгілей білу, жазудың сыртқы түрін, әріптердің әдемілігі мен тіркесу жолдарын игеру, әріп элементтерін сақтай жазу, шапшаң жазу, кешіріп жазу, естіп жазу, санаумен жазу, сөйлемді, тұтас тексті дұрыс, анық, таза жаза білу, ойын бірте-бірте жазба түрде баяндай білу секілді дағдыларды меңгеру болып табылады.
6.
Күні:4.10.2020
Топ:«Ересек топ»
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімдері: Сауат ашу және жазу негіздері.
Тақырыбы: А дыбысы және әрпі
Мақсаты: Балалардың тілдерін дамыту, сөздерді дұрыс оқуға баулу.
Міндеттер:
1.Білімділік: А әрпін таныту. А дыбысының сөздегі орнын айыра білу. Баспа және жазба түрлерін жазуға үйрету.
2.Дамытушылық:Сөздік қорын молайту, сөйлем құрастыру, байланыстырып сөйлеуге, ойлауға, есте сақтау қабілеттеріне үйрену.
3.Тәрбиелік: Алманың пайдасы туралы, аурудың алдын алуға кеңес беру.
Қолданатын көрнекі құралдар: суреттер.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру.
Сабақтың әдісі: Көрнекілік, сұрақ - жауап, баяндау, сынау, түсіндіру.
Оқу қызметінің кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Психологиялық дайындық. Үлкенге де «сіз», Кішіге де «сіз». Сәлем бердік сіздерге, Құрметпенен біз. | Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды |
Ұйымдастырушылық -ізденушілік | Ойын: «Не артық?» - Көліктің қандай түрлері бар? - Ертеде көлік болмаған кезде нені пайдаланған? Машина, ұшақ, тікұшақ, троллейбус сөздерін буынға бөлгізу. Ма - ши - на, ұ - шақ, тік - ұ - шақ, т. б. Сөйлемдер құрату. Мұғалім:- Сөйлем нелерден құралады? (сөздерден) - Сөз неден құралады? (буыннан, дыбыстан) - Дыбыстың неше түрі бар? - Дыбысты не істейміз? (естиміз, айтамыз) Ойын: «Ажырат» Жабайы жануарлар мен үй жануарларын екіге бөліп, ажырату (мүсіндерін) «Сәйкестендір». «Өз төлін тап». Ұйқасын тап. 1. Өзіңше ноян, 3. Жағасында бұлақ, Қорқақ кім? (қоян) Жайылып жүр (лақ) 2. Алмастан тыным, 4. Айбар шегер алыстан, Шабады (құлын) Аң патшасы (арыстан). Суретпен жұмыс. - Бұл сөздер қандай дыбыстан басталып тұр? - А дыбысынан. Ендеше, бүгінгі сабақта А дыбысы мен әрпімен танысамыз. Суретті әліппемен жұмыс. А - а - а а - дауысты дыбыс. - А дыбысы созылып, кідіріссіз, ашық айтылады. Ендеше а дыбысы дауысты дыбыс. Мұғалім: «А» дыбысын естісек, енді көреміз. Дыбыстың жазудағы таңбасы әріп. Мынау а әрпінің баспа түрі, мынау жазба түрі. Баспа түрі - кітапта, газеттен көріп оқимыз. Бас әрпі, кіші әрпі. Жазба түрін - дәптерге жазамыз. Бас әрпі сөйлемнің басында, адам, жер - су аттарында жазылады. Кіші әрпі сөз ортасында, аяғында жазылады. А әрпін қызыл үйге кіргізейік. Мынау жазба түрі A а Төменгі жағы солға имектелген ұзын көлбеу - Төменгі жағы оңға имектелген ұзын көлбеу - Белін сызамыз.- A бұл бас әрпі. о - бүтін құрсау және төменгі жағы оңға имектелген кіші көлбеу. Оқулықпен жұмыс. - Бала не істеп жатыр? - Балаға а дыбысынан басталатын ат қояйық. Айбек алма жинады. Мынау - алма ағашы. Сөйлем құрау. Алма ағашында алмалар көп. Алманың түсі қызыл. Алманың дәмі тәтті. Алма сөзін буынға бөлейік: ал - ма, 2 буын, 2 дауысты дыбыс бар. Суретпен жұмыс. Алмұрт 2 буын, а — дыбысы сөздің басында. Апельсин 3 буын, а — дыбысы сөздің басында. Анар 2 буын, а — дыбысы сөздің басында. ортасында. Жемістер пайдасы. Мұғалім: Жемістер адамға өте пайдалы. Олардың құрамында дәрумендер (витаминдер) болады. Алма – В дәрумені. Апельсин – С дәрумені. Алмұрт – В дәрумені. Сергіту сәті «Шыңжыр». Бірнеше дауыссыз әріптерді таңдап, оларды қағазға жазыңыз. Осы екі әріпті өзіне қосатын сөз ойлап табу керек. Әріптерді орындарымен ауыстыруға, балаларға басқа дауыссыз дыбыстарды қосуға болады. Мысалы: «С» және «Л» (сақал, сал, салмақ, сәлем, лас, асыл). | Балалар барлық қимылдарды тәрбиешіге қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды |
Рефлексивті — түзетушілік | Дәптермен жұмыс. Ауада а әрпін жазу, дәптерге жазу. A а Ойын: «Орамал тастамақ» А дыбысынан басталатын сөздер айту. Ойын: «Жұбын тап» Ой толғаныс. - Біз бүгін қандай дыбыспен, әріппен таныстық? - А дыбысымен. - А дыбысы қандай дыбыс? - Дыбысты не істейміз? (естиміз, айтамыз) Әріпті не істейміз? (оқимыз, жазамыз) | Тапсырмаларды әр бала өз алдына ерекше орындады. |
Күтілген нәтиже:
Біледі:Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады.
Игереді:А дыбысын атап,жаза алады.
Меңгереді: Сұрақтарға толық жауап беруге үйрену.