Файл: Экстремизм мен терроризмні алдын алу Экстремизмні пайда болуы надандыа, крсоырлыа бейімделген кзарастардан туындайды, яни оларды ойы тек ана мені пікірім дрыс, згенікі брыс дегенге саяды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу

Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады. Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды.

Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал.
Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару қолдану және заңдар сенім - нанымдарды аяққа таптап, дін атын бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде саналатындарды түрлі амал - айлалармен арандатуды ойластырады.

Экстремизм діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып көрсетіп, халыққа түймедейді түйедей етіп көрсетіп бағады. Мұсылмандық адал, таза тіршілікті лайлауға барынша тырысып баққан, бөгде, бөтен пасық пиғылды адамдардың өңмеңдеп арамызды арамдап жатқан жасырын емес. Сол ағымдардың алдауына, азғыруына көніп, солардың қарамағына ілінген, қарагөз бауырларымызды ойлағанда, өзегіме өрт түскендей өкінішті сезесің. Қаншама қандас бауырларымыз діни сауатсыздықтың, рухани дүниенің таяздығы салдарынан осы теріс ағымдардың қол - шоқпары бола, солардың жыртысын жыртып, сойылын соғып жүр

Тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болдық. Ел басына түскен осындай сынақты қайыспай біртұтас ел болып еңсере білдік. Енді біз мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз қажет. Сондықтан, еліміз душар болған ауыр қасіреттің себептерін саралап, оның салдарына нақты баға беру – алдымызда тұрған өте маңызды міндет.

Өкінішке қарай, бүгінде халық арасында осы қаңтар оқиғаға байланысты түрлі қарама-қайшы, шындыққа жанаспайтын жалған ақпараттар тарап кеткенін көріп отырмыз. Мұның, әрине, бірнеше себептері бар: кейбір азаматтарымыз ахуалды егжей-тегжей білмей тұрып, қате пікірде болса, кейбірі әдейі ақпаратты бұрмалап, жағдайды одан бетер ушықтырады.

Бірақ, бізге керегі – тек ақиқат қана. Сол себепті, оқиғаларды мұқият зерттей отырып, айтарым: жыл басынан бері орын алған барлық жағдайлар – бір тізбектің тармақтары деуге толық негіз бар. Ашығын айтсақ, бұл – бірнеше жыл бойы алдын ала ойластырылған зұ­лым­дықтың көрінісі. Олардың көз­дегені – өздерінің қатыгез пиғыл­дарын іске асыру болғаны айдан анық.


Радикалды шаралардың нақты орындаушыларын дайындау жасырын түрде жүргізілген. Ұлттық қауіпсіздік комитеті уәкілетті орган ретінде осы бүлдіргі жұмыстарға нақты баға бере алмады және бергісі де келмеді. Ұлттық қауіпсіздікке төнген аса үлкен қауіпті көрмеді. Шабуыл ұйымдастырушыларына тек себеп іздеу ғана қалды, ал ол себеп бәрібір табылар еді.

Халықтың газ бағасының өсуіне байланысты наразылығы құрал ретінде пайдаланылды. Содан кейін оқиға спираль түрінде дамыды. Бірінші кезеңде бірнеше өңірде, атап айтқанда, Жаңаөзенде митингтер өтті. Екіншісінде қарақшылар мен басбұзарлар қосылды.

Бұдан әрі «отты» кезеңге жетіп, қарулы лаңкестер, соның ішінде шетелдік содырлар іске араласты. Осыдан кейін олардың негізгі мақсаты белгілі болды – мемлекеттік басқару институттарын тарату, конституциялық құрылымды бұзу және түпкі нәтижеде билікті басып алу.

Қазақстанға шабуыл жоспары әртүрлі аспектілерді қамтыды: әскери, саяси, идеологиялық, жалған ақпараттандыру және тағы басқалар. Билікті басып алуға дайындық жұмыстарын кәсіпқойлар жүргізді.

Бұл халықаралық лаңкестік тарапынан елімізге қарсы жасалған қарулы агрессия болғандықтан, Қазақстан заңды түрде Ұжымдық қауіпсіздік шарты бойынша әріптестеріне бітімгершілік контингент жіберу туралы өтініш жасады.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына жеке тоқталғым келеді. Бұған қатысты түрлі қау­е­сет­тің, әсіресе, шетелде тарап жатқан жаңсақ пікірдің алдын алу қажет. Бұл ұйым ұжымдық қауіпсіздік мәселелерімен айналысады.

Мемлекеттік төңкеріс, елдің тұрақтылығына қол сұғу талпыныстары сәтсіздікке ұшырады. Біз біртұтас ұлт ретінде Алматы мен өзге облыс орталықтарын бірге қорғап қалдық. Қысқа мерзімде олар қалпына келтіріледі және бұрынғыдан да көркейе түседі.

Қайғылы жағдай негізінен күрделі әлеуметтік-экономикалық мәселелер мен кейбір мемлекеттік органдар жұмысының тиімсіздігі, нақты айтқанда олқылығы салдарынан болғанын мойындау керек. Жеке атқарушы органдардың күрделі жағдай мен азаматтардың қажеттіліктерінен айтарлықтай ал­шақ­тауы байқалды. Билік құры­лым­­дарының өкілдері халықтың өміріне, олардың ұмтылыстары мен қажет­тіліктеріне қатысты қате көзқарас қалыптасты.

Теңсіздік мәселесі де ушыға түсті. Ол жылдан жылға қиындай берді, ал халық табысы қағаз жүзінде болса да жыл санап өсіп жатқандай көрінді.Алайда елеулі орташа табыстың артында қоғамдағы мүліктік күшті жіктелу жасырынып жатыр. Азамат­тардың көптеген күрделі проб­лемасы шешілген жоқ.



Халықты сапалы өмірмен қамту мен әл-ауқатын жақсарту – мем­лекеттің басты міндеті. Бұл сөздерді шынайы іске айналдыру қажет. Халықтың табысы экономикамен қатар өсуі керек. Бұл өзгермейтін аксиома біздің жағдайымызда жұмыс істемей тұр.

Елде құрылған әлеуметтік-экономикалық жүйе жалпыұлттық табысты арттыруда өзінің тиімділігін көрсетті. Бірақ оны бөлісуде тиімсіз екені аңғарылды. Мұны бәріңіз жақсы түсініп отырсыздар.

Жақында болған қайғылы оқиға­лар кезінде азаматтарымыздың басым көпшілігі патриоттық танытты, экстремистермен күресте бірлігін көрсетті. Халықтың ауызбірлігі, Қазақ­станның Тәуелсіздігі мен егемен даму идеясына деген шынайы сенімі қо­ғамды ұйыстыру және елімізді іл­герілету үшін қуатты іргетас болып саналады.

Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін-Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан,алауыздық тасқан жерде ешқашанда жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес.

Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі-бірлік,берекесі. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз -Ел бірлігі болуы керек.Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз.

Елдің тұтастығы мен бірлігі,татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел бірлігі –біздің барша табыстарымыздың кілті.Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі.

Қиын күндер артта қалды. Ендігі кезекте бұл оқиғадан сабақ алуымыз керек. Халқымыз үшін ел бірлігі бәрінен де қымбат.

Ел тағдыры үшін ұйыса білген бүкіл халқыма шынайы ризашылығымды білдіре отыра:

- Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, «Біздің негізгі мақсатымыз – халықтың бірлігін сақтау».

Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!

Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің

"Мұқатай Әбеулов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
БЕКІТЕМІН:

Мектеп директоры:

А.Б.Темиргалина


Экстремизм мен терроризмнің алдын алу

Баяндама

Орындаған: К.М.Жаугашаров

АӘД пәні мұғалімі

2021-2022 оқу жылы