Файл: 13 практикалы саба Пн атауы Функционалды сауаттылыты дамыту дістемесі Таырыбы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 21
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты
Қазақ тілі мен әдебиеті
№ 13 - ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Пән атауы: Функционалдық сауаттылықты дамыту әдістемесі
Тақырыбы: 1.Хабарламалық диалог және түрлері 2.Прагматикалық диалог және түрлері
Орындаған: Әлімғожа Дастан
(ҚТӘ ЖОО 2-курс ДОТ)
Тексерген: Балтабаева Жаналик
Алматы 2023 жыл
Практикалық сабақ 13.
1.Хабарламалық диалог және түрлері
2.Прагматикалық диалог және түрлері
1.Хабарламалық диалог және түрлері
Диалог пен оның ерекшеліктері туралы алғашқы пікірлер А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбановтардың еңбектерінде айтылса, кейінірек М. Балақаев, М. Серғалиев, Б. Шалабаевтың көркем мәтін мен оның стиліне қатысты еңбектерде диалогтың бірқатар ерекшеліктері ашыла түседі.
Ал соңғы жылдары диалог арнайы зерттеле бастады. А.Қ.Айтбенбетованың «Ауызекі және көркем шығарма мәтініндегі диалог: лексикалық, синтаксистік және стилистикалық сипаттама» (2007) атты зерттеуінде ауызекі сөйлеу және көркем шығарма мәтініндегі диалогтық лексикалық, синтаксистік, стилистикалық ұқсастықтары мен айырмашылықтары айқындалған, олар қазақ және орыс тілі материалдарымен салғастырыла, пайда болу табиғатының, қызметінің негізгі көрсеткіштері бірдей екендігі көрсетіледі [1]. Ал Г.С. Иманғалиева «Типология диалога» (на материале казахского и русского языков) (1999) еңбегінде диалогтарды екі тілдің материалдары негізінде психолингвистикалық, этнолингвистикалық, әлеуметтік- лингвистикалық факторлар арқылы салыстыра зерттейді [2].
Автор диалогты хабарламалық, прагматикалық, модальдік деп үш түрге бөліп қарастырып, оларды іштей әңгімелесу, хабарласу, пікіралмасу, сұхбаттасу, түсінісу, мақұлдау, талқылау, өтіну, қорытындылау т.б. түрлерге жіктейді.
Диалог феноменінің философиялық астары жанды тілді түсінуде ғана емес, алдымен өзіне және өзгеге деген қарым – қатынасын қалыптастыруда жатыр деуге болады.
Демек, диалогтық тіл - репликалардан тұратын ұдайы қабылдаулар арқылы әсер ететін тілдік қызметте белсенді рөл атқаратын сөйлеудің түрі. Олай болса диалогтың өзіне тән ерекшелігі – екі немесе одан да көп тұлғалардың сөйлесудегі шұғыл сөз алмасулар болып табылады
1.Хабарламалық диалог және түрлері
Хабарламалық диалогта көбіне коммуникацияның басталғанына дейін әңгімелесушілердің біріне белгісіз жаңа мәлімет болады. Сондықтан олар жайбарақат күйде, орта темпте өтеді. Бұл диалог түрінің мақсаты коммуникативті акт процесінде жаңа мәлімет алу болмаса мәлімет беру болып табылады. Зерттеуші хабарламалық диалогтың сипатына қарай мұнда әңгімелесу, хабарласу, сұрасу және түсінісу сияқты диалогтың түрлерін жатқызады.
Диалогтың әр түрлі болуы оның күрделілігімен сипатталады. Мұны диалогтың ұзақтылығымен, жағдаят пен контекстің әсерімен, әңгімелесушілердің санымен түсіндіруге болады. Дегенмен, диалог өз құрамындағы әртүрлі бағыттағы репликалардың сипатымен күрделенеді. Ал, диалогтың прагматикалық түрінде әртүрлі сөйлеу интенциясы бар сөйлесімдердің бір ізділігі байқалады. Мұндай диалогтың мақсаты тыңдаушыға анық әсер ету. Бұл дегеніміз, пікірталас, ұрыс, талқылау, өтініш, түрткі жасау, хабарлама жасау. Модальдік диалогта объективті шындықтың саналы көрінісі беріледі. Бұл диалог-мақұлдасу, диалог-қорытындылау, диалог-сәлемдесу, диалог-қоштасу.
Реплика диалогтың, сонымен бірге, диалог тұтастықтың компоненті ретінде екі жақты сипатқа ие, яғни стимул және реакция сипаты. Диалогқа қатысушылардың бірінің сөзі екіншісінің репликасының тууына түрткі болады. Жауап реплика мазмұны жағынан сұраққа жауап, айтылған пікірді қостау, не оған қарсы болу, айтылған ойды түсіндіру, оны толықтыру, не өзін қоршаған орта, адам, уақиға жөніндегі ойы, көзқарасы т.б. болып келеді.
Диалог көбіне дәстүрлі реплика-сәлемдесуден басталады. Сосын әңгіме желісіне қарай қажетті реплика-ниет, реплика-сұрақ, бірдемені хабарлайтын реплика, қайталаумен қайта сұрайтын және т.б. репликалар болуы мүмкін. Әрине әңгіменің ары қарай қалай өрбитіндігі реплика- реакцияға да көп қатысты. Егер екінші коммуникант диалогтың жалғасуын ынталандыруға жеткіліксіз, тек біржақтама (Иә. Жоқ. Білмеймін.) жауап берсе, онда диалог қалыптаспайды. Коммуникативті актінің пайда болуында белгілі жағдай мен алғы шарттар маңызды роль ойнайды. Сондай-ақ, оның жүзеге асуы үшін коммуниканттардың психологиялық жай-күйі де ескеріледі.
Тілдік қарым-қатынас, коммуникацияның қай-қайсысы да тек диалог арқасында өмір сүреді. Тіл үйрету мен меңгеру ісінде- диалогпен жұмыс ерекше мәнге ие болады. Тілдік қатынас қатысымдық тұлғалар арқылы жүзеге асады. Демек, тілді үйретуде, сөйлеуде диалогтың алатын орны ерекше. Олай болса, дұрыс сөйлеу әрекетіне көңіл аудару қажет.
2.Прагматикалық диалог және түрлері
Диалог – екі адам арасындағы сөйлеу әрекеті (егер сөйлеушілер екеуден көп болса онда полилог деп аталады). Монологтан айырмашылығы диалогта сөйлеумен қатар тыңдау механизмдері қатар жүреді.
Диалог арқылы адамдар бір-бірімен тығыз қарым-қатынас құрып, рухани, мәдени байланыс орнатып, күнделікті тіршілігінен хабардар болады, қоғамдағы өз орнын тауып, бағыт-бағдарын анықтайды. Роман жанрын зерттеуші М. Бахтин айтқандай: «Шындықты іздеудің диалогтық әдісі дайын шындыққа ие болғысы келетін нақты монологизмге, сонымен қатар, қандайда бір шындықты білеміз деп ойлаған адамдардың сенімділігіне де қарсы қойылады. Шындық жеке адам басында туындамайды және болмайды, ол шындықты іздеуші адамдар арасында олардың диалогтық сөйлесуі кезінде туындайды» Орыс тіл білімі ғалымдарының типологиясы негізінде жас ғалым Г. С. Иманғалиева «Типология диалога» (На материале казахского и рус.яз.) атты кандидаттық зерттеу жұмысында төмендегідей көптеген диалог түрлерін атап көрсеткен: диалог – сұхбат, диалог – тергеу, хабарлама диалог, диалог – түсінісу, диалог – тартыс, диалог – дау, диалог – қайшылық, диалог – ой-талқы, диалог – өтініш, диалог – ұсыныс, диалог – ой-түрткі, диалог – үндестік, диалог – жинақтау, диалог – сәлемдесу, диалог – қоштасу.
Аталған диалог үлгілерін ғалым жинақтап үлкен үш топқа бөліп қарастырады:
а) ақпараттық диалог. Бұған: диалог – сұхбат, диалог –тергеу, хабарлама диалог және диалог – түсінісуді жатқызады.
ә) прагматикалық диалог. Бұл топқа: диалог – тартыс, диалог – дау, диалог – ой-талқы, диалог – өтініш, диалог – ұсыныс, диалог – ой-түрткіні топтастырады.
б) модальдық диалогқа: диалог – үндестік, диалог – жинақтау, диалог – сәлемдесу, диалог – қоштасу сынды түрлерін топтастырады.