Файл: ылыми жмыс Таырыбы рылыста олданылатын материалдар трлері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 71

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


- Сыртқы қаптама материалдар (тығыз жыныстардан)

- Ішкі қаптама маериалдар (мрамор, известняк, ангидрит)

Жол салуға арналған материалдар мен бұйымдарға: гранит, базальт, диабаз, т.с.с. тау жыныстарын жону, кесу, бөліп алу арқылы жасалады.


Отқа төзімді, химиялық төзімді матреалдар тас, плита, щебень, құм күйінде (бетондар және басқада қосылыстар үшін): өте ұсақ ұнтақ күйінде (мастик, замазка, шпаклевка) қолданылады

Отқа төзімді - базальт, диабаз, ангидрит, туф.

Қышқылға төзімді - гранит, сиенит, диорит, базальт, кварц.

Сілтіге төзімді- известняк, доломит, мрамор, магнезит.

КЕРАМИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ БҰЙЫМДАР.

Керамикалық материалдар – минералды шикізатты формалау және оны кейіннен жоғары температурада күйдіру арқылы алынған жасанды тас материалды айтады. керамикалық черепица кірпіш керамикалық полға арналған плиткалар.

Керамикалық материалдардың классификациясы.

Құрылыста қолданылатын керамикалық бұйымдар өздерінің тығыздығына орай екі топқа бөлінеді:

- қуысты

- тығыз.

Қуысты кермикалық бұйым деп су өткізгіштігі 5 % жоғары, ал тығыздарға су өткізгіштігі 5 % кемдері жатады. Қолданылуы бойынша жектелуі :

- қабырғалық;

- сыртқы қаптамалық материал ретінде ;

- ішкі полға және қабырғаға арналған қаптама маериал ;

-шатырлық жабуға арналған бұйымдар;

- сантехникалық бұйымдар;

- жолға және жер асты коммуникацияларына арналған;

- теплоизоляциялық;

- қышқылға, отқа төзімді материалдар ;

- жеңіл бетондарға толтырғыш есебінде.

Шикізаттар.

Сазды материалдар – химиялық және минералды құрамына тәуелсіз сумен араласу кезінде иілгіш қамыр түзіп, күйдіруден кейін суға төзімді тас тәрізді қатты затқа айналатын, шөгінді тау жыныстары. саз, қамыс, топырақ және песоктан салынған үй Саздарда органикалық және минералды қоспалар болады.

Иілгіштігі жоқ материалдар – кірпіш ,құм және т.б.

ТЭЦ күлі, саздың иілгіштігін, ауалық және оттық шөгуін азайту үшін қосылады. Жаңғыш қоспалар - ағаш опилкалар, қоңыр көмір, көмір өндірісінің қалдықтары қабырғалық материалдардың кеуектігін жоғарылатады, бірқалыпты күйуіне жағдай жасайды.

Иілгіштік қасиет беретін қоспалар – жоғары иілімділігі бар саздар, беттік-белсенді заттар (СДБ, ССБ және т.б.), жұқа саздардың иілгіштігін жақсартады. Балқымалар–дала шпаты, темір рудасы, доломит, магнезит және т.б., саздың балқу температурасын төмендетеді.


Бұйымдарды қалыптау әдістері 3-ке бөлінеді:

-Пластикалық қалыптау;

- Жартылай құрғақ престеу;

- Құю.

1. Пластикалық қалыптау ленталық престерде ( вакуумды және вакуумсыз ) иілгіш саздан жасалады. Бұл әдіс қабырғалық маьериалдар мен керамикалық құбырлар жасауда қолданылады.

2. Жартылай құрғақ әдісте бұйымды преспорошоктардан автоматты режимде жұмыс істейтін гидравликалық престерде жасайды. Жартылай құрғақ әдіспен дайындалатын матнриалдар ; кірпіштер, қабырғалық тастар, едендік плиткалар мен қабырға қаптағыштар.

3.Құю әдісімен саздық суспензиядан керамикалық бұйымдар жасалады. Бұл әдіс бойынша үздіксіз қозғалап бара жатқан конвеер үстіндегі жоғары кеуекті формаларға белгілі мөлшерде шликер құйылады.

Сұйық массадан құйылған материалдар : санитарлы техникалық және күрделі пішінді көркемдік бұйымдар.

Тиімді керамикалық қабырғалық бұйымдар.

1)Иілімді әдіспен дайындалған қуысты кірпіштің домалық тесіктері, ал жартылай құрғақ әдіспен дайындалған кірпіште әртүрлі көлемдегі қуыстар мен тесіктер болады. формы. Өлшемдері: ұзындығы - 250мм, Ені - 120мм, Қалыңдығы - 65...103мм.

2) Кеуекті-қуысты кірпіш жай қуысты кірпіштен шламының құрамында жаңғыш қоспаларының болумен ерекшеленеді.

3) Керамикылқ қабырғалық тастардың тиімді және –шартты-тиімді түрлерін мына өлшемдер бойынша шығарылады: 250х120х138 мм и 250х250х120 мм. Қуыстардың болуы тастардың тығыздығын төмендетеді, салмағыын азайтады, кептіру және күйдіруді тездетеді, себебі бұйым ішкі және сыртқы беттері арқылы бірқалыпты әрі тез қызады. Қуысты тастар бітеу крпіштермен мына жағдайлардан басқа жерлерде бірдей қолданылады: Фундамент, қабырғаның астынғы бөліктерін, пеш және түтін шығатын құбырларды қалағанда. Оларды пайдалану қабырғалардың қалыңдығын және материал сыйымдылықты 20...30% азайтады.

4) Жеңіл құрылыстық кірпіш жаңғыш қоспалары бар диатомит пен трепелден жасалады. Тығыздығы бойынша 3 классқа бөлінеді: А - 700...1000 кг/м3; Б - 1001...1300 кг/м3; В - более 1300 кг/м3. Беріктік маркасы - 50...100 (кгс/см2). Ылғалдылығы орташа қабырғаларды қалауға арналған. 5) Кірпіштік қабырғалық панельдер бір,екі және үш қабатты сыртқы қабырғаларды қаптауға арналған материал. слой кирпича по 65мм и внутренний слой утеплителя (минераловатные плиты, пеностекло, фибролит). Панельдердің беткі қабаты керамикалық кірпіштерден алыстатылған.



Қаптамалық материалдар мен бұйымдар:

1)Қаптамалық кірпіштер мен тастардың формалары,түстері, бірдей болады. Олар көбіне торкеттеумен, құрғақ минералды ұнтақтармен өңделеді. Қабырғаға олар жай кірпішпен байланыстырылып қаланады.

2) Кілемдік керамика-Кішкентай көлемді әртүрлі түсті керамикалық плиткалар, көлемдері 22х22, 48х48, 48х22 мм, қалыңдықтары 3...4 мм. Сыртқы қабырғаларды, панельдерді, баспалдақтарды, ас үйді, манузелдарды қаптауға пайдаланылады. 3) Фасадтық кішкентайкөлемді плиткалар мақсаттарына қарай көлемдері әртүрлі : - "кабанчик« плиткалары (120х65х7мм),Жылтыр қабаты б ар немесе жоқ болуы мүмкін. - "брекчия" –Фасадтық кілемше түріндегі қаптама матреиал. - көлемдері 250х140х10 мм плиткалар прислонного крепления для облицовки фасадов зданий; - цокольные плитки размером 150х75х7мм со спекшимся черепком прислонного крепления для облицовки цоколей зданий и подземных переходов; - үлкен көлемді (көлемі1500х1200х10мм ) "плинк« типті, черепогы тығыз піскен декоративті плиткалар, с плотно спекшимся черепком, цокольдар мен көпшілік жұмыс істетйтін және жүретін орындардағы қабырғаларды қаптауға пайдаланылады.

Ішкі қаптама жұмыстарына арналған плиткалар.

1)Қабырғалық плиткалар жеңіл балқитын глинадан (майоликовые плитки), немесе балқымалар мен құм қосылған отқатөзімді сазды (фаянсовые плитки) жартылай құрғақ әдіс бойынша жасалады. Черепоктары кеуекті, беткі қабаты жылтыр. Оларды шарша, тікбұрышты, карниздік, плинтустік түрде шығарады. Плиткалардаң беті тегіс, толқынды және суретпен болуы мүмкін. Асүй, жуынатын бөлме, санузелдерді, тамақ және химия өнеркәсәптерінің, метро старнцияларының қабырғаларын қаптауға қолданады.

2) Плоға арналған плиткаларды отащитель, балқымалар, бояғыш пигменттер қосылған каолинды саздардан жасайды. Плиткалар керамикалық және мазайкалық болып шығарылады. Керамикалықтардың ұзындығы 50...300 мм, қалыңдығы 10...15 мм. Мозайкалықтардың ұзындығы 23 және 48 мм, қалыңдығы 4...6 мм. Керамикалық плитадан жасалған едендер су өткізбейді, аз үйкеледі, шаң шығармайды, сілтілер мен қышқылдарға төзімді. Бірақ, дыбыс пен жылу өткізгіштігі жоғары. Жәнеде морт сынғыш. Адамкөп жүретін және ылғалды жерлерде қолданады: монша, асүй, каридор, метро станциялары және т.б.

Шыны.

Шыны негізінде жасалатын материалдар
. Шынылар – бұл созымталдықты біртіндеп өсіру нәтижесінде қатты заттардың қасиетіне ие болатын және минералды балқымаларды суыту нәтижесінде алынатын барлық аморфты денелер. Сұйық күйден қатты күйге өту қайтымды процес. Шынылардың изотропты қасиеті бар және олардың белгілі бір балқу тепмературасы жоқ.

Негізгі шыны түзуші оксидтер:

1.SiO2 80 % дейін

2.Na2O 15 % дейін

3.CaO 15 % дейін

Шынының қасиеттері.

1. Жай шынының тығыздығы 2,5 г/см3.

2. Оптикалық қасиеттері –мөлдір, сәуле сындырғыш, шағылыстырғыш, ыдырағыш және т.б.

3. Жылуөткізгіштік пен қтқатөзімділік кварцты шыныларда жоғары болады.

4. Химиялық төзімділік шыны құрамында сілтілік оксидтер артқан сайын төмендейді.

Тасты құю арқылы жасалған материалдар мен бұйымдар.

Шикізат– балқыған кезде тұтқырлығы аз магмалық тау жыныстары, көбінесе базальт пен диабаз. Бұндай шикізаттан жасалған бұйым қара түсті болады. Бұйымдар темір және керамикалық формаларда қалыпталады.

Ұсақ кристалды құрылымды бұйымдар алу үшін оларды күйдрі пештерде жылу берусіз изиляциялық жағадайда біртіндеп суытады Тасты құйылған бұйымдардың қасиеттрі:

-Біркелкі кристалды құрылым,

-Жоғары беріктілік,

- Жағары аязға және қышқалға төзімділік, құбырлар, аққыш материалдарға арналған сауыт, шарлы диірмендерге арнарнал футеровка ретінде пайдаланылады.

Ағаштан жасалған материалдар.

Пайдалы қасиеттері:

-оңаша элементтерді құрастырудың қарапайымдылығы,

-аз жылу өткізгіштік,

-оңай өңделу,

-жоғары беріктігі,

-аязға төзімділігі,

Көптеген химиялық реагенттердің әсеріне қарсы кедергісінің жоғарылығы.

Кемшіліктері:

-жануы мен шіруі,

-ылғал мен температураның өзгерісіне қарай жарықшақтардың пайда болуы,

- гигроскопиялығы,

-құрылымының біркелкі еместігі,

-құрт-құмырсқалардың әсерінен бұзылуы.

Өңдеу дәрежесіне байланысты ағаш бұйымдары келесі түрлерге бөлінеді:

-Орман материалдары. Ағаштың бойын механикалық өңдеу арқылы алады.

-Дайын бұйымдар мен конструкцияларды зауыт жағдайында (жиналмалы үйлер мен детальдар, жабыстырылған конструкциялар мен т.с.с.) дайындалады.

-Ағаштан дайындалған синтетикалық материалдарды ағашты терең өңдеу арқылы алады. Тереңдетіп өңдеу арқылы ағаш шикізатынан целюлоза шығуы көп болады.


ФАНЕРА ЖӘНЕ ЖАМЫЛҒЫ МАТЕРИАЛДАР.

а) Фанера - парақтың сүректі шпонның нескольких қабатынан деген желімдет- материалының.

б) жамылғы материалдар мезгілдіктің ғимараттары үшін жоңқаның, жаңыршақтың, ағаштың тақтасының және гонттың шығарады.

Оларды көктеректен, қарағайдан, шыршадан, самырсыннан жасайды. Осы материалдар тақтайдан өлшемдермен ажыратылады.

Құбырлар мен сантехникалық бұйымдар.

Пластмассалардың коррозияғы төзімділігі мен тығыздығының төмендігі металдармен салыстырғанда құбырлар мен сантехникалық бұйымдар ретінде пайдалану саласында оларға елеулі артықшылықтар береді.

ҚҰБЫРЛАРДЫ-полиэтиленді, полипропилэнді, поливинилхлоридті, шыны пластикалы түрде шығарады. Олар дәнекерлеумен, желімдеумен немесе бұрандамен байланыстырылады.

Пластмасса құбырлардың барлық түрлері үшін үлгі бөлшектер шығарылады. Құбырлар суық сумен жабдықтау үшін,канализация, суағарлар үшін, минералды сулар, күшті сұйықтықтар мен газдарды тасымалдау үшін қолданылады. Пластмасса құбырлардың кемшіліктеріне олардың төмен жылулық төзімділігін (60…90 С) және жылулық кеңеюдің жоғары коэффициентін жатқызған жөн.

САНТЕХНИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАР – құятын сауыттар, қоспалауыштар, ванналар, желдеткіш торлар және т.б. Олардың артықшылықтарына жеңілдік, жоғары химиялық төзімділік пен суға төзімділік, механикалық беріктік, кемшіліктеріне – нәтижесінде бұйымдар сыртқы бейнесін жеңіл жоғалтатын аз беттік қаттылығы жатады.

БИТУМДАР.

Битумдар – бұл метанды, нафтенді, иісті көмірсутектердің және олардың көмірсутекті емес туындыларының қоспасы. Битумдар табиғаты бойынша табиғи және мұнайлы болып бөлінеді. Табиғи битумдар жиі битуминозды түр ретінде және сирек таза битумдай дерлік қабаттар түрінде кездеседі. Мұнай битумдары өндіру әдісіне байланысты қалдықты, қышқылды және крекингті болып жіктеледі.

ҚАЛДЫҚТЫ БИТУМДАР жеңіл аз шайырлы мұнайларды атмосфералық-вакуумды араластырудан кейінгі қалдықта қалыптасады.

ҚЫШҚЫЛДЫ БИТУМДАРДЫ белгілі бір тұтқырлық беру мақсатымен мұнай мен гудронды өңдеу қалдықтарын тотықтырумен алады.

КРЕКИНГТІ БИТУМДАР ауыр шайырлы мұнайды крекингтен өткізуден кейінгі (ауыр көмірсутектерді химиялық ыдырату) қалдық өнім ретінде қалыптасады.

МҰНАЙ БИТУМДАРЫ