Файл: ылыми жмыс Таырыбы рылыста олданылатын материалдар трлері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 72

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
. Жіктелуі. Тұтқырлығы бойынша мұнай битумдары қатты, тұтқыр және сұйық битумдар деп бөлінеді. Сұйық битумдар өз кезегінде үш классқа бөлінеді: орташа қоюланатын; баяу қоюланатын, тұтқыр битумдарды қосумен алынған; баяу қоюланатын тотыққан, қалдық немесе жартылай тотыққан мұнай өнімдерінен алынған. Тағайындалуы бойынша битумдар: құрылыс, жабуға арналған; жолға арналған тұтқыр және сұйық, гидроизоляциялық, арнаулы (лак бояу материалдарын дайындау) деп бөлінеді.

Асфальт бетонға арналған материалдар.

БАЙЛАНЫСТЫРУШЫ – жолға арналған тұтқыр және сұйық битумдар.

МИНЕРАЛДЫ ҰНТАҚ – жұқа ұнтақталған әктас, доломит, бор, асбест, шлак. Минералды ұнтақтың битуммен қоспасы асфальтты байланыстырушы деп аталады. Минералды ұнтақ битумның көлемді жай-күйден жұқа-қабықтыға ауысуын қамтамасыз етеді, бұл битумның минералды қоспада бірдей таралуын біршама жеңілдетеді. Бұл кезде минералды ұнтақ битум шығынын қысқартады, асфальт бетонын жұмсарту температурасын, су өткізбеушілікті, беріктігін, аязға төзімділігін жоғарылатады.

ҰСАҚТАЛҒАН ТАС КЕСЕК – ірі толықтырушы, берік және аязға шыдамды таулы түрлерінен алады, ол асфальтты бетонда негізгі қаңқаны көтеруші ролін орындайды. Ұсақталған тас кесектің түйірлерінің диаметрі 5…40 мм. ҚҰМ – ұсақ толықтырушы; асфальтты бетон үшін шаңның үлесі 3 % -дан аспайтын, түйірлер көлемі 2,5...0,16 мм болатын таза табиғи және жасанды құмдар қолданылады. Құм ірі толықтырушының түйірлері арасындағы кеңістікті толтырады.

ГЕРМЕТИКАЛАУШЫ МАТЕРИАЛДАР.

Құрылыстық герметиктер бұл сыртқы қабырғалық панельдер мен блоктардың жіктерін, ғимараттардың шөгетін және температуралық аралықтарын герметизациялау үшін арналған материалдар.

Герметиктерді жіктейді:

- жанартауға ұқсас пасталар,

- пастоэластикалық мастиктер,

- профильді эластикалық төсемдер.

Герметиктерге қойылатын талаптар:

- ылғал, бу және газ өткізбейтіндік,

- жылу және аязға төзімділік,

- өз қасиеттерін ғимаратты пайдаланудың барлық мерзімінде сақтауы.

РУЛОНДЫ МАТЕРИАЛДАР.

Рулонды материалдарды келесідей жіктейді: қолданылатын байланыстырушыға байланысты битумды, битумды резиналық, битумды полимерлі, деготтік, дегтебитумды, дегтебитумды полимерлі; композиция құрамына байланысты негізгі, негізсіз. 1. Рулонды битумды материалдар.

РУБЕРОИД – екі жағынан толтырғышпен және себулермен қиын балқитын битумды жағумен жеңіл балқитын битум сіңдірілген жабынды картон. Себулер ірі түйіршікті, ұсақ түйіршікті, қабыршақты, слюдалы болуы мүмкін. Олар атмосфераға төзімділікті жоғарылатады, рубероидтың тұтанғыштығын төмендетеді, оның рулондағы жабысуының алдын алады, жабынның сыртқы түрін жақсартады. Әктастан, доломиттен, тальктен, қысқа талшықты асбесттен және т.б жасалған жұқа ұнтақтар түріндегі толтырғыштар қиын балқитын битумның жабушы қабатына рубероидтың жылуға, ылғалға, жарыққа төзімділігін жоғарылату үшін енгізіледі. Рубероидты маркаларға тағайындалуына (жабынды, астарлы), 1 м жабынды картонның салмағына (500, 400, 350, 300 г) және беттік қабаттың себу түріне байланысты бөледі.
Рубероидты 14 маркамен шығарады: РКК-500А, РКК-400А (Б, В), РКМ-350Б(В), РКЧ-350Б (В), РПМ-300А (Б, В), РПП-300А (Б,В). Маркадағы Р әрібі - рубероид, К және П әріптері – жабынды немесе астарлы, үшінші К, М, П және Ч әріптері – себу түрі – ірі түйіршікті, ұсақ түйіршікті, күлдей және қабыршақты, сандар – 1 м жабынды картонның салмағы. Қолданылуы: жұмсақ көп қабатты кілем түріндегі ірі және жайпақ жабындарды құрау үшін.

МАСТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР.

Битум негізінде сылақ мастиктерін дайындайды, олар битумның минералды толтырғыштармен қоспасынан тұрады.

Минералды толтырғыштар – бұл ұнтақтар (ұсақталған тальк, әктас, доломит, ЖЭС күлдері) мен талшықты материалдар (тальк және минералды мақта). Олардың мастиктардағы құрамы жиі битум массасының 20...60 %-ын құрайды. Толтырғыштар битумның жылуға төзімділігін және қаттылығын жоғарылатады, оның шығынын азайтады. Қолданылу әдісі бойынша мастиктер ыстық және суық болып бөлінеді. Ыстық мастиктер алдын ала 160˚-қа дейін қыздырумен; суық мастиктер – егер қоршаған ауаның температурасы 5˚-тан жоғары болса, қыздырусыз және егер температура 5˚-тан төмен болса, 70˚-қа дейінгі қыздырумен қолданылады.

ЫСТЫҚ МАСТИКТЕР минералды ұнтақ бар битумнан, резиналы ұнтақ бар битумнан, минералды ұнтақ және полимер бар битумнан тұрады. Ыстық мастиктерді асфальтомет көмегімен немесе Самченко жүйесінің сылақ агрегатының көмегімен 2…3 қабатпен шашу арқылы жағады. Қолданылуы: битумды мастиктер құйылған сылақ гидроизоляциясын құру үшін, асфальт бұйымдарын (тақталар және т.б.) дайындау үшін; битумнорезиналы және битумнополимерлі мастиктер рулонсыз жабындарды құру үшін, гидроизоляция үшін және желімдеуші материал ретінде. Ыстық мастиктердің кемшіліктері: - ыстық мастиктермен жұмыс жасау қиын. - ыстық мастиктерді тек құрғақ бетке жағуға болады, олай болмағанда гидроизоляция «шұлық» секілді түсіп қалады.

СУЫҚ МАСТИКТЕР - ХАМаст – битумды эмульсионды пасталардың минералды толтырғыштармен қоспалары. Битумды эмульсионды пасталар битумнан, эмульгатордан, судан немесе битумнан, эмульгатордан, латекстен СКС, судан тұрады. Эмульгаторлар – бұл жоғары дисперсиялы минералды ұнтақтар: саз, хризотил-асбест, диатомиттер, әктас, СДБ және басқалары. Суық мастиктерді дайын битумды эмульсионды пасталарға минералды ұнтақтар – толтырғыштарды қоса отырып жұмыстарды жүргізу орнында дайындайды. Суық мастиктердің қолданылуы: - кез келген жарықшақтарға жеткілікті деңгейде төзімді жерасты құрылыстардың гидроизоляциясы үшін, шыны тормен арматуралауда және жинамалы темір бетонда; - қазушы тегеурін шарттарындағы ішкі гидроизоляция үшін; - сульфатты, теңіз, магнезиалды және сілтілі орта шарттарында бетонды антикоррозиялық қорғау үшін; - рулонсыз жабындарды құрау үшін. Суық мастиктердің кемшіліктері: - аз беріктік, - жарықшаққа жеткіліксіз төзімділік; - электрөткізгіштік, бұл оларды металл кұрылымдарын антикоррозиялық қорғау үшін қолданылуына жол бермейді; - жұмыстарды қоршаған ауаның 15˚-тан төмен температурасында жүргізуге болмайды (жағылған мастика кеппейді).



ЛАКТЫ БОЯУ МАТЕРИАЛДАРЫ. Битумды (асфальт) лактар – бұл битумның жеңіл органикалық еріткіштердегі ерітінділері. Олар қара түсті суға төзімді таспалар береді. Оларды метал құбырларын, сантехникалық жабдық бөлшектерін және т.б. антикоррозиялық қорғау үшін қолданады.

СУЫҚ ГИДРОИЗОЛЯЦИЯ битумды лактан минералды толтырғыштан және жұмсартушы – жабынның аязда иілімділігін сақтайтын өсімдік майынан тұрады. Оны шашырату арқылы немесе бояу жаққышпен жағады.

ЫСТЫҚ ГИДРОИЗОЛЯЦИЯ балқытылған битуммен 100˚С температурада бояу пультінен шашырату әдісімен жасалады. Битумды лакты бояу құрамдары ашық ауада ғана қолданылады, себебі олар өте улы.

Лак – бұл кепкеннен кейін берік, қатты, жылтыр, мөлдір үдір пайда болатын үдірқұраушы заттың еріткіші.

Лактар болуы мүмкін :

Шайырлы және май- шайырлы ;

канифольді ;

битумды ;

спиртті лактар және политуралар.

Байланыстырушылардың екінші типіне жатады : олифтер, клейлер, эмульсиялар. Олифтер табиғи, жартылайтабиғи және жасанды болуы мүмкін. Табиғи олифтер – ке бетін өсімдік майының 160-270оС қыздырғандағы өнімдері ( зығырдың, кендір, тунг) («варки"). Үлдір олифаның жіңішке қабатының оттегімен тотықтанудың нәтижесінде пайда болады. Жартылай табиғи олифалар – өсімдік майының - күнбағыс, соя немесе мақтаның (300оС полимеризациясының қызуында ) « варкалы » өнімдері. Майдың тығыздығы тотықтырғыш полимеризациямен майдың қабатының органикалық езгіштермен сұйық консистенцияға дейін езілу жолы арқылы жетеді. Жартылай табиғи олифалар болады : Оксоль-полимерленген, олифа- оксоль, оксоль -смесь. Олар 45 % дейін органикалық еріткіштерді қамтиды, бастапқы майларды үнемдейді және кең қолданылады.

Қосымша материалдар

1.Еріткіштер - бұл полимерлі байланыстырушылар мен это жидкости для растворения полимерных связующих и придания малярной консистенции густотертым краскам.Ерітінділерге жеңіл ұшатын органикалық сұйықтықтар жатады : уайт – спирит, скипидар, ацетон, сольвент – нафта, нефрас С – 50/170 және т.б.

2.Сұйылтқыштар – сұйықтықтар, ерімейтін үдірқұраушы заттар, тек бояулы заттардың байланысын төмендетеді. Сұйылтқыштар болып олифалар және «судағы май сияқты» майлы эмуль. Разбавителями служат олифы или масляные эмульсиялар қызмет атқарады.

3.Толтырғыштар – жоғарыдисперстілі ақ минералдық ұнтақтар пигментті экономдау үшін, бояуларға жоғары қышқылға және отқа төзімділік беру үшін енгізеді. Сыртқы бояцлар үшін ауыр шпат ұнтақтарын ( BaSO 4) және адсорбенттің ұнтақтарын қолданады. Ішкі бояулар үшін арзан жіңішке ұсатылған бор, известняк, гипс қолданады.


4.Сиккативы – жылдам үдір құрайтын және кебетін майлы бояудың заттары. Сиккативтер ретінде қорғасын, марганец, кобальт оксидінің тұздары немесе органикалық ерітінділердегі металл тұздарының майлы қышқыл ерітінділері жатады

Бояулы құрамдар.

Бояулы құрамдар түрлеріне байланысты былай бөлінеді :

- майлы бояулар;

- эмаль;

- лактар;

- эмульсионды (латексті бояулар);

- клейлі;

- бейорганикалық байланыстырушы заттар негізіндегі суқосушы бояулар.

Майлы бояулар –кепкеннен кейін мөлдір түсті бірыңғай қатты үдір құрайтын олифадағы толтырғышпен пигменттің суспензиясы.Металдың сыртқы және ішкі, ағаштың, құрғақ сылақтың бояулары ретінде қолданылады.

Эмаль – кепкеннен кейін түсті, мөлдір емес, әртүрлі жылтырымен беттік фактурасы бар қатты үдір құрайтын лактағы толтырғышпен пигменттің суспензиясы. Ең көп тарағандары :перхлорвинилды, эфиро-целлюлозалы, хлоркаучукты, алкидті, эпоксидті, карбомидті. Эмаль тез кебеді (2-8сағ.), суғатұрақты, кейбіреулері жоғары атмосфералық тұрақтылыққа (перхлорвинильді), коррозиялық тұрақты (эпоттекті и хлоркаучукты) ие.Құндылығы бойынша майлы бояулардан арзан. Металдың іші және сыртына, ағашқа, бетонға, сылаққа қолданады.

Лактар тек байланыстырушылар ғана емес, сонымен қатар өздігінен жылтыр үдір құрайтын лакобояулы жабынды бола алады. Шайырлы лактар – паркет қиығы үшін, древесина және басқа да құрылыс материалдарын коррозиядан қорғау үшін қолданады. Майлы-шайырлы – ағаштың жабындысы үшін. Битумдылар –антикоррозиядан қорғау үшін. Спиртті лактар және политуралар – шыны және металл бұйымдарының және ағаштардың жабындысын тегістеу үшін.

Эмульсионды (латексті) бояулар – бұлар судағы пигменттелген эмульсиялар немесе дисперстілі полимерлер. Оның құрамына сөзсіз бояудың қасиетін жақсартатын эмульгаторлар кіреді. Бұл бояулар үлкен беріктікке ие, жарық, суға, ауа және буөткізгіш қасиеті бар тегіс жабынды береді. Олар тығыз, және ылғалды болпылдақ жабындының өңі үшін қызмет. Ағаш пен сылақтың ішкі бояуы үшін поливинилацетатты және бутадиенстирольді бояғыштар кең тарады. Акрилатты – ғимараттың қасбеттері үшін.

Клейлі бояулар – бұл клейдің коллоидті сулы ерітіндісіндегі бор мен пигменттің суспензиясы. Өндіріс орнында дайындайды. Олар көбінесе берік емес, суға тұрақты болмайды және тек ішкі бояулар үшін ғана қолданады. Казеинді бояулар – ішкі және сыртқы бояулар үшін.


бейорганикалық байланыстырушы заттардың негізіндегі суқосушы бояулар – минералды байланыстырғыштар ретінде дайындайды. Извест бояуларды ғимараттың(тастардың, бетонды, штукатурды) қасбетінің өңі үшін. Цементті ылғалды беттерге өң үшін пайдаланады. Силикатты жас бетонның, сылақтың бетінің өңі үшін пайдаланады. Ағашты өңдеу оны жанудан қорғайды.

Сапалы жабынды алу және бояуды үнемдеу мақсатында боялатын жабындыны дайындағанда көбінесе грунтовка мен шпатлевка пайдаланылады.

Грунттау –кепкеннен кейін мөлдір емес бірыңғай, подложка мен жабынның қабатына адгезиясы жақсы үдір құрайтын, байланыстырушымен толтырылған пигменттің суспензиясы.

Шпатлевка - пигменттердің қоспасынан толтырғышпен байланыстырушыда тығыз жабысқақ зат, беткі қабатты тегістеу үшін арналған

Пайдаланылған әдебиеттер

1. «Ғимараттар мен имараттардың құрылымдары» Н.Разақов

2. «Құрылыс процестерінің технологиясы» С.Х.Хамзин, А.Қ.Әбішов

3. «Тас,кірпіш қалау және монтаждау жұмыстарының технологиясы» И.Ищенко

4. «Табиғи және жасанды тас материалдар» К.А.Ақмалаев, М.С.Садуақасов

5. «Сыртқы беттерді сәндік әрлеу» С.В.Слабко, А.А.Абденова, Э.К.Джузыбаева, И.Ю.Левченко1800>