Файл: Тосанды жиынты баалауды спецификациясы 8сынып 20192020 оу жылы мазмНЫ.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 437

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Достық пен татулық - таптырмас бақыт

Кәсіп – бақыттың шырағы, еңбек – ырыстың бұлағы

Қазақстанның су ресурстары
Тыңдалым
Достық туралы ойлар

Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін өміріндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Достық алдымен адамдардың бір-біріне сенуінен басталады. Сенім артқан сайын, достық та қатаяды. «Достық» туралы  нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің  «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген  еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл – досыңыздың қайғысына, қуанышына ортақтаса білу. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды», - деген. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» - деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы», - депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, қамқор бол. Себебі, әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалады». Халықта «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары көп болады, жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.

1. Мәтін тақырыбының негізгі ойын ашатын тірек сөздер қатарын белгілеңіз.

  1. адалдық, сенім, қарым-қатынас

  2. достық данышпандық, ақыл беру

  3. философ, қамқорлық, қасиет

  4. қиындық, қабілет, қуаныш

[1]
2. Адам не себепті өзіне дос іздейді? Мәтіннен екі дәлел келтіріңіз.

  1. _______________________________________________________________________

  2. _______________________________________________________________________

[2]
3. Шопенгауэрдің пікірінше, таза, адал қарым-қатынастың көрінісі қандай әрекеттен көрінеді?

  1. Досыңның ақылын тыңдау

  2. Қайғы, қуанышына ортақтаса білу

  3. Басқаға ақыл бере білу

  4. Қамқорлық таныту

[1]
4. Автордың достық туралы көзқарасын білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.

Сөйлемдер

Автор көзқарасы

  1. Философ А.Шопенгауэр «Достық» туралы  нақты ой айтқан.




  1. Ол «Достық адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды», - деген




  1. Халықта «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар.




  1. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары көп болады, жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.





[1]
Оқылым

Еламан теңізге тартты. Түнде жел тұрған ба, таяуда жауға үлпілдек қардың бет жағы борап, жағалаудың мұзы қай көктайғақтанып қалыпты. Сонан бұл ақ қар, көк мұз үстінде күні бойы жалғыз. Мұз ояды. Ау қарайды. Теңізге шыққанда, маңындағы кісілерді байқамайтын. Төбеде көк аспан. Табан асты көк теңіз. Екі дүние арасында жабырқау ойды жанына серік қып, күні бойы күйбеңдеп жүріп өмір туралы, өзі жөнінде ойлайды. Теңіз үстінде ғана емес, өмірде де жалғыз екенін ойлайды. Әке-шешеден ерте айырылды. Әкесімен бірге туған ағасы – Есбол бұл арадан бір күншілік жерде тұрады. Баласыз, жалғыз жетім шалдан қайыр шамалы. Ендігі жанашырдан – немере іні – Рай. Бірақ ол жас. Өзі сияқты о да әке-шешеден жастай жетім қалды. Қазір қарт әжесі екеуі өз алдына түтін түтетіп отыр.

Еламан күрсінді. Аяғы астында жатқан бір-екі балықты етігінің тұмсығымен теуіп, өзінен әрегірек ысырып тастады да, аудың арқалығын ұстады. Күтпеген жерден қайын атасы есіне түсіп кетті. Тікбақай тентек шал ел ішіне сыйымсыз. Отбасына да мазасыз. Еламанды «балықшы» деп атап, бұған айтқан қай сөзді де әзілге айналдырып отырады. Оған бұл үйренген. Кеше де қатынаған біреуден «балықшыға сәлем айт, ауыз ашқасын барам», - деп хабар жіберіпті.


  1. Берілген тақырыптардың мәтін бойынша ретін көрсетіңіз (1, 2, 3).

Тұжырымдар

Реті

  1. Қайын атаның «қалжыңы»




  1. Теңіз жағалауы




  1. Теңіз үстінде ойға батқан Еламан




[3]
2. Еламанның көңіл-күйі қандай?

  1. Жабырқау

  2. Мазасыз

  3. Жайдары

  4. Сабырлы

[1]
3. Еламанның жанын мазалайтын не?

  1. Өмір

  2. Жалғыздық

  3. Балық

  4. Ауа райы

[1]
Жазылым

Берілген тақырыптың бірін таңдап, пікір жазыңыз. Жазба жұмысында тыныс белгілердің қойылуына назар аударыңыз.

[10]


  1. Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» романы бойынша үзіндіде Арал теңізінің жағалауындағы оқиға баяндалады. Аралдың шығармадағы және қазіргі жағдайына пікір білдіріңіз.




  1. Адал, шынайы достық туралы ойыңыз қандай? Пікіріңізді білдіріңіз.




  1. Дипломсыз да үлкен кәсіпті дөңгелетіп, табысқа жеткен адамдар «жоғары білім бүгінгі қоғамда маңызды емес» деп жатады. Сіз қалай ойлайсыз? Пікіріңізді білдіріңіз.



Айтылым

Бір тақырыпқа таңдау жасап, сол тақырып бойынша монолог дайындаңыз (8-10 сөйлем). Монолог барысында көркемдегіш құралдарды қолдануға тырысыңыз.

[10]


  1. Нағыз дос қандай болу керек?

  2. Кәсібін таңдауда қателескен адам жетістікке жете ала ма? Пікір білдіріңіз.

  3. Қазақстан аймақтарындағы тұщы су көздерінің мәселесі қалай шешілуде?

  4. ХХІ ғасырдан кейін пайда болатын жаңа мамандықтар туралы не ойлайсыз?



Балл қою кестесі
Тыңдалым, оқылым

Тапсырма

Жауабы

Балл

Қосымша ақпарат

Тыңдалым

1

a

1

Әр дұрыс жауапқа 1 балдан

2

  1. Мұң-шерін тарқату үшін;

  2. Қуанышы мен қайғысын бөлісу үшін;

1

1

Осы жауаптарға жуық жауаптар қабылданады

3

b

1

Әр дұрыс жауапқа 1 балдан

4

d

1

Оқылым

1

b – 1

c – 2

a - 3

1

1

1

Әр дұрыс жауапқа 1 балдан

2

a

1

3

b

1


Жазылым

Балл

Мазмұны (5 балл)

Тіл сапасы (5 балл)

5


Өте жақсы

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс.

Өте жақсы

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

4

Жақсы

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді. Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс.

Жақсы

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

3

Қанағаттанарлық

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.

Қанағаттанарлық

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді.

Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

2

Төмен

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

Төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп

болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.

1

Өте төмен

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес. Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі.

Өте төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын.



Айтылым

Балл

Негізгі ойды ашуы (5 балл)

Сөз қолданысы (5 балл)

5


Өте жақсы

Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді.


Өте жақсы

Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

4

Жақсы

Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді.

Жақсы

Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.

3

Қанағаттанарлық

Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын

ойланып береді, ойын орынды жеткізеді.

Қанағаттанарлық

Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.

Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.

2

Төмен

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде

қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.

Төмен

Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.

Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.

1

Өте төмен

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде

қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі.

Өте төмен

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.



3-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



3-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу

Ұзақтығы – 40 минут

Тыңдалым – 10 минут

Оқылым – 10 минут

Жазылым – 20 минут

Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі)

Балл саны - 30
Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент - тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

*Тапсырмаларға сипаттама

*Тапсырма

лар түрлері

*Орындау уақыты, мин

Балл

1-4

8.1.4.1 орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау

Тапсырма жеке орындалады.

Оқушылар тақырыпқа қатысты 140-170 сөзден тұратын тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды. Мәтінді тыңдау барысында оның мазмұнына бағытталаған бірінші сұраққа жауап береді, екінші тапсырмада негізгі ойын анықтау үшін тиісті мақалды таңдайды, үшінші тапсырмада мәтінде кездесетін ұлттық ойын атауларын жазады.

Бір таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар


10

5

1-4

8.3.4.1 мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау
8.3.6.1 тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 200-230 сөзден тұратын екі мәтінді оқиды. Бірінші тапсырмада екі мәтінге ортақ тақырыпты көрсетеді. Екінші тапсырмада әр мәтіннің ереркшелігіне тән белгілерді өзара сәйкестендіреді. Үшінші тапсырмада тек бірінші мәтінге тән ақпаратты таңдайды. Төртінші тапсырмада әңгіменің негізгі түйінін жазады.

Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар


10

5

1

8.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну
8.4.5.1 тақырып бойынша сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген екі тақырыптың бірін таңдап эссе жазады. Мұғалім оқушының жазба жұмысында сөздік қорын пайдаланып, тақырып бойынша өз ойын жазбаша жеткізе алуын, ұсынылған жанрға сай жазуын, пунктуациялық нормаларды сақтауына назар аударады.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

20

10

1

8.2.5.1 пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру


Тапсырма жұпта орындалады. Екі оқушыға бөлімдерге қатысты ортақ тақырып беріледі (тақырып жазылған қағаздар теріс қаратылады). Жұптағы оқушылар берілген тақырып бойынша диалогке түседі (әр оқушы диалогте 8-10 сөйлем айту керек). Мұғалім оқушының берілген тақырыпты түсініп, соған қатысты жұбына сұрақтар қоюын, сұрақтарға лайық жауап беруін бағалайды. Екі оқушының балы бір-біріне тәуелді емес.

Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Айтылым сабақтан тыс тексеріледі, әр білім алушыға 2 минут беріледі.

10

Барлығы

40 минут

30