Файл: Кшбасшылы туралы 150 здік дйексз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 27

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Көшбасшылық туралы 150 үздік дәйексөз

150

«Көшбасшы қарапайымдылықты тәртіпсіздіктен ... келіспеушіліктен, үйлесімділіктен ... және қиындықтан, мүмкіндіктен шығаратын адам». - Альберт Эйнштейн

149

«Менің жұмысым адамдарға оңай емес. Менің міндетім оларды жақсарту. «- Стив Джобс

148

«Көшбасшылар туылмайды, олар жаратылады. Және, барлық басқалар сияқты, олар да қажырлы еңбек арқылы жасалады. Және бұл біз осы немесе кез келген басқа мақсатқа жету үшін төлеуіміз керек баға.» - Винс Ломбарди

147

«Көшбасшы – үміттенген саудагер». - Наполеон Бонапарт


146

«Коммуникация – кез келген басшы иеленетін ең маңызды дағды». - Ричард Брэнсон

145

«Күн сайын өз нұсқауыңызды алыңыз». - Майкл Джордан

144

«Барлық басшылар – оқырман». - Джим Рон

143

«Өзіңізді ыңғайсыз сезінуге дайын болыңыз. Өзіңізді жайсыз сезінген кезде жақсы сезінесіз. Бұл қиын болуы мүмкін, бірақ арманға жету үшін төлейтін аз ғана баға. - Питер МакУильямс

142

«Жол апаратын жерге ермеңіз. Оның орнына жол жоқ жерге барып, із қалдырыңыз. «- Ральф Уолдо Эмерсон

141

«Көшбасшылық адамдарды олардан сұралған нәрсені мүмкіндігінше тиімді және адамгершілікпен орындауға босатады». - Макс Де Пре

140

«Көшбасшылық - шеру тауып, оның алдында тұру». - Джон Нейсбитт

Көшбасшылық – басқару, басқара алу қабілеті бар деген мағынаны білдіреді. Бұл басқа адамдарды олардың алғашқы ниеті қандай болмасын өзі қалаған нәрсені жасауға көндіре алатын адам болып табылады. Сонымен қатар топтағы адамдардың қасиеттері мен қабілеттірін қолдана отырып оларды көшбасшы мақсатын іске асыруға бағыттай алады.

Көшбасшылық ерекшеліктердің бірі алдына мақсат қойып оған жете алады. Ол өзінің нені қалайтынын жақсы білуі керек және оны іске асыру үшін керекті қадамдарды алды ала жоспарлап алуы керек.

Өзгеріс желін сезген адам желден қорғаныс емес, диірмен салу керек деп Мао Цзедун айтқандай қазіргі кезде білім саласындағы өзгерістерді желге теңесек содан қорғанудың жолы жағашылдыққа ұмтылу, ұстанымымызды өзгерту, әлемге басқаша көзқараспен қарау. Білім саласындағы өзгеріске ілесіп келе жатқан және әлі де ілесе алмай , оны мойындамай жүрген адамдар да кездесіп отыр. Олар жаңа форматпен жұмыс жасағысы келетіндерге үлкен кедергі. Осы кедергіні қалай жоюға болады дей келе мен қандай көшбасшымын? Деген сұрақты өзіме қойдым. Шындығында мен қандай көшбасшымын? Осы сұраққа талдау жасап ойландым. Неге талдау жасамасқа? Себебі мектептегі мұғалімдер, оқушылар мен жұмысшылардың жай күйі мені қатты толғандырады. Мен көшбасшы ретінде оларға қандай бағыт бердім, жол көрсеттім? Өзіме артылған жүкті дұрыс алып жүрмін бе\№ Міне осы сұрақтардың жауабын табу үшін көп еңбектені керектігін түсіндім. Қазақта «Жүк ауырын нар көтерер» деген дана сөз бар. Сондықтан әлем өзгеріп жатқанда мен неге өзгермеймін, мен басқарып отырған ұжым неге өзгермейді деген ұстанымды мақсат ете отырып алдағы уақытта ұжыммен бірлесе жұмыс жасауды және олардың пікірімен санаса отырып, сол пікірлерден тобықтай шығара білу керек екен деген ойға келдім.


Біздің қоғам жас қоғам, жас қоғамда әркезде көшбасшылар да аз болады. Бізге үлкен жетістіктерді бағындыра алатын және халыққа рухани азық боларлық ойлармен жігер сыйлайтын тәлімгерлер керек. Бізге осындай жандардың қалыптасуынап , үлкен жетістіктерге жетуіне не кедергі. Ол үшін санамыздағы теріс пікірлерден арылуымыз керек.

Қазіргі кезде мектептерде бірінші , екінші, үшінші деңгей бітірген ұстаздар саны күннен күнге артып келеді. Олар осы көшбасшылық жұмысты өз дәрежесінде алып жүр ме? Ал, алып жүрмесе оларға қандай кедергілер кездесіп отыр? Деген сұраққа мен ең алдымен осы деңгейлік бітіріп келген мұғалімдерге қолдаудың аздығы әсіресе әкімшілік тарапынан көрсетілетін қолдаудың жоқтығы дер едім. Екіншіден осы курастарға мұғалімдердің қабілетіне және деңгейіне қарамай қалай болса солай жіберіле салуы. Бес саусақ бірдей болмайды дегендей барлық мұғалімнің бойында көшбасшылық қасиет бола бермейді, сондықтан осы курастарға жіберер алдында басшылық жіберетін адамының қандай екендігін және ол осы сенімге лайық па? Соны біліп алуы керек деп ойлаймын. Сонымен қатар оның соңынан адамдар ілесе алуы керек.

Қорыта келе көшбасшы болу үшін адамның бойында ерекше қабілет болу керек. Сондықтан мен көшбасшының 10 қасиетін айтқым келіп отыр.

1. Мақсатқа жетуде өзіне не керек екенін біледі.

2. Кәсіби шебер

3. Позитивті , адал, тәртіпті

4. Табанды

5. Басқаға ісер ету, көзін жеткізуге қабілетті.

6. Жауапкершілігі жоғары

7. Ұйымдастырушылық қабілеті зор

8. Қарым-қатынас құра алатын

9. Өзін-өзі дамыта алатын

10. Көшбасшылық құпияны сақтай алатын, Ол құпия «Тек алға»

Сөз соңында Я.Коменскийдің «Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзіңнің біліміңе ешнірсе қоспаған осынау күнді немесе сағатты бақытсыз деп сана» деген нақыл сөзі мен Филлердің «Бойыңда білімің бар екен, онда басқаларға өз шырақтарын жағып алардай жағдай туғыз» деген қағидаларын бүгінгі күннің жаңашыл, жаңа форматты мұғалімдеріне арналған деп білемін.

КӨШБАСШЫ ТҰЛҒАСЫНА ТƏН САПАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕР

             

А.С. Меңдіғалиева

  

Көшбасшылық – бұл өз əрекеттерін біріктіру арқылы жеке адамдарға жəне топтарға əсер ету мүмкіндігі; оларды мақсатқа жету үшін əрекет етуге ынталандыру. Көшбасшылық – адамдардың өз көзқарастарымен бөлісуіне қарағанда, адамдарға көбірек ие болу өнері. Көшбасшы топқа ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттар қойып, оған қол жеткізу үшін тактикалық қадамдар жасайды. 

Көшбасшылық мəселесінің зерттелуі сонау антикалық

философиядан бастау алып, орта ғасырдағы философтардың діни білімдерінде жалғасын табады. Олар зерттеулерінде нағыз белсенділікке тек құдай ғана ие екендігін, ал адам өз бастамасымен əрекет ете алмайтындығын келтіреді. Қайта жаңғыру дəуірінде Гегель тұлғаның көшбасшылық жағдайын бостандық көзі ретінде қарастырып, адамға алға қойған мақсатына жетуге əрекет етуге мүмкіндік береді деп санады. Сол заманның ойшылдары Гельвеций мен Дидро көшбасшылықты адамның өзіне деген сүйіспеншілігін жəне жеке қызығушылығын арттырудағы тұлға белсенділігінің түрткісі ретінде қарастырған.   

Көшбасшы – кез келген топтағы ықпалы бар, беделді тұлға. Көшбасшы жауапкершілікті өзіне алатын, қиын кезде тығырықтан шығу жолын таба білетін, өз пікірі, ұстанымы бар беделді адам. Осындай беделді тұлғаның жеке ерекшеліктеріне, яғни қандай қасиеттерге ие екендігіне тоқталмақпыз. Əрине, алдымен көшбасшыға білімді, адал, сенімді, адамгершілігі мол қасиеттер тəн. Көшбасшы болу үшін  жауапкершілігі мол, білімді, мақсатқа ұмтылатын, жұмысқа қабілетті, қолынан іс келетін, ынтымақтастықта əрекет ететін тұлға болуы керек.

Көшбасшы тұлғасының қасиеттері түркі ғалымдарының еңбектерінде қарастырылған. Кейбір ғалымдардың көшбасшыға тəн қасиеттерді сипаттаған зерттеулеріне тоқталайық. Өз заманында ғылымның сан алуан салаларын меңгерген ғұлама ақын Жүсіп Баласағұн еңбегінде көшбасшыны парасатты адам тұрғысынан қарастырып, оның бойында мынадай сапалар қамтылуы керек деп есептейді: əділдік, ақыл, білім, зеректік, бақыт, қанағат [1].

Қожа Ахмет Яссауи көшбасшыны кемел адам ретінде бағалап, оның бойындағы тұлғалық сапаларды былайша жіктейді: туралық,адалдық, еңбекқор, қиындыққа төзе білу, ақиқатты іздеу, білім-ілімге құмар болу,имандылық [2].

Ахмед Иүгінеки дидактикалық өлеңдер жинағында көшбасшыға тəн негізгі тұлғалық қасиеттерге тоқталады: білімділік, кішіпейілділік, сабырлылық, адалдық, жомарттық, қарапайымдылық [3].

Түркі ойшылдарының көшбасшыға тəн ойларында алдымен гуманды адам болуына аса мəн беріледі. Олардың барлығы көшбасшының ізгілігіне, жақсылық жасау мен игі істерге құштарлығына, əділдігі мен шыншылдығына, қайсарлығы мен батылдығына, жамандық пен жауыздықтан аулақ болуына баса назар аударады. Сондай-ақ осы мəселеге қатысты ой-пікірлері ұштасады, мəселен əділдік, ақылдылық, білімділік, зеректік, кішіпейілділік, қанағатшылдық тəрізді көшбасшылық қасиеттер аталған ғұламалардың барлығының да сипаттамаларында көрініс тапқан. А. Яссауи бұл ортақ қасиеттерден бөлек еңбекқорлық, имандылық, төзімділікке мəн берсе, А.Иүгінеки жомарттық, сабырлылық, қарапайымдылықты қосып, бір-бірін толықтары түседі. 


Ғалымдардың көшбасшы тұлғасын сипаттаған қасиеттері бүгінде мəнін жоймады. Алғашқыда берілген сапа-қасиеттердің негізі сақталды деуге болады. Көшбасшылық қасиеттерді анықтауды зерттеу жылдар бойына ұласты. Шетелдік ғалымдар да көшбасшылық мəселесіне аса мəн беріп, зерттемелер жүргізіп, өз тəжірибелерінде көшбасшыға тəн бірқатар қасиеттерді айқындады. 

Көшбасшылықты зерттеуші ғалымдардың бірі Р. Стогдилл 1970 жылдары көшбасшылыққа тəн мынадай қасиеттерді анықтап көрсетті:

—  жауапкершілікке аса қажеттілік;

—  міндеттерді аяқтауды бағдарлау;

—  мақсаттарға қол жеткізудегі күш пен табандылық;

—  мəселелерді шешудегі батылдық пен өзіндік ерекшелік; — өзіне сенімділік;

—  өзін-өзі тану;

—  өз шешімдері мен əрекеттері салдарын қабылдауға дайындық; — ішкі жеке мəселелерді адсорбциялау қабілеті;

—  көңілге кірбің түсіру мен сəтсіздікке төтеп беруге дайындық;

—  басқа адамдардың мінез-құлқына əсер ету қабілеті;

—  алға қойылған мақсатқа сəйкес əлеуметтік жүйелерді құру қабілеті [4]. 

Сондай-ақ Р. Болденнің жетекшілігімен жүргізілген көшбасшылық зерттеулерінде көшбасшыға тəн қасиеттер анықталды:

—  əділдік жəне батылдық;

—  өзін-өзі тану жəне кішіпейілділік;

—  көру айқындығы;

—  бейімделу жəне икемділік;

—  қуаттылық пен табандылық;

—  шешімдердегі келісімділік пен əділдік;

—  шабыттандыру, ынталандыру жəне тыңдау қабілеті;

—  құрмет пен сенім;

—  білім жəне тəжірибе;

—  нақты нəтижелерге қол жеткізу [5].

Еуропалық менеджмент жəне технология мектебінің президенті Д.Ф. Абель ХХІ ғасырдағы табысты көшбасшылықтың келесі сипаттамаларын атап көрсетеді: — кəсібилік;

—  кəсіпкерлік қасиеттер;

—  болашақтағы халықаралық жоспарлар; — жауапкершілік сезімі; — мəдени база [6].

Е.Б. Абашкина бірқатар еңбектердегі ғалымдардың көшбасшылық сипатына жанжақты талдау жасай отырып, былайша жинақтайды:

—  ізбасарлары тарапынан қолдау табуы;

—  өзіне сенімділігі;

—  күтілген нəтижеге жетуге сенімділігін көрсете алуы жəне ол туралы айналасындағыларға түсінікті əрі жүйелі түсіндіре алуы;

—  өз адамдарына дем беріп, рухтандыру үшін жеткілікті оптимизмі мен сенім қорының болуы;

—  жігерлілік пен мінезінің жұмсақтығы; — көңіл күйдің орнықтылығы [7].

 Зерттеуші-ғалымдар да əсіресе жауапкершілік, сенімділік, əділдік, табандылық, т.б. секілді қасиеттерді атап көрсетеді. Ғалымдардың осы тектес нақтылаған қасиеттер сипаттамалары қазіргі таңдағы көшбасшыны да бейнелейді. Əр түрлі кезеңдегі топшыланған зерттеулерден бастау алған көшбасшы қасиеттері дəлелді сапаларымен сипатталады.


Топқа мүше болып табылатын, оған қатысты өзекті мəселелер бойынша жауапты шешімдер қабылдау құқығын, яғни бірлескен қызметті ұйымдастыруға жəне топтағы қарым-қатынастарды реттеуде орталық рөл атқаратын ең беделді тұлғаны таниды. Ұйымдағы əрбір əрекет басшылар мен орындаушылар қолданатын биліктің көрінісіне байланысты. Билік мынадай билік арналары арқылы көрсетіледі: мəжбүрлеу күші, ықпал ету, құзіреттілік, ақпарат, ресми мінез-құлық, бедел, марапаттау мүмкіндігі. Жеке тұлға биліктің мəжбүрлі нысандарын қолданбай топ мүшелерінің мінез-құлқына əсер етсе, бұл – көшбасшылықтың көрінісі. Ұйым басқару қызметтеріне қолайлы тұлғаларды таңдау мен тағайындауына байланысты көшбасшылыққа үлкен мəн береді. Көшбасшы басқа адамдардың басшылығының тиімділігіне əсер ететін көптеген белгілермен анықталады, солардың ішінен бірнеше маңыздыларын атауға болады. Бұл – өршілдік, жетістік жəне табандылық, өз-өзіне сенімділік, психологиялық ашықтық, реализм, біліммен сусындау жəне өзге де қасиеттер – бұл қасиеттерсіз оның тиімділігін сақтап қалу өте қиын. Ең алдымен, жақсы көшбасшы үлгілік сипатта болуы қажет. Сонымен қатар артынан ерген адамдардың сеніміне лайық болуы маңызды. Көшбасшы өзінің адал өмірінде сенімді жəне танымал болуы шарт. Жақсы көшбасшы басқа адамдарға жауапкершілік алу құқығын алады. Ол жеке тұлғалардың көзқарасында өте жақсы тұлға ретінде саналады. 

Көшбасшының қалыптасқан жеке ерекшеліктеріне тоқталсақ: 1. Теңгерімділік. Көшбасшы еш артықшылықсыз сапа үйлесімділік қасиеттеріне ие болуы керек. Шамадан тыс агрессивтілік пен қажетсіздіктер көшбасшы тобына (командасына) зиян келтіруі ықтимал. Кез келген қасиет теңдестірілген болуы керек жəне тым айқын болмағаны да жөн. 2. Өршілдік. Көрнекі нəрсеге қол жеткізу жəне өз əлеуетінің дамуын іске асыру ұмтылысы. Көшбасшы алдына биік мақсаттар қойып, соған қол жеткізуге тырысады. 3. Табандылық. Көшбасшы шешім қабылдай біледі. Ол жағдайды тез бағалайды жəне ұйымға не топқа пайда əкелетін шешімді қабылдай алады. Жетістікке жетелейтін мүмкіндіктерді жіберіп алмауға тырысады. 4. Ынталылық. Көшбасшы қарқынды энергиясымен сипатталады, ол мобильді жəне үнемі мақсатқа қарай жылжып, табысқа жетелейтін тиімді жəне стандартты емес шешімдерді табады. Көшбасшы шабыттандырудың көзі болуы қажет, сондай-ақ адамдарды əрекетке талпындыра білуі тиіс. 5. Төзімділік. Көшбасшы тұрақты «қозғалыста» жүреді, мəселенің байыбына барып, шешімдерін табады. Көшбасшылар үнемі жауап іздеп жүреді жəне алғанша бас тартпайды. Олар тиімділікке тұрақты тексеруде болатын ақпараттарды іздестіру жəне жоспарларының жүзеге асырылуын қатаң түрде жүргізеді. 6. Өзіне сенімділік. Көшбасшы маңызды шешімді қабылдар кезде өзінің ішкі даусына құлақ түріп, нық сеніммен қадам басуы тиіс. Ол өзінің пікірін білдіріп, шешімге əрекет ете білуі керек. Сонымен қатар эмоционалды тұрақтылыққа ие болуы қажет. 7. Психологиялық ашықтық. Ұйымның тиімділігін айтарлықтай жақсартатын басқа адамдардың пікірлері мен идеяларын ескеруге дайын. Əр түрлі ашық пікірлер арқылы көшбасшы шешімін қабылдауда көптеген мəліметтер жинақтайды. Ол өз идеяларын өзге тұлғалармен талқылайды, бұл негізгі шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді. Ал керісінше, шамадан тыс жабық, құпиялылықты білдіретін қорқыныш ұйымды тиімді түрде дамыта алмайды. 8. Реализм. Реализм – оптимизм мен пессимизмнің арасындағы нəрсе. Оптимисттер көп жағдайда өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды, пессимисттер, керісінше пайда болатын мүмкіндіктерді жіберіп алады, ал реалисттер жағдайды объективті бағалайды жəне тиімділікке əкелетін шешімдерді бағалайды. Реалист сүзгіден өткізілмеген ақпаратты алып, оны салмақтап, өлшеп, бағалайды жəне келесі қадамды анықтауды тексереді. 9. Білімге деген сүйіспеншілік. Жаңа білім алу мен жаңа білімге деген ұмтылыс көшбасшы үшін өте маңызды, бұл жаңа технологияларды басқару мен процестерді өндіріске енгізуге көмектеседі. Білімге құштарлығы бар адамдар ұйымды не топты басқаруда өте тиімді.  10. Əділдік жəне бейтараптық. Адам белгілі бір нанымға не адамға бағынатын болса, онда ол адамды көшбасшы деп санауға болмайды, көшбасшы əділ жəне бейтарап болу керек. Сонда ғана адамдардың сенімі мен құрметіне ие болады. 11. Сабырлылық. Жетекші салқынқанды келеді, сабырлылықты жақсы сақтап тұрады. Кез келген мəселеге салмақтылықпен қарайды. Ол өзінің салқындылығын сақтай отырып, алабұртқан эмоциялық белгілерді уақытша құбылыстар деп қабылдайды. 12. Үздікке ұмтылу. Жақсы көшбасшы жоғары стандарттарды ұстап қана қоймай, сонымен қатар барлық салаларда жоғары жетістіктерге жету үшін жұмыстанып жүреді.