ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 20
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| «Интердент» Высший медицинский колледж | Документированная процедура ДП-СМК-003.3-2022 Управление воспитательной деятельностью ЦЕНТР ПСИХОЛОГИЧЕСКОЙ АДАПТАЦИИ И ПСИХОКОРРЕКЦИИ | Редакция 1 |
Мінездеме
Беріледі «Интердент» Жоғары медициналық колледжінің білімгері Елтай Нұрбақытқа. Нұрбақыт дене дамуы қалыпты өзінің жасына сай, денсаулығы жақсы, созылмалы аурулармен ауырмайды, колледждің диспансерлік есебіне алынбаған.
Отбасында жайлы тұрақты қарым - қатынас қалыптасқан. Нұрбақыт толық отбасында тәрбиеленуде. Ата - анасы баланың үйлесімді дамуына, оның денсаулығына және оқуына әрдайым көмектесіп отырады. Білімгердің бойында жақсы әдеттерді оның дүниетанымы мен өмірлік бағдары, көзқарасын дұрыс қалыптастырған.
Нұрбақыт оқу үлгерімі жақсы, қосымша білім көздерін пайдалана алады, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан. Өз ойын дәл және еркін жеткізе біледі. Өте зерек, тапқыр. Үй тапсырмасын жүйелі орындайды, өз жұмыстарын ұйымдастыра біледі. Оқудағы жұмысы жүйелі және бірізді.
Группаластарымен және оқытушылармен қарым - қатынасы жайлы тұрақты қалыптасқан. Колледждің, топтың қоғамдық өміріне белсене араласады. Қоғамдық жұмыстарды уақытында үлкен жауапкершілікпен орындайды. Оқытушылардың сын ескертпелерін дұрыс қабылдайды. Әдептілігі мен шыншылдығының, қайырымдылығы мен ізеттілігінің арқасында айналасындағылардың алдында беделді. Мақсатқа жету жолындағы ұмтылысы қуантарлық, өз мінез құлқын реттей алады. Өз мүмкіндігін бағалай алады. Құлшынысты, шығармашыл, еңбексүйгіш.
Қорытынды: Нұрбақыт қарым - қатынас ережелері мен нормаларын сақтай біледі. Мінезі салмақты.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Донгулова У.Ж.
Педагог-психолог Жетигенова Г.С.