Файл: Каза Бас сулетрылыс академиясы белсенді лестіру материалы.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 35
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2022ХБК Инженерлік және компьютерлік графика Карымсаков У.Т.
Казақ Бас сәулет-құрылыс академиясы
БЕЛСЕНДІ ҮЛЕСТІРУ МАТЕРИАЛЫ
«Инженерлік және компьютерлік графика» 5 кредит №40 «Топографиялық беттер» | Сәулет Факультеті Екінші семестр 2021-22 оқу жылы Доцент м.а./ассоц. профессор Қарымсақов Уалихан Төленұлы |
Жер бетінің жеке бөлігін бір теңдеумен анықтап, оның түрі мен жасалуын заңдылықпен өрнектеу мүмкін емес. Сондықтан оны жуықтатылған түрде, тәжірибе талаптарына сай, дәлдігін жеткілікті етіп топографиялық беттермен модельдейді. Топографиялық бетті горизонтальдар жиынтығы деп сипаттаса да болады. Топография – грекше «топос» орын, жер, «графия» - жазу, яғни жерді бейнелеу деген сөз. Биіктігі бойынша көршілес горизонтальдар арасындағы қашықтық қима биіктігі деп аталады. Бір сызбадағы Δh қимасының биіктігі әрдайым бірдей; оны таңдау сызба масштабына, оның қызметіне және бетінің сипатты ерекшеліктеріне байланысты. Горизонтальдардың lт интервалы немесе орналасуы жоспардағы екі көршілес горизонтальдар арасындағы арақашықтыққа тең кесіндімен анықталады. 1-сурет Олар нақтылы ауданның жер бедерінің ерекшеліктерін жеткілікті түрде бейнелейді: ойпат (2,а-сурет) не қырат (2,б-сурет) екендігін, сонымен қатар оның әр нүктесіне сәйкес көлбеулігін білуге болады. а) б) 2-сурет 3-суретте берліген топографиялық бетте горизонтальдардың өсуі бойынша (сызбаның сол жағында) жер бедері қыратты екенін байқауға болады. Сызбаның оң жақ бөлігінде көрсетілген бергштрихтер қойылған. Олар беттің қандай бағытта төмендейтінін көрсетеді. Екі тәсіл де сызбаны дұрыс оқуға мүмкіндік береді. Жер бетінің сипаты бергштрихтер арқылы анықталғанда, сызбада қабылданған масштаб және қима биіктігі көрсетілуі қажет. Қима биіктігі 1, 5, 10 және т.с. метрге тең болуы мүмкін. 3-сурет Топографиялық беттің профилі Топографиялық бетті вертикаль (проекциялаушы) жазықтықпен қиғанда алынған фигура профиль деп аталады (4-сурет). Қиюшы жазықтықтың горионталь проекциясы түзу болады, оны профилдеу бағыты деп атайды. 4-сурет Профильді салу үшін проекциялаушы жазықтықпен топографиялық беттің горизонтальдарының қиылысу нүктелерін белгілейміз. Горизонталь түзу жүргізіп, оның бойына жазықтықтың горизонтальдармен қиылысу нүктелерін белгілейміз. Сол жағына вертикаль түзу жүргізіп, оған масштаб бірліктерін саламыз, деңгейлік түзулерді жүргіземіз. Горизонталь нүктелерден сәйкес деңгейлік түзулерге дейін вертикаль түзулер жүргіземіз. Қиылысу нүктелерін сызықпен қосамыз. Осы сызық топографиялық беттің профилі болады. | |
СӨЖ тапсырмасы
Топографиялық беттер [1] 147-150б.,
Есептер шығару [5] 8-10б.
Бақылау сұрақтарына жауап беру.
СОӨЖ тапсырмасы
Есептер шығару.
-
α(АBC) жазықтығының топографиялық бетпен қиылысу сызығын салыңыз.
Бақылау сұрақтары
А. Жазбаша бақылау үшін
1. Қандай бет топографиялық деп аталады?
2. Бергштрихтар не үшін арналған?
3. Қандай кескінді топографиялық беттің профилі деп атайды?
Б. Компьютерлік тестілеу үшін
Қай суретте топографиялық бет кескінделген кескінделген?
-
A -
B -
C
А B C
Глоссарий
Государственный | Русский | Английский |
Бет – геометриялық дене, мысалы – сфера, цилиндр, конус, нүктелер не түзулердің, не қарапайым беттердің жиыны. Беттiң ең қарапайым түрi жазықтық, оның қисықтығы нөлге тең. | Поверхность | Surface |
Бөлiктеу түзудi (градуирлеу)-түзудiң пландағы проекциясының бүтiн санды сандық белгісі бар нүктелерiн анықтау | Градуирование | grading |
Қиябет (құлама)– жер бетiнде құлама орналасатын жазық немесе қисық бет. Ол жасанды не табиғи болуы мүмкiн. Жасанды Қ. жолдардың екі жақ беткейін қоршайтын бет. | Откос | Slope |
Көлбеулiгi тең бет (еңістігі тұрақты бет) – түзусызықтық беттiң бiр түрi. Оның жасаушы – түзулерi горизонталь жазықтығына үнемi бiр бұрышпен көлбейдi. Көлбеулiгi тең беттiң ең қарапайым түрi осi вертикаль орналасқан айналу конусы. | Поверхность равного уклона (поверхность одинакового ската) | The surface is equal to the slope |
Көлбеулiк масштабы жазықтықтың – түзу сызық, жазықтықтың сырғытқы (сырғыма) сызығының бөлiктелген проекциясы, белгiленуi i - жазықтығының к.м., ол ϭ – ның горизонталдарына перпендикуляр сызық. | Масштаб уклона плоскости | Scale of the plane 's slope |
Әдебиеттер тізім
Негізгі әдебиет
-
Қарымсақов У.Т. Сызба геометрия, – Алматы: ҚазҰТЗУ, 2015. – 213 б. -
Есмұханов Ж. М. Сызба геометрия. А.: «Мектеп», 1987. – 168 б. -
Ысқақова С.Д., Шыңғысова Р.К. Сызба геометрия. Сандық белгішелері бар проекциялар. Оқулық. – Алматы: «Білім», 2016. – 212 бет.
Қосымша әдебиет
-
Есмұханов Ж. М. Сызба геометрия есептерінің минимумы. А.: КазПТИ,1990. – 34 б. -
Жаңабаев Ж. Инженерлік және компьютерлік графика. – Алматы, «Мектеп», 2005. – 304 б. -
Нұрмаханов Б. Н. Сызба геометрия. – Тараз: 1999. -
Иванов Г. С. Начертательная геометрия: Учеб.для вузов. М.: МГУЛ, 2012. 224 с. -
Климухин А.Г. Начертательная геометрия. М.: Стройиздат, 2012