Файл: Музыка белгілі биіктіктегі дыбыстардан тратын, адама сазды уенімен сер ететін, дыбысты кркем бейнеге негізделген нер трі. Музыка.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 30
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Музыка – өмір тынысы
Музыка – белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнер түрі.
Музыка адам өмірінде маңызды орын алады. Музыка адаммен өмір бойы ілесіп жүреді. Лирикалық музыка адамның көңіл күйін жақсартады, би музыкасы қуаныш пен көңіл сыйлайды.
Адам өмір бойы музыканы тыңдайды, ән айтады, би билейді. Музыканы көбіне адам таза ауада серуендегенде, спортпен шұғылданғанда тыңдайды. Музыканы тыңдау және орындау әртүрлі сезім мен эмоция тудырады. Бұл шығарманың сипаты мен жанрына, тыңдау немесе орындау кезіндегі адамның көңіл күйіне байланысты.
Музыка адамның әртүрлі қабілеттерін дамытады, эмоция мен сезімді тудырады.
Музыка адамның тыңдау қабілетін дамытады, тыңдау дағдысы түрлі әуендерді, дыбыстарды, музыкалық шығармаларды тыңдаған уақытта қамтылады.
Орындау дағдысы, адам ән шырқаған кезде, музыкалық аспапта ойнау барысында дамиды.
Күрделі дағдылардың бірі – музыка шығару және импровизация жасау. Музыкалық бастапқы білімі бар адам қарапайым әуендерді жаза отырып, олармен импровизация жасай алады.
Музыка көптеген өнер түрлерінің негізгі бөлігі болып келеді. Хореография, телевидение, эстрада немесе цирк сияқты өнер түрлері музыканың көркемдік бейнемен, суретпен үйлесуіне негізделген.
Кинематография мен медиа өнері музыкасыз құрылмайды.
Мамандандырылған музыкалық білімді қажет ететін мамандықтар бар. Мұндай музыкалық мамандықтарды, музыкалық колледжде, жоғарғы оқу орындарында: консерваторияда, университеттерде және т.б. мекемелерде білім алу арқылы меңгереді.
Дирижёр – музыканттардың, оркестрдің, ансамбльдің, хордың жетекшісі. Ол – өзінің қол, саусақ және бас қимылдары арқылы музыканттар тобында дайындық және концерт барысында жетекшілік ететін музыкант. Ол сазгердің жеткізгісі келген ойын орындап, оркестрдегі барлық музыканттардың шығармашылық қуатын біріктіреді.
Дирижёр бүкіл ұжымның жұмыс сапасына жауап береді. Ол музыкалық шығармалардың жанрларын, ұжымдағы әр музыкантты жақсы білуі қажет. Дирижёр мамандығы барлық музыкалық мамандықтардың ішіндегі ең күрделісі болып саналады.
Дирижёр мамандығы ХІХ ғасырдың басында пайда болды. Дирижёр мамандығын меңгеру үшін, ең алдымен, музыкалық аспапта орындау дағыдысын дамыту қажет, кейін жоғарғы оқу орнында музыкалық мамандандырылған білім алуды жалғастыру керек.
1-cурет
Сазгер – музыкалық шығармалардың авторы. Сазгер мамандығы жазушы, кинорежиссёр, драматург мамандықтарымен ұқсас болып келеді. Бұл маман иесі көркем бейнелерді, тарихты музыка арқылы жеткізеді.
Орта ғасырларда «сазгер» және «орындаушы» терминдері бірдей мағынаны білдірген. Яғни музыканы жазған адам оны өзі музыкалық аспапта орындаған. XIV ғасырда ноталық жазба пайда болғаннан кейін музыканың дыбыс биіктігі, ырғағы мен екпіні өзгерді. Сазгерлер тек музыка жазып, ал орындаушылар орындай бастады.
Сүйемелдеуші – әншілерге және аспапшыларға, сонымен қатар ансамбль ұжымдарына, дайындық үстінде және өнер көрсету кезінде сүйемелдеу жасайтын музыкант. Бірақ сүйемелдеушілердің жұмысы тек виртуозды ойын да ғана емес, сондай-ақ ол солистерге партияларды зерттеуге, орындау сапасын бақылауға көмектесуі керек. Бір сөзбен айтқанда, концертмейстер тек музыкант қана емес, педагог, психолог және жақсы ұйымдастырушы болып саналады.
Бейнебаяннан үзінді көр.
Play Video
Бейнебаянда сүйемелдеуші фортепиано аспабында сүйемелдеді, вокалист Латиф Хамидидің «Бұлбұл» әнін орындайды.
Вокалист – ән айтумен байланысты музыкалық мамандық, яғни кез келген музыкалық шығармадағы вокал партиясын орындайтын вокалды-аспаптық ансамбльдің мүшесі.
Конферансье – эстрадалық қойылымда немесе концертте бағдарлама нөмірлерін жариялайтын, кейде үзіліс арасында өзінің өнерін көрсететін әртіс адам.
Конферанс өнері орындаушыдан тапқырлықты, импровизацияны, аудиториямен сөйлесу қабілетін талап етеді.
Консерватория – музыка саласындағы орындаушыларды, сазгерлер мен музыкатанушыларды дайындайтын жоғары музыкалық мекеме.
Музыка саласында мамандар даярлайтын Қазақстандағы көптеген оқу орындарының ішінде Қазақ ұлттық консерваториясы ерекше орын алады.
Консерватория түлектері алыс және жақын шетелдерде: Ресей, Германия, Нидерланды, Израиль, АҚШ, Франция, Корея, Қытай және т.б. осы елдердің кәсіби ұжымдарында жұмыс жасайды.
Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық консерваториясында қазақтың ұлы сазгері, күйші Құрманғазы Сағырбаевтың есімі берілген. Консерваторияда аспаптық орындаушылық, музыкатану, вокал және дирижёрлау факультеттері, халық музыкасы факультеті бар.
Қазақ ұлттық консерваториясының оркестрлерінің орындауындағы музыкалық шығармасының бейнебаянынан үзіндіні көр.
Play Video
Бейнебаянда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның екі оркестрі өнер көрсетті: қазақ халық аспаптар оркестрі және симфониялық оркестрдің орындауында музыкалық шығармалар орындалды.
Симфониялық оркестр – ішекті-ыспалы, үрмелі және соқпалы музыка аспаптары тобынан құралған оркестр.
Симфониялық оркестрдің құрамы.
-
Ағаштан жасалған үрмелі аспаптар тобы – флейталар, гобойлар, кларнеттер,фаготтар; -
Ішекті-ыспалы музыкалық аспаптар тобы – скрипкалар, альттар, виолончельдер, контрабастар; -
Ұрмалы/соқпалы музыкалық аспаптар тобы – литаврлар, ксилофондар, маракастар,барабандар; -
Мыстан жасалған үрмелі аспаптар тобы – валторналар, трубалар, тромбондар, тубалар.
Қазақ халық аспаптар оркестрі, қазақ халық аспаптар оркестріне домбыра, қобыз, шертер, жетіген, дауылпаз және т.б. музыкалық аспаптар жатады.
Интеллектуалды музыка
Әуен, лад, екпін, ырғақ, сипат, регистр, тембр және динамика
– музыкалық көркемдеуіш құралдар. Музыкалық көркемдеуіш құралдар арқылы көркем музыкалық бейнелер құрастыралады, оларды біз сеземіз, қабылдаймыз және түсінеміз.
Музыкалық көркемдеуіш құралдар сазгерге әртүрлі шығармалар жазуға көмектеседі. Олар бір-бірінен дыбыс жылдамдығымен, биіктігімен, күшімен және бояуымен ерекшеленеді. Музыкалық көркемдеуіш құралдардың арқасында музыкалық шығарманың өзіндік сипаты мен көңіл күйі болады.
Музыка әртүрлі көңіл күй қалыптастырады.
Классикалық музыка адамды ойлауға және жасампаздыққа шабыттандырады. Адамның көңіл күйі мұңды, қайғылы болған кезде лирикалық және классикалық музыканы тыңдайды.
Музыкалық шығарманы тыңда.
Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Қарағым-ай» әні – лирикалық ән.
«Қарағым-ай» әнін алғаш рет Нұрлан Өнербаев орындады және ол халықтың сүйікті әніне айналды.
Жас орындаушылар «Қарағым-ай» әнін жаңаша сүйемелдеумен, сонымен қатар орысша нұсқасында да орындайды. Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Қарағым-ай» әні бойжеткен қызға деген махаббат туралы.
Классикалық жанрда және формада, сазгерлермен немесе авторлармен жазылған музыканы интеллектуалды музыка деп атайды. Ол ойын-сауық музыкадан мағынасымен, сюжетімен, негізгі идеясымен ерекшеленеді.
Музыкалық шығарманы тыңда.
Тыңдау.
Людвиг Ван Бетховеннің «Ай сонатасы» (Mondscheinsonate) музыкалық шығармасы 1800 жылы жазылған. Бұл шығарма фортепианоға арналған №14 до-диез минор сонатасының бірінші бөлімі болып келеді. Музыка сыншысы Людвиг Рельштаб осы шығарманы «Ай сонатасы» деп атаған.
Людвиг Ван Бетховеннің «Ай сонатасы» шығармасы минорлы ладта, баяу екпінде, төмен регистрде жазылған.
«Ай сонатасы» шығармасы интеллектуалды музыкаға жатады.
Адамның өмірі музыкамен тығыз байланысты. Күн сайын біз радиодан, теледидардан музыка естиміз. Музыка адам өмірінің әртүрлі сәттеріне қарай көңіл күйіне әсер етеді.
Музыкалық жанр – музыкалық шығарманың бір түрі. Музыкалық жанрларға күй, симфония, опера, оперетта және романс жатады.
Адам «диско» стиліндегі ойын-сауық, би музыкаларын көбіне спортпен шұғылданған кезде тыңдайды.
Музыка адамды әртүрлі ойға жетелейді.
Патриоттық музыка адамда батылдық, ерлік сынды сезімді оятады.
Қадір Мырза Әлидің сөзіне жазылған «Атамекен» әні патриоттық сезімді оятады. Әнді атақты қазақ сазгері, әнші, Қазақ КСР-ның халық әртісі Ескендір Хасанғалиев орындайды. Ол – қазақ заманауи әндерінің негізін қалаушылардың бірі.
«Атамекен» әнінің лады минорлы, екпіні орташа.
Әннің сипаты салтанатты болып келеді.