Файл: С сЕйфуллин атындаЫ аза агротехникалы университеті.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 208

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарының менеджменті»

ПӘНІН ОҚУ БОЙЫНША

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Нұр-Сұлтан 2022

«Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарының менеджменті» пәні оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар

«Жылжымайтын мүлікті бағалау» пәні таңдамалы болып табылады және бір семестр көлемінде 2-курста оқытылады. Пән бойынша кредиттер саны - 5, ол 150 сағатқа сәйкес келеді, соның ішінде: дәрістер – 20, практикалық сабақтар – 30, студенттің өздік жұмысы – 20.
Практикалық сабақтарға дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар

Практикалық – Жоо-дағы практикалық сабақтарды жүргізудің негізгі түрлерінің бірі. Ол оқу пәнін терең зерттеу, студенттердің ғылыми ойлау мәдениетін дамыту, оқу-танымдық шеберлілік пен болашақ мамандыққа деген қызығушылықты тәрбиелеуді жетілдіру үшін арналған.

Практикалық негізгі қызметтері:

- білім берудің қатарлас кезеңдерінде (дәріс, өздік жұмысы) алынған білімді тереңдету, нақтылау және жүйелеу;

- өздік жұмысы, білімді іздеу және табу дағдыларын дамыту;

- ғылыми ойлау мәдениетін дамыту;

- оқу-танымдық шеберлілікті түзету;

- игерілген материалдың сипаты мен деңгейін бақылау.

Практикалық сабақтар мен жұмыстарға дайындалу барысында студент ҮЙРЕНУІ КЕРЕК:

- қарым-қатынас, пікірталас жүргізу дағдыларын иелену;

- басқаларды тыңдай білу, ой-пікірлерді өз көзқарасымен арақатынасын белгілеу, өзінің ұстанымын қалыптастыру;

- рецензент (критикалық аспект), қарсы пікір білдіруші (қарсыласушы аспект), қосымша баяндамашы (толықтырушы аспект) рөлінде өзін көрсету ;

- өзінің өмірлік ұстанымын қалыптастыру және анықтау, оны ұстана білу немесе теріске шығару;

- жеке ой белсенділігін дамыту.

Практикалық тақырыптың барынша маңызды да мәнді сұрақтарын қарастыру «сұрақ-жауап әдісімен» алмастырылмайды, семинарда дәріс және оқу құралдарын қарапайым мазмұндап беруге жол берілмеуі керек. Практикалық, әдетте, дәріс кезінде жеткілікті түрде оқылмаған сұрақтар, яғни студент өздігінен дайындайтын сұрақтар қарастырылуы керек. Семинар сабақтарына студенттердің дайын болуы өзінің танымдық қызметін ұғына және мақсатты түрде басқара білуінде.

Практикалық сабақтардың оқулық мақсаты студенттермен жұмыс істелген әдебиеттердің нақты бір синтезі, оның дәріс материалдарымен арақатынасын белгілеу, әртүрлі білім көздерін сын көзқарасымен бағалай білу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.


Практикалық әдетте, барынша таласты сұрақтар мен мәселелер шешіледі. Студент семинарда өзіндік ойлау, дәлелдеу және өз көзқарасын ұстана білу қабілеттері қаншалықты дамығандығын көрсетеді.

Берілген пәнді оқу бойынша міндеттерді ойдағыдай орындап шығу үшін студент баяндамаларды даярлау, өздік жұмыстарын орындау кезінде нақты талаптарды басшылыққа алуы тиіс.
Өздік жұмысысн орындау үшін әдістемелік нұсқаулар
Өздік жұмыс екіге бөлінеді – оқытушының басшылығымен жүргізілетін өздік жұмысы (СОӨЖ) және студенттің толық өзі орындайтын өздік жұмысы болып (СӨЖ).

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін өздік жұмысы (СОӨЖ)- студенттің оқытушымен бірігіп, жалпы оқу сабақтарының кестесінен тыс кестеге сәйкес аудиториядан тыс орындайтын жұмысы. СОӨЖ екі қызметті атқарады: кеңес берушілік және бақылаушы.

Кеңес берушілік қызметі студентке бағдарламалық материалды игеру мақсатымен әдістерді таңдауда көмек көрсету, студентке қиынға түскен тақырып түсіндірмелерін қайтадан тыңдауға мүмкіндік жасау, оқу материалын бекіту үшін практикалық тапсырмаларды орындау, оқу материалын тереңірек игеруіне жәрдемдесу, ғылыми салада студенттің өздік жұмысына көмек көрсету болып табылады.

Бақылаушы қызмет пән бойынша білімнің ағымдық бақылауы үшін жүзеге асырылады. СӨЖ бақылау үшін өзіндік дайындалу сұрақтары мен жазбаша тапсырмалар (конспектілер мен кестелер) қолданылады.

Берілген пән бойынша өздік жұмыс ұсынылған әдебиетті оқу, кестелерді толтыру, семинар сабақтарына дайындалу үшін конспект дайындау, сонымен қатар реферат жазу және конференция-байқауларға реферат дайындау жұмыстарын қамтиды.

Силлабуста көрсетілген тақырыптар бойынша конспект жазу кезінде сұрақ семинар сабақтарында қарастырылатындығын естен шығармау керек, сондықтан оны уақытында орындау маңызды болып табылады. Конспектілер қысқа болуы және сұрақ мәнін нақты аша білуі керек.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


«Кадастр және бағалау»

кафедрасының

меңгерушісі

__________ т.ғ.к. Ахметов Б.Ж.

«Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарының менеджменті»

пәні бойынша тестер сұрақтары

Құрастырған: ғылым магистрі, ассистент Муталипова Қ.Қ.


«Кадастр және бағалау» кафедрасының отырысында қарастырылып бекітілген



№ __ хаттама «___» _______. 2022 ж.

Нұр-Сұлтан 2022 ж

1 Жерге орналастырудағы өндірістік процесс деген не?

-Жерге орналастырудың құрама бөлімдері мен элементтерін шешуге қажетті өзара байланысты жұмыстардың жиынтығы;

-Жұмыстарды жүргізу дәйектігі;

-Жерге орналастыру схемалары мен жобалары;

-Жер кадастры және жерге орналстыру жұмыстарын жүзгізуді ұйымдастыру;

-Жұмыстарды нормалау;
2.Басқарудың әлеуметтік психологиялық әдістерін ата.

-Еңбек туралы заң шығарушылық, ішкі еңбек тәртібі ережесі, тәртіп туралы устав, инструкциялар мен техникалық ережелер;

-Әрбір жұмысшының жеке ерекшеліктері, ұжымдағы психологиялық жағдайды зерттеу негізінде жұмысшыларға әсер ету әдістері;

-Еңбек туралы заң шығарушылық, экономика мен экология;

-Адамның қоғамдағы орны, қоршаған ортамен әрекеттестігі;

-Экстрасенстер арқылы жұмысшыға әсер ету;
3.Жерге орналастыру жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастыру техникалық тәсілдер мен әдістер негізінде, келесіндей курста оқылады.

-Геодезия;

-Жерге орналастыру жобалауы;

-Философия;

-Экономикалық ғылымдар;

-Жұмысшы жобалау.
4.Жерге орналастырудағы өндірістік процесс деген не?

-Жұмыстарды жүргізу дәйектілігі (реті);

-Жерге орналастыру схемалары мен жобалары;

-Жер кадастры мен жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;

-Жерге орналастырудың құрама бөлімдері мен элементтерін шешуге қажетті өзара байланысты жұмыстардың жиынтығы;

-Этап – операция – элемент – жұмыс қозғалысы – еңбек әрекеті
5. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру міндеттері.

-Еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін арттыру;

-Еңбек өнімділігін арттыру, еңбек және материалды қорларды тиімді пайдалану, адам денсаулығы мен дамуына қамқорлық, еңбекке қызығушылық шарттарын жасау;

-Озық тәжірибе мен ғылым жетістіктері туралы мәлімет ұйымдастыру;

-Жұмыстың жоғары сапасы негізінде жұмыс уақыты шығындарын қысқарту немесе жою;

-Жұмысты күрделіндіру мен кооперациялау, жерге орналастыру жұмыстарын күрделендіру мен құрамын өзгерту.
6.Еңбекті нормалау келесіндей мүмкіндік туғызады:

-Техникалық құралдар, технологияны дұрыс пайдалану және орындаушылық жұмыс орынын ұйымдастыру;

-Жұмыс күші қажеттілігін дұрыс анықтау және жұмысшылар ұжымының еңбегін ұйымдастыру. Жұмсалған еңбектің сапасы мен санына байланысты үлестіру принципін қолдану; еңбек жағдайын жақсарту мен жұмыс уақытын үнемдеу; жобалық іздестіру жұмыстарының өзіндік құнын азайту; ұйымдастыру техникалық тиімділігін көрсету;


-Ғылыми – техникалық прогрессті үдету, материалды – техникалық қаржы қорларын үнемдеу, жерді ұтымды пайдалану;

-Уақыт, өнім шығару, сан және қызмет көрсету нормаларын анықтау;

-Белгілі жұмыс түрі мен белгілі жағдайда өнім шығаруға қажетті уақыт шығынын анықтау.
7.Еңбек төлемі принциптері:

-Кесімді және мерзімді;

-Экономикалық, әкімшілікті, социологиялық;

-Еңбектің саны мен сапасына төлем, еңбек өнімділігінің еңбек ақыны басып озуы, еңбек ақының ғылыми негізделген айырмашылығы, еңбек ақының кәсіпорынның жалпы еңбек нәтижелерімен байланысы, еңбек ақының әрдайым өсіп отыруы;

-Технология, техникалық құралдар, орындаушының жұмыс орнын ұйымдастыру;

-Аймақтылық, кешенділік, ауыл шаруашылығында пайдалану приотеті, экологияны ескерту.
8.Кәсіпорын ішінде жұмыс істеуші мамандардың еңбегін ұйымдастыру немен анықталады?

-Еңбек тәртібі ережелерімен, қызмет міндеттерімен, норматифті актілермен, жоғарғы және негізгі басқарушылардың өкімдері және нұсқауларымен;

-Климатпен, топырақ жабылымы күрделілігімен, жер бедерімен, алаптары контурлылығымен,

-Еңбек төлемі жүйесі және формасымен;

-Басқарушының жарлығымен;

-Жұмыс мінездемесімен.
9.Жерге орналастыру жұмыстарының бағасы қалай анықталады?

-Инфляцияға байланысты жұмыстың қымбаттану коэффицентіне көбейтілген «Жер кадастры және жерге орналастырудағы іздестіру – жобалау жұмыстарының баға жиынтығындағы» сметаларда есептеледі;

-Инфляцияға байланысты жұмыстың қымбаттану коэффициентіне көбейтіліп, интерполяциялық жолымен;

-Жұмыстың өзіндік құнына жүгініп;

-Шарттың бағасы бойынша;

-Типтік уақыт нормалары, нормативтері бойынша.
10.Жер ресурстарын басқару жөніндегі ҚР Агенттінің міндеттері:

-Республикалық жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегімемлекеттік комитет, облыстық ЖРБ комитеті, аудандық ЖБР комитеті;

-Алқалық, жерді пайдаланудағы ауыл шаруашылығының приоритеті (біріншілігі), жер реформасын жүргізуҮ

-Жер реформасын жүргізу; жерді ұтымды пайдаланудың ұйымдастырушылық – шаруашылық және әлеуметтік – экономикалық шарттарын туғызу; жерді қорғауға және пайдалануға мемлекеттік бақылау; жер реформасы мәселеріне нормативті және заң шығарушылық актілерді дайындау, жер реформасын жүзеге асырумен байланысты кәсіпкерлік қызметке көмектесу;

-Жерді ұтымды пайдалану, топырақ қорғау, өнімділікті арттыру;

-Суландыру, жерді инфляциядан қорғау, сортаң жерді мелиорациялау, рекультивациялау.

11.Жерге орналастыру жобалау институттарындағы басқарылушы (обьект) жүйе деген не?

-Директордың басқарумен басқару аппараты;

-Бөлімдер, партиялар, отрядтар, секторлар, шеберханалар;

-Сызықтық, функциональды, аралас; партиялар, отрядтар, секторлар, шеберханалар;

-Сызықтық, функциональды, аралас;

-ЖРБ Агенттігі, облыстық ЖРБ комитеті.
12. Жерге орналастыру жобалау институттарындағы жоспарлау міндеттері:

-Қойылған саны мен көлеміне сәйкес жобалау – смета құжаттарын дер кезінде шығару, еңбек және қаржы шығынын азайту, еңбек өнімділігін көтеру резервтерін іздестіру, өндірісті басқаруды және ұйымдастыруды жетілдіру;

-Жер қорын зерттеу, жер кадастрын жүргізу;

-Жобалау мекемесінің өндіріс мүмкіндіктерінесепке алу;

-Жұмысшылардың толық жұмыспен қамтамасыздануын ұйымдастыру, жұмысты орындаудың сызықтық графигін құру;

-Орындалған және тапсырылған жұмыстарды дұрыс есепке алу үшін.
13. Еңбекке төлем және еңбекті нормалауды, өндірістік процессті ұйымдастыруды, еңбекті ұйымдастыруды келесіндей курста оқиды:

- «Құқық негіздері» курсының бөлімі ретінде еңбек құқығы;

-Жерге орналастыру жобалауы;

-Геодезия;

-Философия;

-Экономикалық ғылымдар.

14.Өндірістік жерге орналастыру процессі қай уақытта аяқталды деп саналады?

-Жұмыс кезендерінің барлығы аяқталып, сәйкес құжаттар рәсімделген кезде

-Жұмыс кезеңдерінің барлығы аяқталып, қаржыландыру жүргізіліп біткен уақытта;

-Жұмыс тапсырушыға берілген уақытта;

-Жұмыс жоспары орындалған уақытта;

-Жұмыс құны өтелген кезде.
15. Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың бағыттары:

-Озық тәжирибе мен ғылыми жетістіктер туралы мәлімет ұйымдастыру, еңбекті бөлу мен кооперациялаудың ұтымды формаларын жасау, орындаушыларды іріктеу мен жұмысқа қою, жұмыс орындарын ұйымдастыруды жетілдіру, эстетикалық, психофизиологиялық, санитарлы – гигиеналық жағдайларды жақсарту, механизация құралдарын, жұмыстың ұтымды әдіс – тәсілдерін еңгізу, жұмысты нормалауды жетілдіру, демалу мен еңбек тәртібін жетілдіру;

-Әлеуметтік, психофизиологиялық, технико – экономикалық;

-Еңбек өнімділігін арттыру, адамның жан – жақты дамуы мен денсаулығы жайында қамқорлық жасау;

-Жұмыс уақыты шығындарын қысқарту мен жою;

-Жұмыс орнын жақсарту, ЭЕМ еңгізу, жаңа құрал – сайман, жабдықтарды еңгізу.
16. Уақыт нормасы деген не?

-Техниканың, технология мен өңдірістің ұйымдастырылуының беріген деңгейіндегі анық жұмыс көлемін орындауға қажетті уақыт (күн, сағат);